Тест, әдебиеттік оқудан 4 сыныпқа арналған тест тапсырмалары

0
Әдебиеттік оқудан 4 сыныпқа арналған тест тапсырмалары
1. Қазына көтерген бала кім?
А) Ш. Уәлиханов
Ә) М. Әуезов
Б) Қ. Сәтбаев +

2. Жұмбақты шеш:
Бір нәрсе қанаты бар, ұшпас биік,
Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп.
Арасын жер мен көктің өрт алса да,
Кетпейді ешбір жері отқа күйіп.
А) балық +
Ә) жапалақ
Б) түйеқұс

3. Төрт — түлік жырларында жылқының иесі қалай аталады?
А) Зеңгі баба
Ә) Ойсыл қара
Б) Қамбар ата+

4. Жоңғарлардың қазақ даласына басып кірудегі мақсаты:
А) хан билігіне таласу
Ә) қазақтың бар байлығын иемденіп, жерін басып алу +
Б) қазақ елімен қарым қатынасты күшейту

5. «Бәсіре» деген не?
А) ауыр зат
Ә) дәмді тамақ
Б) жас құнан +

6. «Әжесі өлген соң, көңілінде де тіршілігіне сүйсінгендей ашық күн болған жоқ» деген сөйлем қай мәтіннен алынған?
А) Бала Тұрар
Ә) Жетім +
Б) Тау қыраны

7. Белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге, белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа балап, көрнектеп, ашығырақ көрсету үшін қолданылатын бейнелі сөзді тап:
А) теңеу +
Ә) кейіптеу
Б) суреттеу

8. «Ауылдың малы балалап,
Айран шықты аз көпті», деген өлең жолдарын кім жазды?
А) М. Хакімжанова «Көктем жыры»
Ә) Ш. Құдайбердіұлы «Жаз келер»
Б) І. Жансүгіров «Көктемде» +

9. Туған жердің бүлінген табиғаты туралы жазылған әңгіме қайсысы?
А) Ж. Жұмаханов «Ақ боран»
Ә) А. Алтай «Дегелеңдегі жарылыс» +
Б) М. Қалдыбаев «Үлек»

10. «Осы жұмыс ырғағы,
Білезік пен алқаны.
Сақинаны, сырғаны,
Күміс сымнан тартады», деген өлең жолдарында қандай өнер жөнінде айтылған?
А) зергерлік +
Ә) ұсталық
Б) шеберлік

11. Монолог дегенді қалай түсінесің?
А) Болған оқиғаны айтып беру
Ә) Екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесулері
Б) Кейіпкердің ішкі сезім дүниесін өзімен өзін сөйлестіру арқылы беру +

12. Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған шығарманы ата:
А) Акула
Ә) Атадан қалған тұяқ +
Б) Айша айтқан ән еді

13. А. Байтұрсыновтың еңбегін ата:
А) Алтын бесік
Ә) Қара сөз
Б) Тіл құралы +

14. «Ара мен шыбын» өлеңін шығарманың қай түріне жатқызуға болады?
А) өтірік өлең
Ә) жыр
Б) мысал +

15. Көп нүктенің орнына қай сөз лайықты?
Нар жолында… қалмас.
А) жүк +
Ә) мал
Б) жер

16. Көйлекке тәтті түйіп, оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетіп немесе шақырып, ұстап, тәттісін бөліседі. Бұл көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады. Көйлектің аты не?
А) кәде
Ә) иткөйлек +
Б) түйемұрындық
Әдебиеттік оқудан 4 сыныпқа арналған тест тапсырмалары жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/