Қазақстандықтар тұңғыш рет FIDE мүшелігіне өтті

0

Халықаралық шахмат федерациясы президенті кеңесінің шешімі бойынша алты қазақстандық FIDE-нің ресми комиссия мүшесі атанды,-деп хабарлады «Егемен Қазақстан» басылымыКомис­сия мүшелерін FIDE әр төрт жыл сайын бекітіп, әр елдегі шахматтың таны­малдығына, даму қарқынына қарап таң­дайды.

Еліміздің атынан Жандос Әбішев Халықаралық шахмат федерациясының іс-шаралар бойынша, Ирина Грищенко әлеуметтік мәселелер жөнінде, Евгений Владимиров білім беру саласының комиссия­сының мүшесі атанды. Сондай-ақ Дәрмен Сәдуақасов жаһандық стратегиялық комиссия мүшелігіне, Динара Сәдуақасова ережелер және Гүлмира Дәулетова жеребе бо­йынша комиссияның өкілі болып сайланды. Алдағы төрт жылдықтың комиссия мү­шелігіне әлемнің 130 елінен 224 өкіл сайланды. Қазақстан ең көп өкіл қосқан ел ретінде Ресей мен АҚШ-тан кейін үшінші орында тұр. Бұған дейін FIDE-ге бірде-бір қазақстандық өкіл сайланбаған болатын.



prosports.kz