Апельсин шырынының пайдасы

0
Жаңа сығылған апельсин шырыны ағзаға өте пайдалы. Келесідей артықшылықтарын атап өтуге болады:

С дәруменінің күнделікті нормасын қамтамасыз етеді

Аскорбин қышқылынсыз адам ағзасы қалыпты жұмыс істей алмайды. С дәрумені тіс пен сүйекті, иммундық жүйені нығайтып, инфекциялармен, вирустармен күресуге көмектеседі.

Қандағы холестерин деңгейін төмендетеді

Апельсин шырынының құрамында қандағы холестерин деңгейін төмендететін заттар бар. Бұл инсульт пен жүрек – қан-тамыр ауруларының алдын алуға көмектеседі.Асқазан жарасынан қорғайды

Соңғы зерттеулерде С дәрумені көп тағамдарды тұтынатын адамдардың асқазан жарасына шалдықпайтыны анықталды.

Бүйректе тастың пайда болуына қарсы тұрады

Күніне бірнеше стақан апельсин шырынын немесе басқа цитрус шырынын ішсеңіз ағзадағы лимон қышқылының концентрациясын арттырасыз. Осылайша бүйректе тастың пайда болуының алдын аласыз.

Ағзаға көмірсулар жеткізеді

Апельсинде оңай қорытылатын көмірсулар бар. Сондықтан бұл шырынды арықтағысы келетін адамдарға, және қант диабетімен ауыратындарға ішуге болады.

Дереккөз: Сегодня