Қытай қызы ер азаматтардың дауысын есту қабілетінен айырылды
Дәрігерлердің айтуынша, жиілігі төмен дыбыстарды естімеу генетикалық кемістік немесе күйзелістің салдарынан болуы мүмкін
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Қытайдың оңтүстік-шығысында Сямынь қаласының тұрғыны ер адамдардың дауысын естімейтінін ойламаған жерден байқаған, деп жазады Daily Mail.
Бір күні кешкісін қыздың жүрегі айнып, құлағы шыңылдай бастайды, таңертең оянса, жігітінің дауысын естімей қалыпты.
Ауруханаға барғанда оның тек әйелдердің дауысын ғана еститіні белгілі болды.
Дәрігерлердің пікірінше, әйел жиілігі төмен дыбыстарды есту қабілетінен айырылған.
Науқастың өзі айтқандай, бұған диін көп жұмыс пен ұйқысы қанбау салдарынан қатты күйзеліске ұшырапты.
Дәрігерлер қыздың есту қабілетін қалпына келтіру үшін арнайы ем тағайындап, жазылып кететініне үміт артады.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/