Жырлайды жүрек.

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Жырлайды жүрек.

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Барлық сыныптар

Жырлайды жүрек
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.
2-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған Жырлайды жүрек атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз.
2-жүргізуші: Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Мен сені, сезесің бе, неге іздедім,
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,- деп өзі жырлаған Тәңіртаудың биік шоқтығындай болған Мұқағали аға! Жатқан жерінен, туған топырағынан тұрып бір сәт болса да орал, арамызда бол!
/Сахнада Мұқағали кейпіндегі оқушы шығады. Арыз жазып кетейін өлеңі оқылады/
1-жүргізуші: Иә, ақын мұңы бізге жетті. Оның тілегін орындау – біздің парызымыз.Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талатты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан дерек тыңдап көрейік.
/Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы баяндалады./
2-жүргізуші: Осы орайда ақынның Менің анкетам атты өлеңіне арналған көрініс айтылғандарды нақтылай түседі деп ойлаймыз.
/ Менің анкетам өлеңі бойынша шағын көрініс көрсетіледі.Дәрігер және Мұқағали/
1-жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезді ме?
2-жүргізуші: Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда.
Бозарып атқан ақ таңда,
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғасың,- деп толғанады ақын. Ендеше кезекті әнге берейік.
Ән: Есіңе мені алғайсың
1-жүргізуші: Туған жерге, елге, халқына, досына, Отанына, әкесіне, әжесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.
2-жүргізуші: Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан тамызбаймын,- деп өзі жырлағандай, кезекті ақын өлеңдеріне берейік.
/Ақын өлеңдерінен құралған әдеби монтаж /
/ Әке, Сөнбейді әже шырағың, Туған жерге, Отан, Ей, өмір, Дос, Барлығы да сендердікі/
1-жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев ақынның ауылы Қарасазға Мұқағалимен бірге демалуға барады. Екеуі жайлау төрінде отырады. Неге мына жасыл жайлау туралы ән шырқамасқа. Нағыз Саржайлау дегеніміз мына жатқан Шалкөденің кең төсі емес пе?-деп таңқалған. Содан ағамыз лезде Саржайлауға арнап, егілдіріп, төгілдіріп, құлпыртып өлең жазды. Сөйтіп Саржайлау әні өмірге келді.
Ән: Саржайлау /Хор/
2-жүргізуші: Кір жуып, кіндік қаны тамған туған жері, ғажайып өлкесі туралы толғанысы ерекше болатын.Қарасазға деген ақын махаббаттын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді.
/ Қарасаз өлеңі оқылады/
1-жүргізуші: Ән салып бер,
Әніңмен жан сал маған.
Жаңғырығып жасыл тау жөнесін бір
Жатсын ұлып жапанда дел-сал далам.
Ән: Көнеміз ғой
2-жүргізуші: Мұқағали –адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жастық пен келісімнің жыршысы. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.
/ Махаббат диалогы, Ғашықпын/
1-жүргізуші: Ән сал жаным,
Әніңмен тербет мені.
Бір сәтке
Тынсын тірлік жер-көктегі — деп ақын жырлағандай кезекті әнге берейік.
Ән: Мен деп ойла орындайтын:Нұрберген Каримов
2-жүргізуші: Ақын шығармаларының үлкен бір саласы- оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі- Аққулар ұйықтағанда. Бұл поэма 1973 жылы Жалын жинағында жарияланды.Енді поэмаға кезек берейік.
/ Аққулар ұйықтағанда поэмасынан үзінді көрсетеді/ / Аққулар, қош болыңдар өлеңі оқылады./
1-жүргізуші: Ана- өмір сыйлаушы, бала бағбаны. Ару-асыл жырлау, ер-азамат тағдырының иегерлері, тәрбиесіші. Ал, бала ата-анасының өмірінің жалғасы. Оларға деген махаббат Сүйіспеншілік сезімі-жырдың алтын арқауы

Ән: Сен көріктісің орындайтын:Зейн Рақышев
2-жүргізуші:
1-жүргізуші: Өміріміздің асыл қазынамыз ортамыздан қатары сиреп бара жатқан қариялар. Ақын әкесінің құрдастарына да көп жыр арнаған.
/ Мен қарапайым қарттарды сүйемін./
2-жүргізуші: Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, кезекті әнге жолдайық.
Ән: Наурыз айы туғанда .
1-жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кейде өмірден безініп, ол да өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез- келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Ақын ағамыз қазақтың ақын қызына арнап өлең шығады.
/ Фаризаға өлеңі оқылады./
2-жүргізуші: Өлең барда шырқатып мен жазамын,
Мен қызымын мына кең бай даламның
Мұқағали секілді бәйтеректі
Алып кеткен ажалға таң қаламын.
Аудандық Мұқағали оқуларына қатысушы Мәликаның өзінің төл туындысымен қарсы алыңыздар.
/ Алтын Орда, өлеңі оқылады, Мұқағалиға арнау/
1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?
Ән: Күрең күз .
2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңдар деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
2-жүргізуші: Ғасыр ақыны атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған Жырлайды жүрек атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.
2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.