Көз тиюден қалай сақтануға болады?

0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) «көз тиюдің бар екені ақиқат» деген. Көз тиюдің шындық екені – халық тәжірибесімен де ғылыми нәтижелермен де расталған құбылыс. Шын мәнінде әлемде біз түсініп, түсіндіре алмайтын құбылыстар әлі көп деп жазады islam.kz.

Сондықтан көз тиюден сақтану үшін материалдық ғана емес, дұға және Аллаға сыйыну секілді рухани және діни себептерге де жүгіну қажет. Көз тиюден сақтану үшін мына нәрселереге ерекше мән берген жөн:

1. «Қалам» сүресінің 51-52 аяттарын, «Фатиха», «Аятул-курси», «Фалақ» және «Нас» сүрелерін сонымен қатар Алланың есімдері мен сипаттарын, Оның аты аталған аяттарды оқу қажет;

2. Елдің назарын өзіне аудартатын, олардың қызығушылығы мен қызғанышын тудыратын киім-кешектер кию мен түрлі әрекеттерден сақтану;

3. Өзін мақтаған кісілерге «машалла, баракалла деңіздер» деп кеңес беру. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім өзіне қатты ұнаған бір нәрсе көрсе, «Машалла, баракалла» десе, оның қараған нәрсесіне көз тимейді»,– деген.

4. Көзі тигіш кісілер мен орталардан қолдан келгенше алшақ жүру. Ерекше қажеттілік туындамаған жағдайда ол жерлерге бармау, бара қалған жағдайда Аллаға сыйынып, жәрдем сұрап дұға жасау қажет.