Сабақ үрдісінде ойын түрлерін пайдаланудың маңызы.

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Сабақ үрдісінде ойын түрлерін пайдаланудың маңызы.

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Мақала Сыныбы: 2 сынып

Сабақ үрдісінде ойын түрлерін пайдаланудың маңызы.

Мақтарал ауданы

Шығармашылық жұмыс.
Тақырыбы:
Сабақ үрдісінде ойын түрлерін
пайдаланудың маңызы.

Бастауыш сынып мұғалімі:
Жиренбай Қарлығаш

Сабақ үрдісінде ойын түрлерін
пайдаланудың маңызы.

Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Ойын іс – әрекетінің ерекшелігі.
2.Ойынның түрлері
ІІІ. Қорытынды.

Мақсаты:
Ойын түрлерін пайдалана отырып баланың қызығушылығын туғызуға белсенділігін арттыруға, оқушыны өздігінен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағдымен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

КІРІСПЕ
Уақыт талабы оқу – тәрбие үрдісін /процесін/ батыл интенсивтендіру оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділік, кәсіптік шеберлікті, ыждағаттылықты талап етеді. Осы талаптарға мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту оқушыларға білімді игеруде бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану барлық әдіс – тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім дұрыс тәрбие беру жүзеге асады. Сабақта ойындардың мынадай негізгі бағыттары бар:
Дидактикалық мақсат оқушылар алдына ойын арқылы, ойын шешу арқылы қойылады: оқушылардың оқу әрекеті ойын ережелеріне бағындырылады, яғни оқу материалы оның құралы ретінде пайдаланылады, оқу әрекетіне дидактикалық мақсатты ойынмен алмастыратын ойын арқылы жүзеге асыратын жарыс, сайыс элементтері енгізіледі. Дидактикалық мақсаттың орындалуы ойын нәтижесінен көрінеді.
Оқу процесіндегі ойын арқылы оқыту технологиясының орны мен ролін анықтау. Ойын мен оқу элементтерін үйлестіре білу, көбінесе мұғалімнің ойынның атқаратын қызметі мен жіктелуін түсінуіне тікелей байланысты.
Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл – ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түседі, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта – ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін ойлау зерде – үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін дем алдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Негізгі бөлім.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың Қазақстан — 2030 Қазақстан халқына Жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан – жақты дамыған шығармашыл және жаңашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып отыр.
Экономикасы күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру эканомика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру әрбір мұғалімнің борышы. Ал мұғавлімдердің инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруінде әдістемелік жұмыстардың атқаратын рөлін жаңаша қарауды талап етеді.
Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол ісі – әрекеттер: ойын, оқу және еңбек. Дегенмен жас жеткіншектер үшін ойын – ең маңызды іс – әрекеттің бірі.
Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін Ойын — өмір сүрудің белсенді формасы. Сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс – әрекеттерін, қарым – қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі. Мұны А. С. Макаренко жақсы көрсете білген. Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, — деп жазды, ол – балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін, көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады – делінген. Ойын балалардың негізгі іс әрекеті ретінде психологиялық анатомиялық – физиологиялық, педагогикалық маңызы өор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ.
Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой – қабілетінің дамуы. Бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады.
Ойын – бала өміріндегі тәрбиенің шешу шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс – әрекетке көшіп нақты қарым – қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда түрлі заттар мен құбылыстарды адамдар арасындағы қарым – қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.
Ойын процесімен оқыту процесін бір – біріне етене ұластырып, ұйымдастыру керек. Оқушы ойын іс – әрекеті үстінде қанда да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс – әркеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білім және дағдыны игеруде ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі. Бастауыш сыныпта оқу тәрбие үрдісінде ойынның маңызы зор. Ойын баланың мінез – құлқына, физикалық және эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді.
Ойынның негізі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамадардың қимылын, іс – әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де темір жол вагоныда болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниетімен мазмұнына лайықты маңыз береді. Ойын іс – әрекетінің тағы бір ерекшелігі – оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстарымен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім жүйесін дамыту өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы. Дүниежүзілік білім беруді ұйымдастырудың ең озық тәжірибелерінебағдарлап қарайтын болсақ бірден-бір ерекшелік жаңа типті оқыту. Оның білім беру жүйесіндегі оқытуда ұйымдастырудағы басты принціпі – баланың туа біткен, табиғаттан алған бар қабілетін көздейтін ең қолайлы жағдайды жасай отырып, баланың жан – жақты дамып, биікке көтерілуіне көмектесетін принцип.
Осындай игі мақсаттарды орындауда бастауыш сынып оқушылары үшін ойында балалардың танымдық дамуына әсер етеді. Білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады.
Дидактикалық ойындар баланың таным (түйсік, қабылдау, ес, ой, қиял) үрдісін және тілін дамытады. Баланың дниетанымдық қабілетін, іс – әрекетін жетілдіреді. Ойын үстінде баланың сана – сезімі, еркі, өзін – өзі бақылауы өзінің іс – әрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай – ақ зейін, ес, қиял сияқты психикалық үрдістері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды.
Бала қоршаған ортадағының бәрін ойын әрекеті арқылы қабылдайды, одан керегін іріктеп алады. Сөйтіп ол өзінің тілегін ғана іске асырады. Бірақ жасаған әрекетінің неден басталып, немен аяқталатынына, одан шыққан нәтижеге ой жібермейді. Бала ойын арқылы оқуға мектепке даярланады. Сондықтан ойында шамалы еңбек, оқу көрінісі бар дей аламыз. Заттың сан алуан қасиеттерімен де бала, ең алдымен, ойын арқылы танысады. Өмірді әр қырынан көре бастайды. Ойлауға әрекет жасауға ешкімнің қысымынсыз, күштеуінсіз, еркін үйренеді. Одан ләззәт алады. Ойынның құпиясы да психологиялық құндылығы да осы. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері тақырыпқа сай болуы керек. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілетін психологиялық ерекшелігіне сай байланысты жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады. Оқушыларды жалықтырмайды. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу –оқушыларды сергітіп, тапсырманы дұрыс, шапшаң орындауға көмектеседі.
К. Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығ жөнінде былай дейді: Ойын – балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекеті көрінеді. Бала өмір әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең есте қалады.
Ойын баланың мінез – құлқының қалыптасуына психикалық процес кезіндегі жетілуіне әсер етеді. Бір ойын ойлау және қабылдай білуін жетілдірсе, ал екінші бір ойын ойлау қабілетін, ал үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныпта пайдаланылатын ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойында, сөздік ойындар, логикалық ой есептер, ұлттық ойындар т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан – жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: Дүкен, аурухана, әскер, қызы мен шешесі, мектеп және т.с.с болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні – бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға іс – әрекеттерге, қарым – қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Өз тәжірибемде ойынды жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау барысында және білімдерін тексеру кезінде пайдаланамын. Яғни сабақтың кез – келген сәтінде пайдаланып отырамын. Ойынның өз мақсаты, жоспары арнайы заттары болады. Сондықтан ойын ойнау барысында балалар ойынға арналған көрнекіліктерді (суреттерді, карточкаларды т.бзаттарды) қолдарымен ұстап, көздерімен көру керек. Сонда ғана олардың есте сақтау қабілеттері қалыптасады. Олай болса ойындарды балаға қай сәттерде не мақсатпен пайдаланатыныма тоқтала кетейін.
Мысалы: математика сабағында мынадай ойындарды қолданамын. Кім жүйрік, Ойлан тап, Дұрыс жауапты тап, Тізбекті жалғастыр, Рет-ретімен қос, Жапырақтарды орналастыр, Жеміс жинау, Сиқырлы қапшық, Көңілді таяқшалар т.б ойындар.
Қазақ тілі сабағында Сөз құра, тез құра, Буын құра, Ойыншықтарды боя, Әріптерді дұрыс орналастыр, Кім жылдам, ойындарын қолданамын.

Математикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін ойындардың қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да өзіне тартып әкетеді. Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар баланың ынтасын арттырады. Матемтикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде мынадай ойындарды көп қолданамын.

Кім жүйрік
Ойынының мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды қосып
алуды меңгерту.

Ойынның мазмұны:
Балалар әр түйенің құнын табуы керек. Мұғалім бір санды атайды сол сан қай түйенің құны екенін табады.

Тізбекті жалғастыр
Ойынның мақсаты: Сандарды ретімен қоюға және геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету.

Ойынның мазмұны:
Балалар рет – ретімен сандар арасын жалғастыру керек.

Ойлан тап
Ойынның мақсаты: Өрнектің мәнін табу.

Қазақ тілінде пайдаланылатын ойындар өте көп. Оқушылардың сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында мен мынадай ойындарды сабақта қолданамын.

Буын құра.
Бұл ойын 1 сыныпта сөздерді буынға бөлу кезеңдерінде қолданылады.

Ойынның мазмұны: Әр бір берілген дауысты дыбыстарға буын құрау.

Сөз құра, тез құра
Ойынның мақсаты: оқушылардың сөздерді сауатты жазып үйренуіне және ойлау қабілетімен байқампаздық қабілетін арттыру.
Ойынның мазмұны.
Тақтаға Бағдаршам сөзі ілінеді. Осы сөзден балалар бірнеше сөздер құрауы тиіс.
Мысалы: аға, шам, ара, дара т.б.

Ойын элементтерімен басталған сабақ біртіндеп қиындай түсіп, жаңа технологияның бір саласы қаралып, деңгейлік тапсырмалар орындалады. Сынып болып топтық жарысқа түскенде белсенді емес оқушының өзі жолдастарын кейін тарту мақсатында жанын сала әрекет жасайды.

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың білім деңгейі

Математика пәнінен оқушылардың білім деңгейі.

Қорытынды.
Қорыта келгенде бастауыш сыныптың оқу үрдісінде Ойын түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, баланың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
А. С Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы рөлін жоғары бағалай келіп ұстаздың рөлі туралы былай деп жасады: Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әрекеттеріммен осыны талап етемін дейді. Бұл орынды сөз.
Сабақ үрдісінде ойындарды тиімді пайдалануымның нәтижесінде көптеген жетістіктерге мүмкіндік ашылды. Айта кетер болсам, өзі ұяң, ашылып сөйлей қоймайтын балалар өзге балалармен тіл табыса білді. Баяу сөйлеп, баяу қимылдайтын балалар біртіндеп қатарға қосыла бастады, өзімен-өзі бөлек балалардан оқшауланып жүретін балаларым ортаға үйренді. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігі артып білім сапасын көтеруге көмектесті. Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын силауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың бір – бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп – сақтауды, сыпайы сөйлеуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі. Ойындар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп ұжымды силауға, өз ой-пікірін дәлелдеуге үйренеді.
Сондықтан ойын арқылы кейбір тақырыптарды түсіндіру, қорыту, қайталау біздің міндетіміз.

Пайдаланған әдебиеттер.
Мырзабаев А. Б Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы. 2004 ж
Әбілқасымов А. Е Кенеш Ә.С. Пустовалова Н. И Бастауыш сынып математикасының оқу – әдістемелік кешендерін құрылымдау. Әдістемелік құрал. Астана: 12 жылдық білім беру проблемасы. 2004 ж
Қадашева Қ. Қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқыту. Алматы, 1998 ж
Бастауыш мектеп журналы 2008 ж №3
Бастауыш сынып журналы 2007 №12
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.