«Инклюзивті білім беру»

0

1 бет

Орындаған:Мұратбекова.A.MҚабылдаған:Ергалиева Г.А Топ: Б-31
Тақырыбы:Инклюзивті білім берудің мақсат-міндеттері,маңыздылығы
ҚР Білім және Ғылым министрлігіМ.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіЖаратылыстану-география факультеті Биология-экология кафедрасы
Презентация

2 бет

І. Кіріспе:ІІ. Негізгі бөлім: 1.Инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндеті 2.Инклюзивті білім берудің бағыттары 3.Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеуІІІ. Қорытынды;ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

жоспар

3 бет

Кіріспе
Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеуліадамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі.Атап көрсетсек, «…мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлукерек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес,ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғамалдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады» — деген болатын.

4 бет

Инклюзивті білім берудің мақсаты:
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында,ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

 

5 бетмектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік ортаны бейімдеу;- мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялықпедагогикалыққолдау үшін пункттер құру;- мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстапедагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру болыптабылады.Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістіккежетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осыбағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке,ізгілікке, қайырымдылыққа және толеранттылыққа тәрбиелей аламыз
Міндеттері:

6 бет

«Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды.Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатыныңміндеттері мынадай: Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс. Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері жәнеоқуға деген мұқтаждықтары болады. Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтардықанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі принциптері туындайды:1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткенжетістіктерімен анықталады.2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.4. Барлық адам бір-біріне қажет.5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажететеді.7. Әрбір оқушы үшін жетістік қажет ету өзінің мүмкіндігіне қарай орындайалатын әрекетін жүзеге асыру.8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

 

8 бет

Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақтыфакторлар: объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді
Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардыңәзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесінүнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшіниндикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардыңаздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайыбілімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы.Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жекепроблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгіұйымға тұрақты қатыспауы

 

9 бетОбъективті қиындықтар: материалдық техникалық базаның төменболуы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде жеке дара тілтабудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі. Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады

10 бет

Инклюзивтік білім берудің мәселелері
 мүгедектік мәселені қоғамда түсіну; қатарластарымен қарым- қатынас; толыққанды білім беру; қоғамға кіріктіру және бейімделу; мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу. даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру жәнетүзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы; балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпыбілім беру үрдісімен кіріктіру; әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау. даму мүмкіндігі шектеулі жандарды ерте анықтап, кешенді көмеккөрсету. даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау; ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типтебілім беру мекемелерін техникалық құрал-жабдықтармен толықтыру;

11 бет

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕУӘр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам,адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортағаенгізу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайынақарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтікбейімделуін қалыптастыру. Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі.Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы,ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулібаланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы, мүмкіндігішектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтенупроцесі екі жақтылы болуы керек.

12 бет

Жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу сабақта және сабақтан тысуақыттардағы ұйымдастырылған сабақтар мен экскурсияларда өткізіледі.Сабақ барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша балалар қажеттітұрмыстық икемдерді, қоғамдық тәртіп ережелерін игереді. Ол үшін сабақтантыс уақыттарда «Дүкенде», «Шаштаразда», «Автобуста» т.б. сияқты сюжеттірольдіойындар өткізіледі. Балаларға белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара көрсету керек. Бірнеше қайтара жаттығу,жүйелі қойылатын талаптар балаларда қоршаған ортаға икемделуге көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал, танымдық әрекеттерін дамыту олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді. Жас ерекшеліктеріне сай балалар еңбек әрекетін сәйкес бағалай алады, орындаған жұмысының сапасына да жәй қарамайды. Тапсырманы жаман орындаса қынжылып, ал жақсы бұйым жасаса жолдасына, тәрбиешісіне көрсетіп, мадақтауды ұнатады.

13 бет

 

14 бетI. Диагностикалық бағыт:- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру;- баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойынабақылау;- баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалғанбағдарламаның тиімділігін анықтау;- мүмкіндігі шектеулі баланың жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін,ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерінзерттеу;- жалпы білім беру ұйымдарының бағдарламасын меңгерудің деңгейінанықтау;- компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу;- баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағыауытқулардың алдын алу

15 бет

II. Түзете-дамыту бағыты бойынша:Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне байланысты түзетужұмысының мазмұны анықталады.Баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы түзете-дамытужұмысы бойынша мынадай бағыттарды айқындап берді:- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру;- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру;- пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру;-салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлауоперацияларын қалыптастыру;- зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту;- көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;- психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорынарттыру.

16 бет

III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша:- педагогтармен жеке жұмыс жүргізу;- баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға,педагогтарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;- балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып педагогтың оқужоспарына түзету жұмыстарын енгізу;- эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу;- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;- ата-аналармен жұмыс:- баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналардытаныстыру;- ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақтыұсыныстар даярлау;

 

17 бетАта-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі.В.А. Сухомлинский ата-анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», –дейді.

 

18 бетIV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты — баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау;- баланы шығармашылыққа тарту; — баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру; — баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету; — қоғамдық ортада өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету. Сонымен қатар баланы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде әлеуметтік-бейімдеу бағыты балалардың, қоғамның толеранттылығын қалыптастыруды жүзеге асырады.

 

19 бетV. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт:Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, іс-шараларға дайындық,баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатартөмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:-ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау;-оқушыға портфолио құрастыру.Портфолио – бала жеткен жетістіктердің, баланың білім-білікдағдыларының, баланың жеке өсуін қадағалайтын, бала дамуының көрсеткіші.

20 бет

Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндейжағдай жасауымыз керек.Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласыеліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалыбілім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқығынанықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдарменқарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осыбағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке,ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивтіоқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетінкөмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес.
ҚОРЫТЫНДЫ

21 бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2010 ж.2. «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойыншапедагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» //Инклюзивтік білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі мүмкіндігішектеулі балаларды әлеуметтендіру.3.Г.Б.Алипкалиева «Инклюзивтік білім беру жағдайында мектеп жасынадейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру».4.Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеуліоқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметініңұйымдастырылуы // «Открытая школа» журналы. № 7(128) 09. 2013ж

22 бет

Назарларыңызға рахмет!