Жаңа жылдық сценарий, қош келдің жаңа жыл

0
Тамаша тамаша, шыршамыз тұр жараса!
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау. «Жаңа жыл» мерекесінің кейіпкерлерімен таныстырып, мереке туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.

«Жаңа жыл» мерекесіне сай безендірілген залда қонақтар, ата – аналар мен балалар отыр. Ортаға әдемі киінген Фея кіреді.
Балалар әртүрлі қимылмен кіреді, әуен ойнап тұрады.
Фея: Құрметті біздің бөбектеріміз, мереке қонақтары қош келіпсіздер. Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін. Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әр біріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман — тілектеріңіз орындалсын. Бүгін ерекше күн «Айгөлек» ортаңғы тобының «Тамаша тамаша, шыршамыз тұр жараса!»
ертеңгілігін тамашалаймыз. Мен сиқырлы феямын.
Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға
Құт — береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға
Фея: Мен сендермен бірге «Жаңа жылды» қарсы алуға құр қол келген жоқпын.
Жұмбак: Бәліш толы себетті
Әжеге алып барады.
Сыйлыққа оған әжесі
Телпек алып береді.
Мен сендерге ең жақсы көретін ертегімді айтып бергім келіп тұр.
Тыңдайсыздар ма?
Балалар: Иә, тыңдаймыз!
Фея: Баяғы бір заманда бір қыз болыпты. Ол үнемі басына қызыл телпек киіп жүреді екен, сол себепті оны бәрі Қызыл телпек деп атап кеткен екен. Бір күні Қызыл телпекті анасы «Көркемай» балабақшасының «Айголек» тобына жаңа жылға арналған мерекелік шыршаға жібереді.
Анасы: Қызым, сен бүгін «Көркемай» балабақшасына барып қайт. Ол жақта балаларға мерекелік шырша өтіп жатыр екен – дейді.
Қызыл телпек: Жарайды! Мен достарыммен бірге барсам болады ма?
Анасы: Әрине, бірақ орманнан өткенде байқап жүр –
Фея: — деп анасы Қызыл телпекті шығарып салады. Қызыл телпек ұялы телефонымен ормандағы достарына қоңырау соғады.
Қызыл телпек: Алло! Қоян, сәлем! Мен Қызыл телпекпін! Сен ормандасың ба? Сол жақта бол, мен қазір келемін, саған айтар сөзім бар.
Фея: — деп, Қызыл телпек жолға шығады.
Жолда келе жатқанда Қызыл телпектің алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Қызыл телпек, қайда барасың?
Қызыл телпек: «Көркемай» балабақшасының «Айголек» тобының бүлдіршіндеріне бара жатырмын. «Жаңа жылды» сол жақта қарсы аламын.
Қасқыр: Маған сенімен бірге баруға болады ма?
Қызыл телпек: Жоқ, болмайды! Ол жаққа тек қана менің достарым ғана барады. Сен менің досым емессін.
Қасқыр: Жарайды, Қызыл телпек, сен мына жолмен жүрсең, «Көркемай» балабақшасына тез жетесің.
Қызыл телпек: Рахмет, қасқыр! Сау бол!
Фея: Осылай қасқыр Қызыл телпекке балабақшаға баратын ұзақ жолды көрсетіп, өзі қысқа жолмен аттанады. Енді, балалар, жолда Қызыл телпек достарын қалай кездестіретінін тамашалаңдар.
(Қызыл телпек пен қоян кездеседі)
Қызыл телпек: Cәлем, қоян! «Көркемай» балабақшасының «Айголек» тобында бүгін мерекелік шырша өтіп жатыр екен, Аяз ата мен Ақшақар да келеді екен, жүр менімен бірге қонаққа барайық.
Фея: Қызыл телпек пен қоян келе жатырса, қатты жылап келе жатқан қонжықты кездестіреді.
Қызыл телпек: Қонжық, саған не болды? Кім тиді?
Қонжық: Мен жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақар келеді, бізге сыйлық алып келеді десем, қасқыр мен түлкі олар келмейді дейді. Мені мазақтап жіберді.
Қызыл телпек: Жыламашы, қонжық, біз қоян екеуміз балабақшаға мерекелік шыршаға бара жатырмыз. Сен бізбен еріп жүр, сол жақтан Аяз ата мен Ақшақарды да көреміз.
Фея: Қонжық қуанып, қоян мен Қызыл телпекпен бірге кетеді. Алдарынан аяқ астынан түлкі шыға келеді.
Түлкі: Сендер бәрің жиналып қайда барасыңдар?
Қызыл телпек: Айтпаймыз!
Түлкі: Айтпасаңдар, мен сендерді ұстап, жібермей қоямын – дейді
Қызыл телпек: Жарайды түлкі, айтайын, бірақ алдымен сен көзіңді жұм.
Фея: Түлкі көзін жұмып тұрғанда Қызыл телпек достарына «Қашыңдар» дейді де, қашып кетеді. Түлкінің ашуынан жарық сөніп – жанып, орман дүркірейді.
Қасқыр: Не болды саған, түлкі? Соншама ашуланатындай, орманды дүркіретіп…
Түлкі: Қызыл телпек қайда бара жатқандарын айтпай, мені алдап, қашып кетті.
Қасқыр: Ашуыңды бас, түлкі. Мен олардың қайда бара жатқанын білемін. Қызыл телпек мені де ертпей кетті. Сондықтан мен оған ұзақ жолды көрсетіп жібердім. Ал біз екеуміз мына қысқа жолмен барсақ, олардан бұрын барамыз.
Түлкі: Жүр онда жүрейік, мен оларға алдағанды көрсетейін.
Фея: Сөйтіп Қызыл телпек достарымен ұзақ жолмен жүрсе де, олардан тез жетеді.
Қызыл телпек: Ой, достар, мына үлкен әдемі шыршаға қараңдар! Бұл шырша неге сөніп тұр? Қане бәріміз бірге шыршаның шамын жағайық. Бәріміз бірге «Шырша жан» деп айқайлайық.
Бәрі: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды караса
Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Хор: «В лесу родилась елочка»
(Тарсылдаған дыбыс естіледі)
Фея: Балалар, мынау ненің дыбысы? Біреу есік қағып құрған сияқты.
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар.
Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым!
Амансың ба, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен жарысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан!
Фея: Аяз ата, ол бізге келген жоқ.
Аяз ата: Ақшақар қайда кетті екен? Ақшақарды табуға менің сиқырлы таяғым көмектесер! Сиқырлы таяғым да көмектеспей қойды, енді сыпырғымен сыпырып көрейін.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Ата, мен балабақшаға келе жатыр едім, бір кезде қатты боран соғып, ұлпақарлар шыр көбелек айналғанда, жолдың бәрін жауып қалды. Сізге рахмет, ата мені қар астынан аршып алдыңыз.
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт — жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын

Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі
Кабдуахитова Сагия Тлеккабыловна
Тамаша тамаша, шыршамыз тұр жараса! жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/