Алматыда оқушының телефонын тартып алған ер адам іздестіріліп жатыр — Қылмыс
Алматыда оқушының телефонын тартып алған ер адам іздестіріліп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұрлық туралы ақпаратты редакцияға оқырман жолдады.
«Мына адам бүгін 118 автобуста оқушының телефонын ұрлап алды. Оқушы болса телефонын қайтаруын сұрады, сол уақытта оның сыныптас қызы ұрланған нөмірге хабарласты, телефон әлгі жігіттің қалтасынан шырылдады. Аялдамада әлгі жігіт шығып кетті, қыздар болса оның артынан жүгірді және суретке түсіріп үлгерді. Сол кезде жандарына бір жігіт келіп, оларды пышақпен қорқытты «, — деп жазған хатында оқырман.
Полиция департаментінің өкілдері дәл осы ұрлық дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Пышақпен қорқыту дерегі тексеріліп жатыр.
«Полицияға автобуста болған телефон ұрлығана байланысты арыз түсті. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жедел топ құрылды, суреттегі жігіт текеріледі. Пышақпен қорқыту дерегі әлі расталған жоқ, бірақ тексеріледі», — деп хабарлады ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz