Бұрыш түрлері, көпбұрыштардың элементтері, тікбұрыш
Тақырыбы: Бұрыш түрлері
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш түрлері.
Сабақтың мақсаты:
— Бұрыш түрлерімен (тік, сүйір, доғал) таныстыру;
— Көпбұрыштардың элементтері, олардың атауларын оқып — үйрену;
— Жаңа білімді өз бетімен құру және пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ — жауап.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарт, электронды оқулық.
Пәнаралық байланысы: Дүниетану, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық.
Ойын «Есептеу машинасы». (Флипчартпен жұмыс)
23 — 3+40+8+10 — 70 — 6+30 (32)
7+9 — 10 — 2+80 — 4 — 20+5 — 60 (5)
13 — 8+50 — 5 — 40 — 7+60 — 3+7 (67)
Математикалық диктант.
1. 8 — ді 7 — ге арттырса 15 шығады.
2. 1 дм 9см — ден кіші.
3. 17 мен 9 — дың айырмасы 8 — ге тең.
4. 8 бен 8 — дің қосындысы 16 — ға тең.
5. Қосуға кері амал, көбейту.
Дұрыс Бұрыс
ІІ. Мағынаны тану.
— Фигураларды қандай топтарға бөлуге болады?
(бұрыштар, төртбұрыштар)
— Үшбұрышты сызғыштың көмегімен тік бұрышты анықта.
(Электронды оқулықпен жұмыс)
Үшбұрышты сызғыштың көмегімен тік бұрышты анықтай аласың.
Бұрыш тік бұрыштан кіші болса, сүйір бұрыш деп аталады.
Бұрыш тік бұрыштан үлкен болса, доғал бұрыш деп аталады.
Оларды дәптерге салу.
Сергіту сәті.
Енді біз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол — аяқты кезекпен,
Оңға — солға созамыз.
Күн шыққанда сүйініп,
Бәйшешектей иіліп,
Біз тынығып аламыз.
Жиі — жиі жаттығып,
Үлкен кісі боламыз.
№3. Тік бұрыштардың, көпбұрыштардың және бұрыштардың төбесін ата.
Орындаған: Ахметова Л. Ж.
Бұрыш түрлері жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/