Точка KZ компаниясыны жұмысшыларының уақытын ұйымдастыратын бағдарлама құру

0

9

10

11

Аннотация

12

Название дипломной работы Организация рабочего времени
сотрудников компании Точка KZ. Эта программа сохраняет все задачи в базе
данных и доступно в любой момент из интернета. В этой дипломной работе
показано как веб-технологии могут помочь в организации рабочего времени.
В дипломной работе 47 иллюстрации и 21 таблиц.

Annotation
The title of degree work is Organization work time workers of company
Tochka KZ. This program save all tasks in database and accessible anytime from
internet. In this degree work show how web technologies help to organize work
time. This work had 47 pictures and 21 tables.

Аңдатпа

Дипломдық жұмыстың тақырыбы
Точка
KZ
компаниясыны

жұмысшыларының уақытын ұйымдастыратын бағдарлама құру. Бұл
бағдарлама барлық тапсырмаларды деректер қорында сақтап, кез-келген
уақытта қол жетімді болады. Мұнда веб-технологиялардың жұмыс уақытын
қалай тиімді пайдалануға болатындығы көрсетілген.
Дипломдық жұмыста 47 сурет және 21 кесте бар.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Аналитикалық бөлім 1.1 Бағдарламаның тиімділігін анықтау
1.2 Құрал-жабдыұты анықтау
2. Жобалық бөлім
2.1 Бағдарламаның негізгі қағидаларын анықтау
2. 2 Деректер
3. Тәжірибелік бөлім
3.1 Бағдарламаның міндеті
3.2 Бағдарламаның орындалу шарты

13
8
9
9
15
20
20
23
32
32
32

3.3 Бағдарламаны орнату немесе
3.4 Бағдарламаны пайдалану
3.4.1 Бағдарламаның кіру беті
3.4.2 Бағдарламаның негізгі тапсырмалар тізімі беті
3.4.3 Бағдарламаның іздеу
3.4.4 Бағдарламаның қорытынды шығаруға арналған
4. Экономикалық бөлім
4.1 Жұмыстың сипаттамасы мен қажеттілігінің негіздемесі
4.2 АЖ бөлшегін жобалауға жіне құруға кететін уақыт
5. Еңбекті қорғау бөлімі
5.1 Программист жұмысы
5.2 Шу және діріл үшін талаптар
5. 3 Иондаушы емес сәулелер деңгейіне талаптар
5.4 Электр қауіпсіздігі
5.5 Өрт қауіпсіздігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
А қосымшасы
Ә қосымшасы

14

33
33
33
34
43
44
51
52
52
60
60
64
65
66
67
76
77
78
81

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбы Точка

KZ

компаниясының

жұмысшыларының уақытын ұйымдастыру бағдарламасы. Бұл бағдарлама
жұмысшыларға жұмысты тиімді бөлу үшін арналған. Компанияда клиенттер
көп болғандықтан — барлық жұмысты есте сақтау мүмкін емес. Соның
салдарынан кейбір жұмыстар ұмытылып қалуы жиі орын алады. Ол келісімде
көрсетілген уақытта жұмысты бітіріп тапсыра алмауға алып келеді. Кей кезде
осындай жағдайлар клиенттен айырылуға да алып келеді.
Бұл бағдарламаны жасаудың тағы бір қажеттігі — ол жұмысшылардың
қанша жұмыс жасағандығын қадағалау. Осыған орай олардың жалақысын
реттеу. Керек болса сыйақы тағайындау немесе керісінше айлығын қысқарту.
Қадағалау болмаса жұмысшылар жұмыс істеп отырған сыңай танытып өте аз
жұмыс істеп отыруы мүмкін. Әсіресе мұндай жағдайлар айлық мөлшері
істеген жұмысына байланысты емес жағдайларда көп орын алады.
Тағы да бір қажеттілігі жұмысшылардың айлығын көтеру немесе азайту
үшін керек болады. Мысалға бір жұмысшы басқаларға қарағанда көп жұмыс
жасайтын болса ол айлығын немесе деңгейін көтеруге ең басты үміткер
болады.
Мұндай келеңсіздікке ұшырамау үшін бір күнделік тәрізді барлақ
тапсырмаларды еске салып отыратын бағдарлама керек болды. Негізі мұндай
бағдарлама 1С предприятие — де болатын. Бірақ ол бағдарлама өте жәй
жұмыс істейтін және көп жағдайда қатып қалады. Бұл жағдайлар өз кезегінде
уақытты жоғалтуға алып келеді. Онымен қоса ол бағдарламаның басты
ыңғайсыздықтарының бірі — онда біткен жұмыстарды қағазға толтыру
керектігі. Оны кейіннен бөлім бастығы өз қолымен барлығын бағдарламаға
енгізу керек еді, бұл өте көп уақытты қажет ететін.
Сондықтан біз осы бағдарламаны жасауға шешім қабылдадық. Бұл
бағдарламаның басты артықшылығы оның кез-келген жерде интернет желісі
арқылы қол жетімділігі.
Бағдарлама сайт болғандықтан оны сайт жасаудағы ең әйгілі php тілінде
жасаймыз. Таза php-да сайтты құрастыру өте ыңғайсыз болғандықтан
CodeIgniter фреймворкің пайдаланамыз. Бұл фреймворктың басты
артықшылығы оның бағдарламаны тез жазуға жол беруінде. Онымен қоса ол
өте жылдам жұмыс істейді. Бұл фреймворк MVC идеологиясын өте қатты
ұстанады. CodeIgniter туралы алда әлі толығырақ айтатын боламыз.
Деректер қоры ретінде MySQL деректер қорын пайдаланамыз. Бұл
деректер қоры да өте оңай және ыңғайлы деректер қоры. Бұл деректер қоры
веб-те өте кең тараған. Oracle және Microsoft SQL — келген адамдар
менсінбегенімен бұл өте жақсы деректер қоры екендігін Facebook және
Вконтакте әлеуметтік желілерінің пайдалануы дәлел бола алады. Толығырақ
алда айтамыз.

15

Клиентте HTML, JavaScript ( jQuery ) тілдерін пайдаланамыз. Және
әдемілеу үшін CSS3-ді пайдаланамыз. Бұл технололгиялар туралы да алда
толығырақ айтамыз.

16

1.
1.1

Аналитикалық бөлім
Бағдарламаның тиімділігін анықтау

Дипломдық жұмыстың тақырыбы

Точка

KZ

компаниясыны

жұмысшыларының уақытын ұйымдастыратын бағдарлама құру. Компанияда
клиенттер көп болғандықтан барлығын есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан
олардың бәрін бір жерде сақтап және кез-келген уақытта қол жетімді болу
үшін бағдарлама керек. Яғни, бұл бағдарламада барлық тапсырмалар
сақталады. Әрбір тапсырма алдымен бағдарламаға енгізіледі. Әрбір жұмысшы
бағдарламаға өз аккаунтына кіргенде тек өзінің тапсырмалары көрінеді.
Барлық орындалмаған тапсырмалар қызғылт түспен боялады да, орындалған
тапсырмалар жасыл түспен боялады. Жұмысшы тапсырманы орындап болған
соң оны орындалды деп маркерлейді. Барлық тапсырма көз алдында
тұрғандықтан ешқандай клиент ұмытылып қалмайды. Бұл бағдарламаның
арқасында клиенттерден айырылу жәйты орын алмайды.
Онымен қоса барлық ақпарат деректер қорында сақталғандықтан әрбір
жұмысшының қанша жұмыс атқарғанын қадағаласа болады. Сол атқарған
жұмыс көлеміне қарай оның жалақысын есептеуге болады. Әсіресе айлығы
істеген жұмыс көлеміне байланысты емес компанияларда бекер уақыт ұткізіп
отыратын жұмысшыларды анықтауда өте көп көмек береді. Осының бәрі
қадағалатын болғандықтан жұмысшылар уақытын бекер өткізбеуге тырысады.
Осының арқасында уақыт үнемді пайдаланылады. Осындай CRM жүйесі
қызметін көрсететін Мегаплан компаниясының зерттеуіне сенсек
укомпания уақытты 1,75 есе үнемді пайдалана бастайды дейді. Әсіресе осы
уақыт тез өтетін заманда уақыт ең қымбат заттардың бірі болғандықтан бұл
бағдарлама компанияға экономикалық та тиімділік алып келеді.
Әрбір тапсырманы орындауға кеткен уақытты сақтағандыұтан белгілі
бір тапсырма түріне қанша уақыт кеткеніне қарап оның бағасын есептеуге
болады. Бағдарламаның басты мақсаты жұмыс уақытын үнемдеу. Бұл
бағдарламаны қажеттігі — ол жұмысшылардың қанша жұмыс жасағандығын
қадағалау. Осыған орай олардың жалақысын реттеу. Керек болса сыйақы
тағайындау немесе керісінше айлығын қысқарту. Қадағалау болмаса
жұмысшылар жұмыс істеп отырған сыңай танытып өте аз жұмыс істеп
отыруы мүмкін. Әсіресе мұндай жағдайлар айлық мөлшері істеген жұмысына
байланысты емес жағдайларда көп орын алады. Тағы да бір қажеттілігі
жұмысшылардың айлығын көтеру немесе азайту үшін керек болады. Мысалға
бір жұмысшы басқаларға қарағанда көп жұмыс жасайтын болса ол айлығын
немесе деңгейін көтеруге ең басты үміткер болады.

17

1.1 сурет — Сайттың кіру беті

1.2 сурет — Тапсырмалар тізімі беті

18

1.3 сурет — Жұмысшылар тізімі беті

1.4 сурет — Әр түрлі статустағы тапсырмалар тізімі

19

Мұндай келеңсіздікке ұшырамау үшін бір күнделік тәрізді барлақ
тапсырмаларды еске салып отыратын бағдарлама керек болды. Негізі мұндай
бағдарлама 1С предприятие — де болатын. Бірақ ол бағдарлама өте жәй
жұмыс істейтін және көп жағдайда қатып қалады. Бұл жағдайлар өз кезегінде
уақытты жоғалтуға алып келеді. Онымен қоса ол бағдарламаның басты
ыңғайсыздықтарының бірі — онда біткен жұмыстарды қағазға толтыру
керектігі. Оны кейіннен бөлім бастығы өз қолымен барлығын бағдарламаға
енгізу керек еді, бұл өте көп уақытты қажет ететін. Бағдарманың басты
міндеті жұмысшы уақытын барынша үнемді пайдалануға негізделген. Бұл
бағдарлама арқылы қызметкердің тиімділігін анықтауға болады және белгілі
бір жұмыс түрінің қанша уақытта істелгеніне қарап оның бағасын орнатуға
болады. Мысалы бір сайтқа жаңа Слайдшоу модулін орнату керек болсын.
Компанияға жаңа клиент келеді де маған осындай модуль керек, оны қанша
ақшаға орната аласыңдар дейді. Сол кезде ол жұмысқа кететін уақытқа қарап
қанша тұратындығын клиентке айтады. Осы арқылы жұмысты орындаушы
өзіне және клиентке тиімді шешім қабылдайды. Себебі орындаушы өте
қымбат баға айтса клиент басқа компанияға кетіп қалады. Ал керісінше аз
айтса финанстық тұрғыдан ұтылып қалады. Сондықтан оның таза бағасын
анықтаған жөн. Онымен қоса ай соңында айлыққа бонустар есептегенде
графикті ашып қанша жұмыс істелгеніне байланысты қызметкерге айлық
есептелініп шығарады. Осындай қадағалау болғандықтан жұмыста бос
отыратын адамдар жоқ болады.
Сондықтан біз осы бағдарламаны жасауға шешім қабылдадық. Бұл
бағдарламаның басты артықшылығы оның кез-келген жерде интернет желісі
арқылы қол жетімділігі.
Бағдарламаның басты мақсаттары:
— Бағдарламада қызметкерлер, менеджерлер мен администратор болу
керек;
— Администратор бағдарламадағы билігі шексіз пайдаланушы. Ол
барлығын қадағалайтын, қызметкерлерді қадағалайтын, оларға тапсырма
орнататын болуы керек;
— Әрбір қызметкердің жеке кабинеті болуы керек. Ол тек өзіне тиісті
ғана тапсырмаларды көруі керек. Тапсырманы орындағасын орындалғаны
туралы хабарлай алатын болуы керек;
— Барлық ақпарат сақтауы керек;
— Менеджерлер өзіне қарасты қызметкерлерге тапсырмса беріп және
оны қадағалайтындай болуы керек;
— Кез-келген уақытта істелген жұмыстар туралы ақпарат алуға
мүмкіндік болуы керек;
— Тапсырмалар және басқада объектілер арасында іздеу болуы керек.
Бағдарлама SaaS технологиясын пайдаланады. SaaS — (software as a
service — бағдарлама қызмет ретінде) — бағдарламаны сатудың бір түрі, бұл
жағдайда ұсынушы веб-бағдарламаны жасап оны өзі басқарады да клиентке

20

веб-интерфейс арқылы пайдалануға жол береді. Бұл технологияның басты
артықшылығы оны орнатуға немесе жаңартуға клиент шығын жасамайды.

1.5 сурет — SaaS технологиясы

SaaS технологиясының басты қасиеттері мынадай:
— Бағдарлама алыстан пайдалануға дағдыланған;
— Бір бағдарламаны бірнеше пайдаланушы пайдалана алады;
— Төлемдер айлық төлем ретінде немесе пайдалану деңгейіне қарай
жасалады;
— Бағдарламаның техникалық көмек қызметі сол айлық төлемнің ішіне
кіреді;
— Бағдарламаның жаңаруы немесе күрделенуі пайдаланушыға анық
байқалады.
Бұл жағдайда пайдаланушылар бағдарламаны иемдену үшін төлемейді,
олар оны жалға алғаны үшін төлейді. Соның арқасында пайдаланушы
бағдарламаны сатып алуға, оны пайдаланатын аппаратқа және бағдарлама
жұмысын қадағалауға шығын жасамайды. Тағы бір жақсы қасиеті
пайдаланушы бағдарламаны тек керек кезінде ғана ақшасын төлеп пайдалана
алады. Мұндай жағдайлар жұмысы мезгілге байланысты мекемелерге өте
тиімді. Мысалы: Қиял әлемі паркі, жағажайлар.
Бағдарлама авторы үшін де жақсы жағы бар. SaaS бағдарламаны
лицензиясыз. Онымен қоса авторға техникалық көмек қызметіне және
бағдарламаны әр клиентке орнатуға шығын кетпейді.

21

1.2 Құрал-жабдықты анықтау

1.6 сурет — CodeIgniter фреймворкі

Бағдарлама сайт болғандықтан оны сайт жасаудағы ең әйгілі php тілінде
жасаймыз. Таза php-да сайтты құрастыру өте ыңғайсыз болғандықтан
CodeIgniter фреймворкің пайдаланамыз. Бұл php тілінде жазылған коды ашық
түрде таратылатын және әр түрлі деңгейдегі сайттарды немесе веб-

бағдарламаларды жасауға арналған
MVC
фреймворк.
Ол
EllisLab

компаниясының өнімі.
Codeigniter’дің басты артықшылығы оның

оңайлығында. Бұл жеңілдікке қол жеткізетін бірнеше фактор бар:
— Өте сапалы дакументация мен жақсы мысалдар, үлкен қауым мен wiki-
дің көптігі;
— Видеосабақтардың ресми сайтта да және басқа сайттардағы кө өптігі.
Видеосабақтар материалды өте жылдам меңгеруге көмеек береді;
— Фреймворк программистке белгілі бір шектер қоймай толық еркіндік
береді;
— Codeigniter кез-келген хостинг тарифында жұмыс істей береді. Ең
басты талап онда php 5.1-ден үлкен болуы керек;
— Codeigniter ең жылдам фреймворктар қатарына датады;
— Дистрибутив көлемінің аздығы, 2.1.1 версиясының көлемі 2.Мб.
Бұл фреймворк MVC идеологиясын өте қатты ұстанады. Яғни прект үш
негізгі объекттерден тұрады: Model, Controller, View.

22

1.7 сурет — MVC технологиясы

Модель — бағдарламаның негізгі объекттерін сипаттайды. Осы модель
арқылы бағдарламаның негізгі объектілерінің қасиеттерін өзгертуге болады.
Оны ActiveRecord деп атайды. Бұл жерде деректер қорындағы кесте

параметрлері php объектінің қасиеттеріне (орысша свойства)
аударылады.

Мысалға worker кестесінің моделінің бір параметрін өзгертсек:
$work = Work::model-findByPk(1); жаңа объект жасаймыз
$work-important = 1; маңыздылығын өзгертеміз
$work-save(); және сақтаймыз
Жоғарыдағы кодқа қарасаңыз бізге деректер қорына сұраныс жасааудың
қажеті жоқ. Оларды фреймворк өзі жасайды. Салыстыру үшін осы кодты таза
фреймворксыз жазып көрейік:
$db = mysql_connect(`localhost’, `root’ ,»);
mysql_select_db(`diplom’, $db);
mysql_query(`UPDATE work SET important = 1 WHERE id = 1′);

Осы екі кодты салыстырсақ аса айырмашылық байқалмайды. Бірақ бұл
өте қарапайым мысал. Өмірде тек бір параметрді өзгертуден басқа да күрделі
жұмыстар болады. Оларға валидация, объектінің қосымша функциялары тағы
да басқа заттар қажет болады. Сондықтан осының бәрін бойында сақтайтын
объектінің қолыңда болғаны өте тиімді.
Контроллер — бұл барлық орындалатын іс-қимылдарды немесе
әрекеттердің беттерін орындайды. Мысалға тіркелу, жұмыстар тізімін көру

сияқты әрекеттерді орындайды.
Ол мысалға бір бетті экранға шығару

алдында деректер қорына сұраныстар жасап керек ақпараттарды шығаруға

23

даындап , формадан келген деректерді сақтайды немесе өшіреді және т.б.
керек іс-әрекеттерді орындайды. Контроллер орындалып болғансын керек
view-ді қажет болса параметрлерімен шақырады.
Барлық контроллерлер ең басты CI_Controller класынан немесе осы
кластан тараған кластардан таралады. Негізгі класс осы класс. Бұл класс өте
қажетті көп параметрлермен функциялары код жазушыға көптеген қайталана
беретін жұмыстардан арылуға көмек береді. Мысалға Admin контроллерін
жасаау үшін былай жазу қажет:

class Admin extends CI_Controller {
контроллер функциялары
}

Бұл жерде фреймворк барлық алдын ала тұрақты ақпараттарды
дайындап контроллерді шақырады. GET параматрлердің бәрі алдын ала
фильтрдан өткізіліп контроллер функцияға аргумент ретінде береді. GET
сұраныс жолындағы параметрлер сол аттарымен контроллерде қол жетімді
болады. Мысалы бір блог болсын. Сондағы бір мақаланы уникалды нөмірі id
бойынша бетте көрсету үшін сол көрсетуді орындайтын контроллерді былай
жазса болады:

public function work_week_move($id)
{
бұл жерде $id = $_GET[`id’];

мақаланы $id бойынша деректер
қорына
сұраныс
жасап

шығарамыз
}

Контроллер орындалып біткесін керек болса сол беттің view — ін
шақырады.
Оны шақыру төмендегідей жазылады:

public function work_week_move($id)
{
$this-load-view(‘adminadmin_head er’, $data);
$this-load-view(‘adminadmin_otch et’, $data1);
}
View — барлық бетте көрсету керек ақпаратты көрсету үшін арналған.
Жоғарыда айтқандай view орындалу үшін оны контроллерде шақыру керек.
Шақыру функциясының 0-ші ден кейінгі барлық параметрлер сол атымен
view-да қол жетімді болады. Мысалға:

контроллерден үзінді

public function work_week_move($id)
{
$data = `docxplusgmoon’;

24

$this-load-view(‘adminadmin_otch et’, $data);
}

view

?
echo $data;
?

1.8 сурет — MySQL деректер қоры

Деректер қоры ретінде MySQL 5.5 деректер қорын пайдаланамыз. Бұл
деректер қоры да өте оңай және ыңғайлы деректер қоры. MySQL — коды ашық
таралатын релюционды деректер қорын басқару жүйесі. MySQL Oracle
компаниясына тиесілі. MySQL — дің ыңғайлылығы оның көп кестелер түрін
пайдалануға мүмкіндік беруінде. Бұл деректер қоры веб-те өте кең тараған.
Бұл өте жақсы деректер қоры екендігін Facebook және Вконтакте әлеуметтік
желілерінің пайдалануы дәлел бола алады.
MySQL 5.5 ерекшеліктері:
— InnoDB кесте түрін негізгі кесте түрі ретінде пайдалануы;
— Ақпараттын дискіде сақтау механизмдерінің жақсаруы, соның
арқасында көлемі үлкен кестелерді сақтау диксті тиімді пайдаланады;
— Жаңартылған JOIN мнханизмдерін өңдеу алгоритмі;
— Ішкі бұғаттау жүйесі қайтадан жазылған;


Көп ядролы процессорларда InnoDB кестелерін пайдалану

жақсартылған.
Клиентте HTML5, JavaScript ( jQuery ) тілдерін пайдаланамыз. Және
әдемілеу үшін CSS3-ді пайдаланамыз.

25

1.9 сурет — HTML, CSS және JavaScript

26

2. Жобалық бөлім
2.1 Бағдарламаның басты қағидаларын анықтау

Бағдарманың басты міндеті жұмысшы уақытын барынша үнемді
пайдалануға негізделген. Бұл бағдарлама арқылы қызметкердің тиімділігін
анықтауға болады және белгілі бір жұмыс түрінің қанша уақытта істелгеніне
қарап оның бағасын орнатуға болады. Мысалы бір сайтқа жаңа Слайдшоу
модулін орнату керек болсын. Компанияға жңа клиент келеді де маған
осындай модуль керек, оны қанша ақшаға орната аласыңдар дейді. Сол кезде
ол жұмысқа кететін уақытқа қарап қанша тұратындығын клиентке айтады.
Осы арқылы жұмысты орындаушы өзіне және клиентке тиімді шешім
қабылдайды. Себебі орындаушы өте қымбат баға айтса клиент басқа
компанияға кетіп қалады. Ал керісінше аз айтса финанстық тұрғыдан ұтылып
қалады. Сондықтан оның таза бағасын анықтаған жөн. Онымен қоса ай
соңында айлыққа бонустар есептегенде графикті ашып қанша жұмыс
істелгеніне байланысты қызметкерге айлық есептелініп шығарады. Осындай
қадағалау болғандықтан жұмыста бос отыратын адамдар жоқ болады.
Алдымен бағдарламадағы басты объекттерді атап өтейік.
а) Жұмысшылар. Жұмысшылардың 3 категориясы болады:
1) Администратор. Ол ең басты фигура. Ол жұмысшыларды жаңадан
қоса алады, жұмысын тоқтата алады, тапсырманы басқа жұмысшыға
ауыстыра алады, жұмысшылар туралы отчет жасай алады, кез-келген
тапсырманы жұмысшының жеке ақпаратын компанияны жұмыс
түрін жаңадан қоса алады өзгерте алады жоя алады. Және одан да
басқа мүмкін операцияларды істей алады.
2) Менеджер. Ол бөлім бастығы болады. Өзі басқаратын бөлімдегі
жұмысшыларды басұарады және оларға қатысты барлық оперцияларды
істей алады.
3) Жұмысшы. Ол өзінің жеке ақпаратын өзгерте алады. Өзіне тиесілі
тапсырмалардың статусын немесе маңыздылығын өзгерте алады.

27

2.1 сурет — Жұмысшылар категориясы

ә) Компаниялар. Бұл клиенттер. Мұнда компаниялар туралы ақпараттар
сақталады. Олар туралы ақпаратты тек Администратор типіндегі
пайдаланушылар ғана өзгерте алады.
б) Жұмыс түрлері. Бұл жұмыс түрлері туралы ақпарат. Жұмыс түрінің
болжам бойынша тапсырманы істеуге кететін уақыты, болжам бойынша
бағасы. Олар туралы ақпаратты тек Администратор немесе Менеджер
типтеріндегі пайдаланушылар ғана өзгерте алады
в) Бөлімдер. Бұл бөлімдер туралы ақпарат. Бағдарлама тек бір ғана
компаниямен шектеліп қалатын болмауы керек. Сондықтан осы бөлімдер
арқылы бағдарламаны бір уақытта әр түрлі компаниялар пайдалана алатын
болады.
в) Тапсырмалар. Бұл барлық жұмыстар тізімі. Тапсырмалардың статусы
болады. Олар оның біткен-бітпегендігін көрсетеді. Бітпеген жұмыстар
қызғылт түспен боялады да, біткен тапсырмалар жасыл түспен боялады. Бұл
түстер тапсырмалардың қаншасы біткендігін бір қарап-ақ білуге мүмкіндік
береді. Онымен қоса жұмысшыны тапсырмаларды тезірек бітіруге
ынталандырады.

28

2.2 сурет — Тапсырмалар статусы

Тапсырмалардың тағы да маңыздылығын көрсететін параметрі бар.
Маңызды тапсырмалар ерекше түспен белгіленіп, көзге бірден түседі. Бұл аса
маңызды тапсырмалырды ұмытып кетпес үшін жасалған.

2.3 сурет — Тапсырмалар маңыздылығы

Бағдарламаның жұмыс жасау принципін төмендегі суреттен көруге
болады:

29

2.4 сурет — Код структурасы

2.2 Деректер қоры

2.5 сурет — ER диаграмма

30

Деректер қоры ретінде MySQL 5.5 деректер қорын пайдаланамыз. Бұл
деректер қоры өте жеңіл, меңгеруге оңай және веб-индустриясында өте кең
тараған деректер қорының бірі. Бұл деректер қоры ашық кодты жүйе. Оның
тағы бір артықшылығы орыс тіліндегі кітаптар мен басқа да оқуға арналған
мақалалрдың көп болуында.
Деректер қорын пайдалануда басты бағдарлама ретінде phpMyAdmin
бағдарламасын пайдаланамыз. Айта кететін жайт ол бағдарламаға осы жылы
15 жыл толды.
Барлығы 6 кесте болады:
— Company;
— Department;
— Group;
— Status;
— Work;
— Worker.
Company — кестесі. Барлық клиенттер туралы ақпараттар:

2.6 сурет — Company кестесінің структурасы
phpMyAdmin бағдарламасындағы кесте құрылымы
id — уникалды бірінші реттік кілт. Типі бүтін сан (integer) және
автоинкрементті (әр жаңа жолда мәні 1-ге өсіп отырады).

31

name — компания немесе клиент компанияның аты. Типі varchar(255).
phone — клиент компанияның телефон нөмірі. Типі varchar(255). Типі
символдар болғандықтан бірнеше телефон нөмірін үтірмен (,) бөліп жаза
берсе болады.
address — клиент компанияның адресі. Типі varchar(255).
contactperson — келіссөздерді клиент компания атынан жүргізуге
жауапты адам. Бұл параметр клиентке телефон соққанда атымен атау үшін
керек. Мұндай адамды бекітпесе келіссөздерді жүргізу өте қиын болады.
Өйткені керек шаруаны бір адаммен талұыламай кез-келген клиент коипания
жұмысшысымен талұыласа жұмысты бітіру өте қиынға соғады. Типі
varchar(255).
site — клиент компания сайты. Типі varchar(255).
mail — клиент компания электронды поштасы. Типі varchar(255).
description — клиент компанияның немен айналысатындығы туралы
қысқаша ақпарат. Типі text
status — компания статусы. Егер статусы өшіп тұрған болса ол еш жерде
көрсетілмейді.
complete — клиент компания бойынша барлық жұмыстар жабылса осы
параметр қосылады. Типі integer.
priority — компаниялар тізіміндегі орны
Кестені құру коды:
CREATE TABLE IF NOT EXISTS `company` (
`id` int(11) NOT NULL AUTO_INCREMENT,
`name` varchar(250) NOT NULL,
`phone` varchar(100) NOT NULL,
`address` varchar(100) NOT NULL,
`contactperson` varchar(100) NOT NULL,
`requisite` varchar(250) NOT NULL,
`site` varchar(200) NOT NULL,
`mail` varchar(150) NOT NULL,
`description` varchar(250) NOT NULL,
`status` int(11) NOT NULL DEFAULT ‘0’,
`priority` int(11) NOT NULL DEFAULT ‘0’,
`complete` int(1) NOT NULL DEFAULT ‘0’,
PRIMARY KEY (`id`)
) ENGINE=MyISAM DEFAULT CHARSET=utf8 AUTO_INCREMENT=779 ;
Жаңа кесте құру үшін CREATE TABLE командасын пайдаламыз.
depatament кестесі:

32

2.6 сурет — Company кестесінің структурасы
phpMyAdmin бағдарламасындағы кесте құрылымы
id — уникалды бірінші реттік кілт. Типі бүтін сан (integer) және
автоинкрементті (әр жаңа жолда мәні 1-ге өсіп отырады).
name — бөлімдер атауы

Кестені құру коды:

CREATE TABLE IF NOT EXISTS `department` (
`id` int(4) NOT NULL AUTO_INCREMENT,
`name` varchar(30) NOT NULL,
PRIMARY KEY (`id`)

) ENGINE=MyISAM
DEFAULT CHARSET=utf8 AUTO_INCREMENT=779 ;

group — жұмысшылар категориялары туралы ақпарат кестесі:

2.8 сурет — Group кестесінің структурасы

id — уникалды бірінші реттік кілт. Типі бүтін сан (integer) және
автоинкрементті (әр жаңа жолда мәні 1-ге өсіп отырады).
name — жұмысшы категориясы атауы
Кестені құру коды:

CREATE TABLE IF NOT EXISTS `group` (
`id` int(4) NOT NULL AUTO_INCREMENT,
`name` varchar(30) NOT NULL,
PRIMARY KEY (`id`)
) ENGINE=MyISAM DEFAULT CHARSET=utf8 AUTO_INCREMENT=4 ;

33

Status кестесі. Бұл кестеде жұмыс түрлері туралы ақпарат сақталады:

2.9 сурет — Status кестесі

id — уникалды бірінші реттік кілт. Типі бүтін сан (integer) және
автоинкрементті (әр жаңа жолда мәні 1-ге өсіп отырады).
name — жұмысшы типі атауы
s_order — жұмыс типтері тізіміндедегі реттік нөмірі. Осы параметр
бойынша реттеледі
many — қосымша парметр. Жұмыс типінің маңыздылығын көрсетеді
notes — жұмыс типіне қысқаша анықтама
mtime — жұмысты орындауға кететін болжам уақыт. Осы параметр
арқылы жұмыс түрінің бағасы орналатылады
mprice — жұмыс түрінің бағасы
Кестені құру коды:

CREATE TABLE IF NOT EXISTS `status` (
`id` int(11) NOT NULL AUTO_INCREMENT,
`name` varchar(100) NOT NULL,
`s_order` int(11) NOT NULL DEFAULT ‘0’,
`many` int(11) NOT NULL DEFAULT ‘0’,
`notes` int(11) NOT NULL DEFAULT ‘0’,
`mtime` int(11) NOT NULL,
`mprice` int(11) NOT NULL,
PRIMARY KEY (`id`)
) ENGINE=MyISAM DEFAULT CHARSET=utf8 AUTO_INCREMENT=210 ;

34

work — кестесі. Бұл кестеде барлық тапсырмалар сақталады.

2.10 сурет — work кестесінің структурасы

id — уникалды бірінші реттік кілт. Типі бүтін сан (integer) және
автоинкрементті (әр жаңа жолда мәні 1-ге өсіп отырады).
id_worker — Тапсырманы орындаушының реттік нөмірі. worker кестесіне
сыртқы кілт.
id_company — клиент компанияның нөмірі. company — кестесіне сыртқы
кілт.

isready

тапсырманың орыдалғанын немесе орындалмағанын

көрсететін параметр. Осы параметрге байланысты тапсырма керекті түске
боялады.
description — тапсырма тексті. Әдетте бұл жерде не істеу керектігі
шарттары жазылады.
all_time — тапсырма орындалып біткеннен кейін оны орындауға қанша
уақыт кеткендігін көрсететін параметр.

35

w_date — тапсырманы бекіткен немесе жұмысшыға орындауға берген
күн.
important — тапсырманың маңыздылығын көрсететін уақыт.
mprice — тапсырманы орындау бағасы.
mtime — болжам бойнша тапсырманы орындауға кететін уақыт.
Кестені құру коды:

CREATE TABLE IF NOT EXISTS `work` (
`id` int(11) NOT NULL AUTO_INCREMENT,
`id_worker` int(11) NOT NULL DEFAULT ‘0’,
`id_company` int(11) NOT NULL DEFAULT ‘-1’,
`task` int(11) NOT NULL DEFAULT ‘0’,
`isready` tinyint(4) NOT NULL DEFAULT ‘0’,
`description` text NOT NULL,
`report` text NOT NULL,
`all_time` int(11) NOT NULL,
`w_date` date DEFAULT ‘0000-00-00’,
`important` int(11) NOT NULL,
`types` int(11) NOT NULL,
`mprice` int(11) NOT NULL,
`mtime` int(11) NOT NULL,
PRIMARY KEY (`id`)
) ENGINE=MyISAM DEFAULT CHARSET=utf8 AUTO_INCREMENT=6152 ;

worker кестесі. Бұл кестеде жұмысшылар туралы ақпарат сақталады.

36

2.11 сурет — Worker кестесінің структурасы

id

— уникалды бірінші реттік кілт. Типі бүтін сан (integer) және

автоинкрементті (әр жаңа жолда мәні 1-ге өсіп отырады).
login — жұмысшының системадағы аты.
password — жұмысшының құпия сөзі.
name — жұмысшы аты
surname — жұмысшы тегі.
email — жұмысшы электронды поштасының адресі
phone — жұмысшының байланыс телефон нөмірі
address — жұмысшымекен жайы
id_group — жұмысшы категориясы
id_department — жұмысшыжұмыс істейтін бөлімнің нөмірі
isactive — жұмысшы аккаунтінің активтілігін көрсететін параметр.
google — жұмысшының google аккаунтінің логині
google_password — google аккаунтінің құпия сөзі. Бұл екі параметр Goole
API-мен жұмыс жасау үшін керек
skype — жұмысшының skype адресі

37

icq — жұмысшының icq адресі

Енді осы кестелердің ER диаграммасын салайық:

2.12 сурет — ER диаграмма

38

3. Тәжірибелік бөлім
3.1 Бағдарламаның міндеті

Бағдарманың басты міндеті жұмысшы уақытын барынша үнемді
пайдалануға негізделген. Бұл бағдарлама арқылы қызметкердің тиімділігін
анықтауға болады және белгілі бір жұмыс түрінің қанша уақытта істелгеніне
қарап оның бағасын орнатуға болады. Мысалы бір сайтқа жаңа Слайдшоу
модулін орнату керек болсын. Компанияға жңа клиент келеді де маған
осындай модуль керек, оны қанша ақшаға орната аласыңдар дейді. Сол кезде
ол жұмысқа кететін уақытқа қарап қанша тұратындығын клиентке айтады.
Осы арқылы жұмысты орындаушы өзіне және клиентке тиімді шешім
қабылдайды. Себебі орындаушы өте қымбат баға айтса клиент басқа
компанияға кетіп қалады. Ал керісінше аз айтса финанстық тұрғыдан ұтылып
қалады. Сондықтан оның таза бағасын анықтаған жөн. Онымен қоса ай
соңында айлыққа бонустар есептегенде графикті ашып қанша жұмыс
істелгеніне байланысты қызметкерге айлық есептелініп шығарады. Осындай
қадағалау болғандықтан жұмыста бос отыратын адамдар жоқ болады.

3.2 Бағдарламаның орындалу шарты

Бағдарлама орындалу үшін келесі құралдар болуы керек:
— Apache веб сервері;
— MySQL деректер қоры сервері;
— PHP 5.2;
— Орта деңгейдегі сервер процессор;
— Интернеттегі аты немесе домен.

3.3 Бағдарламаны орнату немесе оны икемдеу

Жоғарыда айтылғанның бәрі болса, FTP арқылы домен серверіне
қосылып барлық файлдарды серверге жүктеу керек. Жаңа деректер қорын
құрып ішіне деректер қорының файылын импорттау керек.
applicationconfigdatabase.php файылын ашып ішіне деректер қоры ақпаратын
енгізу керек (деректер қоры аты, пайдаланушы логині мен құпия сөзі). Енді
бағдарламаны сайтқа кіріп пайдалана беруге болады.

3.4 Бағдарламаны пайдалану нұсқауы

Бағдарламаны пайдалану үшін міндетті түрде авторизациядан өту керек.
Оны логин және құпия сөзбен іске асыруға болады. Ол әрбәр
пайдаланушының логині уникалды. Жоғарыда деректер қорының кестесінде
осыған уникалды деген индекс орнатқан болатынбыз.

39

3.4.1 Бағдарламаның кіру беті

3.1 сурет — Бағдарламаның кіру беті

3.4.2 Бағдарламаның негізгі тапсырмалар тізімі беті
Администратор атынан кірейік:

40

3.2 сурет — Тапсырмалар тізімі беті

Жоғарғы жақта бас меню орналасқан. Оның 6 бөлімі бар. Ең біріншісі
тапсырмалар тізімі. Администратор және менеджерлер барлық өзінің
бөліміндегі жұмысшылар тапсырмаларын көріп отырады. Жасыл түспен
боялған тапсырмалар орындағанды білдірсе, қызыл түсті тапсырмалар
орындалмағанды білдіреді.

3.3 сурет — Менеджер атынан кіргендегі бет

Администраторлар мен менеджерлер жаңа тапсырма қоса алады,
сондықтан оларда жаңа жұмыс қосу үшін кнопка бар. Оны басқанда жаңа
жұмыс туралы ақпарат енгізетін форма шығады.

41

3.4 сурет — Жаңа тапсырманы қосу формасы
Формада бірнеше толтыруға міндетті формалар бар. Әрбір форманың
қасында оның аты жазулы тұр.

42

3.5 сурет — Жаңа тапсырманы қосу формасы

Добавить кнопкасын басқаннан кейін жаңа тапсырма тапсырмалар
тізімінде пайда болады.

43

3.6 сурет — тапсырма арнайы батырмалары

Енді осы бетті жай пайдаланушы ретінде кіріп көрейік:

44

3.7 сурет — оң жақтаға тапсырмалары орындалмаған компаниялар тізімі

Беттің оң жағында сырғымалы блокта дәл қазір тапсырмалары
орындалмаған компаниялар тізімі орналасқан. Бұл тапсырмалар өте көп
болып кеткенде өте ыңғайлы.
Әрбір тапсырманың қасында 5 батырма бар

3.8 сурет — Арнайы батырмалар

— тапсырманы жоюға арналған

45

— тапсырманы өзгертуге арналған. Бұл туралы алда айтатын
боламыз

— тапсырманы маңызды деп белгілеу. Егер осы батырманы бассақ
тапсырма Өте маңызды статусына ие болып ерекше түспен боялады

3.9 сурет — Өте маңызды тапсырма

Тапсырманы өзгерту үшін немесе оны орындалды деп маркерлеу үшін
жаңа атаған екінші батырманы басу керек. Сонда беттің төменгі жағында
өзгерту формасы пайда болады.

46

3.10 сурет — Тапсырманы өзгерту формасы

Тапсырманы орындалды деп белгілеу үшін формада Готово формасын
белгілеп, тапсырманы орындауға кеткен уақытты көрсетіп, Отчет
формасына қысқаша тапсырманы орындау барысын сипаттап жазу керек.

47

3.11 сурет — Орындалғанын белгілеу формасы

Сосын ОК Сохр. батырмасын басу керек. Ал артқа қайту үшін
Отмена батырмасын басу керек.

48

Бәрі дұрыс болса тапсырма жасыл түске боялу керек

3.12 сурет — Орындалған тапсырмалар жасыл түсті

Бір бетте тек 1 апта ғана көрсетілетін болғандықтан беттің төменгі
жағында арнайы күн таңдайтын батырмалар мен форма бар.

49

3.13 — Белгілі бір датадағы тапсырмаларға көшу

Бұл жерде белгілі бір күнді таңдауға немесе 1 апта ары-бері жылжытуға
болады.

3.4.3 Бағдарламаның іздеу беті
Тапсырмалар өте көп болатындықтан сайтта іздеу қызметі де бар. Ол
сайттың жоғарғы жағындағы бас менюдің қасында орналасқан. Іздеу қызметі
тапсырманың компаниясының атының ішінен енгізілген сөзді іздейді.

50

3.14 сурет — Іздеу формасы

Мысалға Жулдыз компаниясын іздесек:

3.15 сурет — Іздеудің нәтижесі

3.4.4 Бағдарламаның қорытынды шығаруға арналған беті

Осы тапсырмаларды
қарап
қандай
жұмыстар істегеніне қарай

жұмысшының қанша жұмыс жасағанын анықтауға Отчет беті бар. Бұл бетте
барлық тапсырмалар 1 бетте 50-ден тапсырмадан тізім ретінде шығарылады.
Тапсырмалардың орнын ауыстыруға болады. Мысалы тапсырмаларды
маңыздылығына байланысты орналастыру керек болса әрбір тапсырманының
компания атынан ұстап жоғары немесе төмен тасуға болады.

51

3.16 сурет — Қорытынды есеп шығару беті

Тапсырмаларды сұрыптау үшін 7 параметр бар: комапния аты,
жұмысшы, тапсырма түрі, орындалғауға кеткен уақыт бойнша, тапсырма
бағасы бойынша, датасы. Онымен қоса барлық тапсырмаларды орындауға

кеткен уақыт,
бағалардың суммасы барлық деректер қорында бар

тапсырмалар үшін және осы бетте көрсетілген тапсырмалар үшін есептеліп
беттің жоғарғы жағында көрсетіледі:

3.17 сурет — Қорытынды сандар

Осы бетке қарап басшы жұмысшыға айдың соңында айлығын есептейді.
Егер тапсырманың бір жерін өзгерту керек болса, онда әрбір тапсырманың
немесе қатардың басында өзгерту формасын шақыратын батырма бар.
Батырманы басқанда серверге AJAX сұраныс жасалынып көрсетілген
тапсырма жайлы бар ақпарат алынады да форманың сәйкес формаларына
енгізіледі

52

3.18 сурет — Қорытынды есеп бетіндегі өзгерту формасы

Клиент компанияларды қосатын бет Компании деп аталады. Егер
компания жайлы ақпаратты толық енгізбесе ол беттің оң жағында көрсетіледі.
Ал ақпараты толық немесе керек ақпараты енгізілген компаниялар сол
жақтағы тізімде болады. Сол жақтағы тізімде қызылмен белгіленген
компаниялар ақпаратының кейбір қатты қажет емес бірақ бар болғаны дұрыс
компаниялар.

Сурет 3.19

53

Жаңа компанияны қосу үшін + сілтемесін басу керек. Ал өзгерту үшін
батырмасын басу керек, сонда мынадай форма шығады.

Сурет 3.20

Барлық жұмысшылар туралы ақпаратты басқару үшін арналған
Сотрудники беті бар. Бұл бетте жұмысшыны жаңадан қосуға, ақпаратын
өзгертуге және жоюға болады.

Сурет 3.21

54

Егер жаңа жұмысшыны қосатын болсақ немесе бар жұмысшаның
ақпаратын өзгерту керек болса мына форма арқылы өзгертеміз. Әрбір
жұмысшы міндетті түрде белгілі біл бөлімде жұмыс істейді, содықтан бөлімді
міндетті түрде көрсету керек. Бөлімдер сайтты бірнеше компания пайдалану
үшін жасалған. Әрбір бөлімнің басқаратын өзінің администраторы және
менеджерлері болады.

Сурет 3.22

Тапсырмалардың түрлерін басқару беті Статусы беті. Бұл бетте
барлыұ тапсырмалар типтері тізімі бар. Осы бетті тапсырма түрін жаңадан
қосуға, ақпаратын өзгертуге және жоюға болады.

55

Сурет 3.23
Әрбір тапсырма типінің қасында арнайы батырмалар бар. Жасыл
стрелкалар тапсырма типінің реттік орнын көрсетеді. Солар арқылы тапсырма
типін тізімде ары-бері жылжытуға болады. Бұл реттеу жаңа тапсырма
қосқанда тапсырма типін таңдағанда осы рет көрсетіледі. Бұл ұқсас

жқмыстарды топтастыруға жол береді. Ал
батырмасы тапсырма типін

өзгерту үшін арналған. Осы батырманы басқанда мынадай форма шығады:

56

Сурет 3.25

Әрбір тапсырма типінің болжам бойынша алынған уақыты бар. Бұл
уақытқа байланысты клиентке жұмыс бағасын айтқанда байланысты бағасын
есептейді. Мысалы 1 сағат жұмыс 11500 теңге болса және тапсырманы
орындауға 2 сағат кететін болса клиентке 23000 теңге счет жазады.

57

4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4.1 ЖҰМЫСТЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ
НЕГІЗДЕМЕСІ

Компанияның жұмысшыларының уақытын ұйымдастыратын
бағдарламаның экономикалық тиімділігін анықтау.
Бұл бағдарлама жұмысшыларға жұмысты тиімді бөлу үшін арналған.
Компанияда клиенттер көп болғандықтан — барлық жұмысты есте сақтау
мүмкін емес. Соның салдарынан кейбір жұмыстар ұмытылып қалуы жиі орын
алады. Ол келісімде көрсетілген уақытта жұмысты бітіріп тапсыра алмауға
алып келеді. Кей кезде осындай жағдайлар клиенттен айырылуға да алып
келеді.
Бұл бағдарламаны жасаудың тағы бір қажеттігі — ол жұмысшылардың
қанша жұмыс жасағандығын қадағалау. Осыған орай олардың жалақысын
реттеу. Керек болса сыйақы тағайындау немесе керісінше айлығын қысқарту.
Қадағалау болмаса жұмысшылар жұмыс істеп отырған сыңай танытып өте аз
жұмыс істеп отыруы мүмкін. Әсіресе мұндай жағдайлар айлық мөлшері
істеген жұмысына байланысты емес жағдайларда көп орын алады.
Тағы да бір қажеттілігі жұмысшылардың айлығын көтеру немесе азайту
үшін керек болады. Мысалға бір жұмысшы басқаларға қарағанда көп жұмыс
жасайтын болса ол айлығын немесе деңгейін көтеруге ең басты үміткер
болады.
Мұндай келеңсіздікке ұшырамау үшін бір күнделік тәрізді барлық
тапсырмаларды еске салып отыратын бағдарлама керек болды. Негізі мұндай
бағдарлама 1С предприятие — де болатын. Бірақ ол бағдарлама өте жәй
жұмыс істейтін және көп жағдайда қатып қалады. Бұл жағдайлар өз кезегінде
уақытты жоғалтуға алып келеді. Онымен қоса ол бағдарламаның басты
ыңғайсыздықтарының бірі — онда біткен жұмыстарды қағазға толтыру

керектігі.
Оны кейіннен бөлім бастығы өз қолымен барлығын

бағдарламаға енгізу керек еді, бұл өте көп уақытты қажет ететін.
Сондықтан біз осы бағдарламаны жасауға шешім қабылдадық. Бұл
бағдарламаның басты артықшылығы оның кез-келген жерде интернет желісі
арқылы қол жетімділігі.
Ақпараттық жүйелер және компъютерлік технологиялардың көлемiнiң
тұрақты өсуi нақтылы облыстың автоматтандыру және жобалауына заттық
және еңбек шығындарын үлкеюіне алып келедi. Өз кезегінде ақпараттық
жүйелер қымбат бағалы және қатаң талапты болып барады.
Автоматтандырудың мәселенiң шешiмдерi үшiн жаңа ақпараттық жүйенiң
құрастыруынан пайданың дәл экономикалық есептеуін қолдану өте маңызды.
Осы таңда ақпараттық технологиялар нарқы тез қарқынмен
дамып келеді. Әсіресе, күннен күнге жаңа бағдарламалар, ыңғайлы ақпарат
жүйелері, электронды тіркеу автоматтандырылған жүйлері пайда болуда. Осы
жүйелердің пайда болуы мен оны пайдаланудың адамның күнделікті өмірін
оңайлануына алып келеді.
58

Елбасы Жолдауында Ақпараттық Қазақстан-2030 бағдарламасын
жасақтау туралы еліміздің Мәдениет және Ақпарат министрлігіне 2012-2014
жылдары Қазақ ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтуды
қамтамасыз ету тапсырмасы берілген болатын. Бұл жоба негізінде мәдениет
пен ғылым, білімнің ғасырында кітапхана ісін жандандырып, соңғы ғылыми
технологиялар үрдісіне бейімделу қажеттілігіне басымдық беріліп отыр.
Қашанда нағыз білімнің қайнар көзі болып қала беретін кітапхана
қызметін пайдаланушылардың сұраныстары күрделеніп, бұрынғыдан
мазмұны да өзгерген.
Ғаламтор пайда болғаннан бастап қазіргі таңдағы көп қызмет түрлері
осы ғаламтор арқылы жүргізілетін болды.Бұл жағдай кітапхана қызметінде
айналып өтпеді. Бүгінгі күнде кезкелген студенттің (оқырманның)
кітапханадағы кітаптарға қол жеткузуін тездетіп, оңайлатуға ғаламтор көмегі
өте зор.
Кітапхананың ақпараттық жүйе бөлігі кітапхана оқырмандары мен
студенттерге ақпараттық ресурстарды пайдалануда көмек көрсетеді және
мәдени ақпаратты жоғарылатуға қызмет етеді.
Жобаның экономикалық тиімділігін анықтау бағдарламалық құралды
құру процессінің ажырамас бөлігі болып табылады. Автоматтандыру
құралдарының дамуы мекемені басқару облысындағы қажеттіліктерге сай
жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар, аталған қажеттіліктерді тек
технологиялық жаңартпаларды енгізу қажеттілігімен байланыстырып керек
жоқ. Бағдарлама өңдеушісіне бизнес-бөлімшелердің нақты қажеттіліктерін
түсіну керек, ал … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz