«Қыс» даярлық сыныбына арналған қайталау сабағы
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Қыс» даярлық сыныбына арналған қайталау сабағы
Автор: Толеубекова Әйгерім Маратқызы
Бағыты: Логопед, дефектолог Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-11
Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтарға арналған
Тақырыбы: «Қыс» Мақсаты: Білімділік: Қысқы табиғат өзгерістерімен таныстыра отырып, бақылпа , Қас мезгілінің ерекшелігін, әсемдігін түсіндіру. Қыс тақырыбы бойынша, окушылардың білімдерін кеңейту.
Түзете-дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беруге үйрету.Логикалық ойлауын, ұсақ моторикасын, есте сақтау қабілеттерін және қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға , қамқорлық жасай білуге және бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, боямақтар және аудиожазба.Сабақтың әдіс-тәсілі: қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, Сабақтың барысы:
- Аяз қысып,Өрнек сызып,Терезені торлайды.Қарға омбығып,Бет домбығып,Сырғанап балалар ойнайды. /Қыс/
- Балалар сендер қандай жыл мезгілін білесіңдер?
- Мына суретке қарап неше жыл мезгілі бар екенін санап көрейікші.
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?
- Қыс мезгілінде сендерге қандай құбылыстарымен ұнайды?
- Балалар қыста айнала неге оранады?
- Біз қандай киімдер киеміз?
- 1 баланың сыртқы киімін алып келіп, баларға әр киімге жеке тоқталып, таныстыру.
Ойын: «Хоккей»Шарты: Көлемі үлкен төртбұрышты ыдысқа алдын-ала мұз қатырылады.Ыдыстың екі шетіне арнайы хоккей қақпасы орнатылады.Ортаға көлемі кіші шашки тасы қойылады.Ойынға 2 бала қатысады.Хоккей таяғының орнына баолмұздақ таяғын қолданамыз. Балалар жаңа жыл мерекесі сендерге ұнайды ма?Бізге аяз ата бір шана жасырып кетіпті. Сендер сол шана қай жерде жасырынғанын, ішінде қандай сыйлқ бар екенін маған табуға көмектесесіңдер ме.Аяз ата бізге бірнеше қорап қалдырыпты.Әр қораптың ішінле бір тапсырма бар екен.1 қорап- «Қай мезгіл?» ойыныШарты: Балаларға 4 жыл мезгілі кесте бойынша әр қайсында 8 ұяшықтан ұсынылады. Сонымен қатар әр жыл мезгіліне арналған 8 қима суреттер ұсынылады.Балалар қима суреттерді өз ұяшықтарына салады.Сергіту сәті
- Қыс мезгілінде біз нелермен ойнаймыз?
- Қанекей жерге еңкейіп қолымызға қарды алайықшы.
- Ал енді ойнымызды бастауға әзірленеміз?
- Ойнымызды бастаймыз.
- Балалар барлығымыз бірге аққала жасаймыз ба?
- Олай болса алғашқы бөлігін, үлкен домалақты әзірлейміз
- Екінші бөлігін, үлкенірек домалақты әзірлейміз
- Соңғы бөлігін, басын домалақтаймыз
- Жарайсыңдар енді аққаламызға не жетіспей тұр?
- Мұрынын, көзін, түймелерін, бас киімін әзірлейміз.
- Балалар нұсқаулықты балалар көз алдыларына елестете отырып, орындайды
2- қобдиша: «Дауысын тап»Шарты: Әртүрлі табиғат құбылыстарының дыбыстарды балалар назарына ұсынамыз.Балалар түрлі дыбыстарды ести отырып, қыс мезгіліне тән дыбыстарды табуы қажет. Жарайсыңдар балалар біз Аяз ата қалдырған қобдишаны ашып ойын шарттарын дұрыс орындадыңдар. Енді біз Аяз ата қалдырған сыйлықтың қай жерде тұрғанын таптық. Аяз ата сендерге боямақ пен қарандаш қалдырыпты.Ал Аяз ата бұл тапсырманы сендерге үйде орындауға беріпті.Бекіту сұрақтары:
- Неше жыл мезгілі бар?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
- Қыс мезгіліне тән қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?
>
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.