» Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздік кепілдемесі » 10 сынып

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




» Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздік кепілдемесі » 10 сынып

Автор: Қабат Жайна Мерекеқызы

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 10 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-10


Материал туралы қысқаша түсінік

Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимн қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.




Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздік белгілеріМақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Түрі: топтық жұмысКөрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бейнеленген суреттер, слайдБарысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.— Оқушылармен амандасу.— Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.— Гимн айту.ІІ. Негізгі бөлім.— Тәрбиешінің кіріспе сөзі.Армысыздар құрметті оқушылар және сабағымыздың қонақтары!Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке 25 игі іс» атты жобасы аясында, соның ішінде «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында өткізгелі отырған «Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздік белгілері» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Құрметті оқушылар сіздерді Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құтты болсын! Кез келген мемлекеттің басқалардан ерекшелеп тұратын нышандары болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9 — бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні» — делінген. Сондай — ақ осы заңның 34 — бап, 2 — тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,» — делінген. Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні 1992 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясының шешімімен бекітілген. Биылғы 2016 жылы жас мемлекетіміздің рәміздеріне 24 жыл толып отыр. Сайыстың кезеңдері:1. Таныстыру2. Кім тапқыр?3. Ойлан тап!4. Кім жылдам?5. Ойлы болсаң озып көр6. Менің қиялымдағы рәмізІ кезең Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді. Сайыстың бұл кезеңі 5 — ұпаймен бағаланады. Енді оқушылардың рәміздер туралы білімдерін көрсететін «Кім тапқыр?» кезеңіне кезек берейік.ІІ кезең «Кім тапқыр?» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі. (Әрбір дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады)І топтың сұрақтары:1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.Ту, Елтаңба, Гимн2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.Көк, сары3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.Екі рет4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесіЖұлдыз5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай2: 1ІІ топтың сұрақтары:1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл1992 жыл2. Мемлекеттік рәміздер күні4 маусым3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құсҚыран бүркіт4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануарҚанатты пырақ5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалдыЕл президенттін ұлықтау рәсімінде Сайысымыздың келесі ІІІ кезеңі «Ойлан тап!» деп аталады. Бұл кезеңде «Авторлар», «Ұғымдар», «Спортшылар», «Мемлекет» деп аталатын төрт категория берілген. Әр категорияның сол жағында 10, 20, 30, 40 деген ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар орналасқан. Әрбір ұяшықта сол категорияға байланысты сұрақтар жасырылған. Оқушылар кезекпен категорияны және ұпай көрсетілген ұяшықты таңдайды. Дұрыс жауап берген жағдайда ұяшықта көрсетілген ұпай санын иеленеді.«Авторлар» категориясының сұрақтары:10. Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)20. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын атаңдар (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)30. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім? (Шәмші Қалдаяқов)40. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын атаңдар (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)«Ұғымдар» категориясының сұрақтары:10. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді? (Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)20. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп — өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан — байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР — ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан — дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)30. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер? ( Шаңырақ — мемлекеттiң түп — негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)40. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)«Спортшылар» категориясының сұрақтары:10. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы кім? (Жақсылық Үшкемпіров)20. Лонданда өткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында бірінші болып Қазақстанның Туын желбіретіп, Гимнін асқақтатқан спортшы? (Александр Винакуров)30. Олимпиада ойындарының ауыр атлетикадан екі дүркін чемпионы атанған спортшыны атаңдар (Илья Ильин)40. Әйгілі отандастары Василий Жиров пен Бахтияр Артаевтың жетістігін қайталап Олимпиадалық ойындарда бокстан алтын медальмен бірге «Баркер» кубогін иеленген қазақ спортшысы кім? (Серік Сапиев)«Мемлекет» категориясының сұрақтары:10. Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет (Түркия)20. Осы мемлекетте өткен Олимпиада ойындары Қазақстанға 7 бірдей чемпионды және 5 олимпиада жүлдегерлерін сыйлады. Бұл қай мемлекет? (Англия)30. 2011 жылы қандай айтулы мереке тойланды? (Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы)40. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан мемлекет? (Ресей)Сайыстың ІҮ кезеңі «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар қысқа уақыт аралығында облыстар шекараларымен бөлінген Қазақстан картасын тез арада жинауы керек. (5ұпай беріледі).Сайысымыздың келесі Ү кезеңі «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар отан жайлы мақал — мәтелдер, рәміздер туралы өлеңдер айтып жарысады.(Әр дұрыс жауапқа ұпай саны – 3)Сайысымыздың соңғы ҮІ кезеңі «Менің қиялымдағы рәміз» деп аталады. Әр топ оқушылары өз қиялындағы рәміздердің жобасын жасап, қорғайды.Топ басшыларына тапсырма беріледі. Сұрақ: мемлекеттік рәміздерді қандай сөздермен мақтар едіңдер? (Ұпай саны – 10)«Күннің суретін бейнелеу» атты тренингТәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап тілек жазу.ІІІ. Қорытынды бөлім.Сайыстың қорытындылау жеңімпаздарды марапаттау.Сәлем хаттай ол маған,Болашаққа жолданған…Рәміздері елімніңАта заңмен қорғалған… — Терең тағлымға толы тәрбие сағатында белсенділік танытқандарың үшін рахмет! Елін сүйер, жерін қорғар, салт-дәстүрді қадірлер азамат болуларыңа тілектеспін!

№ 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп – интернатында 2018 жылдың қараша айының 11 – шы жұлдызында 10 «б» сыныбында «Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздік белгілері» атты сайыс сабағының хаттамасыҚатысуға тиісті: 20 оқушыҚатысқаны: 20 оқушы Күн тәртібінде:

  • «Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздік белгілері» тақырыбындағы тәрбие сағатының жоспарымен, мақсат-міндеттерімен таныстыру

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Қабат Жайна сөз алып оқушыларды «Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздік белгілері» тақырыбындағы тәрбие сағатының мақсаты, сабақ барысымен таныстырып өтті. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өткізілу формасы сайыс сабақ. Әдісі түсіндіру, сұрақ жауап.Тәрбие сағатының жоспары:

  • Ойлы болсаң озып көр
  • Менің қиялымдағы рәміз

Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір — бірін құрметтеуге, топтағы оқушылар түсінбегенін бір — бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға шақырды. І кезең Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтті. Сайыстың бұл кезеңі 5 — ұпаймен бағаланды. ІІ кезең «Кім тапқыр?» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар берілді. Әрбір дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланды. ІІІ кезеңі «Ойлан тапдеп аталады. Бұл кезеңде «Авторлар», «Ұғымдар», «Спортшылар», «Мемлекет» деп аталатын төрт категория берілген. Әр категорияның сол жағында 10, 20, 30, 40 деген ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар орналасқан. Әрбір ұяшықта сол категорияға байланысты сұрақтар жасырылған. Оқушылар кезекпен категорияны және ұпай көрсетілген ұяшықты таңдады. Дұрыс жауап берген жағдайда ұяшықта көрсетілген ұпай санын иеленді. ІҮ кезеңі «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар қысқа уақыт аралығында облыстар шекараларымен бөлінген Қазақстан картасын тез арада жинап үлгеру керек. 5- ұпай берілді. Ү кезеңі «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар отан жайлы мақал — мәтелдер, рәміздер туралы өлеңдер айтып жарысты.Әр дұрыс жауапқа ұпай саны – 3. ҮІ кезеңі «Менің қиялымдағы рәміз» деп аталады. Әр топ оқушылары өз қиялындағы рәміздердің жобасын жасап, қорғады. Кері байланыс жасалды. «Күннің суретін бейнелеу» атты тренинг Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап оқушылар тілек жазды. Сайыстың қорытындылап жеңімпаз топтарды марапаттады.

Хатшы: Д.Ағайдар







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.