Психологиялық басқарудың мәні | Скачать Дипломдық жұмыс
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 БАСҚАРУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
1.1 Басқару: ғылым және өнер
1.2 Психологиялық басқарудың мәні
1.3 Психологиялық басқарудың негізгі әдістері
1.4 Бacқaрудың жапoндық пcихолoгиялық үлгіciнің ерeкшелiктері
2 ОТЕЛЬДЕРМЕН БАРЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯСЫ
1.1 Эмоциялар
2.2 Қaбылдау
1.3 Танымдық процесстер
1.4 Топтағы жұмыс: топтық психология
2 Басқарудың психологиялық теориялары
1.1 Басқару стильдерінің теориясы
1.2 Басшылық және лидерлілік
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қонақжайлық — қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Қазақ даласында кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этикалық қалып ретінде орныққан; қонақжайлық қонақ; қонақасы; қонақ кәде.
Қонақ күту. Қазақ халқы — ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын Құдайы қонақпын десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы бөлінбеген еншісін бар деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта қырықтың бірі қыдыр, қонақты қусаң — құт, ырыс, қашады, Қонақпен еріп құт, ырыс келеді деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл — қонақпен еріп келген құт бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды арнайы қонақ (қонақ) құдайы қонақ (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) қыдырма қонақ (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), қылғыма қонақ (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Әдетте шәйдi бойжеткен қызға құйдырады. Оның себебi қыз бала келешек шаңырақ иесi, ас иесi болғандықтан жастайынан қонақ күтудi үйрене берсiн деген ниет болған. Екiншiден бойжеткен қызға шәй құйғыза отырып қыздың аспазшылық өнерiн елге паш ету. Бiр үй толы қонаққа кесенi ауыстырмай, шәйдi қызыл күрен етiп баптап беру үлкен өнер. Осыны көрген жолаушы, әсiресе қариялар ойына түйiп, барған жерiнде «бәлененiң үйiнде бәлен деген бойжеткен қыз бар екен, шiркiннiң шәй құйысы, қонақ күтiсi-ай»-деп мақтайтын болған. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Шәйдi сүт немесе қаймақ қатып қызыл күрең етiп баптап беру, дастарқанға бауырсақ, өрiк мейiз, iрiмшiк, құрт, май, қант салып түрлендiру-үлкен аспазшылық. Шәй құйып, келiншек ыдыс-аяқты, ожауды, салдырлатпай әдеппен беруi керек. Егер ыдыс-аяқты салдырлатып берсе қонақ «үй иелерi жақтырмай отыр» деп ойлау мүмкiн. Қонаққа шәй екi қолдан алынып берiледi, немесе шыныны оң қолымен ұстап, сол қолдың алақанын жайып, шыны ұстаған қолдың бiлегiне тигiзiп, еңкейiп ұсынады. Қазақ елiнде кез-келген уақытта қонағына мал сойып бермеген, бiрақ қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Жазды күнi қонаққа ең болмағанда марқа сойылса,қысты күнi соғым етiнен тартылған мүшелi табаққа риза болады. Мал союдың да өзiндiк жөн-жобасы бар. Арнайы қонақ шақырып, той жасағанда келүшi кiсiлер саны оннан аспаса-бiр семiз марқа, жиырма болса-тоқтылы қой не екi үлкен ту қой, отыздан асса — бiр құлын не тай сойылған. Ал құдайы қонаққа қой баласынан «қоңыр тоқты» , ешкi баласынан «қара шұнақ лақ», жылқы баласынан «торысын» сойған. Келесi кезекте қонақ сыбағасында мал сойылған жағдайда қонақ алыстан келген аса сыйлы адам болса сойылатын. Мал есiктен кiргiзiлiп союшы малдың мiнер жағына бiр тiзерлеп отырып, екi қолың қойдың мойнынан орай ұстап, алақаның жайып қонақтан «әумин» деп бата тiлейдi. Қонақ бата iстеуге тиiс, бата әр түрлi мазмұнда болады. Бата үй иесiнiң пиғылына ризалық бiлдiру,малжанның амандығын тiлеу сияқты болып келедi. Арнайы келiп қонған сыйлы қонаққа мал соймай, өлi етпен жөнелту, немесе көже, құрт, май, шәй, айран-шалап беру үлкен айып саналған. Ондай сараң байларға ақындар өлең шығарып масқаралап жұртқа жайған. Ет жеудiң алдында қонақтың қолына су құйылады. Су құюшы бала сол қолына леген, оң қолына құман ұстап, оң иығына сүлгi орамал алып, қонақтардың қолына жағалай су құйып шығады. Су құюшы балаға қонақ ықылас бiлдiрiп, рахметiн, тiлегiн айтады. Қазақта сыйлы қонаққа бас тарту ежелгi ел дәстүрi. Ол — адам әлемдi баспен билейдi деген ұғымды бiлдiру. Әр қонақтың өзiндiк сый-сыпаты, мүше ұстау рәсiмдерi бар. Мысалы бас жасы үлкен ақсақалға, алыстан келген ең сыйлы қонаққа ұсынылса, онан кейiнгi отырған қонаққа асықты жiлiк ұстатады. Ал күйеу бала мен келiнге төс тартады. Қонақ тамақ iшiп болған соң ауыл адамдары(әсiресе жастар), «ауылдың алты ауызын» айтып, қонақтың көңiлiн көтередi де, кезектi қонаққа бередi. Қонақ не өлең айтып, домбыра тартуы керек, немесе ертек айтуы керек. Мұны «қонақ кәде » дейдi. Ал өнерден құралақан адам болса, қонақты аспаға асып, есек болып айқайлатып, тауық болып шақыртып сайқы мазақ жасайды. Әрине өнерсiз қазақ болмайды. Ондай жаза сирек қолданылады. Кештiң соңында үй иесi қонақты жайлы төсек-орынға жайғастырып: «Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз», «Жақсы түс көрiп жатыңыз» деп өзi де демалады. Қонағын аттандырар кезде, отағасы қонағынан «бұйымтай» сұрайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша қонақ үй иесiнiң атын,мылтығы мен итiнен басқа кез-келген затты сұрауына болады. Үй иесi қонағының көнiлiн жықпай, қалауын берiп, «көрiскенше күн жақсы,қош,сау болыңыз!» деп қоштасып, аттандырып салады. Қонақ күту — халқымыздың ең жауапты ісі. Сонымен, қазақ халқының қонақ күту дәстүрi ел-жұрт арасындағы iзгi қарым-қатынастарды нығайтуға, ағайын-туысқандарың, көршi-қоландардың алыс-берiсiне, үлкендi-кiшi болып сыйласуына, өскелең ұрпақты жастайынан көпшiл, мейiрiмдi, үлкендi құрметтеп, кiшiге қамқоршы болуды үйретуге өте зор ықпалын тигiзген. Дастарқаны мол, пейiлi кең қазақ халқының қонақ жайлылығын бұрын-соңды қазақ даласында болған саяхатшылар, ғалымдар және қызмет бабымен келген адамдар жоғары бағаланған.
Зерттеу нысаны: Қазақстандағы қонақ үй индустриясын басқарудың психологиялық аспектілері.
Зерттеу пәні: Психологиялық аспектілердің Қазақстандағы қонақ үй индустриясын басқаруға әсер етуі.
Жұмыстың мақсаты: Қонақжайлық индустриясындағы басқарудың басты психологиялық аспектілерін анықтау және олардың ерекшеліктерін талдау.
Зерттеу міндеттері:
* Қонақжайлық индустриясындағы басқарудың ерекшеліктері
* Басқарудағы психологиялық аспектілердің рөлі
* Қонақжайлық индустриясындағы басқарудың түрлерің анықтау
Зерттеу әдістері: Ақпаратты жинау әдісі ретінде бақылау әрқилы жағдайларда қолданылады. Біріншіден, жоспарланған зерттеудің бағытын нақтылау үшін алдын ала мәлімет жинауда. Осындай мақсатпен қолданылатын бақылау зерттелінетін құбылысқа деген көріністің ауқымын кеңейтеді, маңызды жағдайлардың ерекшеленуіне, әрекет етуші адамдардың анықталуына ықпал етеді. Екіншіден, бақылау психологиялық ақпаратты алудың басқа амалдары болмаған жағдайларда қолданылады.
Бақылауда бейнеленуі тиіс маңызды элементтердің ықтималды тізімі бар:
а) бақыланушылар — жағдайларға қатысатын адамдардың саны, топтың әлеуметтік-демографиялық құрылымы, ондағы өзара қатынастардың сипаты, жағдайға қатысушылардың арасында рөлдердің үлестірілуі;
ә) жағдай — бақыланған жағдайдың орналасқан жері және заттардан құралған ортаның іс-әрекетке деген ықпалы;
б) топ іс-әрекетінің мақсаты — бақыланған жағдайдың кездесоқтығы немесе заңдылығы, топтың жиналуына ықпал еткен нақты ресми немесе биресми мақсаттардың бар жоқтығы, жағдайға қатысушылардың әртүрлі мақсаттарының үйлесімдігі немесе қарама-қайшылығы;
в) әлеуметтік мінез-құлық — бақыланған топ іс-әрекетінің сипаты, іс-әрекет стимулдары, іс-әрекеттің кімге (неге) бағытталғандығы, топтағы психологиялық ахуал, сол орынға тән әлеуметтік мінез-құлық, бақыланған топ мүшелерінің мінез-құлықтарындағы ықтималды ауытқулар;
г) бақылау жиілігі мен ұзақтығы — жағдайды бақылау уақыты, ұзақтығы және қайталанушылығы, оның бірегейлігі.
Зерттеу әдістемесі: Ғаламтор желісіне, кітаптарға сүйіне отырып сауалнама жасадық.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы: Тейлор Ф.У, Дуглас Мак-Грегор, Зигмунд Фрейдт, Курт Левин, Карл Густав Юнг сияқты атақты тұлғалардың теориясына сүйіне отырып жаздық
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Осы дипломдық жұмысымызда төмендегідей тәжірибе жасадық:
* Студенттердің арасында қонақ үйлермен мейрамханаларға байланысты сауалнама жүргіздік;
* Оқытушылардың арасында қонақ үйлермен мейрамханаларға байланысты сауалнама жүргіздік;
* Осы салада жұмыс жасайтын тұлғаларға басқарушылық жайында сауалнама жүргіздік;
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмысымыз кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
2 БАСҚАРУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
1.1 Басқару: ғылым және өнер
Басқару бір уақытта көне өнерге де және жаңа ғылымғада жатады. Ғылым ретінде басқару біртіндеп толықтырылып отыратын білімдер мен оларды алу әдістерінің жиынтығы ретінде анықталады. Психологиялық басқару адамдардың басқа адамдарға, топтың бір қоғамға тигiзетiн ықпалының механизмдерi мен оны дамыту тәсiлдерiн ұғынып, түсiндіру негізінде оның табиғаты жайлы мәліметтерді қарастырады.
Психологиялық басқарудың тек өзіне ғана тән зерттейтін пәні бар, ол басқару барысында ұйымдастыру заңдылықтарымен адамдардың арасындағы сол процестің барысында болатын қатынастарын зерттеп, зерттеу нысанының ерекшілігіне сай келетін әдістемелік негіздерді анықтайды және сонымен қатар басқару нысаны деген белсенді ықпалдың жүйесі мен негіздерін құрайды, сонымен қатар зерттелінген процестерді алдын ала болжап тәсілдерін зерттейді. Психологиялық процестердің зерттелуі және олардың жүйеге енгізілуі, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды құрастыру үшін олардың арасындағы байланыстарды анықтап және заңдылықтардың ашылуын психологиялық басқарудың ғылым негізінде мақсатты болып табылады. Психология ғылым негізінде басқару құрылымындағы жұмыстың тиімділігі мен сапасын көтеру мақсатында басқарушы іс-әрекеттің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтайды. Басқарудың жұмыс уақыты басшылардың іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Басқаруда төмендегідей негізгі бағыттар ерекшелінеді: ұжымның басқарушы жүйесінің күйі мен өзгешіліктерін анықтап және болжау, қызметкерлер жұмысының бағдарламасын жасап, басқарушының іс-әрекетін жетілдіру. Психологиялық басқару басқарушы тұлғаның қабілеттерін зерттейді: оның басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеттерін, жеке басқару әдісін, басқару ережелері мен ұстанымдарын зерттейді. Сонымен қатар, психологиялық басқару құралған басқару жүйесіндегі басқарушылардың арасындағы әрекеттесу амалдарын анықтайды. Алайда басқару әрқашан танымның дедуктивтік және эксперименттік әдістеріне келе бермейді, себебі зерттелінетін әдістерді көптеген факторлардың әсерінен шеттетуге болмайды. Басқарудың тағы бір ерекше тұсы-ол ішкі сезімге әсер етеді. Ішкі сезім анықталған әрекеттің тәжірібиелік және теориялық білімдерге жүктеледі, бірақта дұрыс тандауға әкелетін ойлау процестерінің анықталмайтындығы, ішкі сезу жүйесінің аяқ асты пайда болатындығы,дәл нақты әдістері бар ғылым мен әсершілдікке ие өнердің тығыз байланысын дәлелдейді. Жақсы басқарушы орынды іс-әрекетін рационалды анықтап, дұрыс шешімге келуі қиынға соққан жағдайда, оны дұрыс шешімге итермелейтін басқарушылық сезімге ие болуы тиіс [1].
Әр түрлі дәрежедегі басқарушылар ауыспалы әлеуметтік ортамен және де әр түрлі адамдармен тұрақты ара қатынаста болатындықтан дербес тәжірибесі және ішкі сезіміне сеніп, әр түрлі кездейсоқ құбылыстар мен нақты жағдайларды ескере отырып маңызды шешімдерді қабылдауға тиіс. Жағымды, әдеттен тыс шешімді шығармашылық іздеу әрекеттері басқаруға өнерге тән бітістерді таңытады. Сонымен қатар, Г.Кунц, С.О’Доннел сияқты ірі ғалымдар басқарудың ең бірінші кезекте өнер екенің дәлелдеді. Олар: Басқару кезі мен ғылымды әр түрлі жағдайдың ақиқатында пайдаланудан құралған өнер болып табылады, деп болжаған. Ал Басқарудағы іс-әрекет ол өнер болса да, олмен ажұмыс жасайтын адамдар сол өнердің негізіндегі ғылымды ұғынып, қолданыла алса, едәуір жоғары жетістіктерге жетер еді. Топтық ынтымақтастықтың жетістігімен тиімділігінің маңыздылығы әр түрлі қоғамда мойындалады, басқару барлық өнердің ең маңыздысы екенін сенімді айтуға болады. Адам іс-әрекетінің барлық түрінде өнер мен ғылым қолдап, өзара толықтырып,жетілдіріп тұрады. Топтық іс-әрекеттің нәтижесінде пайда болған кез келген шешім жеке адамдар ұсынған нұсқаулардан ерекшелінетін басқаруда ең кем шығынмен дұрыс шешімге келу іскерлігі басшы өнерінің айқын көрінісі болып табылады.
Басқарушы адам қарым-қатынас өнерін өте жақсы үйренген, адамдарды өзіне сендіре алатын, жүйрік ақылға ие, білімнің көптеген салаларына қанықыққан қайталанбас тұлға болуы керек. Алайда ол ен бірінші орында адамдармен жұмыс жасайтын болғандықтан адам инженериясының барлық қырларын білуге әрі оны жетілдіруші және психологиялық білімдерді үйренуге міндетті.
Негізінде өнер сөзі әр түрлі жұмыс технологиялық және эстетикалық мағынада іскерлікпен, шебер жаслағанда адам іс-әрекетінің кез келген жағында қолданылады. Өнер шығармашылық қабілеттің, білім және ішкі сезімнің, жеке түрлерін жаңа өзгеше комбинацияларға қосудың жоғары іскерлігі ретінде анықталады. Сонымен қатар ол шығармашылық ойды жетілдіреді, тұлғаның өз-өзін адами анықтауы мен сана сезіміне әсер етеді, эстетикалық танымдар мен мінсіз тұстарын жетілдіреді. Егер де өнер бізді қоршаған ортаны зерттеуге және бейнелі суреттеуге бағытталған іс-әрекет болған жағдайда, басқару өнері сол болжамға сәйкес болып келеді, себебі басқарушы туындағана шынайы жағдайларды тұрақты зерттеуі және қабылданған басқарушының шешімінің кез келген ұсыныстарын шығармашылықпен модельдеуің тиіс. Бірақта бұл ерекше өнер, өйткені ол өзіне психологияның, логиканың, шеберлік өнердің, этиканың, философияның, құқықтың, сонымен қатар тұлғаға әсер ету әдістерінің әлемдік жетістіктерін сіңіруде.
Басқару кадрларын кәсіби даярлау жағдайы жоғары рентабельді салымдардың бірі болып есептеледі, себебі біз осы міндетті орындауда жоғарғы экономикалық жетістіктер мен әлеуметтік проблемаларды шешу деңгейіне көтеріле аламыз. Осылайша тиімді басқару үшін оның теориялық негіздерін білу керек, практикалық тәжірибеге ие болып, теория мен тәжірибені шығармашылық тұрғыда қолдана білу керек, яғни ғылым мен басқару өнерін жетік меңгеруі тиіс [2].
1.2 Психологиялық басқарудың мәні
ХХ ғасырдың бірінші жылдарына дейін басқару ғылыми зерттеудің дербес саласы болып есептелінген жоқ. Aлғаш кезде ол жайында Ф.У.Тейлордың 1911 жылы шыққан Ғылыми басқарудың негіздері атты еңбегінде айтыла бастады. Ол жерде басқарушы еңбегінің негізгі қағидалары көрсетілген. Сәл кейінірек ХХ ғасырдың 20 жылдары кен өндіруші және металлургиялық компанияның басқарушысы,көпке танымал француз инженері А.Файоль басқару қағидаларының бір түрлі жүйесін сипаттап көрсетті. Дәл Файольдың қолдауымен басқару ерекше іс-әрекет ретінде есептеліп таныла бастады. Сол уақытта психология теориялық және қолданбалы бағыттарында ғылым ретінде қалыптасқан болатын. Басқару мен психологияның әрекеттесуінен, сондай-ақ дамып келе жатқан өндірістің талаптарына жауап ретінде мән аралық қолданбалы ғылым психологиялық басқару пайда болды.
Басқару психoлoгиясының мәнi: басқарушы іс-әрекетінің психологиялық негіздері, яғни: еңбек iс-әрекеттерінің психофизиологиялық ерекшеліктерi, ақпаратты жетілдірудің психологиялық ерекшеліктері, адамның адамды қабылдау механизмдері және адамның бір-біріне деген ықпал ету механизмдерi, еңбек ұжымын және сондағы тұлғааралық ара қатынастарды қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері және де тұтастай басқару іс-әрекетінің психологиялық факторлары. Психологиялық басқару ғылым әрі тәжірибе ретінде басқарушылардың психологиялық басқару мәдениетін қалыптастыру мен жетілдіруге, басқаруда жұмысшы тұлғасының ерекшеліктері, еңбек ұжымының қызмет ету қатынастары мен заңдылықтары жайлы білімді теориялық тұрғыда түсініп, тәжірибеде қолданудың қажет негіздерін жасауға бағытталған. Басшы басқару процесінің ерекшелігін, басқарудың тиімділігін арттырудың тәсілдерін, қызметкерлерді басқаруға қажет қатынасудың ақпараттық технологиялары мен құралдарын білуге тиіс. Ол үшiн басшы еңбек ұжымының қызмет етуінің психологиялық ерекшеліктерін, адамдармен жұмыс жасаудың әрқилы жағдайларында басқарушы шешiмдердi қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін де білуі керек. Еңбек ұжымының қызмет етуінің психологиялық факторларына топтардағы психофизикалық шыдамдылық, тұлға аралық өзара қатынастың феномендері, еңбек мотивациясы, әлеуметтік-психологиялық ахуал және нақты өнімді шығару немесе қызмет етуi бойынша біріккен еңбек iс-әрекетiне енгізілген басқа да психологиялық құбылыстар жатады. Басқарушы шешімдерді қабылдаудың психологиялық шешімдерді қабылдаудың психологиялық шешімдеріне іс-әрекеттің нәтижесі немесе шешім қабылдау процесі ретінде мақсат қою жатады. Адамның тұлғасы әрі сл тұлғаны басқа адамдардың қабыладуы, үстем болу және басғыну ұмтылысы, дәреже, әлеуметтік үміттер және т.б.адамдар мен жұмыс жасаудың психологиялық факторларының негізін құрайды.
Психологиялық басқару практикалық психологияның ерекше саласы ретінде менеджер мамандығының және кәсіби басшылардың пайда болуымен қатар пайда болды. Психологиялық басқару психологияның кез келген қолданбалы саласы ретінде дамыған қоғамның нақты әлеуметтік тапсырысына жауап ретінде пайда болды.
Басқару бөліміндегі зерттеушілер оны төмендегіше құрайды:
* Басқаруды қалайша тиімді етуге болады?
* Өндірісте адам қорын адамдарды күштемей және оларға қысым көрсетпей максималды дәрежеде қалай пайдалануға болады?
* Ұжымды басқару жүйесін қалайша жақсырақ құрып, пайдалануға болады?
Психологиялық басқару еңбектің максималды нәтижесінің алынуымен қатар, адамның еңбек үрдісінде өзін-өзі айқындау, еңбектің нәтижесінде туындайтын қажеттіліктерін жүзеге асыру ерекшеліктерінің айқындалуы да маңызды қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған. Демек, басқару жағдайының тұрғысында адамдардың өзара қатынастары мен өзара әрекеттестіктерінің төмендегідей проблемалары психологиялық басқарудың пәні болып табылады:
* Тұлға, оның еңбек үрдісінде өзін-өзі жетілдіруі және дамытуы.
* Басқару іс-әрекеті және оның психологиялық тиімділік тұрғысында ұйымдастырылуы.
* Еңбек ұжымындағы топтық үрдістер және олардың реттелуі.
Тұлға және оның өзін-өзі жетілдіруі және дамытуыбасқару үрдісінде маңызды рөл ойнайды. Осы тұста ең аз дегендеекі жағдай маңызды. Біріншіден, тұлғаның көптеген қасиеттерінің, бітістерінің, мінездемелерінің ішінде психологиялық менеджмент басқару іс-әрекетін сәтті жүзеге асыруға көмектесетіндерін анықтайды. Екіншіден, психология тұлғаны басқару үрдісінде қарастыра отырып, деректерді қарапайым сипаттаумен, талдаумен және талқылаумен шектелмейді. Білімдердің осы саласында кез келген рангтегі және басқару қабілеттердің қайсібір бастапқы деңгейі бар басшының өзінде жетекшінің қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін тәжірибелі кеңестердің, ұсыныстардың жеткілікті дәрежеде үлкен көлемі бар. Басқару іс-әрекеті нақты ережелер бойынша құрылады. Оларды ұстана отырып жетістікке жетуге болады, ал керісінше олардың еленбеуі жоғары дәрежеде жайлы жағдайлардың өзінде де ұйымның жойылуына әкелуі мүмкін. Психология бөліміндегі мамандар қарым-қатынасты басқарудың қарапайым формасы ғана емес, сонымен бірге факторы етуге мүмкіндік беретін ережелер мен техникалық тәсілдерін құрастыруда. Кез келген ұжым бұл-ең алдымен өз мақсаттарын реттеген, міндеттерін шешкен өздерінің ресми немесе биресми дәрежесін сақтауға не болмаса өзгертуге тырысатын адамдардың тобы. Еңбек ұжымының мүшелері бір-бірімен өте күрделі қатынастардың жүйесімен байланысқан. Кез келген ағза ретінде ұжым дамуында жайлы әрі жайсыз кезеңдерді кешіруі мүмкін. Сыртқы және ішкі себептер мен жағдайлар кешенінің ықпалынан кез келген уақытта дағдарыс алуы мүмкін. Оның салдары жағымды (ұжымның дамуында жетістіктердің орын алуы) әрі теріс (ретпен жұмыс жасап тұрған ұжым басқарылмай, ыдырап кетуімүмкін) болуы да мүмкін. Басшының деңгейі және оның кәсібилігінің дәрежесі ұжымды салыстырмалы жайлы жағдайларда қалай басқаратынымен ғана емес, сонымен бірге күрделі мезеттерде, дағдарыс жағдайында да қалайша әрекет ететінімен анықталады. Басша кез келген басқарылмайтындай көрінетін жағдайдың өзінде де басқара алу тиіс. Ал ол үшін шиеленіс және дағдарыс жағдайларында басқарудың нақты дағдылары мен білімі қажет. Кәсіби басшыны дүмше басшыдан шиеленісті басқару өнерімен ерекшеленеді. Екіншісі қол қусырып отыратын жағдайда біріншісі істі өз қолына алып, жоғары дәрежедегі пайдамен әрі аз дәежедегі шығынмен әрекет ете бастайды [3].
2.1 Психологиялық басқарудың негізгі әдістері
Психологиялық басқару ғылым ретінде негізгісі бақылау мен эксперимент болып табылатын әрқилы психологиялық әдістерге сүйенеді. Өзінің сипаты мен мәні бойынша бақылау — ақиқатты бейнелеудің күрделі обьективті психологиялық үрдісі. Оның күрделілігі бір жағынан ұйымның қызмет етуінде зерттеушінің бақылаушы ретіндегі рөлі бақыланушыларға нақты ықпал ететін табиғи жағдайында жүргізілуімен, екінші бір жағынан ақпараттың іріктелуі мен жалпылануымен міндеттеледі. Сонымен бірге, көп жағдайда зерттеуші енжер рөлде болады, өйткені ол адамдардың үрдістерге, деректерге және құбылыстарға деген көзқарастарын немесе қатынасын тіркеп қана отырады. Ақпаратты жинау әдісі ретінде бақылау әрқилы жағдайларда қолданылады. Біріншіден, жоспарланған зерттеудің бағытын нақтылау үшін алдын ала мәлімет жинауда. Осындай мақсатпен қолданылатын бақылау зерттелінетін құбылысқа деген көріністің ауқымын кеңейтеді, маңызды жағдайлардың ерекшеленуіне, әрекет етуші адамдардың анықталуына ықпал етеді. Екіншіден, бақылау психологиялық ақпаратты алудың басқа амалдары болмаған жағдайларда қолданылады.
Бақылауда бейнеленуі тиіс маңызды элементтердің ықтималды тізімі бар:
а) бақыланушылар — жағдайларға қатысатын адамдардың саны, топтың әлеуметтік-демографиялық құрылымы, ондағы өзара қатынастардың сипаты, жағдайға қатысушылардың арасында рөлдердің үлестірілуі;
ә) жағдай — бақыланған жағдайдың орналасқан жері және заттардан құралған ортаның іс-әрекетке деген ықпалы;
б) топ іс-әрекетінің мақсаты — бақыланған жағдайдың кездесоқтығы немесе заңдылығы, топтың жиналуына ықпал еткен нақты ресми немесе биресми мақсаттардың бар жоқтығы, жағдайға қатысушылардың әртүрлі мақсаттарының үйлесімдігі немесе қарама-қайшылығы;
в) әлеуметтік мінез-құлық — бақыланған топ іс-әрекетінің сипаты, іс-әрекет стимулдары, іс-әрекеттің кімге (неге) бағытталғандығы, топтағы психологиялық ахуал, сол орынға тән әлеуметтік мінез-құлық, бақыланған топ мүшелерінің мінез-құлықтарындағы ықтималды ауытқулар;
г) бақылау жиілігі мен ұзақтығы — жағдайды бақылау уақыты, ұзақтығы және қайталанушылығы, оның бірегейлігі.
Бақылаушының орнына және бақылаудың ұйымдастырылуына қарай, сондай-ақ басқа да факторлар бойынша ол бірнеше түрге бөлінеді:
* Құрылымына қарай құрылымы бар және құрылымы жоқ бақылау болады.
* Бақылушының зерттелінген жағдайға қатысу дәрежесіне қарай енген және енбеген бақылауды өз етуге болады.
* Бақылауды жүргізу орнына және ұйымдастыру жағдайларына байланысты оны далалық және лабораториялық деп екіге бөледі.
* Бақылауды жүргізу ретіне қарай жүйелі және жүйесі жоқ деп екіге бөледі.
* Жалпы, басшы жүргізген бақылау құрылымы жоқ енген, далалық және жүйесі жоқ бақылау болып табылады.
Құрылымы жоқ бақылауды жүргізуде бақылаушы әрекеттерінің егжей-тегжейлі жоспары болмайды, жағдайдың ең жалпыланған бітістері, бақыланған топтың мөлшерлеп алынған құрамы ғана анықталады. Егер басшының зерттелінген жағдайдың маңызды элементтерін анықтау, сондай-ақ бақылаудың нәтижелерін тіркеудің егжей-тегжейлі жоспары мен нұсқауын құру мүмкіндігі болса, оның өзі қоластындағы қызметкерлердің біреуіне жүктей алатын құрылымды бақылауды жүргізуге болады. Бақылаудың осы типіне стандарттаудың жоғары дәрежесі тән, нәтижелерін тіркеуге арнайы бланкілер қолданылады, әртүрлі бақылаушылармен алынған мәліметтердің белгілі жақындығы анықталады.
Еңбеген бақылау бақыланушымен қатынаста және оның рұқсатымен жүргізіледі. Бақылаушының рөлі, бақылау мақсаты белгілі болады. Жеке процедраларда бақылаудың аталмыш түрі ең алдымен адамдардың еңбек үрдісіндегі мінез-құлықтарының ерекшеліктерін анықтауда қолданылады. өбінде осындай мақсатпен адамдар мүлдем ерекше жағдайларда бақыланады немесе мінез-құлықтың нақты актілеріне итермеленеді. Мәселен, автокөлікті жүргізу жөніндегі нұсқаушы адам оқытылушының жаттықтырғыштағы жұмысының ерекшеліктерін зерттейді. Бақылаудың осы түрінің ерекшелігі сыналушыға бақыланушының көздеген міндетімен қатар оның бақыланушыға қатысты әлеуметтік жағдайының да белгілі болуында. Оның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері де кездеседі. Артықшылығы көп жағдайда сыналушыларға бақылаудың шынайы мақсатынан гөрі өзге мақсаты хабарланса да бақылаушы қатысуының ақталуында.Бақылаушының нәтижелерді тіркеуде тұлғасын жасырмайтыны ыңғайлы. Ол ашық бақылай, жан-жағына қаралай алады әрі кез келген бағытта қарау мүмкіндігіне ие болып, жазбаларын сыналушының көзінше жүргізе алады. Кемшіліктеріне бақыланушы мінез-құлқының бұрмалануын, оның ұялуын, әсіресе бақылаудың хабарланған мақсаттарының шынайлығы күман тудырғанда саналы тұмшалануын жатқызуға болады. Бақылаушы зерттелінген әлеуметтік үрдіске тікелей еніп, бақыланушымен бірігіп әрекет еткен бақылау түрі енген деп аталады. Бақылаушының ену сипаты әрқилы болуы мүмкін: кейбір жағдайларда зерттеуші толықтай жасырын қалып, бақыланушылар оны топтың басқа мүшелерінің арасынан еш ерекшелендіре алмайды; басқа бір жағдайларда — бақылаушы бақыланған топтың іс-әрекетіне қатысады, алайда өзінің зерттеуші мақсаттарын жасырмайды. Бақылаудың аталмыш түрінің артықшылығы бақыланушылармен тікелей қатынасып, танысудың арқасында ақпараттарды алудың үлкен мүмкіндігінің болуында. Оның кемшіліктері: біріншіден, нәтижежелер тікелей тіркелінбейді, өйткені бақылай отырып, мәліметтердің бір уақытта жазылып отырылуы мүмкін емес; екіншіден, бақылаушы бақылау жағдайларын нашарлататын сыртқы факторларға ешқандай ықпал ете алмайды. Бақылау әрқилы жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Ол топ үшін табиғи жағдайда, мәселен, жұмыс орнында және тағыда сол сияқты жүргізілсе, далалық деп аталады. Топ зерттелінетін жағдайды үйреншіктілігі бақыланушылардың мінез-құлықтарын түсінуде көп мәлімет береді. Бақыланған үрдістерді сипаттауда жоғары дәрежедегі мұқияттылық қажет болған жағдайда тіркеудің техникалық құралдары (магнитофон, фото-, кино-, телеқұралдар) қолданылады. Жаңа әдістемені құрастыру және тәжірибе жүзінде дәлелдеу міндеті қойылғанда бақылаудың лабораториялық түрі қолданылады. Мәселен, арнайы жабдықьалған сыныпта шиеленістерден шығу немесе оларды басқару дағдыларын қалыптастыру жаттығулары жүргізілуі мүмкін. Іскер ойынның әрбір мүшесі кезектесіп белгілі бір рөл, мәселен басшының немесе бағынушының рөлін атқарады. Орын алған жағдайды тіркеу үшін мектептің барлық мүшелері немесе олардың біреуі оны жазып отырады, кейін бақылаудың мәліметтеріне арқалана отырып, оқудағы мысал ортаға салынады, ұсыныстар құрастырылады. Бақылау бір ретті немесе жүйелі сипатта болуы мүмкін. Жүйелі бақылау нақты кезеңде, қайталана жүргізіледі. Ол цикл бойы (жұмасына бір рет және тағы да сол сияқты) ұзақ мерзімде, үздіксіз жүргізілуі мүмкін. Әдетте жүйелі бақылау жеткілікті дәрежеде құрастырылған әдістеме бойынша, бақылаушының бүкіл іс-әрекетінің жоғары дәрежеде нақтылығымен жүзеге асады. Жүйелі бақылаулардың ішінде бақылаушы алдын ала жоспарланбаған құбылыспен, күтпеген жағдаймен жұмыс жасауға мәжбүр болатын түрлері ерекше аталады. Мұндай жағдайда бақыланған құбылыс бір ретті сипатқа ие [4].
Басшы бақылаудың мәліметтеріне сүйнен отырып, аталмыш әдістің кейбір кемшіліктерін ескеруі тиіс:
1. Бақылаушының көңіл-күйі. Егер бақылаушы жайлы көңіл-күйде болса, ол адамдардың мінез-құлықтарындағы жағымсыз бетбұрыстарды елемеуге бейім болады.
2. Бақылаушының бақыланушыларға қатысты әлеуметтік жағдайы. Бақылаушының сыналушыға жақын, қалаулы бағдары мен қызығушылықтары немесе оның өзіне жақын әлеуметтік жағдайы олардың мінез-құлықтарының жеке актілері жылдамырақ қамтылып, неғұрлым маңызды ретінде жоғары бағаланады немесе керісінше төмен бағаланады.
3. Бақыланушының үміттену бетбұрысы. Үміттену бетбұрысы бақылаушының тарапынан нақты көзқарасты қалыптастырады (нақты болжамға байланысты) немесе соңғысына мінез-құлқының зерттелінегені белгілі болғандықтан өзінің әлеуметтік жағдайына тән рөлдің асыра бағалануына немесе оның көрсетілмеуіне итермелейді.
4. Бақыланған жағдайлардың бір ретіттілігі. Сұрақнама әдісінің нәтижелеріне қарағанда бақылаудың нәтижелері бақылаушының әлеуметтік байланыстарды жасау мүмкіндіктерін шектейді. Көбінде ол бір рет бақыланған деректердің негізінде заңдылықтарды қорытындылай алмайды немесе мінез-құлықтың себепшілерін анықтауда қауқарсыз болуы мүмкін.
5. Бақылаушының бақыланушылармен алдыңғы кездесулері. Алғашқы кездесу кездесулердің қатары іспеттес бақылау көрінісіндегі айқын жағдайлардың алмасуына әкелуі мүмкін.
6. Бақылаудың нәтижелерін топтастыру қажеттігі. Мұнда бақылау нәтижелеріндегі бөлшектер бұрмаланып жеткізілуі мүмкін.
7. Кейінгі оқиғалардың анықталуы. Бұндай жағдай бақылаушының қалыптасқан көзқарасына едәуір көбірек әсер етуі мүмкін.
8. Психологиялық қанықтық. Көп жағдайда бақылаушы өзін рецептивті жүргізуі тиіс. Бұл оның шоғырлану қабілетіне жоғары талаптарды қояды. Психологиялық қанықтық жағдайында екінші дәрежелі оқиғалар сирек тіркеледі, ал кейде керісінше асыра бағаланады.
9. Бағалаудағы кемшіліктер. Мұндай қателер өзіне бақылау қателерін де қамтиды, яғни бақылаушының оқиғаларды белгілі бір өзіне тән үлгіде қабылдау қабілеті, кейбір жағдайларды ұмытуы, мәліметтердің сөйлеу-тілінде қате тіркелуі қателердің бастауына айналуы мүмкін.
Гало-эффект. Гало-эффект бақылаушының бақылаушыға тигізіп мәліметтердің үстіртін жалпылануына және қабылдануына, сондай-ақ топтастырылуына әкелетін жалпы әсеріне негізделеді. Мәселен, бақылаушы бақыланушының мінез-құлқындағы маңызды деп есептейтін жағымды актілердің қатарын байқайды. Сондықтан ол оған бақыланбаған басқа да жақсы қасиеттерді таңып қоюы мүмкін. Бақылаушының әртүрлі себептердің әсерінен бақылаушының қайтадан жеке-дара бір белгісінің ықпалына түсуі, көбінде оның пікірлері обьективтілігінің одан ары төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бағалаушы мен бағаланушының арасындағы ұзақ таныстықта гало-эффектісі одан ары күшее түседі. Бақыланушылардың бақылаушыға жақсы таныс мінез-құлықтары едәуір бөлшектене талданып, неғұрлым жағымды ретінде топтастырылады. Кешірімділік эффектісі. Бұл эффект бақылаудың жалпы нәтижесін асыры сілтенген жағымды бағалау бетбұрысында анықталады. Әсіресе бұл бақылаушылар бақылаудың теріс нәтижесі оларды қиын жағдайға душар етуі мүмкін деп есептейтін жағдайларға қатысты. Кешірімділік эффектісінің себептері: бақылаушының дербес беделін қорғауы, бақыланушыны немесе бағаланушыны ұнатуы әрі олармен жеке байланыстары, зерттеу тапсырмасының үстіртін орындалуы. Модельдеу қатесі. Мұндай жағдайда орынды бақылаудың орнына бақыланушының әрқилы қасиеттері үйлесуі немесе өзара ұқсас болуы тиіс деген дедуктивті қорытынды (сондықтан ондай қате көбінде логикалық немесе теориялық деп аталады) жасалынады. Мейірімді адам ашық-жарқын, ал ашық-жарқын адамдар аңқау деп есептелінеді. Дәл осылайша шешен адамдар мәдениетті деп, ал мәдениеттілер шешен деп есептелнеді. Күлегештерге әзілқой атауы, көзілдірік кигендерге — зиялылық, толықтарға — мейірімділік атаулары таңылады. Қарама-қайшылық қатесі. Бақылаушының басқа адамдарды бағалауда олардың бойындағы оның өзінде кездесетін мінез бітістерін елемеуі немесе теріске шығаруы олардың өздеріне тән мінез бітістеріне қарама-қайшыларын ерекше бағалауына әкеледі. Бақылау әдісінің негізгі кемшілігі енжарлықта екендігін көріп отырмыз. Обьектінің өзін толықтй көрсетуі үшін ұзақ күту қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ ол мезет еленбей қалуы немесе бұрыс талқылануы мүмкін. Кемшілікті жою үшін келесі бір психологиялқ әдіс — эксперимент қолданылуы мүмкін.
Эксперимент ақпаратты жинаудың ерекше әрі қиын меңгерілетін әдістерінің бірі болып табылады. Эксперименттің жүзеге асырылуы басқа әдістердің көмегімен алынбайтын мүлдем айрықша ақпаратқа қол жеткізге мүмкіндік береді. Мәселен, өндірістегі өнімділікті арттыру мақсатында моральды және материалды ынталандырудың жаңа формаларын қолдану шешімі қабылданды. Алайда, бұндай әрекеттің қалаулы нәтижеге әкелетіндігі немесе керісінше жағымсыз салдарды тудыратыны, жақсы атқарылған еңбекті көтермелеудің алдында енгізілген және үйреншікті түрлерінің тиімділігін төмендететіні де белгісіз. Осы тұста басшыға мүмкіндіктері бойынша нақты жағдайды жасанды жасауға және құнды ақпаратты беруге қабілетті эксперимент көмекке келеді. Оны жүргізудің негізгі мақсаты — тікелей тәжірибеге, әрқилы басқару шешімдеріне әкелетін жорамалдарды, нәтижелерді тексеруде. Экспериментті салыстырмалы түрде біртекті жағдайларда, алғашында тексерілушілердің аздаған тобымен жүргізген орынды. Экспериментті жүргізудің жалпы қисыны қайсібір экспериментті топты іріктеудің әрі ерекше экспериментті жағдайға орналастырудың көмегімен, зерттеушілердің қызығушылықтарын тудырған сипаттамалардың (байқау сипаттамалары) бағытын, көлемін және өзгеру тұрақтылығын қадағалауда. Мұндай мағынадағы эксперимент элементтері зерттеушінің көздеген мақсаты бойынша өзара әрекеттесе бастаған тұйық жүйені білдіреді. Эксперименттің сәтті өтуі көбінде сәйкес жағдайларды құрастыруға байланысты болады. Онда үш мезет ескеріледі. Біріншіден, бақылау сипаттамалары ретінде зерттелінген проблеманың тұрғысында ең маңызды сипаттамалар іріктелінеді. Екіншіден, байқау сипаттамаларының өзгеруі зерттеушімен енгізіліп, өзгертілетін экспериментті топтың сипаттамаларына тәуелді болуы тиіс. Ондай сипаттамалар факторлы (мәселен, мақұлдаудың жаңа түрлерінің енгізілуі) деп аталады. Экспериментке қатыспайтын сипаттамалар бейтарап (мәселен, қызметтің ауысымдылығы, жыл мерзімі және т.с.с.) деп аталады. Олардың эксперимент барысындағы тағдыры әрқилы болуы мүмкін. Бір жағдайда олар сыртқы ықпалсыз өздігінен өзгеруі мүмкін (ондай жағдайда олар өзгергіштік деген атауға ие болады), басқа бір жағдайда — өзгермеуі мүмкін (ондай жағдайда олар тұрақты деген атауға ие болады). Үшіншіден, экспериментті жағдайға жатпайтын, алайда олардың жайын өзгерте алмайтын құбылыстар эксперименттің барысына әсер етпеуі тиіс.
М.К.Горшков пен Ф.Э.Шереги экспериментті зерттеулерге ұсынылатын жалпы кейбір ортақ талаптарға нұсқайды. Экспериментті зерттеулердің тиімділігі сол талаптардың жүзеге асырылуына тәуелді келеді:
Экспериментшінің құрастырған экспериментті жағдайлардың жүйесі обьективті ақиқат жағдайларының болжалды көзделген жүйесіне сәйкес келуі тиіс. Экспериментті жүйенің жағдайы мен құрылымы болжалды тіркелген табиғи жүйенің, яғни шынайы қоғамдық немесе психикалық өмірлік процестің жағдайлары мен құрылымына сәйкес елуі тиіс, өйткені эеспериментті зерттеулердің көмегімен шынайы өмірлік үрдістегі себептер мен салдардың қатынастарын, яғни табиғи жағдайларда қалай тіршілік ететіндерін ашу қажет. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері көбінде табиғи үрдістерге алмастырылуы тиіс.
Экспериментті жүйенің жақсы басқарылатын жағдайлары болуы тиіс. Негізгі себеп ретінде ұсынылатын арнайы экспериментті фактор басқа жағдайлардың арасынан салыстырмалы шеттетілуі тиіс. Экспериментті жағдаяттың салыстырмалы жағдайлары белгілі бір дәрежеде қадағалануы тиіс, яғни стандартты да тұрақты деп есептелінуі тиіс. Сол жағдайлардың басқарылу (қадағалану) дәрежесіне экспериментті зерттеуді орындалынуы мен нақтылығы біршімі тәуелді болады.
Экспериментті қатысудың нәтижесі бақылауға қолайлы болуы тиіс. Мүмкіндігінше экспериментті фактордың негізінде туындаған кейбір эффектілерді (белгілердің, мінез-құлықтың өзгеруі) тіркей білу қажет. Өлшеуші құралдар белгілердің немесе мінез-құлықтың аздаған өзгерітерінің өзін де көрсететіндей құрасытырылуы қажет .
Эксперименттің түрлері және экспериментті топтарды іріктеу әдістері. Эксперименттер экспериментті жағдайдың сипаты әрі жорамалдарды дәлелдеудің қисынды құрылымы бойынша ерекшелінеді.
Экспериментті жағдайдың сипаты бойынша эксперименттер далалық және лабораториялық деп бөлінеді. Далалық экспериментте обьект (топ) қызмет етуінің үйреншікті жағдайларында (мәселен, жұмыс орнында, сабақта және тағы да сол сияқты) болады. Сондай-ақ, топ мүшелері өздерінің экспериментке қатысатындары жөнінде хабардар болуы да болмауы да мүмкін. Олардың хабардарлығы жайлы шешім әрбір нақты жағдайда эксперименттің барысына қаншалықты әсер ете алатынына байланысты қабылданады.
Лабораториялық эксперименттегі экспериментті жағдай әрі экспериментті топтар да жасанды құрастырылады, сондықтан топ мүшелерінің эксперимент жайында хабардар болатыны сөзсіз. Лабораториялық эксперименттер көбінде жабық кеңістіктерде жеке тәжірибе ретінде жүргізіледі. Шешім қабылдаумен байланысты, қоғамдық басшы мен бағынушы жайлы, тұлғаға қоғамдық ықпал ету жайындағы мәселелер зерттелінетін эксперименттер олардың классикалық үлгілері болып табылады. Мәселен, И.Толмен мен Д.Тейлор әлеуметтік қатынас феноменін зерттеуге бағытталған эксперимент жүргізеді. Экспериментті серилардың бірінде сәйкес келуі немесе келмеуі бойынша жиналған сыналушылар жұбы (серіктестер бір-бірін басымдылық таныту қажеттілктері бойынша толықтырып отырды) арнайы бөлмеде екі апталық шеттелу жағдайында тіршілік етті. Сәйкес келмейтін жұптың мүшелері территориялы мінез-құлықтың уақыт өткен сайын дами түсетін айқын сипатталған модельдерін танытты, яғни олар бөлменің бүкіл кеңістігін алғашында ортақ деп қабылдап, кейін оны өздері қалаған орындықты, төсекті және үстелдің бір бөлігін нақты белгілеп, ықпал ету аумаына бөле бастайды. Қарым-қатынастары көбінде шиеленіскен сипатқа ие болып, барған сайын бір-бірінің кеңістігіне аяқ аттап баспайтындай жағдайға жетеді. Ал сәйке келген жұптардағы адамдардың мінез-құлықтарында территориялықтың жоғары деңгейін танытты, яғни олар бірден барлығын бөліскн соң ғана бір-бірінің заттарын және кеңістігін пайдалана бастайды. Далалық және лабораториялық эксперименттерде оның барысы жайлы қосымша ақпараттарды жинау әдістері ретінде сұрақнама мен бақылау қолданыла алады. Жорамалдарды дәлелдеудің қисынды құрылымы бойынша түзу және параллельді эксперименттер қарастырылады.
Түзу эксперимент байқау (топтың бастапқы күйі) және экспериментті (оның бір немесе біреше сипаттамалардың ықпалынан өзгерген күйі) топтарды ретінде бір топтың ғана талдануымен ерекшелінеді. Эксперимент басталғанға дейін обьектінің барлық байқау, факторлы және бейтарап сипаттамалары нақты тіркелінген соң, топтың факторлы сипаттамалары (немесе оның қызмет ету жағдайлары) өзгеріп, алдын ала белгіленген біршама уақыт өткеннен кейін обьектінің байқау сипаттамалары бойынша жағдайы қайтара өлшенеді. Параллельді экспериментке бір уақытта байқау және экспериментті екі топтары қатысады. Олардың эксперименттің барысына ықпал етуі мүмкін (ең алдымен әлеуметтік-демографиялық белгілер) барлық байқау және бейтарап сипаттамалары бойынша құрамы ұқсас болуы тиіс. Байқа тобының сипаттамалары тұтастай эксперименттің барысында өзгермесе, экспериментті топта өзгереді. Эксперименттің қорытыдылары бойынша екі топтың байқау сипаттамалары салыстырылып, орын алған өзгерістердің себептері мен көлемі жайлы тұжырым жасалынады.
Экспериментті жүзеге асырудың жоспарлануы мен қиысыны.
Психологтар эксперименттің даярлануы мен жүргізілуі бірқатар мәселелердің ретпен шешілуін болжайтынын айтады:
1. Эксперименттің мақсатын анықтау;
2. Экспериментті (сондай-ақ байқау) тобы ретінде обьектіні (обьектілерді) іріктеу;
3. Эксперименттің пәнін нақтылау;
4. Байқау, факторлы және бейтарап белгілерді іріктеу;
5. Эксперименттің шарттарын анықтау және- эксперименттің жағдайды қалыптастыру;
6. Жорамалардарды құрастыру және міндеттерді анықтау;
7. Эксперименттің барысын байқау тәсілдері мен индикаторларын іріктеу;
8. Нәтижелерді тіркеу әдісін анықтау;
9. Эксперименттің тиімділігін тексеру.
Эксперименттің ғылыми жорамалдарды тексеру әдісі ретінде қолданылуы басқарудағы зерттеулерді беделін көтереді, басшының басқару мүмкіндітерін кеңейтеді.
Социометрия кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. Социометрия термині латын тіліндегі: socius-дос, сеіктес және mеtrum — өлшеу деген екі түбірдің қосыдысынан құралған. Аталмыш термин 19 ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо Мореномен алғашқы рет қолданылады. Социометрия мәліметтерінің пайдалануы еңьектің өнімділігін арттыруға, қақтығыстарды жоюға, топтық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік береді. Социометрия нәтижелерінің сауатты қолданылуы ұжымдарды комплектациялауда, олардың іс-әрекеттерінің тімділігін арттыруда тәжірибелі нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін топтардың қызмет етуі мен дамуы жайлы байсалды теориялық қорытындыларды жасауда арқау болады. Мәртебе және әлеуметтік рөл сөздері негізгі социометриялық ұғымдар болып табылады. Дәл осы ұғымдар тұлғаның топтағы орнын сипаттайды. Мәртебе бұл-индивидтің топ тіршілік әрекетінің жүйесіндегі, топтық үрдітердің дамуындағы орны. Мәртебе топ мүшесінің жетекші қызметімен анықталады. Ол бір уақытта обьективті түрде индивидке тән бітістерді әрі айналадағылардың адамның өз қызметтерін қабылдауын біріктіреді. Индивидтің әлеуметтік өзі мінез-құлықтың: көсем, ұжымның беделдісі, әділ сот және т.с.с.сияқты ерекше ережелерімен сипатталған қайсібір сызбаға біріктірілген топтың индивидке жүктеген қызметтерінің жиынтығымен анықталады. Әлеуметтік … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz