Қой энтеротоксемиясын патоморфологиялық балау | Скачать Дипломдық жұмыс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринарияфакультеті
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қой энтеротоксемиясын патоморфологиялық балау
Беттер саны ____
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны___
Орындаған: Сартбаева Жанел
2018 ж. «21» мамырында қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі, профессор ___________________ Ж.К.Төлемісова
Жетекші, қау. профессоры ____________________ А.С. Ибажанова
Норма бақылау, қау. профессор______________________А.С. Ибажанова
Сарапшы, доцент ________________________________
Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ комерциялық емес акционерлік қоғамы
Ветеринария факультеті
5В120100 — Ветеринариялық медицина мамандығы
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Сартбаева Жанел
Жұмыс (жоба) тақырыбы Қой энтеротоксемиясын патоморфологиялық балау
Университет бойынша 2017 жыл 14 қараша № 550-К бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі: 2018 жыл 04 маусым
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
Энтеротоксемиядан өлген қой өлекселерінің ішкі мүшелері, толық сойып зерттеу хаттамасы, дайындалған гистологиялық препараттар, түсірілген түрлі-түсті макро және микро суреттер
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі
Кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер: зерттеу материалдары мен тәсілдері, зерттеулер нәтижелері, ұсыныстар, әдебиеттер тізімі. Көрсетілген энтеротоксемиядан өлген қойлардың ішкі мүшелерінің патологиялық морфологиясының сипаттамасы берілген
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
1. Сайдулдин, Т.С. Ветеринариялық іңдеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін, Том 1,2. Т.С.Сайдулдин — Алматы: Санат,1999.-145б.
2. Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін Е.И. Қасымов — Алматы: Қайнар, 1992. — 121 б.
3. Носков Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов Н.М. Носков — Москва: 1961.- 89с.
4. Покров, М.И. Рекомендации по методике эпизоотологического исследования: М.И.Покров- Москва:Колос, 1975.- 35с.
5.Сайдулдин, Т.С. Основы серологии: учебник для вузов Т.С.Сайдулдин — Алма-ата: Кайнар,1992. -70 с.
6.Бияшев, К. Б. Организация ветеринарного дела: учебник для вузов К. Б. Бияшев и др.- Алматы: Санат, 2003.- 98 б.
Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Кіріспе
Ибажанова А.С.
Желтоқсан, 2017
Негізгі бөлім
Ибажанова А.С.
Қаңтар, 2018
Тұжырым
Ибажанова А.С.
Наурыз, 2018
Экономикалық тиімділік
Мамыр, 2018
Еңбекті қорғау және экологиялық мәселелер
Мамыр, 2018
Кафедра меңгерушісі,профессор ________________ Ж. К. Тулемисова
Жұмыс (жоба) жетекшісі,
қауым.профессор м.а ________________ А.С. Ибажанова
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ____________________Ж. Тұрсын
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
КЕСТЕСІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Әдебиеткешолу
Қараша, 2017
Орындалды
2
Зерттеу материалдары
Желтоқсан, 2017
Орындалды
3
Гистологиялық материалдарды жасау
Қаңтар, 2018
Орындалды
4
Гистологиялық препараттарды зерттеу
Наурыз, 2018
Орындалды
5
Өзіндік зерттеулерді толықтыру
Наурыз, 2018
Орындалды
6
Қорытынды
Сәуір, 2018
Орындалды
7
Практикалық ұсыныстар
Сәуір, 2018
Орындалды
Кафедра меңгерушісі, профессор ______________ Ж.К.Тулемисова
Жұмыс (жоба) жетекшісі,
қауым.профессор м.а ________________ А.С. Ибажанова
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент _____________________ Ж. Тұрсын
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СЛІТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1
КІРІСПЕ
1.1
Зерттеудің өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы
1.2
Зерттеу объектілері мен тәжірибелік базасы және мақсаты мен міндеттері
2
ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1
Аурудың анықтамасы, қысқаша тарихы және этиологиясы
2.2
Аурудың клиникалық белгілері және патогенезі
2.3
Аурудың емі, алдын-алуы
2.4
Ауруды анықтау және малдың жұқпалы ауруға төзімділігі мен қабылдағыштығы
2.5
Аурудың патологиялық анатомиясы
2.6
Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар мен сауықтыру шаралары және індет ошағын жою
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1
Зерттеу материалдары мен әдістері
3.2
Зерттеу нәтижелері
3.2.1
Қой энтеротоксемиясының клиникалық белгілерінің нәтижесі
3.2.2
Қой энтеротоксемиясы кезіндегі ішкі мүшелердегі патоморфологиялық зерттеу нәтижесі
3.2.3
Байсерке — Агро ЖШС ауруды алдын-алу және емдік шараларын ұйымдастыру
3.2.4
Энтеротоксемияны қойлардапостморталдітанужәнеажырата тану
3.3
Экономикалықтиімділіктіесептеу
4
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
5
ҚОРЫТЫНДЫЛАР
6
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
7
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
8
ҚОСЫМШАЛАР
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды
ТШ ОСЧ 25-6
Дистильденген су
ТШ 46-22-549-08
ТЭС — 1 термостаты
МСТ (ТШ) 2766-51
Негізгі фуксин, таза
МРТШ 42-56
Микротом пышағын қайрайтын қондырғы
МРТШ 42-102-63
Хирургиялық қайшылар
МРТШ 64-1-281-64
Парафин кесінділеріне арналған МПС-2 микротомы
МРТШ64-1-1629-64
МПС-1 микротомы
МЕМСТ 5962-67
Этил спирті 96-ті ректификацияланған
МЕМСТ 381-69
Термометр
МЕМСТ 381-69
Хлороформ
ТШ 6-09-183-70
Эозин Н индикаторы
ТШ 64-1-1582-72
ГС 80 У 42 маркалы термостат
ТШ 480-11-10-73
Шыныға жазатын қалам
МЕМСТ 20291-74
Пробиркалар
МЕМСТ 20292-74
Сиымдылығы 100, 200, 500 және 1000 мл болатын өлшеуіш колбалар
МЕМСТ 20292-74Е
Шыны пипеткалар
МЕМСТ 20292-74
Микротом пышағын қайрайтын қондырғы
МЕМСТ 9284-75
Микропрепаратқа арналған заттық шыны
МЕМСТ 9284-75
Микроскопқа арналған жапқыш шыны
МЕМСТ 4220-75
Екі хром қышқылды калий
МЕМСТ 2290-76
Пихта бальзамы
ТШ 6-09-3803-77
Қышқыл фуксин (Рубин С)
МЕМСТ 9412-77
Медициналық мақта
МЕМСТ 8284-78
МБИ маркалы микроскоп
ТШ 27-56-774-79
КШ — 240 маркалы тоңазытқыш
МЕМСТ 3118-79
Тұз қышқылы, ч.д.а., тығыздығы 1,19 гсм3
МЕМСТ 24104-80Е
Лабораториялық таразы
МЕМСТ 25336-82Е
Лабораториялық шыны ыдыстар
МЕМСТ 25 336-82Е
Биолам Р-11 микроскобы
ТШ 6-09-3637-87
Лабораториялық жұмыстарға арналған парафин
МЕМСТ 3164
Медициналық вазелин майы
МЕМСТ 20283
Полистирол
МЕМСТ 9949
Ксилол
МЕМСТ 27583
Тауық жұмыртқасының ақуызы
МЕМСТ 6304
Ақ түсті жіп, қағаз тігуге арналған
МЕМСТ 21241
Медициналық пинцеттер
МЕМСТ 25336
Конус колбалар Кн — 2 — 100 ТХС
МЕМСТ 25336
Воронкалар В — 1 — 250 ТС
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды
Патологиялық атрофия — әр түрлі ауру тудыратын факторлар әсерiнен пайда болады, мысалы, ағзаның функциясы төмендегенде, ағза немесе тін қысылғанда, нерв зақымданғанда, эндокринді жүйенің функциясы бұзылғанда.
Кахексия (грекше кachexia — жүдеу) күрт әлсіздікпен, ағза мен жүйелердің қызметінің бұзылуымен және организм тіршілігінің төмендеуімен сипатталады. Кахексия ұзаққа созылған ауру кезінде, әcipece созылмалы індеттерде, инвазияларда, улануда байқалады.
Некроз(грекше necros — шipy, өліеттену)жасушалардың, тіндердің, ағзаның тұтастай немесе жартылай өліеттенуі.
Гиперемия — белгілі бір мүшеде немесе тоқыма қан тамырларында қанның шамадан тыс көп жиналуы.
Гангрена — тіндердің және ағзалардың некрозға үшырап, қан пигментінің өзгеруінен некроздалған ошақ көгерген немесе қарайған түске енеді. Көптеген жағдайда гангрена себебі тамырлардың зақымдалуы болып саналады. Сыртқы ортамен тікелей қатынасы бар ағзалар ұшырайтын некроздың бір түрi болып келеді. Гангрена құрғақ және ылғалды болады. Құрғақ гангренаға тepi жиі шалдығады.
Гипербиотикалық процестер — жасушалардың, тіндердің және ағзалардың шектен тыс өсіп-көбеюін гипербиотикалық процестер деп атайды. Бұл процестерге жататындар: гипертрофия, гиперплазия, регенерация, iciктep.
Гипертрофия- құрамындағы жекеленген жасушалардың көлемінің ұлғаюынан немесе ағзалардың көлемінің ұлғаюы. Жасуша саны қалыпты.
Гиперплазия — жасуша санының көбеюінен тіндердің немесе ағзалардың көлемінің ұлғаюы. Гипертрофия мен гиперплазияның сырқат организмде ішкі орта тұрақғылығын сақтауда мәнi зор.
Альтеративті қабыну — көбінесе инфекциялық ауруларда немесе улы заттардың организмге әсер етуі кезінде дамиды. Ұлпаның зақымдануы қабыну үрдісінің қарқынды дамуына, ағзаның қарсы тұру қабілетіне байланысты. Әсіресе паренхималық мүшелердегі (бауыр, бүйрек, көкбауыр) альтеративті өзгерістер айқын көрінеді. Үрдістің өтуі жіті және созылмалы түрде өтеді.
Экссудативті қабынудың сипатталуы қан тамырларының қабырғасының өткізгіштік қызметі және эксудаттың бөлінуінің бұзылуымен сипатталады. Қорыта келгенде қабынған ұлпаға жиналған лейкоциттер нәтижесінде қабынбалы-торшалық инфильтрация деп аталады.
Продуктивті немесе пролиферативті қабыну — қабыну ошағында торашалық элементтердің көбеюімен және жергілікті ұлпаның өсуімен сипатталады. өскен ұлпада гистиоциттер, плазмалық торшалар, лейкоциттердің әр түрі, сонымен қатар, онда қантамырлар өте мол болады. Майлану дистрофиясы — май алмасуы бұзылуынан торшалар мен тоқымаларда дамитын морфологиялық өзгеріс.
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартылған сөздер қолданылады
Қаз ҰАУ
— Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ҚР
— Қазақстан Республикасы
МБИ
— биологиялық зерттеу микроскобы
ТЭС
— құрғақ ауалы электрлі термостат
МС
— микротом
МПС
— парафин кесінділеріне арналған микротом
Мл
— миллилитр
Мкм
— микрометр
ДНҚ
— дезоксирибонуклеин қышқылы
РНҚ
— рибонуклеин қышқылы
г
— грамм
мин
— минут
см
— сантиметр
мм
— миллиметр
мк
— микрон
нм
— нанометр
мг
— миллиграмм
кг
— киллограмм
ж.
— жыл
1 КІРІСПЕ
0.1 Тақырыптың өзектілігі және практикалық маңыздылығы
Қой шаруашылығы — мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер — ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орталық Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған.Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді [1,2].
Қазақстанда қой шаруашылығының дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биологиялық ерекшеліктері, тағыда басқа байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңтүстік таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңтүстік және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылығытары болды [3,5].
Алайда экономиканың өзге салалары секілді қой шаруашылығы да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 миллионға жеткізу туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл тұқымды қойлардың азып-тозуы мен миллиондаған елтірінің шын мәнінде жарамсыз қалуына, кеңестік жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру,тағыда басқа мәселелер кенже қалды.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар мен қой шаруашылығындағы кейбір сәтсіз реформалар нәтижесінде қой шаруашылығы елеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,3 миллион уақ мал бар (2004). Мұның негізгі бөлігі жеке меншік иелікте өсіріледі. Республикада қой шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеулер жұмыстарымен Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, тағыда басқа айналысады.
Қойдың ең жиі кездесетін аурулары:қойдың хламидиоздық iш тастауы ауруы; қой мен ешкiнiң жұқпалы агалактия ауруы; қой мен ешкiлердiң скрепи ауруы; қой мен ешкiлердiң висна-маеди ауруы; қой мен ешкiлердiң аденоматоз ауруы; қой мен ешкiлердiң инфекциялы катаральды қызба (көк тiл), блютанг ауруы.Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы — ауасыз жерде өсіп-өнетін клостридиум перфрингенс микробына Д және С типінің қатерлі әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру. Ауруға шалдыққан қой микробтың уымен уланып, тез арада өледі. Бұл аурумен ірі қойлар, тоқтылар қозылар да ауырады.
Ауру республикамыздың барлық аймағында кездеседі, соның ішінде оңтүстік облыстарда жиірек кездеседі. Соңғы жылдары қыста ерте көктемде туған қозыларды жайылымға (апрель, мап) шығарған кезде, бұл ауру жиі кездесетіпі байқалуда. Бұл аурудың пайда болуына малдың асқазан — ішек органдарының жұмыс істеуі бұзылуы үлкен әсер етеді. Ас қорыту процесі бұзылған кезде клостридиум нерфрингене микробы ішекте тез өсіп-өніп шығарады. Осы ішектішкілегей қабығы арқылы қанға тарап, организмді уландырып, ауру туғызады. Ал қойды көктемде жайылымға алғаш шығарған кезде олардың ас қорыту заңдылығы бұзылады да, мал ауруға шалдығады [1].
Энтеротоксемияның өрбуіне малдың ішегінде гельминттік құрттардың болуы да үлкен әсер етеді. Әдетте гельминттік құрттар малды ауруға төзімділігін нашарлатады, сондай-ақ ішектің қабырғасына тесікі жасап, коздырғыш микроб уының организмге тарауына ықпал етеді де, қой ауруға шалдығады. Қазақстанда осы ауруды көп жылдар бойы зерттеген ғалым В. С. Анисимов, бұл аурудың тырысқақ түрі болатынын анықтады. Аурудың бұл түрінде мал аяқ астынан тырысып, бүрісе бастайды [1,2]. Басын артқа қарай шалқалақтатып, созылып жатады, аяқтарын әрлі-берлі қалай болса солай есіп, тісін шыкырлатып, аузынан және танауынан ақ кебік ағызады. Кейде аузында тістеп алған шөбі сол калпында калады. Аурудың алғашқы кезінде қойдың ішегінін шұрылдағаны естіледі уақыт өткен соң іші тіптен жүрмей калады. Кейбір малдың іші өтіп, нәжісімен бірге гельминттік құрттардың шыққаны байқалады.
Қорыта келгенде, жұқпалы энтеротоксемия ауруымен ірі қойлар, тоқтылар қозылар да ауырады. Ауру республикамыздың барлық аймағында кездеседі, соның ішінде оңтүстік облыстарда жиірек кездеседі. Соңғы жылдары қыста, ерте көктемде туған қозыларды жайылымға шығарған кезде, бұл ауру жиі кездесетіпі байқалуда [3].
Бұл аурудың пайда болуына малдың асқазан — ішек органдарының жұмыс істеуі бұзылуы үлкен әсер етеді. Ас қорыту процесі бұзылған кезде клостридиум нерфрингене микробы ішекте тез өсіп-өніп шығарады. Осы ішектішкілегей қабығы арқылы қанға тарап, организмді уландырып, ауру туғызады.
Ал қойды көктемде жайылымға алғаш шығарған кезде олардың ас қорыту заңдылығы бұзылады да, мал ауруға шалдығады.
Жұқпалы энтеротоксемияның болуына малдың ішегінде гельминттік құрттардың болуы да үлкен әсер етеді. Әдетте гельминттік құрттар малды ауруға төзімділігін нашарлатады, сондай-ақ ішектіц кабырғасына тесікі жасап, коздырғыш микроб уының организмге тарауына ықпал етеді де, қой ауруға шалдығады [1,5,6].
Жайылымда, топырақта, мал кораларында аурудын коздырғыш микробы 2-3 жыл сақталуына байланысты бұл ауру бір шыққан жерінде келесі жылдары да кездесе беруі мүмкін.
Азықты дайындауды жұқпалы аурудан таза жерден, шаруашылықтан дайындалу қажет. Малды дұрыс пайдалану(эксплуатация жасау) керек. Мысалы: атты шамадан тыс арбаға қосу, көкпар шабу тағы сол сияқты, сиырды сүталу үшін азықтандырмай пайдалану, оның организмінің төзімділігін төмендетеді.
1.2 Зерттеу материалдары, тәжірибелік базасы және мақсаты мен міндеті
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Қойлар энтеротоксемиясының патологиялық морфологиялық өзгерістерін зерттеу;
Аталған мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндетті қойдық:
— Ауру кезінде байқалған негізгі клиникалық белгілерін зерттеу;
— Ішкі мүшелерді патоморфологиялық зерттеу;
Зерттеу нысаны: Аурудан табиғи жағдайда өлген қойлар.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеудің маңызы қойларда кездесетін ішектік инфекция ауруларынан ажыратып балау мақсатында патогистологиялық зерттеулер нәтижесін қолдануға болады.
Қолданылу саласы: Ауруға тән патоморфологиялық өзгерістердің нәтижесін ғылыми зерттеу мақсатында және өзіндік жұмыс орындау мақсатында қолдануға болады.
2 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
2.1 Аурудың анықтамасы, қысқаша тарихы және этиологиясы
Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы — қойдың ас қорыту органдары жұмысын бұзатын, микроб уымен ұландыратын жұқпалы ауру.
Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы — ауасыз жерде өсіп-өнетін клостридиум перфрингенс микробына Д және С типінің қатерлі әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру. Ауруға шалдыққан қой микробтың уымен уланып, тез арада өледі [1,2,3].
Қоздырғышы. Бұл аурудың қоздырғышы клостридиум перфрингенс микробының Д және С типі болып саналады. Бұл микробтар жапырақта, жайылым шөбінде және сау малдың ішегінде көптен кездеседі. Микроскоппен карағанда ұштары доғаланған, ұзындығы 4,8, ені 1-1,5 микрон, Грам бойынша жақсы боялған таяқшалар түрінде көрінеді. Бұл микроб ауасыз жерде жақсы өсіп өнеді, спора түзейді.Клостридиум перфрингенс микробы сыртқы ортаның әр түрлі әсеріне мейлінше төзімді келеді. Ол спора түрінде жапыракта 3 — 4 жылға дейін, суда 1 жыл, жүн мен теріде 1,5 — 2 жыл бойы тіршілік өте береді.
Микробтың спора түрі жасанды коректік ортада өсірген кезде өте көп мөлшерде бөліп шығарады. Осы удын 1 мл 4 мың ақ тышқанды өлтіре алады. Бұның өзі ауру қоздырғышының катерлі екенін көрсетеді [1,2]
Тарихи деректер. Бұл ауру Қазақстанда жыбырлақ деген атпен ертеден белгілі. Арнайы басылымда жұмсақ бүйрек аталып 1910 жылы Бейнете Австралияда қозының аш ішегінен қоздырушы микробты бөліп алып, Bacillus ovitoxicus деп атады. 1964 жылы Монғолияда бұл ауру түйеде анықталды. Ауырған түйелерден қоздырушы ретінде Cl.perfringens бөлініп алынды. Зерттеушілердің мәліметіне қарағанда түйенің энтеротоксемиясы Арабия түбегінде және экваторлық Африкада кездеседі.
Бұл аурумен ірі қойлар, тоқтылар қозылар да ауырады. Ауру республикамыздың барлық аймағында кездеседі, соның ішінде оңтүстік облыстарда жиірек кездеседі. Соңғы жылдары қыста, ерте көктемде туған қозыларды жайылымға шығарған кезде, бұл ауру жиі кездесетіні байқалуда.
Бұл аурудың пайда болуына малдың асқазан — ішек органдарының жұмыс істеуі бұзылуы үлкен әсер етеді. Ас қорыту процесі бұзылған кезде клостридиум нерфрингене микробы ішекте тез өсіп-өніп шығарады. Осы ішектішкілегей қабығы арқылы қанға тарап, организмді уландырып, ауру туғызады [5,6].
Ал қойды көктемде жайылымға алғаш шығарған кезде олардың ас қорыту заңдылығы бұзылады да, мал ауруға шалдығады.
Жыбырлақтың болуына малдың ішегінде гельминттік құрттардың болуы да үлкен әсер етеді. Әдетте гельминттік құрттар малды ауруға төзімділігін нашарлатады, сондай-ақ ішектіц кабырғасына тесікі жасап, коздырғыш микроб уының организмге тарауына ықпал етеді де, қой ауруға шалдығады.
Жайылымда, топырақта, мал кораларында аурудын коздырғыш микробы 2-3 жыл сақталуына байланысты бұл ауру бір шыққан жерінде келесі жылдары да кездесе беруі мүмкін.
Көктемде оңтүстік облыстардың шытыр, жабайы жоңышқа сияқты шөптері бар жайылымдарда қойды жайған кезде, олардың іші кебеді, осы кезде бұл аурумен қатар жыбырлақ та пайда болады [5].
Отардағы қойдың кейбіреуі уланып жұқпалы энеротоксемиядан өледі. Әдетте малдың өрісі ондай кезде тездетіп ауыстырылады.
2.2 Аурудың клиникалық белгілері және патогенезі
Hlostridiya perfringens қоректілер ас қорыту жолдарындағы тұрақты тұрғыны болып табылады. Кілегейлі қабықтың бүтіндігі, ішектің секреторлы және моторлы жұмысы бұзылғанда микробтар өте тез көбейіп, қойды ауруға шалдықтырады. Хлостридия перфрингес даму қарқындылығы жоғары болғаннан, протоксин, эпсилон және бета токсиндер пайда болады [6,7,8].
Бұл ауру өте жіті,. жітілеу, созылмалы болып үш түрде кездеседі.
Аурудың өте жіті түрінде қой 5 — 6 сағатта өледі. Алғаш малдын нерв
жүйесі бұзылып, ол жатып қалады, аздап іші кебеді де, өлім-жітімге
ұшырайды.
Аурудың жітілеу түрінде мал ауруға шалдыққаннан бастап бір тәулікте өледі, ал созылмалы түрінде 2 — 3 күн ішінде өледі [9].
Ауырған қой жайылымда отарға ілесе алмай қала береді, жөнді жайылмайды. Көбінесе басын төмен салып, меңірейіп тұрып қалады, аяғымен жер тарпиды, шөпті аузымен жұлын алғысы келіп, ынталанады, бірақ оны жұла алмайды.
Кейде ауру қой сүрініп жығылып, анналып жүре бастайды. Сонан соң бұл мал аяқтарын созып, басын бір жак бүніріне салып жатады, жан-жағында болып жатқан айкай-шуды, басқа да жағдайларды сезбейді. Осылайша мал 10 — 15 сағатта өледі[10,11].
Қазақстанда осы ауруды көп жылдар бойы зерттеген ғалым В. С. Анисимов, бұл аурудың тырысқақ түрі болатынын анықтады.
Аурудың бұл түрінде мал аяқ астынан тырысып, бүрісе бастайды. Басын артқа қарай шалқалақтатып, созылып жатады, аяқтарын әрлі-берлі қалай болса солай есіп, тісін шықырлатып, аузынан және танауынан ақ кебік ағызады. Кейде аузында тістеп алған шебі сол қалпында қалады [5,10].
Аурудың алғашқы кезінде қойдың ішегінін шұрылдағаны естіледі уақыт өткен соң іші тіптен жүрмей калады. Кейбір малдың іші өтіп, нәжісімен бірге гельминттік құрттардың шыққаны байқалады. Жұқпалы энтеотоксемиямен ауырған қойдың дене қызуы аздап көтеріледі.
2.3 Аурудың емі, алдын-алуы
Бұл ауруды емдеуге арналған гипериммунды қан сарысуы бар. Аурудың өте жіті және жітілеу түріне шалдыққан қойды емдеп жазу мүмкін емес.Ауру жануарларды емдеуде антибиотиктер, соның ішінде заманауи цефалоспорин сериясы оларды пайдалану нұсқауларына сәйкес пайдаланылады. Бұл ауруды болдырмау үшін жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Жалпы шараларға жыл санын қой қоралазын тазалау, жайылымды малдың, ит-құстың кездей соқ өлімтіктерінен тазалау, сондай-,ақ қойды кыстан қонды шығару жатады.
Қыста қолда күтіліп бағылған қойды көктем кезінде жайылымға біртіндеп шығарады. Мәселен; ертеңгісін қойға шөп-сабан беріліп барып, жайылымға шығарылады [13].
Шөбі жаңадан қаулап өсіп келе жатқан жайылымдарда отар тәулігіне 2-3 сағат ғана бойы жайылдырылады.
Әрбір қой шаруашылығының соңғы 5 жылдағы эпизоотологиялық жағдайы сол шаруашылықтың мал дәрігері қызметкерлеріне және шопандарға белгілі болады. Осыған орай алдыңғы жылдарда қай жайылымда, қай мезгілде, ауру жиі кездесетін жерлер есепке алынып, сол жерлерге көктемде көк шөп өсіп келе жатқан кезде малды жаймау керек.
Кейбір жайылымдар бұл ауру жөнінде қатерлі болып тұрады. Ондай жайылымдарды тәжірибелі шопандар ылғи да есте сақтап, оған малды жаймауға тырысады [13].
Мал фельдшерлері мен шопандардың есіне салатын жағдай өрісте, қораның төңірегінде елген малдың елексесі және бұрыннан жатқан сүйектер октын-оқтын бір жерге жиналып ертелуі тиіс.
Ауру мал жатқан және өлексе жатқан орындар күйдіргіш натрийдің
10 проценттік ерітіндісімен, 3 проценттік тұндырылғануслорлы әктін ерітіндісімен дезинфекциялау аурудан сақтану шараларының катарына жатады.
Осы жалпы шаралармен қатар жыбырлақты болдырмау үшін ерекшешаралар да жүргізіледі.
Ерекше жұқпалы энтеротоксемия ауруына колданылатын бірнеше вакциналар мен иммунды қан сарысулары бар. Оның көбірек қолданылатыны Ф. И. Каган мен А. И. Колесованың (1964) қанықтырылған поливаленттік гидроокись алюминий вакцинасы қойдың жыбырлағына, брадзотына және қозының дизентериясына қарсы вакцина [5].
Соңғы жылдары республикамыздың оңтүстік — шығыс облыстарының қой шаруашылығында жыбырлаққа қарсы В. С. Анисимовтың қанықтырылып квастанған анатоксині қолданылуда.
Бұл вакцинамен бұрын ауру шыққан және ауру шығады-ау деген қауіпті шаруашылыктардың саулықтары мен, тоқтылары февраль — март айында екі қайтара егідеді.
Поливаленттік гидрокись алюминий вакцинасы малға бірінші рет еккен кезде 2 мл, ал онан кейін 12-14 күннен кейін екінші рет 12-14 мөлшеріне бұлшық етке жіберіледі.
Әдетте, вакцина еккен қойдың аздап дене қызуы көтеріледі, әрі жіберілген аяғы аздап ақсауы да мүмкін, бірақ 1-2 күн ол басылып кетеді.
Қанықтырылған квастанған анатоксин қойдың қолтығында жүн өспеген жерге 5 мл мөлшеріиде арасына 20 күн өткізіп екі рет жіберіледі. Бұл анатоксинмен жасы алты айдан асқан қойлардың бәрі егіледі [12,13].
2.4 Ауруды анықтау және малдың жұқпалы ауруға төзімділігі мен қабылдағыштығы
Үй жануарлары мен тағы жануарлар бір жайылымда жайылып, бір суаттан су ішуі бұрыннан қалыптасқан жағдай. Оның қанын сорған паразит, келесі жолы екіншісінің қанын соруы әбден мүмкін жағдай. Тағы аңдар, әсіресеқасқыр сияқты жыртқыштар малға шабады. Қыста тышқан тектес кемірушілер жылы мал қораларынажемшөп қоймаларына қарай ауады. Сонымен үй және тағы жануарлар бір — бірімен тікелей болсын, тікелей болмасын әйтеуір түрлі жолдармен жанасып тұрады. Сонымен нәтижесінде тағы жануарлар мен үй жануарлары бір-біріне ауру жұқтырады. Қалыптасқанұғым бойынша негізінен тағы жануарларынан үй жануарларына аурудың жұғуына баса көңіл бөлінеді де, аурудың керісінше берілуі көп жағдайда ескерілмейді.
Инфекциялық процесс даму үшін малдың ауру жұққан кездегі жағдайы және микроб тұрған ортаның жағдайы және организмінің жағдайы қажет. Сау малда биологиялық және көптеген карулар, қорғандар (қорғаныш) (барьерлер) ауру микробты ішке жібермейтін бар. Осы қабілеттің арқасында, нерв системасының көмегімен, малдың инфекцияны тұрақты қабылдамайтын касиетке ие (невоспримчиво). Организмнің осындай күйін, оның инфекциямен ауырмайтынын, микробқа қарсылық көрсететін қаблетін — иммунитет (невосприимчивость) дейді [10,11]. Иммунитетті екі түрге бөледі: Арнайы 1) Бейспецификалық иммунитетке мынадай барьерлер жатады, тері,кілегей қабықтар, лимфа түйіндері, сондай — ақ фагоцитоз, воспаление (қабыну) т.б.
2) Спецификалық иммунитет деп организмнің бір немесе бірнеше ауру инфекциясын қабылдамауын айтамыз. Ол естественный (табиғи) және искусственный (жасанды) деп бөлінеді. Табиғииммунитет туа біте пайда болады, немесе сол аурумен ауырып жазылса пайда болады.
Иммунитетті классификация жасай келіп оны екі түрге бөледі:
1) Ұрпақтық — әр малдың түріне байланысты. Кейін пайда болған (табиғи, және қолдан жасау) иммунитеті.
Жасандыиммунитет малдыемдегенсоң,биологиялықпрепарат тармен (вакцина) сывораткада сары су пайда болады. Организмнің қабылдамау қасиеті ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қабылдамауға үлкен роль (әсер) ететін орталық нерв жүйесі, ол қорғаныс механизмдерін реттейді, оларды, ауру қоздыратын микробқа қарсы күреске жұмылдырады. Аурудың пайда болуына малдың жасы да маңызды роль атқарады. Жас мал тез ауырғыш келеді. Жас мал кейбір аурулармен тек өздері ауырады (колибактериоз, сальмонеллез).
Инфекциялық аурумен әсіресе ұрғашы малдар көп ауырады. Мәселен, бруцеллезбен сиыр көп ауырады, ал бұха аз ауырады олар жасырын түрде ауырып жазылып кетеді [13].
Сыртқы жағдайларға: азықтандыру жатады (тойдырмай азықтандыру) организмнің тұрақтылығын нашарлатады. Витаминдар (тұрақтылықты жоғарылатады), тұздардың жетіспеуі, шаршау, зоогигигиеналық ережелерді бұзу — қорғаныс күштерді нашарлатады.
Патогенді микробтың әсерін немесе оның токсинін (уын) мал
организмінің қабылдамауын (невосприимчивость) иммунитет дейміз. Жай сөзбен айтқанда организмнің жұқпалы ауру қоздыратын микробқа қарсы тұру қаблеті. Осыған байланысты иммунитет туабіткен және кейін пайда болғаниммунитет деп бөлінеді. Туа біткен иммунитет организмнің арнайы қасиеті. Ол ұрпақтан ұрпаққа өмірбойы беріліп келеді. Мысалы, жылқы ірі қара малдың чумасымен (обасымен) ауырмайды. Сол сияқты ірі қара. жылқының маңқасымен ауырмайды[13].
Кейін пайда болған иммунитетте мал организмі микробтың әсерін және оның уының әсерін қабылдамайды. Ол табиғи және жасанды иммунитет деп бөлінеді.
Табиғи имммунитет малды қандайда бір жұқпалы аурумен ауырғаннан соң пайда болады. Бұл иммунитеттердің пайда болуына организмінің өзі қатнасып, организмде арнайы қорганыш зат-антитела пайда болады.
Жасанды иммунитет — малдывакцинаменеккенде(вакцинация) жасалғанда пайда болады. Мал организміне — өлтірілген не әлсіретілген жұқпалы аурудың микробын ексепайдаболған иммунитет белсенді, ал сывороткасын ексе енжар иммунитет деп атайлы[14,15].
Табиғи жағдайда, ауырып жазылған малда екі жағдай болады. Біріншіден мал микробтан құтылады, екіншіден мал ұзақ таратушы болып, микробты таратады. Бірінші жағдайда пайда болған иммунитет стерильді иммунитет, екінші жағдайда пайда болған стерильді емес иммунитет- дейді.
Организмге енген бөтен заттар, оның ішінде микробтар да қанның ақ түйіршік лейкоциттермен — жұтылып, сіңіріліп жоқ болып кетеді. Бұл кұбылысты анықтаған И.И.Мечников (сөйтіп оны фагоцитоз) деп атады. Фагос — жеп қоям (пожираю) деген сөз.
Мәселен, қабыну (воспаление) кезінде, лейкоцит микробты ұстап алады және оны жойып, жеп қояды, сіңіріп жібереді. Бұл құбылыс — фагоцитоз, ал жеп қойған клетканы (лейкоцитті) — фагоцит деп атайды. Сонымен қатар, фагоцитозға басқа да клеткалар қатынасады. Мысалы: РЭС (ретикулоэндотелиалды системасының клеткасы) — бауырдың, көк бауырдың, қантамырының эндотелиясы, кейбір лимфа түйінің клеткалары да қатынасады.
Иммунитет пайда болу үшін бұл процеске жоғарыдағы клеткалардан басқа, қанның сывороткасының (сары суының) клеткасында антетела пайда болады.
Сонымен, жасанды иммунитеттің пайда болуына гуморальды (антителадан) фактордан басқа, фагоцитоз және басқа қорғаныш механизмдер қатынасады. Организмнің инфекцияға карсылық көрсетуін күшейтуге нерв жүйесінің, ішкі секреция бездерінің функциясының да маңызы зор.
Жұқпалы аурудың алдын алудың басты негізі — малды дұрыс күтіп-бағумен қатар қора жайларда жайылымдарда азықтандырған және суарған сәттерде санитарлық-зоогигиеналық ептілікті бұлжытпай орындау болып табылады. Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін әрбір аурудың өзіне тән арнайы биологиялық дәрмектер қолданылады[6,14].
Дауалау шаралары жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру мен қатар олардың ауру қоздырушыларымен жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Мұндай шараларды қатарына шекараны мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады[11,18].
Ауруға диагноз эпизоотологиялық деректерге, ауру койдың клиникалық белгілеріне, өлекседегі өзгерістерге қарап қойылады. Ал толық диагноз бактериологиялық зерттеудің нәтижесіне қарап қойылады.
Лабораторияға екі ұшы байланған ішек кесіндісі, ұлпалы органдардын кесіндісі таза күйінде шыны ыдыска салынып жіберіледі. Осы патологиялық материалдардан арнайы әдістермен зерттеу жүргізіп клостридиум перфрингенс микробынын С, Д типі бөлініп алынады.
Лабораторияға патологиялык органдардын кесіндісін жіберген кезде арнайы жолдама қағаз жіберіледі. Бұл жолдамаға ауру шыққан колхоз, овхоздың аты, материалдардың қай органдардан және қай мезгілде алынғаны жазылады. Астына жолдама жіберуші фельдшердің не мал дәрігерінің фамилиясы, аты анық түрде жазылады [4,7,16].
Аурудың белгілері. Жыбырлақпен ауырған қойдын белгілері брадзотпен, топалаңмен, секіртпемен және шөппен уланумен ұқсас келеді.
Ажырату диагноз жүргізген кезде шаруашылықта бұрынғы жылдарда кездескен аурулар түрі, аурудың пайда болған жыл мезгілі, ауырған, ілген малдың саны, аурудың басталу және даму ерекшеліктері ескеріледі.
Мәселен, секіртпеден елген қойдың ұлтабар қарны зақымдалады, бауырдың әр жері іриді. Ал жыбырлақтан елген қойда мұндай өзгерістер болмайды.
Топалаңмен өлген койдың аузы мен танауынан ұйымаған қан ағып катады, өлексе сіреспейді және көк бауырдың көлемі 3-4 есе ісіп кетеді. Ал жыбырлақта мұндай өзгерістер болмайды [11,17].
Шөптен улану жайылымда шөптердің бар екендігіне және лабораториялық зерттеулерге қарап ажыратылады.
Дифференциалды диагноз. Дифференциалды диагнозды жүргізу кезінде сібір, бродзот, пастереллез, пироплазмоз, эмфиземалы карбункул, некротикалық гепатит, листериоз, жемшөп улануды болдырмау керек. Эпфизема карбункулы инфекциялық энтеротоксемиядан кремацияның және газдың ісіну белгілерінің болуымен ерекшеленеді.Аутопсияға арналған пироплазмоз кезде кеңейтілген көкбауырды байқаймыз. Пастереллез тіндерде, органдарда немесе плюропневмонияда септивтік процесс жүреді. Некротикалық гепатиттің әсерінен органның деградациялық зақымдануы байқалады [4,7,13].
2.5 Аурудың патологиялық анатомиясы
Көктемде және күзде елген қондың өлексе тез бұзылып, ісіп кетеді. Өлексенің терісін сыпырған кезде оның көп жері қанталағаны бірден байқалады. Танаудан және ауыз қуысынан көпіршіктенген сілекей араласқан су ағады[6,7,8].
Жыртылған жануардың терісінде күлгін түсті дақтарды табамыз. Терінің және бұлшықеттің айналасында экхимоздарды байқалады, тері астындағы тіндерде серозды-геморрагиялық инфильтрат бар. Мезентеральдік лимфа түйіндері үлкейген және гиперемияға ұшыраған. Құрсақ қуысында серозды, серозды-геморрагиялық экссудат байқалады. Әдетте мес қарында, қатпаршақта, жұмыршақта азық қалдықтары болады, ал ұлтабар бос болады.Ұлтабардың кілегейлі қабаты ісінген [6,7,12].
Жүректің еті жұмсарған, оның ішкі және ортаңғы қабаттарының әр жерінде қан құнылғаны, койдың сен қарыны қорытылмаған шөпке толып, аш ішектері кеуіп, ауаға толып тұрады. Перикардта сары түсті экссудат болады, ауада тез жиырылып-ұйып қалады. Эпикардпен миокардта қанталаулар болады [14,16,20].
Көк бауыр көп жағдайда өзгеріске ұшырамайды. Ішектің қабығының әр жері жолақты қанталап, қызарғаны байкалады. Бауыр үлкейген, сұрғылт түсті болып, піскен бауырға ұқсайды. Бүйрек әдеттегіден жұмсарған, көбінесе езіліп кеткен сияқты болып көрінеді, оның сыртқы қабаты одан алынады.
Қуық кеңейген. Өкпе ісінген, гиперемияға ұшыраған. Сыртынан қызыл-күлгін түсті, ала кесіп қарағанда қызыл болып көрінеді. Кеңірдек, трахея, бронхылардың кілегейлі қабығы гиперемияланған,кейбір қой өлекселерінде қанталаулар болады.Патологиялық өзгерістер геморрагиялық энтеритті сипаттайды(күлдіреуіктермен), әдетте ол күлдіреуіктер тік ішекте байқалады [11,18,21].
2.6 Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар мен сауықтыру шаралары және індет ошағын жою
Індетке қарсы шаралардьщ маңызды бір бөлігі ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі. Олар негізінен хайуанаттарды ауруға төзімділігін арттыруға және оларды ауру жұғу каупінен корғауға бағытталған. Аурудын малға жұғуына қарсы шаралар инфекция коздырушысының берілу тетігіне қарсы шаралар ретінде қарастырылатындықтан бұл жерде жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру жайы сөз болады.
Жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру — фермаларда жүргізілетін барлық шаруашылыққа қатысты іс — әрекеттердің ең өзекті мақсаты. Оны қамтамасыз ету үшін кең аукымды экономикалық — ұйымдыстыру, селекциялық -зоотехникалық, ветеринариялық — санитарлық шараларды іске асыру керек. Өнімді көп беретін малды өсірумен қабат олардын ауруға төзімді болуына да көңіл бөлу қажет. Бұл қасиеттердің малдың тұқым тегіне ғана емес, оның күтіміне де байланысты екені анық. Сондықтан қора-жайдың, жайылым мен өрістің, соңдай-ақ малды азықтандыру және суару, пайдалану санитарлық-зоогигиеналық талаптарға сай жүргізулері керек [10,12,13].
Жануарлардың ауруға төзімділігіне әртүрлі стресс жағдайлар кері әсер етеді. Оларға сапасыз жемшөп және су, олардың құрамында болатын зиянды коспалар, ауаның қалыптан тыс температурасы, ылғалдылығы, қысымы, газдык, құрамы және шаң -тозаң жатады. Қорада немесе торларда жануарлардың аса орналасуы, әртүрлі механизмдердін жұмысына байланысты шулы дыбыстар, жануарларды көлікпен тасымалдау оларға зиянды әсер етеді [3,11,16].
Сондықтан да жыл мезгілі ауысқан шақта, малды қыстаудан жайылымға шығарғанда немесе керісінше қыстамаға ауыстырғанда, сондай-ақ көлікпен тасымалдағанды стресс-факторлардың жануарларға жайсыз әсерін мейлінше болдырмауға бағытталған арнайы шаралар қолдану қажет. Ауа райының кұбылмалы шақтарында: қарлы жауын, боран, аяз, аяздан кейінгі жылымық кезінде малдың, күтіміне ерекше көңіл бөлу керек. Малдың күтіміне азықтандыру рационына, бос жіберілуіне моцион күнделікті бақылау — жануар организмінің ауруға төзімділігін қамтамасыз ететін ең маңызды алғы шарттар.
Жұкпалы ауру шыққан сәтте аталған шараларды орындау жеткіліксіз.
Ол шарттар ауру болмаған уақытта да тиянаты түрде іске асырылып отыруы керек. Жұқпалы ауру байқалғанда, сол ауруға қарсы иммундік дәрмектер қолданылады.
Егер жануарлар инфекция коздырушысының бастауымен жанаспаған болса, вакциналау арқылы белсенді иммундеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта қолдан жұқтыру арқылы ауруды жасанды түрде қоздырып, иммунитетті қалыптастыруға тиым салынған.
Егер жануарлар инфекция қоздырушысының бастауымен жанаскан болса, немесе тез арада ауру шығып кету қаупі туса, онда иммуноглобулиндік дәрмектер арқылы енжар иммундеу әдісін қатар қолдану, яғни симультанды иммундеу жақсы нәтиже … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz