Күміс мөнке балығының таралуы | Скачать Дипломдық жұмыс

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

Баққожа Жарқын Мейржанұлы

Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо-биологиялық ерекшелігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

5В080400 — Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығы бойынша

АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ

Технология және биоресурстар факультетi

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо-биологиялық ерекшелігі

Беттер саны _____
Сызбалар мен көрнектi материалдар саны____

Орындаған : Баққожа Жарқын Мейржанұлы

2018 ж. ____ _____________ қорғауға жiберiлдi

Кафедра меңгерушiсi, __________ Лукбанов В.М.

Жетекшiсi: __________ Альпейсов Ш.А.

Сарапшы __________ — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — —

АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ

Технология және биоресурстар факультетi

Мамандығы 5В080400 — Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент: Баққожа Жарқын Мейржанұлы

Жұмыс тақырыбы: Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо-биологиялық ерекшелігі

Университет бойынша 2018 ж «_____»___________ № _____бұйрығымен бекiтiлген
Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж «_____» ______________

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1. Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық сипаты
2. Іле өзені мөңке балығының биологиялық сипаты
3. Қапшағай су қоймасы және Іле су көздері мөңке балықтары салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері

Ұсынылатын негізгі әдебиет

1. Инновационные подходы в управлении рыбным хозяйством Казахстана. Окончательный проект отчета 25 июль, 2004г. 50 стр.
Рыбохозяйственные исследования РК история и современное состояние. Ред. Коллегия Ш.А. Альпеисов. Алматы: Бастау, 2005г.
2. Биологические основы функционирования водных экосистем главных рыбохозяйственных водоемов Казахстана и рекомендации по рациональному использованию их ресурсов. Раздел: Балхаш-Илийский бассейн, подраздел :Капчагайское водохранилеще:отчет о НИР (заключительный). КАЗНИИРХ Алматы, 1995, 45 стр.
3. Гидрологические и водохозяйственные аспекты Или -Балхашской проблемы, Под редакцией проф. А.А.Соколова, Л. Гидрометеоиздат, 1989г, 65 стр.
4. Бәйімбетов Ә.А Темірхан.С.Р Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтауышы. Алматы, 1999ж, 200 бет
5. Бәйімбетов Ә. А. Ихтиологияның негіздері 1 бөлім Алматы, 2005ж. 180 бет.
6. Олжабекова К. Б., Есжанов Б. Е. Омыртқалылар зоологиясы 2 том. Алматы — 2007 ж. 368 бет.
7. Моисеев П.А. и др. Ихтиология и рыболовство. М., 1975г.285 стр
8. Баклашова Т.А. Ихтиология. М., 1980г. 250 стр
9. Жизнь животных. 4. М., 1983 г.

Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Әдебиетке шолу
Альпейсов Ш.А.
Қазан, 2017 ж

Материалды зерттеу әдістері
Альпейсов Ш.А.
Қараша, 2017 ж

Негізгі бөлім
Альпейсов Ш.А.
Желтоқсан, 2017 ж

Кафедра меңгерушісі ________________________ Лукбанов В.М.

Дипломдық жұмыс жетекшісі __________________ Альпейсов Ш.А.

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент _______________________ Баққожа Ж.М.

Дипломдық жобаны орындау
ГРАФИГІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Кіріспе
Қазан, 2017 ж
Орындалды
2
Әдебиетке шолу
Қазан, 2017 ж
Орындалды
3
Зерттеу әдістері мен материалдары
Қараша, 2017 ж
Орындалды
4
Қазақ балық шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтына сипаттама
Қараша, 2017 ж
Орындалды
5
Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық сипаты
Қараша, 2017 ж
Орындалды
6
Іле өзені мөңке балығының биологиялық сипаты
Қараша, 2017 ж
Орындалды
7
Қапшағай су қоймасы және Іле су көздері мөңке балықтары салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері
Қаңтар, 2018 ж
Орындалды
8
Қорытынды
Ақпан, 2018 ж
Орындалды
9
Пайдаланған әдебиеттер
Наурыз, 2018 ж
Орындалды

Кафедра меңгерушісі ________________________ Лукбанов В.М.

Дипломдық жұмыс жетекшісі __________________ Альпейсов Ш.А.

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент _______________________ Баққожа Ж.М.

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
7

АНЫҚТАМАЛАР
8

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
10

КІРІСПЕ
11
1.
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
13
1.1
Қапшағай су қоймасының физико — географиялық сипаттамасы
13
1.2
Мөңке балығының систематикалық орыны және биологиялық сипаттамасы
17
2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
30
2.1
Зерттеу материалы және әдістері
30
2.2
Жиналынған матеиралдарды өңдеуге қолданылған әдістемелер
30
2.3
Балықтарды биологиялық талдау әдісі
31
2.4
Жыныстық жетілуі кезеңдерін анықтау әдісі
33
3
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР
38
3.1
Қазақ балық шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтына сипаттама
38
3.2
Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық сипаты
44
3.3
Іле өзені мөңке балығының биологиялық сипаты
48
3.4
Қапшағай су қоймасы және Іле су көздері мөңке балықтары салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері
50

ҚОРЫТЫНДЫ
52

ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
54

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

ГОСТ 7.1 — 2003. Библиографическая запись. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления.
ГОСТ 7.32 — 2001. Отчет о научно — исследовательской работе. Структура и правила оформления
ГОСТ 50 380 -92 Рыбы и рыбопродукты. Термины и определения
ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.
ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракообразные и каракатица. Размерные категории

АНЫҚТАМАЛАР

Осы диплом жұмысында қолданған терминдердің төмендегідей анықтамалары бар:
Ювинальді — жыныстық жағынан жетілмеген дарақтар;
Литофильдер — уылдырығын тасқа шашатын балықтар;
Фитофильдер — уылдырығын су өсімдіктеріне шашатын балықтар;
Пелагофильдер — уылдырығын су қабатына шашатын балықтар;
Кәсіптік қор — балық шаруашылығы Ережесімен бекітілген немесе өлшемдері кәсіптік болып саналатын балықтар популяциясының бөлігін айтамыз;
Кәсіптік аулау — белгіленген бір уақыт кезеңінде қолданылатын аулау құралдарының жалпы саны;
Толысу — балықтар популяциясының өсуі, яғни кіші жастағы топтардың өсу нәтижесінде популяцияның кәсіптік бөлігін құрауы.
Уылдырық шашу — балықтардың қоректену немесе қыстау аймағынан уылдырық шашатын жерге көшуі.
Шабақ — барлық денесі қабыршақпен қапталған, сыртқы пішін бойынша балыққа ұқсас.
Популяция — белгілі бір аймақта мекендейтін, белгілі аймақта уылдырық шашып, қыстайтын, бір түрге жататын түрлі балық топтарын белгілейтин термин.
Фитопланктон — су қабатының төменгі сатысындағы бір клеткалы балдырлар мен бактериялар.
Мутация — организмдердің кенеттен өзгеріске ұшырауы.
Фультон — толық салмағы бойынша қондылық коэффициенті.
Кларк — іш құрлыссыз салмағы бойынша коэффициент қондылығы.
Планктон — су қабатын мекен ететін гидробинттар.
Дернәсіл — аралас қорекке көшу уақытына қабыршақтың тастамасы салынғанға дейінгі уақыт.
Ихтиология — балықтар жайындағы ілім.
Бентофак — бентоспен қоректенетін организм.
Биологиялық мелиорация — ихтиофаунадағы түрлік құрамының жоғарлауы үшін жүргізілетін шаралар; маңызссыз балықтарды аулау; кәсіптік және бағалы балықтардың тіршілік жағдайына қолайлы орта туғызу; жыртқыш және өсімдікқоректі балықтарды суқоймаға жерсіндіру.
Аккилиматизация — белгілі бір түрмен олардын ұрпақтарын жаңа бір ортаға жерсіндіру.
Кәсіптік қарқындылық — бір аудан көлеміне шаққандағы кәсіптік жағдайдың тиімділігі.
Кәсіптік жағдай — белгілі бір уақыт ішіндегі қолданылған аулау құралдары ның жалпы саны.

Бір бірліктегі аулау күші — кәсіптік улов, приходящийся на единицу промыслового усилия.
Толықтыру — жас балықтардың келуі есебінен популяцияның кәсіптік бөлігінің артуы.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

м — метр
мм — миллиметр
см — сантиметр
кг — килограмм
г — грамм
т — тонна
км2 — 1 километр квадрат
км 3 — 1 километр куб
мс — метр секунд
ж. — жыл
% — пайыз
♀- аналық
♂- аталық
Q — балықтардың толық салмағы;
q — балықтардың іш құрлыссыз салмағы;
L — балықтардың толық ұзындығы;
l — құйрық қанатсыз ұзындығы;
min — минимум;
mak — максимум;
Juv — ювинал;
т.б — тағы басқа;
т.с.с — тағы сол сияқты;
стад — стадиясы;
корек — ішіндегі қорек мөлшері;
АИТ — абсолютты индивидуальді тұқымдылық;
СЭС — Су электр станциясы;
l орт. орташа ұзындығы
БС — беткі су
МШЖ — мөлшерлік шектік жинақталуы

КІРІСПЕ

Тақырыбтың өзектілігі. Күміс мөңке балығы Garassius auratus Қазақстан су айдындарында таралған балықтар түрінің бірі болып, басқа түрлерімен салыстырғанда ең қолайсыз ортаға шыдамды, маниторингтік түр талабына сәйкес дене өлшемі жеткілікті және судың экожүйесінде улы заттардың әсерін бағалауға арналған перспективті объект болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық ерекшеліктерін және морфометриялық көрсеткіштерін зерттеу. Менің Мөңке балығының морфо — биологиялық ерекшеліктері тақырыбындағы дипломдық жұмыстың мақсатына сай зерттеу жұмыстарын атқару үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Қапшағай су қоймасындағы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық талдау жүргізу арқылы ерекшеліктерін зерттеу және басқа бағалы кәсіптік балықтарға бәсекелестік маңызына тоқталу, әдебиетке шолу.
Адамзат балықты басқа объектілермен бірге ерте заманнан бері маңызды тамақтық зат есебінде пайдаланып келеді. Балықтардың табиғаттағы маңызы ерекше себебі, жер жүзіндегі 43 мыңдай омыртқалылардың 50 % шамасын құрайтын балықтар. Планетамыздың 23 бөлігін алып жатқан судағы өсімдіктер мен басқа организмдер жинаған энергия қорын өңдеуде балықтардың орны бөлек. Қоректік спекторының әртүрлілігінен барлық қоректік тізбектерге әсер етеді. Балықтар судағы және құрлықтағы көптеген жануарлардың қоректік қоры.
Балық еті белоктардың тез қорытылатын 16-21%-нан тұрады, ол биологиялық құндылығы бойынша жылықанды жануарлар етінен бірқатар артық болып табылады. Негізгі қоректік заттардың құрамы алмастырылмайтын амин қышқылдарының, минералдық заттардың және қанықпаған май қышқылдарының болуымен және жеңіл қорытылуы мен жақсы сіңірілуіне байланысты, балық етін диеталық тағамға жатқызуға болады.
Балықтардың жекелеген түрлеріне қарай майдың құрамы түрлі болады. Ең азы шортанда — 0,5,-1%, ең көбі жылан балықта — 32 %. Тұқы балығында өсірілу жағдайына байланысты 2 жастығында орташа 9-11%.
Витаминдердің құрамы бойынша, С витаминінен басқасынан балық жемістер мен көкеністерден асып түседі. Осылайша, тұқы етінде А витамині (каротин) лимонға қарағанда 2 есе, В1 — витамині 3,5 есе, В2 — витамині 6,5 есе және 15 есе РР витамині артық.
Балықтардың маңыздылығы тек оның тағамдық құндылықтарымен ғана шектеліп қоймайды. Балық өнеркәсібі 600 мың тоннадай балық ұнын шығарады, ол көптеген ауыл шаруашылық жануарларының рационында алмастырылмайтын компонент б.т. Балықтардың және ауыл шаруашылық жануарларының рационындағы компонентердің бірі балық ұнын, желім өндіретін тағы басқа жағынан маңызды балықтардың бірі мөңке болып табылады.
Күміс мөңке Қапшағай су қоймасына жерсіндірілген. Мөңке балығы өте ұзақ өмір сүретін балық, ол тез су айдындарына бейімделген және ұзақ уақыт сусыз өмір сүре алады. Осындай жағдайда мөңке балығы суққа шыдамды. Суық кезде суда мұз болып қатып, бірақ күн қалай жыли бастағанда оның мұзы ерігенде қайтадан тіріледі.
Дипломдық жұмыстың базасы Алматы облысы Қапшағай су қоймасы және Іле өзені болып табылады.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Қапшағай су қоймасының физико — географиялық сипаттамасы

Қапшағай суқоймасы Қазақстан суқоймаларының ішінде балық шаруашылығы жағынан ірі су қоймалардың бірі болып табылады. Суқойма Іле жазығының батыс бөлігінде орналасқан. Қапшағай суқоймасының негізгі саласы болып Іле өзені табылады, сонымен қатар оны Шелек, Қаскелең, Кіші Алматы, Көтентай, Саз — Талғар, Есік, Қараөзек, Қарасу, Лавар, Терең — Қара, Ақтоған және Шеңгелді секілді кіші өзендер толықтырады. Ілі өзенінің су жинағыш ауданы 130 км2 асады. Іле өзені өзінің бастауларын Теріскей-Алатау тауларынан алады. Қапшағай суқоймасы Іле өзенінің орта ағысында, Алматы облысының территориясында салынған [36,37].
Қапшағай суқоймасын толтыру жұмыстары 1970 жылдары басталған. Жобалық сипаттамалары: ауданы 1850 км2, көлемі 28,14 км3, ұзындығы 180 км, ені 22 км, орташа тереңдігі 15,2 м, ең терең жері — 45 м.
Суқойманы салудағы мақсат — су жүйесінің көп жылдық реттелуі. Негізінен энергетикаға және балық шаруашылығын дамыту үшін, жерлерді суғару мақсатында пайдаланылады. Қапшағай суқоймасының деңгейі негізінен Іле өзенінен келер судың мөлшерімен және ГЭС — тен судың тасталуымен тікелей байланысты. Қапшағай суқоймасының оң жақ жағалауы өзіне тән айтарлықтай терең және күшті желді құбылыстармен сипатталады.
Қапшағай суқоймасының сол жақ жағалауы тегісті және таязды болып келеді. Бұл суқойма деңгейiнiң өзгеру кезіндегі жағалау сызығының құбылмалдылығын көрсетеді. Сол жағалаудағы судың лайлы болуыда осыған байланысты [37,38,39].
Суқойманың жоғарғы бөлігі жағалау сызығымен соғатын қатты желдермен сипатталады. Бұл жерлерде жыл бойына желді күндер көп болады. Сондықтанда қысты күндері бұл аймақтарда мұз басуы тұрақсыз болып келеді. Бұл жерлерде термоклин құбылысының болмауыда осы қатты желдердің арқасында су қабатында үлкен толқын туғызып судың тез араласуында болып отыр. Іле өзенінің әсері құярлық аймағынан алыстаған сайын, су желiсiнде тұнба бөлшектерімен жетіліп отырады. Жалпы суқойманың жоғарғы бөлігіне судың жоғары лайлылығы және салыстырмалы түрде таязды тереңдіктер тән болып табылады [44].
Суқойманың гидрологиялық режимінің кәсіптік балық қорына, басқа гидробионттардың қалыптасуына маңызы зор және олардың өмірлерінің барлық кезеңдеріне әсерін тигізеді. Ол суқойманың қоректік қорымен, балық қорыменен, балықтың өрістеу, қоректену, тіршілік ету ортасымен тығыз байланысты.
Су деңгейіне байланысты көктемгі (күзгі) өрістеуі, балық қорын көбейтудің ең тиімді фактордың бірі болып табылады.
Балықтардың көктемдік өрістеуі мұз ерігеннен кейін бірден басталады.
Уылдырық шашуға өрістеуді кәсіптік балықтардың ішінде бірінші болып торта бастайды, суқойманың сол жақ жағалауындағы таяз суларда, сондай-ақ, суқойманың құярлығында көптеп жинақталады. Су температурасы 8-9 °С — қа көтерілгеннен бастап уылдырық шашуы басталады.
Суқойманың таяз суларына және өзен сағаларына уылдырық шашуға тортадан кейін көксерке өрістейді. Оның уылдырық шашуы сәуір айының басы мен ортасында жүреді. Бақылаудағы аулауда сәуір айының үшінші декадасында көксерке тегістей уылдырық шашып болды.
Сәуір айының ортасынан бастап тыранның уылдырық шашуы басталады, көп бөлігі суқойманың жағалауына шашады, ал аз бөлігі Іле өзенімен көтеріле отырып жағалаудағы көлшіктерде шашады. Алдыңғы түрлерден ерекшелігі тыран уылдырықты бөліп шашатын түрлерге тән шашу кезеңі 1,5 айға созылады. Сәуір айының үшінші декадасының басында-ақ уылдырықтың алғашқы үлесін шашқан ірі балықтар кездеседі, жалпы тыран балығының көпшілігі уылдырықты мамыр айында шашады. Сонымен қатар, бақылаудағы аулауда маусым айының бірінші декадасында уылдырығын шашпаған кейбір балықтар да кездеседі.
Көрсетілген түрлерден ерекше, өсімдікпен қоректенетін балықтар — дөңмаңдай мен ақ амур уылдырығын су қабатында, уылдырығының дамуы жүретін су ағысына шашады. Осы жылы дөңмаңдайдың уылдырық шашуға өрістеуі сәуір айының алғашқы декадасында басталды, өрістеудің қарқындылығы арта бастады да мамырдың соңына қарай өз шегіне жетті, содан кейін қарқындылығы ақырындап төмендей түсті.
Ақ амурдың алғашқы уылдырық шашуы сәуір айының соңы — мамыр айының басында жүреді. Уылдырық шашуға қарқындылығы мамыр айының екінші-үшінші декадасында жүреді. Маусым айының алғашқы декадасында амурдың уылдырық шашу қарқындылығы төмендеп, уылдырықты аналықтар аз кездесті.
Іле өзенінде және оның басты тарамдарында, яғни, уылдырық шашатын құярлықтары мен өзеннің көлшіктерінде дөңмаңдаймен бірге жайынның да өрістеуі басталады. Бастапқыда жынысқа жетілген, салмағы 3,5 — 4,0 және 5 — 6 кг болатын ұсақ және орташа көлемдегі балықтар өрістей бастайды. Өрістеу қарқынды бола бастаған мамыр айының басы мен ортасында орташа көлемдегі балықтар (12-15 кг), сосын одан да ірі, салмағы 40-50 және сирек 80 кг балықтар өрістейді. Уылдырық шашушы және шашып жатқан аналықтар мамыр айының ортасында байқалды, ал мамыр айының соңына қарай жайынның уылдырық шашуы толықтай аяқталады.
Биылғы жылы сазанның уылдырық шашуға өрістеуі сәуір айының үшінші декадасында басталды. Уылдырық шашушы үйірде әртүрлі жастағы балықтар және салмақтары 8-9 кг ға жететін ірі балықтар да кездеседі. Өрістеудің шарықтау шегі мамыр айының ортасында болды, ал айдың аяғында уылдырық шашуы толықтай аяқталды. Бұл уақытта сазанның басым бөлігі уылдырық шашып болды.
Сазан мен жайынның көбеюіне Іле өзенінің құярлықтары мен көлшіктерінің маңызы зор. Сәуір айының аяғы мен мамыр айында суқойма суының деңгейі көтеріліп, жағалаудағы таяз суларда шөптесін, жұмсақ су өсімдіктері көктеп шығып үлгіреді. Бұл ауданда осындай алаңдардың аудандары биылғы жылғы жобалау бойынша 8-10 мың гектарға жетеді. Бұл аудандарда осы айтылған балық түрлерінің уылдырық шашуы қарқынды өтті. Алдыңғы жылдардағыдай балықтардың уылдырық шашуға өрістеуіне суқойманың және Іле өзенінің гидрологиялық режимінің маңызы зор болды.
Суқойманың төменгі жағы басқа желді режиммен сипатталады. Бұл жерде жел әр-түрлі бағытта соғады. Жыл бойына желді күндер саны аз. Қыстың суық күндері суда жақсы мұз қабаты болуы мүмкін. Жазда және қыста әр мезгілдің өзіне тән термоклині болады. Су мөлдірлігі бұл аймақтарда жоғарғыға қарағанда әлде — қайда жоғары болып келеді. Суқойманың төменгі бөлігінде макрозообентостың дамуы өте қарқынды.
Айтылған суқойманың ерекшеліктеріне байланысты су аймақтарында сынама алу станциялары белгіленген.
Соленный көлі ауданындағы станциялар Іле өзені және суқойманың құярлық аймағына жақын болғандықтан солардан туындайтын гидрологиялық жағдаймен сипатталады. Суқойманың бұл аймағы таязды сулы және күшті желдер судың лайлы болуына әкеп соғады. Сонымен қатар бұл аудандарда Іле өзеніне уылдырық шашу алды өрістеу үшін балықтар жиналады.
9 насосты станциясы судың лайлылығы мен күшті желдері бойынша Соленный көліне ұқсас болып келеді, бірақ терң жерлерімен өзен ағысының әсерімен ерекшеленеді.
Қарашеңгел шаруашылығындағы станция алдыңғылардан судың мөлдірлігімен және желдің аз әсерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар Соленный көліне қарағанда бұл жерде тереңдіктер жоғары болып келеді. Есік өзеніннің сағасындағы станция Қарашеңгел шаруашылығындағы станцияданда тереңірек болып сипатталады. Оған қоса бұл жерде балықтардың өрістеуге жиналуы байқалмайды.
Қаскелең шығанағында орналасқан станция Қаскелең өзенінің әсерінен гидрологиялық жағынан басқалаға қарағанда ерекшеленеді. Сонымен қатар суқойманың бұл аймағы өзге іргелес жатқан аймақтарға ұқсамайтын жағалау сызығының айтарлықтай ойдым-ойдым болып сипатталады. Оң жақ жағалауда орналасқан ІІМ демалу аймағындағы станция суқойманың ең терең аудандарында орын тепкен (тереңдігі 35-40 м дейін).
Шеңгелді аралындағы станцияда суқойманың терең (30 м дейін) аудандарында ораналасқан. Бірақ бұл аудандарда оң жақ жағалауларға тән емес жағалық сызықтары ойдым-ойдым болып келеді.
5 насосты аймақта орналасқан станция оң жақ жағалалуларға тән су тереңдігімен (су тереңдігі 22 м дейін), судың жоғары мөлдірлігімен және толқынды желдермен сипатталады [36,37,38,39,40].
Зерттеулер кезінде тереңдіктер 34,0-4,6 м болды, су тұнықтығы 300-400 см. Көктемгі кезеңде ауа температурасына байланысты су температурасының жылынуы 13,4-20,0 ºС құрады. Су ортасының реакциясы әлсіз сілтілі, сутегі көрсеткішінің шамасы (рН) 8,54-8,70. Газ режимі 2010-2011 жж. деректеріне қарағанда бірқалыпты және тиімді. Көміртегінің қостотығы тіркелген жоқ. Суға еріген оттегінің мөлшері 8,97-11,80 мгО2дм3 аралығында болды. Органикалық заттардың мөлшері жоғары емес, перманганатты тотығу 2,7 мгОдм3 құрады.
Биогенді элементтердің мөлшері фитопланктон мен жоғары су өсімдіктерінің дамуына жеткілікті деңгейде. Жыларалық тұрғыда 2011 ж. қарағанда минералды еріген фосфордың жоғарылағаны байқалады [44,45].
Техникалық қасиеттері бойынша су ұстамды-кермекті су классына жатады, жалпы кермектілігі 4,0 мг-эквдм3. Еріген тұздардың қосындысы бойынша І кәсіптік ауданының суы тұщы, минералдануы 310 мгдм3. Аймақтық таралуы бірқалыпты. Су гидрокарбонатты классқа, кальций тобына, ІІ типке жатады. Жыларалық минералдануы тұздылықтың 2011 ж. қарағанда біршама төмендеуімен сипатталады [46].
ІІ кәсіптік аудан Қапшағай суқоймасының сол жақ жағалауы акваториясында орналасқан, бұл аудан суының гидрофизикалық және гидрохимиялық көрсеткіштері І кәсіптік ауданының осы көрсеткіштеріне толық сәйкес келеді. Аудан терең сулы, тереңдіктері 9-23 м аралығында болды, су тұнықтығы жоғары — 160-300 см. Су ортасының температурасы көктемгі кезеңде 16,0-20,3 0С. Су реакциясы әлсіз сілтілі, сутегі көрсеткішінің шамасы (рН) 8,43-8,65 аралығында болды.
Газ режимі қанағаттанарлық. Көміртегінің қос тотығы тіркелген жоқ. Суға еріген оттегінің мөлшері көпжылдық кезеңде 8,6-10,2 мгО2дм3 аралығында ауытқиды.
Биогенді элементтердің және органикалық заттардың мөлшері төмен деңгейде. Перманганатты тотығу 3,7 мгОдм3 шамасында.
Жалпы кермектілік 3,9-4,0 мг-эквдм3, осының салдарынан су ұстамды-кермекті классына жатады. Еріген тұздардың косындысы бойынша су тұщы болып саналады, минералдануы 292-320 мгдм3, құрамы гидрокарбонатты-кальцийлі.
Қапшағай су қоймасының сол жақ жағалауында Ыстық, Қараөзек және Қаскелең өзендерінің құяр жерінде орналасқан, осыған байланысты бұл жердің терңдіктері минималды — 1,5-2м-ден максималды — 18-20м аралығында ауытқиды. Тереңдіктеріне байланысты су тұнықтығы 60-600 см аралығында болды. Суы саяз аймақтарда су температурасы біршама жоғары болды — 18-20 0С, суы терең аймақтарда бұл көрсеткіш 13,3-15,3 0С көрсетті. Су ортасы реакциясы әлсіз сілтілі — 8,50-8,60 аралығынды болды.
Газ режимі қанағаттанарлық. Көміртегінің қос тотығы тіркелген жоқ. Суға еріген оттегінің мөлшері көпжылдық деректер бойынша көктемгі кезеңде 8,7-10,3 мгОдм3, бұл 100 % қалыпты қанығуға сай.
ІІІ кәсіптік аудан биогентті элементтер бойынша едәуір жоғары шамада: аммоний және нитратты азот 1,3-1,4 есе, минералды еріген фосфор 2,8 есе, бұл биогенді элементтердің келіп құятын өзен суларымен бірге келуімен түсіндіріледі. Органикалық заттардың мөлшері төмен деңгейде, перманганатты тотығудың шамасы 3,5 мгОдм3 құрады [46].
Техникалық қасиеттері бойынша су ұстамды-кермекті су классына жатады, жалпы кермектілігі 4,0 мг-эквдм3. Еріген тұздардың қосындысы бойынша суы тұщы, минералдануы 300-321 мгдм3. Аймақтық таралуы бірқалыпты. Су гидрокарбонатты классқа, кальций тобына жатады.
Суқойманың сол жақ жағалауында, келіп құятын өзендердің акваторияларын қоса санағанда, орналасқан. Басқа кәсіптік аудандармен салыстырғанда ІV кәсіптік ауданы көктемгі кезеңде тереңдіктердің төмен көрсеткіштерімен 1,8-3,0 м, су тұнықтығының төмен көрсеткіштерімен 60-170 см ерекшеленеді. №2 бекеттің ерекшелігі тереңдігі 12 м және судың тұнықтығы 450 см. Зерттеу кезеңінде су температурасы 16,3-20,80С аралығында болды. Су ортасының реакциясы әлсіз сілтілі; сутегі көрсеткішінің шамасы 8,36-8,60.
Газ режимі қанағаттанарлық. Көміртегінің қос тотығы тіркелген жоқ. Суға еріген оттегінің мөлшері 2017-2011 жж. мәліметтеріне сәйкес 9,1-10,2 мгО2дм3 аралығында ауытқиды [47].
Биогенді элементтердің мөлшері шектеулі-рауалы шоғырлану (ШРШ) деңгейінен аспайды, Кәсіптік аудан акваториясы бойнша таралуы біркелкі емес. Аммоний және нитратты азоттың жоғары мөлшері 3,5-3,8 есе, минералды еріген фосфордың мөлшері 2,5 есе асқан мөлшері Қарашеңгел №8 бекетте тіркелген. Бұл элементтердің минималды мөлшерлері №1, 2 бекеттерде тіркелген. 2011 ж. орташа мәндер бойынша нитратты азот пен фосфордың мөлшерлері ұлғайған.
Органикалық заттардың мөлшері төмен деңгейде, перманганатты тотығудың шамасы 4,8 мгОдм3, бұл көрсеткіш басқа аудандарға қарағанда 1,3-2,1 есе жоғары.
Су кермектілігі мен минералдануы бойынша ІV кәсіптік ауданы суқойманың басқа акваторияларына ұқсас, 4,1 мг-эквдм3 және 289-300 мгдм3 сәйкес.

1.2 Мөңке балығының систематикалық орны

Тип Chordata: Хордалылар
Тип тармағы: Craniata — бас қаңқалылар
Бөлім: Vertebrata — омыртқалылар
Класс үсті: Gnatostomata — жақтылар
Класс: Pisces — Балықтар
Класс тармағы Osteichthyes — сүйекті балықтар
Класс асты: Teleostomi — нағыз сүйекті балықтар
Отряд: Cypriniformes — тұқытәрізділер
Туыс: Cyprinidae — тұқылар
Түрі: Carassius auratus gibelio — күміс мөңке, Carassius auratus auratus — алтын мөңке [4,5, 6].
Биологиялық сипаттамасы. Мөңке балықтар- тұқы тұқымдасына жататын балық түрі. Арқа жүзбе қанаты ұзын, бірқатарлы тіс, қалың арқалы ұзын женелі, бүйірінен сығылған. Қабыршағы ірі және сипалағанда тегіс. Мекендеу орынына байланысты баяу түрленеді. Алтын мөңкенің дене ұзындығы 50 см және салмағы 3 кг жоғары. Күміс мөңкенің дене ұзындығы 40 см және салмағы 2 кг дейін болады. Бұл балықтың қоректену жағдайына және мекендеу орынына байланысты. Алтын мөңкенің жыныстың жетілуі 3-4 жасында. Көктемде және жаздың басында уылдырығын өсімдікке шашады. Мөңке балықтар өсімдіктермен майда омыртқасыздармен зоопланктонмен, зообентоспен және детритпен қоретенеді. Бұл балық Лена бассейніне дейін Орталық Европада таралған.
Түрлердің ерекшелік белгілері: алтын мөңкенің қабыршағы сары түсті, ал күміс мөңкенің күміс қоңыр түсті, ал алтын мөңкенің бүйір жағында қабыршағы 33. Күміс мөңкенің қабыршағы өте ірі, бүйір жағында 31 қабыршақ; жас алтын мөңке балықтың денесінде құйрықты жүзбе қанаттың алдында қара дақ болады. Оның жасы өскен сайын дағы жоғалады.
Күміс мөңке балық — сүйекті балықтарға жатады (тұқы тәрізділер тұқымдасы). Күміс мөңке балық кәдімгі мөңке балықтарынан желбезек санымен бүйірі және іш пердесі күміс түстілігімен өзгешеленеді. Күміс мөңке балығы Дунай, Днепр өзендерінде Сахалин көлінде, Қытай және Корея су айдындарында кездеседі. Ареалды екі мөңке балықтың түрімен табиғи тарату және күміс мөңке балық қиынға түседі. Мөңке балықтары жақын арадан адаммен кең мендестіріледі. Күміс мөңке балығы Солтүстік Америкаға, Батыс Европаға, Тайланд, Индияға апарылған. Жуырдан ол Ресейде Камшатка көлінің кәсіптік балық шаруашылығы болады. Осы шектікте таралу облысында екі түрі кездеседі — типті Қытай күміс мөңке және Амур бассейнінде, Арал теңіз және Европа бассейнінде мекендейтіндер. Ол кәдімгі алтын мөңке балықтарынан бірнешеге тез 45 см ұзындық және 1 кг нан астам сомаққа жетеді. Қорегі зоопланктон және фитопланктон. Мөңке балығының ұрғашыларының жыныстық жетілуі 3-4 жылда өсімі 160-400 мың уылдырық күміс мөңке балықтарында ерекше жыныстық қатынастығымен көрсетіледі. Аналықтарға қарағанда аталықтары кішірек болады. Кейбір су айдындарында да ғана ұрғашылар және еркектер бірдей өлшемде болады. Популяцияда жиі кездестіреміз, мұндай еркектер болмайды. Мұндай бір жынысты популяцияда ұрғашылар басқа балық түрлерінің еркектерміне көбейеді. Оның тұқымында тек ұрғашылар пайда болады. Бұл ерекше жетілу тәсілімен жүреді. Онда жұрытқа клеткасына енген сперма ұрықтандырмайды, оны тек алда жұмыртқа клеткасына жетілуіне стимулдейді. Бірақ бұл патогенез емес, ұрықтанбаған ұрық жетілмейді және өледі. Көбеюдің бұл тәсілі гипогенез болады. Ол ұрғашылардың туылуы деген мағынаны білдіреді. Күміс мөңке балығының еркектерінің спермаларның қасиетін қарастырудан көрсетті. Қашан еркектері аз ғана топ құрас, онда олардың уылдырықты ұрықтандыруға қабілетті шекті; одан бөтен еркектердің рольін атқарады. Екі жынысты популяциядағы аталықтар ұрықтандыру қабілетіне шекті ешқандай белгілер көрсетпейді. Сыртқы жағдайдың әсерінен бір шынысты популяция өзгеруі мүмкін және оларда еркектердің белгілі мөлшері пайда болады. Мұндай жағдайда популяция өсу темпін баяулатуды еркектер санының өсуімен және пайда болуды реттейді. Алтын балық күміс мөңке балықтан Қытайда 1000 жыл бұрын алынған. Ол 16 ғасырда Жапонияға әкелінген. Қытайда және Жапонияда ұзақ селекция кезінде олардың бірнеше түрлері алынған. 1611 жылы алтын балықтар Партугалияға, 17 ғасырдың соңында Ресейге, 1728 жылы Англияға жеткізілген. Қазіргі уақытты алтын балықтар ең көп таралған аквариумды балық болып табылады. Ұзақ селекция келесі гибридизацияның нәтижесінде Қытайда, Кореяда , Жапонияда оның бірнеше түрін шығарды. Үй жағдайында олар өзінің жыртқыштың қозғалыс қасиетін жоғалтып, көп тұқымды қысқа және жалпақ болған. Оның желбезек формасы және ұзындығы өзгерген. Кейбір тұқымдарда арқа желбезегі болмайды. Ал кейбіреуінде көзінің орналасуы өлшемі өзгерген, оның әртүрлі түрлері алынған — қызыл, қар, күміс және т.б. Қазіргі уақытта алтын балықтың бір жарылуынан тұқымын ажыратады. Бұлар камета, банин, шубинкен бояуы әртүрлі болуы мүмкін. Камета өте ұзын желбезекті құйрығымен өзгешеленеді. Кейбір балықтарда сондай-ақ төс және іш желбезектері ұзарған [7,8,9].
Қытайда кеудесі күміс түсті және ашық қызыл немесе сары құйрықты жүзбе қанатпен бағалайды. Вакин екі еселенген құйрықты жүзбеқанаты қысқа балық. Шубуникн бірнеше қысқарған дене және екі еселенген жүзбе қанаты, түссіз қабыршақ және ала түсті (көк, қара, сары, ақ) болы келеді.
Вуале құйрықты өте ұзындығымен, түссіздігімен еке еселенген құйрықты жүзбе қанат кейде екі еселенген және арқа жүзбе қанатымен ерекшеленеді. Вуале құйрығының құрылысымен керекті талаптар көрсетіледі: онда қысқа, дөнесті дене, қысқа бас, денесінің өлшемімен және әр түрлі жүзбеқанаттардың арасындағы нақты қатынас болуы керек. Диакинур — көбелек тәрізді құйрықты жүзбе қанатқа ие. Телескоптар әр түрлі формадағы ашық көзбен және өлшенумен (5 см дейін), ерекшеленеді. Мәскеуде жақын арада қара жібекті телескоптар пайдаланады. Алтын балықтардың барлық тұқымын бассейінде шығарған. Алтын балықтар 1 жыл жасында жынысты жетілген болып табылады. Олар көбінесе көктемде көбееді. Еректердің желбезек қақпағында ақ адырлардан інжу төгілісі сияқты түріндегісі пайда болады. Алтын балықтар 35-40 жылға дейін ұзақ өмір сүреді.
Балық аулауда мөңке балықтың екі түрі — алтын және күміс мөңке балығы бар. Алтын мөңке балығы, бұл мөңке балығы қарапайым, осы су айдындарында бұрынан мекендеушісі. Мекендеу жағдайына байланысты ол экологиялық форманы, оған қоса кіші су айдындарында мекендейтін. Мөңке балықтар тығыз қоныстанған, ергежейлі болады. Осы формалардың біреуін күміс мөңке балық деп атайды. Күміс мөңке балық өзіне қарапайым күміс мөңке балығы және Қытай күміс мөңке балығын түршесін біріктіреді. Бұл Оңтүстік Шығыс Азияның су айдындарында таралған. Европа су айдындарында қарапайым күміс мөңке балықтардың интенсивті таралуы 20 ғасырдың 2-ші жартысына жатады. Олардың арасында мөңке балықтардың екі түрін денесінің формасымен ажыратады.қарапайым мөңке балық биік, бүірі қатты сығылған, дөңгелектеу, қарапайым мөңке балықа қарағанда, қарапайым күміс мөңке балықтың үлкен дәрежесі жануармен, өсімдік ағзаларымен, жоғарығы өсімдіктермен коректенеді. Оған қоса қарапайым күміс мөңке балықтарда соңғы аузы, салыстырмалы түрде ішегі ұзын. Екі түрдің де денесінің бояу түсімен ажыратылады. Қарапайым мөңке балықтың арқасы қызыл-қоңыр, бүйірі қара, іш пердесі сары түсті. Арқа және құйрықты жүзбе қанаттары қоңыр және құйрық асты қызыл түсті. Жастарында құйрықты жүзбе қанатарында қара дақ болады. Қарапайым күміс мөңке балықтың үстінгі денесінде жасыл қоңырлау, бүйірі алтын, іш пердесі күміс. Қарапайым күміс мөңке балықтың бір жынысты — ұрғашының екі формасы бар, онда уылдырықты ұрықтандыру жүрмейді. Ол спермамен жұмыртқа клеткасын тек белсенді етіп, бірақ оның жетілуіне еркек хромосомалары қатыспайды. Ал екі жынысты көбеюі кәдімгі жолмен өтеді. Топта жиі ұрғашылар ерекектерден көп болуын қаралады. Оның мөлшері 5-90 % дейін. Егер популяцияда ерекектер 15 пайыз, онда сондай мөлшерде екі жынысты ұрғашылар құрайды. Ал қалған 70 пайызын бір жынысты формадағы ұрғашылар құрайды. Жекенің екі түрі де оның сыртқы түрімен сәйкес келгенімен өзінің хромосома санымен қатты ажыратылып, сондықтан екі жынысты ұрғашылар бір жыныстыға және керісінше өзгере алмайды. Жағдайы нашарлағанда белгілі мөлшерде ерекектер пайда болады. Мұндай Днепрде 1-2 жылдан кейін, днепрдің ағымын реттеудің нәтижесінде гидроэлектростанцияны салуды, қарапйым күміс мөңке балықтардың бір жыныстысынан екі жынысты түзілді. Онда ерекектердің санын 46 пайыз құрайды. Оның ең басты себебі, балықтарды тағаммен қамтылуы, көбінесе оның өзгеруіне су айдындарының ластануының әсері болып таыбалды. Мөңке балықтарында көбею уақытының ұзақтығы 1,5- нан 3-4 айға дейін, мамырдан шілдеге дейін. Бұл ұрғашының бір уақытсыз жетілуі және үлесті уылдырық шашуымен көрсетіледі. Мүкіс өскен формадағы ұрғашылар уылдырықтың екі үлесін, тез өсетін ұрғашылар үш үлесін шашады. Уылдырық үлесін салу арасындағы интервал ай шамасын құрайды, бірақ жақсы жағдайға қарай, ол 10-15 тәулікке дейін қысқаруы мүмкін. Қарапайым күміс мөңке балықтың бір жынысты түрі бір уақытта басқа балық түрінен көбейеді. Олар тұқымен және басқа балықтың еркектерімен уылдырық шашады. Еркектердің мөлшері жетіспегенде ұрғашылардың салған уылдырығы өлуі мүмкін. Қарапайым күміс мөңке балық жайылма дарағына жатады. Оны қабыршақты индекс көрсеткішімен анықтайды. Егер бұл қатынас бірліктен жоғары құраса, онда берілген дарақ тез өсетін формаға жатады. Мөңке балықтар 45 см денесінің ұзындығында және 3 кг массаға жетеді, оны көбінесе майдалау түрінде аулайды. Қарапайым күміс мөңке балықтар үлкен көл, өзенде және ағынды су айдындарында кездеседі. Қолайсыз жағдайда су айдындарының кебілуінде, қатуында көбінесе мөңке балықтар лайға кіреді, онда барлық уақытта қозғалмайды және қоректенбейді. Жаңбыр және мұз ерігенде өзіне орнықты орын тауып, белсенді өмірін жүргізеді. Мөңке балықтар лайға кіріп, ол қатпайды, сондықтан судың төмен температурасында олар коректенуді тоқтатады. Олар су айдынында аз оттегі болған кезде лайға кіреді. Мөңке балықтар аздаған тереңдікте ерте көктемде қаба бастайды. Жақсы қабуы уылдырық шашуға дейін байқалады.
Күміс мөнке балығының таралуы. Күміс мөңке Солтүстік Қазақстанның көлдерінде жиі кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысындағы 32 көлде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде, оның 30 — нда күміс мөңке балығы мекендейтінін көрсетті. Қостанай облысында тексерілген 18 көлде күміс мөңке барлығында дерлік табылған. Орталық Қазақстанның су айдынында күміс мөңке көп таралған. Ақмола облысында тексерілген 21 көлде, оның ішінде 9- нда алтын мөңке, 6 -да күміс мөңке балықтарының негізгісі болған. Қарағанды және Жезқазған облыстарының су айдындарындағы бассейнде, көлде және Сарысу, Кенгер өзендерінде мекендейді, бірақ су қоймасында табылмаған. Балхаш-Алакөл бассейнінде күміс мөңке балық салыстырмалы түрде жақын арада жерсіндірілген. 1946 жылы Алтай аймағынан Қаратал ауданына әкелінген және 1950 жылы осы өзенде Үштөбе кентіне түсті.
Н.П.Серов Қараталда 1954 жылы мөңке, балықтың пайда болғанын көрсетті. 1959 жылы кейін бассейнде мөңке балықтың популяциясы жыл сайын Алматының тоған шаруашылығын балықпен толықтырылады. Қапшағайдың суқоймасында оның саны ұдайы өсуде.
Батыс Қазақстанда күміс мөңке балығы Қамыс- Самар, Күшім, Орал көлінде кездеседі. Осында көлдің төменгі ағысынында Күшім өзенінде тек күміс мөңке балығы, ал Ақтөбе обылысында Шалқар көлінде алтын мөңке балығы мекендейді. Ырғыз- Торғай бассейнінді көлінде оның екі түрі кездеседі. Бірақ оның біреуінде күміс мөңке балығы, ал басқасында (Кіші Жаланғаш, Су-жарған) алтын мөңке балығы мекендейді.
Оңтүстік қазақстанның су айдынында күміс мөңке балықтың кездесуі, бірден оның минералданумен бірге көлдің суымен қамтылуына сәйкестігімен байланысты.
Сипаттамасы. D ІІІ — IV, 15-19 A- II-III, 5-7 1.1 28-34 омыртқа — 26-33. Ішпердесі қара. Дененің ұзындығына қарай тұмсығының ұзындығы — 6,43-8,83% тең; көздің диаметрі — 4,09-5,90, сыртқы бөлігі — 10,63-14,50; басының ұзындығы — 18,30-30,96; басының биіктігі — 19,40-28,60; дененің ең жоғарғы биіктігі — 35,76-59,20; ең кішісі — 12,0-17,0; антедорсальды арақашықтық — 44,61-60,24; постдорсальды — 18,04-23,98; негізгі ұзындығы D-32,07-37,85; D биіктігі — 13,97-16,86; P ұзындығы — 14,0-19,53; V ұзындығы — 17,40-24,44; Р — V арақашықтығы 16,22-27,0; V- A арақашықтығы 23,80-33,56;
П.А Дрягин (1933 жыл), күміс мөңке балықтардың белгілер қатарының өзгеруі, алтын мөңке балықтың өлшемінің ауытқуы шегінде жатқанын көрсетеді. В.И Медведев (1976 жыл) әр түрлі жағдайына қарай мөңке балықтардың жоғарғы дәрежеде морфологиялық өзгеруін көрсетеді. Мұндай аналогиялық байланыс Қостанай облысындағы көлінде мөңке балықтардан бақыланды. Жалпылай келгенде, жақсы жағдайда мұндай белгілері, дененің ең үлкен биіктігі постодорсальды арақашықтық D негізгі, 9- көлінде ең көп болған мөңке балықтарды P-V және V-A қатарының арақашықтығы ал қолайсыз жағдайда (Бурли көлі) алтын және күміс балықтарда аз болады. Көздің диаметрі және басының ұзындығының кері тәуелділігі көрсетті: қолайсыз жағдайда үлкен, жақсы жағдайда кіші болады. Орты жағдайына қарай морфологиялық өзгеруі түрдің биологиялық икемділігі, сондай-ақ су айдынында гибридті популяцияның жиналуын нұсқайды. Әр түрлі ландшафты- климатты зонада орналасқан. Солтүстік және Оңтүстік су айдынындағы популяциялардың үлкен айырмашылығы жоқ. Морфологиялық белгілердің вариабелділігі экологияылық жағдайларға, сондай-ақ күміс және алтын мөңке балықтардың тығыздық кезеңіне байланысты.
Көбеюі. Күміс мөңке гиногенетикалық жолмен көбейетін аздаған жануарлар тобына жатады. Уылдырықтың ұрықтанау өзінің немесе басқа түрлердің спермаларымен жүргізіледі, бірақ спермамен енгізілген аталық геном жұмыртқа клетканың плазмасында инактивацияланды, эмбрионның хромосомы саны редуцияға ұшырамай сақталады, жұмыртқаның пісіп жетілуі редукциялық бөліну нәтижесінде. Күміс мөңке балықтардың табиғи аналықтарынң уылдырығы, жиі алтын мөңе балықтың сүтімен шатысады. Күміс мөңке балығының популяциясы сондай жағдайда бір жынысты болып келеді. Кейбір су айдындарында екі жынысты мөңке балықтар кездеседі, онда уылдырық шашуда еркектер өзінің түрімен қатысады.
Қазақстанның су айдындарында популяцияның екі түрі кездеседі- біржынысты және екі жынысты. Біржынысты формадағы мөңке балықтар Ырғыз және Торғай көлдерінде, Балхаш бассейінінде табылған. Екі жынысты формадағы мөңке балықтар тартылған кепкен көлдерде кездеседі. Жағдай нашарлаған сайын салыстырмалы түде аталықтары өседі. Қостанай облысында Жақсы-жаркөл көлінде екі жылда аталықтарынң саны, 2,0-ден 7,76% дейін өсті. Балхаш көлінде алтын мөңке балығы жойылуға жеті. Екі — үш жылда мөңке балықтарда аталықтар сандары 15-20 % — ға жетті. Жақсы аналықтарды гермофродиті спермалы ұрғашылармен жасанды шатыстыруда олар оң нәтиже береді. Табиғи су айдындарында күміс мөңке балығының популяциясы бір жынысты формада көрсетілген. Екі жынысты формалы аталықты … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz