Ашық сабақ «Орамалды өрнектеу»

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ашық сабақ «Орамалды өрнектеу»

Автор: Толегенова Жибек Шайхановна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-10


Материал туралы қысқаша түсінік

Мақсаты:
Білімділік.Балаларды қол орамалды әшекейлеп , қошқар мүйіз оюын
қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық : Көз мөлшерін, түсті сезіну,көркемдік талғамын дамытуға үйрету.
Тәрбиелік :Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлттық тұрмыстық заттар: текемет суреті,қоржын,ою-өрнек түрлері
Керекті құралдар: Қол орамал,қошқар мүйіз оюының үлгісі,желім, сүлгі тақтайша.




Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Шолпан ауылы
Жүзағаш орта мектеп-бақшасы КММ
Еркетай бала бақшасы Ашық сабақ

Тәрбиеші: Толегенова Жибек Шайхановна
Тақырыбы : Орамалды өрнектеу.
Мақсаты:
Білімділік.Балаларды қол орамалды әшекейлеп , қошқар мүйіз оюын
қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық : Көз мөлшерін, түсті сезіну,көркемдік талғамын дамытуға үйрету.
Тәрбиелік :Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлттық тұрмыстық заттар: текемет суреті,қоржын,ою-өрнек түрлері
Керекті құралдар: Қол орамал,қошқар мүйіз оюының үлгісі,желім, сүлгі тақтайша.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, математика.
Сабақ барысы:
-Балалар , шаттық шеңберге тұра қалайық.

Үлкенге де Сіз
Кішіге де Сіз
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз Біз!
-Балалар, әр ұлттың ою –өрнектері әр түрлі болады. Біздің ою-өрнегіміз ерекше.
Оларды әшекейлеген ұлттық киімдер , тұрмыстық заттар арқылы танып, біліп
келеміз.
Ою-өрнектерді өсімдіктерге жапырақтар, гүлдер,жануарларға қарап шығарған.
Ою-өрнектердің бірнеше түрлері бар.Қошқар мүйіз осы төрт түліктің бірі қошқардың мүйізіне ұқсатып шығарған.Бұл ою киізден жасалған текеметте,сырмақта, үй бұйымдарында кездеседі.
-Балалар,бүгін бізге алыста тұратын әже көмек сұрай келіпті.
Әжейге қол орамалды безендіруге көп тапсырыс түскен екен.
Әжей үлгере алмай, сендерден қол орамалды оюлап берулеріңізді өтінді.
Әжейге көмектесеміз бе?

-Иә, әжеге көмектесеміз.
-Алдарыңызда қандай оюдың үлгісін көріп отырсыңдар?
-Қошқар мүйіз оюының үлгісі.
-Бүгін біз қол орамалға қошқар мүйіз оюын жапсырамыз.

-Балалар шаршаған боласыңдар,бойымызды сергітіп алайық.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
-Балалар, ою-өрнек туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?
-Өнерлі бала өрге жүзеді.
-Ою ойғанның ойы ұшқыр.
-Өнерлі бала сүкімді.
-Ал, балалар, енді ойын ойнап жіберейік.
Дидактикалық ойын : Өрнекті ата.

Ойынның шарты: Балалар өрнектің атын атайды.
Ең көп атаған бала жеңімпаз болады.
Балалардың жұмысын тексеру.
-Балалар,бүгін біз қол орамалды қандай ою-өрнекпен әсемдедік!
-Қошқар мүйіз оюымен әсемдедік. Әр бала өз қол орамалындағы
оюдың түсін атайды.
Білуі керек: Ұлттық ою –өрнек түрлерін ажырата білуі.
Үйрену керек: Көз мөлшерімен ою-өрнекті матаның бетіне жапсыра білуді
үйрену керек
.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.