Нәрестенің қимылы мен психологиялық даму жолдары (1 жасқа дейін)
Нәрестенің қимылы мен психологиялық даму жолдары (1 жасқа дейін)
• 1 айлық бала тік көтерген кезде басын ұстауға тырысады;
• 2 айлығында етпетінен жатып, басы мен кеудесін көтереді;
• 3 айлығында етпетінен жатып, шынтақтап денесін көтереді, демеп ұстаса, жамбастап отырады, шалқалап жатып, бүйіріне аунап түседі, мойны қатайып, басын тік ұстайды;
• 4 айлығында қозғалысы ширап, жеңілдей түседі; бала көтерілгенде алақанымен жер тірейді, әрі-бері аунап түседі, шалқалап «көпір» жасайды, әр түрлі заттарды қолына ұстайды;
• 5 айлығында әлденеге сүйеніп отырады, қолтығынан демесе, тізесін бүкпей түзу тұрады;
• 6 айлығында демеп ұстамай-ақ өзі құйрығын басады, немесе тік тұрып, аяғын басуға талпынады;
• 7 айлығында еңбектейді, өздігінен отырады, тізерлеп тұрады, қолынан ұстап демесе, аттап қадам басады, ойыншықтарын бір қолынан екінші қолына алмастыра алады;
• 8 айлығында өздігінен отырады, басын өзі көтере алады, бір нәрседен ұстап жүруге талпынады;
• 9 ай толғанда қаз тұрады және қолынан жетектесе қаз-қаз басады;
• 10 айлығында өздігінен отырып тұрады, үстелді айналып жүреді, бір қолынан ұстаса, алғашқы қадам жасауға талпынады;
• 11-12 айлығында бір қолынан ұстағанда жақсы жүреді, демеп ұстамай-ақ өздігінен жүруге талпыныс жасайды, сүйеусіз-ақ отырады, жерде жатқан затты тізерлемей жерден көтеріп алады.????
Дереккөз: http://reactor.inform.kz