Картоптың вирус аурулары | Скачать Дипломдық жұмыс

0

Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Агробиология факультеті

Агрономия кафедрасы

Дипломдық жұмыс (жоба)

Бошай Әсем

Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейту

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В080100 Агрономия

Алматы 2018
Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Агробиология факультеті

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейту

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі материалдар саны
Қосымшалар

Орындаған: Бошай Әсем

20 ___ ж. «____» _____________ қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі ____________________Оразбаев С.Ә.
(қолы) (аты-жөні)

Жетекші___________ _______________Сүлейменова С.Е.
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
Сүлейменова С.Е.
(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Норма бақылау _________________________ (қолы) (аты-жөні)
Сарапшы ________________________________ (қолы) (аты-жөні)

Алматы — 2018 ж.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
———————————— ———————————— ———-

———————————— ———————————— ———-
Агробиология факультеті
Мамандығы Агрономия
Агрономия кафедрасы

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
Тапсырмасы

Студент Бошай Әсем

Жұмыс (жоба) тақырыбы Картоптың вируссыз отырғызу материалын алу және оны көбейту

Университет бойынша 20___ж __________________ № _____ бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 2017___ж __________________
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ________________________
Дипломдық жобада жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _________________
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда) ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ______________________
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _________________________________________
(жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы

Кафедра меңгерушісі ____________________ Оразбаев С.Ә.
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекші___________ ________Сүлейменова С.Е.
(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ____________________ Бошай Әсем
(қолы) (аты, жөні)

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
Графигі

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер

Кафедра меңгерушісі ____________________ Оразбаев С.Ә.
(қолы) (аты-жөні)

Жұмыс жетекші___________ _____________ Сүлейменова С.Е.
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ____________________ Бошай Әсем
(қолы) (аты, жөні)

Мазмұны

Бет
1
Кіріспе
8
2
Зерттеу бағдарламасы бойынша әдебиеттерге шолу
10
3
Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы

4
Картоп дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Зерттеулердің заманауи жағдайлары
12

Зерттеу жағдайлары, нысандары және әдістері
19

Шаруашылықтың топырақ-климат жағдайы
28

Зерттеу нысаны
28

Зерттеу әдістері
33

Зерттеу нәтижелері
33

Экономикалық тиімділігі
50

Еңбек қорғау
54

ҚОРЫТЫНДЫ
59

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
60

ҚОСЫМШАЛАР
62

АНЫҚТАМАЛАР

Осы дипломдық жұмыста қолданылған терминдер:
Эксплант — өсімдіктен бөлініп алынған бөлшек немесе мүше.
In vitro — тірі материалдарды шыны жағдайында, ассептикалық жолмен жасанды қоректік ортада өсіру.
In vivo — тірі материалдарды қалыпты жағдайда өсіру.
МС (MS) қоректік ортасы — Мурасиге-Скуга жасанды қоректік ортасы.
Ұштық ұлпа — сабақ (тамыр) ұшында орналасқан түзуші ұлпа.
Қалемше — жапырақ пен қолтық бүршігі бар сабақ кесіндісі.
Фитогормондар — өсімдік өсуін реттеушілер.
Ризогенез — тамыр жүйесінің түзілуі.
Регенерация — организмнің жоғалған мүшесінің немесе оның бөлігінің қалпына келуі.
Каллус — өсімдік органдары клеткаларының ретсіз пролиферацияға ұшырауынан пайда болған ұлпа.
Пролиферация — бұрын бар клеткалар мен ұлпалардың көбеюі және жаңадан клеткалардан түзілуі.
Каллусогенез — каллустық ұлпалардың түзілуі.
Культуральды өсімдіктер — жасанды қоректік ортадағы in vitro жағдайында өсірілген өсімдіктер.
Клон — вегетативті көбейту жолымен пайда болған бір организмнің немесе бір клетканың ұрпақтары.
Клондау — вегетативті көбейту мақсатында аналық өсімдіктерді немесе түйнектерді бөлшектерге бөлу жолымен тираждау.

БEЛГIЛEУЛEP МEН ҚЫCҚAPТУЛAP

ҚP — Қaзaқcтaн pecпубликacы
ҒЗИ — ғылыми-зepттeу инcтитуты
ҚазККШҒЗИ — Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
St — cтaндapт
км — килoмeтp
м — мeтp
cм — caнтимeтp
мм — милимeтp
кг — килoгpaмм
мгкг — миллигpaм килoгpaмынa
м[3] гa — мeтp куб гeктapынa
г — гpaмм
гa — гeктap
т — тoннa
л — литp
лгa — литp гeктapынa
ж — жыл
млн. — миллиoн
т.б. — тaғы бacқa
б.з.б — бiздiң зaмaнымыздaн бұpын
cт. — cтaндapт, aудaндacтыpылғaн copт
% — пaйыз
C — гpaдуc Цeльcий
aтм. — aтмocфepaлық қыcым
гтүп — бір түптен алынған түйнектер салмағы, грамм
данатүп — бір түптен алынған түйнектер саны, дана
м2 — шаршы метр
мгл — миллиграмм литрге
тга — бір гектардан алынған өнім өлшемі
EТA- eң төменгі aйыpмaшылық
AҚ — aкциoнepлiк қoғaм
ЖШC — жaуaпкepшiлiгi шeктeулi cepiктecтiк

Кіріспе

Картоп маңызды ауылшаруашылық дақылдарының бірі болып табылады. Халық санының өсуі және ашаршылық деңгейінің жоғарылауы жағдайында БҰҰ Ассамблеясы, ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, келешекте адамзаттың азық түліктік қауіпсіздік мәселесін тек қана картоп шеше алады деп және бұл саланың дамуының стратегиялық маңызын есептей отырып, әлемдік қауымды картоптың рөліне аударуда [1].
Қазақстан бойынша картоп дақылының орташа өнімділігі 10-12 тга аспайды. Қазақстанда жыл сайынғы түйнектік репродуция үрдісінде өнімнің төмендеу тенденциясы, вирустық инфекциямен зақымдалу себебінен, картоптың элиталық тұқым шаруашылығындағы негізгі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарда, фермерлік және жеке шаруашылық қожалықтарында сортжаңарту және сорталмастыру үшін жоғары репродукциялық сертификацияланған тұқымдық материалмен қамтамасыз ету әлі күрге дейін жөнге қойылған жоқ және картоп дақылының тұқымшаруашылығында ең бір өзекті мәселе болып отыр.
Картоп дақылының өнімділігін жоғарылатудың бірі, оны вирустық инфекциядан сауықтыру. Вирустық аурулар картоптың өнімділігін төмендетуде негізгі рөл атқарады. Түйіндер инфекцияны жинап, репродукциядан репрадукцияға беріп отырады [2].
Картоптың сауықтырылған тұқымдық материалын әр түрлі әдістермен алуға болады, бірақ ең кепілді сапа, апикальды (ұштық) ұлпа әдісін пайдаланып in vitro көбейткенде қамтамасыз етіледі. Өсу қалемшелерін микроөсімдіктерді клондау әдісімен үйлестіру және минитүйнек өсіру элитаның жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бірақ өте қымбат.
Қоректік ортаны оңтайлау жолымен, минитүйнектер алуда, in vivo жағдайында жақсы бейімделу үшін, картоп көшеттерін жылы жай жағдайында өсіруін жалғастыру, отырғызу материалын алуда шығынды азайту жолдарын іздеуді қажет етеді.
Сол себепті, картоптың тұқым шаруашылығын сауықтырылған бастапқы материал негізінде жүргізуге негізделген жұмыс тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді.

Әдебиетке шолу

1.1 Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы
Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі. Оны вегетативті түрде (түйнек, көзше, бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен — қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі — көбейтіледі. Тұқыммен көбейтілгенде картопта күндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше сабақтардан құралады. Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптастырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6-7 %, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш — 20-25%) және топырақтың 60 см қабатында орналасқан.
Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы жақсы белгілі. Оның түйнегінде адамның қорегіне қажетті көмірсулар, сонымен қатар ақуыздар мен басқа да заттар көп мөлшерде кездеседі. Қорек ретінде картоп тағамға вегетативтік органы қолданылатын өсімдіктердің арасында бірінші орында.
Картоп ақуызы толық өсімдік ақуызына жатады. Оның сіңімділігі өте жоғары. Түйнектерінде салыстырмалы түрде ақуыз аз болғанымен, 1 га картоп егісі сіңімді ақуызды 1 га жүгері, малазықтық қызылша, арпа немесе сұлыға қарағанда көп береді. Бұл жағынан картоп дақылы бұршақ тұқымдастардан кейінгі орында.
Картоп спирт, крахмал және басқа өнімдер, тіпті арнайы лактар және жасанды жібек, әтір, дәріханалық заттар өндірісіне де жақсы шикізат болып табылады. Негізінен картоп крахмал өндірісінде кең қолданылады, өйткені оның құрамындағы ақуыз крахмалдан, күріш, бидай немесе басқа да дақылдарға қарағанда оңай бөлінеді [3].
Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін және адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады, сондықтан оны заңды түрде екінші нан деп атайды. Картоп түйнегінде 25%-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14- 22% крахмал, 1,4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл болады. Картоп белогі өзінің құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында (организмінде) синтезделмейтін амин қышқылдары — ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж.б. бар.
Картоптың әр гектардан 150 ц түйнек пен 80 ц сабаңжапырақ өнімінің малазықтық құндылығы шамамен 5500 азықтық өлшемге (а.ө.) тең. Картоп түйнегі адам ағзасының қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы дәрумендер — аскорбин қышқылы (С дәрумені), В, А, РР, К дәрумендер тобы мен минералды тұздардың (Менделеевтің периодтық жүйесінің 22 элементі — темір, кальций, магний, натрий, фосфор, йод ж.б.) маңызды көзі. Егер тауық жұмыртқасының биологиялық құндылығын 100% деп есептесек, онда бидай белогінің құндылығы 63-65%, ал картопта — 84- 85%. Біздің елімізде тағам, тігін, қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Одан спирт, глюкоза, декстрин, көмір қышқылын ж.б. өндіреді. Құрамында 17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 л спирт, 55 кг сұйық көмір-қышқылын, 39,0 кг сивуш майын немесе 170 кг крахмал мен 100,0 кг картоп ұнын немесе 80 кг глюкоза мен 65 кг гидрол өндіруге болады. Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық дақыл ретінде де жоғары бағаланады. Мал азығына түйнектер, сабақ- жапырағы және өнеркәсіптік өңдеудің қосымша өнімдері (барда, мезге) пайдаланылады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1,6 кг қорытылған протеин бар. Картоптың сабақ-жапырағы тамыржемістер, қырыққабат жапырақтары және жүгерімен қоспалары мал тәбетпен жейтін тамаша сүрлем береді. Танаптарда картоп өсіру, — деп жазған кезінде Ресей ғалымы академик Д.Н. Прянишников, — бұрын бір масақ өскен жерде енді үш масақ алуға болады деген сөз.
Картоп дақылының биологиясы және морфологиялық ерекшеліктері
Картоп дақылын алқа тұқымдасының Solanum L. туысына, Tuberarium (Дик.) Вик. секциясына жатқызады. Tuberarium секциясының таралу аймағында Америка, Оңтүстік Америкада картоптың 150 түрі өседі [4].
Картоптың мәдени түрі S. tuberosum L. Картоп дақылы дүние жүзінің топырақ, ауа-райы әр түрлі көптеген елдерінде өсіріледі. Картоп көп жылдық шөптесін өсімдік, бірақ шаруашылықта бір жылдық дақыл ретінде өсіріледі. Оның тіршілік айналымы түйнегінің өнуінен бастап жаңа түйнектер қалыптасуы мен дамуы бір өсіп-өну кезеңде өтеді. Картоп дақылын көбіне вегетативті жолмен көбейтеді, сондай-ақ түйнек бөліктерімен, өскіндерімен, қалемшелерімен, тұқымымен де көбейтуге болады. Тұқымымен көбейту картоптың жаңа сорттарын шығаруда селекцияда қолданылады [5]. Тұқымы арқылы өсірілген картоп бір жылдық, себебі өсімдіктің тіршілігі жыл сайын қайтадан басталып отырады [6].
Бірқатар авторлардың мәліметтері бойынша, түйнектің өнуіне топырақтың қолайлы температурасы +7°С, ал түйнекқалыптастыру барысындағы қолайлы температура +16°С болады. Картоп сабағының дамуы және ассимиляция жүруге қажетті ауаның қолайлы температурасы +20°С — +21°С болады. Топырақ температурасы +29°С жеткенде түйнектің өсуі толығымен тоқтайды, ал температура +40°С жеткенде фотосинтез процессі тежеледі. Картоп жарық сүйгіш өсімдік, түйнектер жарықсызда өне береді, бірақ бұл жағдайда картоп сабағы өнімді аз жинайды. Картоп ылғал мен қоректенуге талабы зор, әсіресе гүлдену мен түйнек қалыптастыру кезеңінде [7]. Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, Н. А. Серекпаев, Н. А. Шестакова, С. С. Арыстанғұлов ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ 396-бет
Картоп дақылының өскін шығу мерзіміне сорттық ерекшеліктерінің әсері болмайды. Ол негізінен қоршаған орта температурасына байланысты. Ауа температурасы +11°С- +12°С болғанда картопты отырғызған күннен бастап 28-30 тәулікте өніп шығады, ал ауа температурасы 15°С болса өскіндер 7 тәулікке ерте көктейді [10].
М.Х. Чайлахянның мәліметтері бойынша түйнек түзілу екі кезеңнен тұрады: өзгерген өркендер өсуі мен қалыптасуы, түйнектер өсуі мен қалыптасу кезеңі [11]. Кейбір авторлар [12] мәліметтері картоп өсімдігінің түйнек қалыптастыруын мынадай сатыларға бөледі: 1-саты өзгерген өркендер индукциясы мен инициациясы; 2-саты өзгерген өркендер өсуі мен тармақтануы; 3-саты өзгерген өркендер өсуінің тоқтауы; 4-саты түйнектер индукциясы мен инициациясы.
А. Буттың (1966) мәліметі бойынша өзгерген өркен дегеніміз диагеотропты өсетін рудиментарлы жапырақтары бар жанама өркен. Бұл жарықта және қараңғыда өскен өзгерген өркендерге тән құбылыс [13].
Қартоп түйнегі түрі өзгерген өркен деп аталады. Түйнектің өзгерген өркенге бекітілетін жері кіндігі, ал қарама-қарсы жағы төбесі. Картоп түйнегі төбе бөлігінен өседі және көзшелері түйнектің төбесінде шоғырланып орналасқан [5, 14, 15]..
Картопта қалыптасатын түйнектер саны өзгерген өркендер санымен тығыз байланысты болады, ал өзгерген өркендердің түйнек түзуі генотипке байланысты. Кейбір сорттар өнімінің пісуіне дейін картоп түбіндегі бастапқы салынған түйнектерінің тек 70-85%-ын ғана сақтап қалады. Мұндай құбылысты түйнектерге ассимиляттардың түспеуімен түсіндіруге болады, бұл түйнектер кейініректе жойылады [16].
Картоп дақылы өздігінен тозаңданады, кейде жел мен жәндіктердің көмегімен айқас тозаңдануы да мүмкін. Жемісі көп тұқымды, екі ұялы қою жасыл түсті жидегі шар тәрізді немесе сопақша келеді. Тұқымы жалпақ, ашық сары түсті, 1000 дана тұқымының салмағы шамамен 0,5г болады [17].
Картоптың жалпы шыққан тегі Оңтүстік Американың таулы аудандары болғандықтан, жаз айларының қоңыр — жай болғанын талап етеді. В. С. Әбділдаев мәліметі бойынша, картоп өсімдігінің вегетация кезеңіндегі жылуға, суға, қоректік заттарға, ылғалға деген талаптары өзгеріп отырады. Сондықтан жоғары өнім алу үшін аталып өткен талаптарды дұрыс қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады.
Картоптың ерте шығатын сорттары үшін көктеп шыққаннан, қазып алғанға дейінгі қажетті барлық жылулық мөлшері — 1200-1400°С, ал бұл көрсеткіш кеш пісетін сорттар үшін 1400-1700°С. Қазақстанның қай облысында болмасын 1900°С жылулықтан кемі жоқ, оңтүстік облыстарда осы көрсеткіш 2600-2800°0С дейін жетеді. Сондықтан картоп дақылын Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге болады [18]. Картоп жарық сүйгіш өсімдік, жарықтың түсуі нашар жерлерде картоп өсімдігінің сабағының ұзарып өсуі мен жас түйнектерінің қалыптасуы тежеледі Картоп дақылы гүлдеуі мен жеміс түзуі бір-біріне байланысты ұзақ күн өсімдіктер қатарына жатқызылады. Ұзақ күн кезінде сабағы, гүлдері және жемістерінің дамуы қарқынды жүріп, ал қысқа күн түйнектердің қалыптасуына көмектеседі [21].
Картоп тұқымдары будандастыру және өздігінен тозаңдану арқылы алынғанда гетерозиготалы болады. Бұл тұқымдардан алынған ұрпақтарының түйнектер пішіні, өнімділігі мен сапасы жағынан әр түрлі ауытқуларға ие болады. Тұқымымен өсірілген картоп өсімдігінің өнімділігі әдетте төмен, түйнектері ұсақ болады. Картоп түйнектерінде аналық өсімдіктің барлық ерекшеліктері мен қасиеттері сақталады. Түйнек — картопты түйнекпен көбейту кезінде аналық өсімдіктің өсуін жалғастыруды қамтамасыз етуші, қыстап шығатын түрі. Сол себепті, картопты түйнек арқылы көбейтуде көп жылдық өсімдік деп айтуға болады, ал оның жасы сол сорттың жасымен анықталады [22].
Картоптың жалпы шыққан тегі Оңтүстік Американың таулы аудандары болғандықтан, жаз айларының қоңыр — жай болғанын талап етеді. Бірқатар авторлардың мәліметтері бойынша, түйнектің өнуіне топырақтың қолайлы температурасы +7°С, ал түйнекқалыптастыру барысындағы қолайлы температура +16°С болады. Картоп сабағының дамуы және ассимиляция жүруге қажетті ауаның қолайлы температурасы +20°С — +21°С болады. Топырақ температурасы +29°С жеткенде түйнектің өсуі толығымен тоқтайды, ал температура +40°С жеткенде фотосинтез процессі тежеледі. Ауа температурасы +11°С- +12°С болғанда картопты отырғызған күннен бастап 28-30 тәулікте өніп шығады, ал ауа температурасы 15°С болса өскіндер 7 тәулікке ерте көктейді [7].
Картоп жарық сүйгіш өсімдік, жарықтың түсуі нашар жерлерде картоп өсімдігінің сабағының ұзарып өсуі мен жас түйнектерінің қалыптасуы тежеледі Картоп дақылы гүлдеуі мен жеміс түзуі бір-біріне байланысты ұзақ күн өсімдіктер қатарына жатқызылады. Ұзақ күн кезінде сабағы, гүлдері және жемістерінің дамуы қарқынды жүріп, ал қысқа күн түйнектердің қалыптасуына көмектеседі [3].
Картоп сорттары пісу мерзімдеріне байланысты: ерте, орташа ерте, орташа мерзімде, орташа кеш және кеш мерзімде пісетіндер топтарына бөлінеді.
Шаруашылықта алатын орнына байланысты, картоп сорттары мынандай топтарға бөлінеді:
асханалық — іші қараймайтын дәмді;
техникалық — құрамында крахмал мөлшері 20-25 %- тен кем болмауы керек. Крахмал, спирт және тағы басқа өндіру үшін қажет.
асханалық және техникалық — дәмді, іші қараймайтын әрі крахмалы жоғары сорттар. Мұндай сорттар өндірісте де тағам ретінде де қолданылады;
мал азықтық — құрамында белок және құрғақ заттардың мөлшері жоғары болуы шарт;
универсалдық(әмбебап) — сорттың ерекшелігі дәмді, іші қараймайтын, крахмалы, белогы және өнімі жоғары болады. Мұндай сорттарды тағамға, өндіріске және мал азығына да пайдалана беруге болады.
Картоп айтарлықтай жылусүйгіш өсімдік. Тыныштық күйден өткен және температурасы 3-5°С-дан төмен емес топыраққа отырғызғаннан кейін өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Температура +7 — 8° дейін көтерілгенде түйнектердің қалыпты өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы тсмпература + 16 — 18° деп есептеледі [18].
Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, 20 тонна көң төгілген алқаптың әр гектарынан көң төгілмеген жерге қарағанда 25 центнер картоп өнімі артығымен алынған [19].
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5-6°. Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17 — 22° температурада байқалады. +25°-тан жоғары температура есімдіктерді әлсірстеді, ассимиляңия процесі баяулайды, ал 42°-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. — 1 — 1,5° суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік карайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16 — 18°, немесе +22 — 25° ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +6°-тан төмен және +23°-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26 — 29°-та түйнектің тузілуі мүлде тоқтайды. Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы (+10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400 — 1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600 — 1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін — 1800 — 2000°. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады [20].
Халиленконың (Дағыстан ауыл шаруашылық институты) тәжірибесінде картопты күздік арпадан, жүгеріден және қыстық бұршақ пен күздік қара бидай қоспасынан кейін отырғызған кезде одан мынадай өнім алынған: күздік арпадан кейін — 114,6 цга, жүгеріден кейін — 156,6 цга, күздік қара бидай мен қыстық бұршақ қоспасынан кейін — 165,8 цга. Бұл тәжирибеде картоптан ең жоғарғы өнім күздік қара бидай мен қыстық бұршақ қоспасынан кейін алынғаны байқалады [21].
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ерте пісетін дақылдардан кейін аңызға картоп егіп, одан жақсы өнім алуға болатыны ақиқат. Бірақ бұл іс жүзінде әлі қолға алынбай келеді. Оңтүстіктің қолайлы климат жағдайында егістік жерді тиімді пайдалану үшін аңыздық картоп егу жұмыстары ертелі кеш қолға алынуы тиіс. Картоптың биологиялық ерекшеліктері оны аңызға егу өте тиімді екенін дәлелдейді [22].
Картоп өнімін көтеру үшін органикалық тыңайтқыштармен қатар, құрамында өсімдікке қажетті және сіңімді түрінде кездесетін қоректік заттары бар минералды тыңайтқыштардың маңызы зор. Профессор Н.С.Бацановтың деректері бойынша картоп тамыр жүйесі қысқа әрі жетілмеген өсімдік болғандықтан өзі өскен ортада қажетті қоректік заттардың толығынан болуын талап ететін дақыл [23].
Фосфор ақуыздың құрамына кірмегенімен, нуклеин қышқылы құрамына кіреді, ол ақуызбен қосылып нуклепротеидтер түзеді. Фосфор — крахмалдың белгілі бір құрамы. Ол органикалық қосындылар құрамына (ферменттер, дәрумендер) кіріп, өсімдік өмірінде маңызды міндет атқарады. Фосфор жеткілікті болған жағдайда ғана өсімдік дұрыс өсе алады.
Азот — ақуыздың күрделі молекуласын түзетін аминқышқылдары құрамына кіреді. Картоп өсімдігі азотты топырақтан азот қышқылының минералды және аммоний тұздары арқылы алады. Азот жетіспеген жағдайда өсімдік баяу өседі, жапырағы бозғылт түстенеді, ерте сарғаяды, соның салдарынан түйнектің крахмалы азаяды және өнімі төмендейді. Азот шамадан тыс көп болса да зиянды, онда сабағы тым бойлап өсіп, түйнегі жетілмей қалады және ұзақ уақыт піспейді.
Калий элементі азот, фосфор, күкірт сияқты органикалық қоспалар құрамына кірмейді, ол өсімдік құрамында ионды түрде қатысады. Калий жетіспеген жағдайда фотосинтез қарқыны, топырақтан түйнекке баратын қоректік заттардың ағысы төмендейді. Калий элементі жетпей тұрған өсімдікті, оның қола түсті жапырағынан байқауға болады. Өсімдіктің гүл салу кезеңіне дейін топырақта калий жеткілікті болса, картоп өнімі жоғары болады [23].
Картоптан мол өнім алу оның тұқымдық түйнегінің сапасына көп байланысты. Шірік, құрт жеген, үсік шалған немесе тұншыққан түйнектерді мүлдем отырғызуға болмайды. Сол сияқты көктетілгенде өнбеген немесе өркені жіңішке түйнектер тұқымға жарамайды. Тұқым ішінде басқа сорт түйнегі кездессе оны бөліп алып тастайды. Отырғызу алдында 3-5 см-ден артық өскен өркендер шырпылады, себебі олар картоп отырғызатын аппарат дөңгелегіне шыланып, түйнектің жерге түсуіне кедергі жасайды [22].
Картоптың оңтүстік жарты шарда таралуы жоғары температура мен суарудың жоқтығынан шектеулі.
Картоптың ыстыққа төзімсіздігін ескере отырып, оның төменгі температураларға да аса сезімталдығын көрсету керек. Картоптың қарапайым сорттары күн тез суыған жағдайда -10С температурада өле бастайды.
Төменгі температураларға негізінен картоптың жас өскіндері төзімсіз. Температураның баяу төмендеуі өсімдікте қанттың жиналуына әкеліп оның аздаған үсіктерге төзімділігін арттырады. Мұндай өсімдіктер -20, -30С, ал кей жағдайларда -40С дейінгі үсіктерге шыдамды [22].
Субэпидермальды және дихламидтіге қарағанда эпидермальды мутацияның жиілігі картоп дақылында айтарлықтай жоғары. Жоғарыда көрсетілген екі түр мутацияның жалпы массасында 20 пайыздан аспаған. Олар эпидермальды мутацияның екіншілік мутация нәтижесінде пайда болған деген болжам бар. Картоптың вегетативті мутациялары көп жағдайда күтпеген жолмен пайда болады және әртүрлі белгілерді қамтиды: түйіні мен гүлдерінің түсі, картоп түйінінің беткі жағы мен формалары, жапырақ пластинкасын, сонымен қатар кейбір шаруашылық-биологиялық белгілерін Russet типіндегі мутация тек эпидермальды қабатпен шектеледі. Бұл жағдай, мысал ретінде, ағылшындық сорт Гольден Вондер сортында кездеседі [20].
Фитофтораға төзімді сорттарыдың селекциясының алғашқы зерттеулері 1847жылдан, картоп фитофторозының жаппай Батыс Еуропада, әсіресе, Ирландияда жаппай таралуына байланысты басталды. Фитфтороға төзімді гибридтерінің S.demissum түрі көп мөлшерде 1921-1935 жж Германия және АҚШ-та алынды. Пероксидазаның жоғарғы активтілігі анықталған картоп сорттары фитофтораға анағұрлым төзімді. Фитофтораға келесі түрлер төзімді: Demissa сериясының — S. Demissum(әсіресе v. Tlaxpenualcoence 0,29 Вик және v. xitlenceВик), S. Verrucosum, S. Semidemissum, S. Salamanii, S. Brachycarpum, S. Guerreroense, S. Spektabile, S. Iopetalum; Longipedicellata сериясының — S. Vallis-mexici, S. Fendleri, S. Polytricon, S. Stoloniferum, S. Ajuscoense, S. Antipovicrii(әсіресе v gandarae, v reddikii, v. Martinezii), S. Longipecellatum, S. Malinchense, S. Tlaxcalense; Polyadenia сериясының — S. Polyadenium; Pinnatisecta сериясының — S. Pinnatisecta және басқалары.
Дегенмен жоғарыда көрсетілген түрлер әр түрлі төзімділік дәрежесін көрсетеді. Селекцияда фитофтораға төзімділітк көп жағдайда S. Demissum, S. Semidemissum түрлері қолданылады. Бұлар әртүрлі сорттармен және түрлермен оңай айқасатын құнды қасиеттер комплексімен ерекшеленеді [23]
Көшеттердің фитофтораға төзімділігі тікелей бастапқы ата-аналық формалардың төзімділігіне байланысты екендігі анықталған. Егер ата-аналық формлардың екеуі де төзімді болса, онда будандастыру кезінде ұрпақтарында төзімді көшеттердің көптігі байқалған (39,0-68,0%). Егер тек аналық форма төзімді болса, төзімді формалардың саны 40,5-тен 51,8%-ға дейін ауытқып отырады. Егер, тек аталық форма ғана төзімді болса, онда, 19,6-дан 41,5%-ға дейін.
0.2 Картоптың вирус аурулары
Вирус аурулары картоп өсіретін барлық жерде кездеседі, вирус ауруынан дүниежүзінде картопқа 13 % немесе 30 млн тонна шығын келеді [4]. Қазақстанда картоп дақылына ең зиянды ауру — вирус аурулары. С. Т. Бубенцовтың [5] мәліметі бойынша Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында сепкін мозайкадан картоп 20%, әжімді және жолақ мозайкалары — 70-80 % өнімін жоғалтқан. А. С. Удовицкий мен А. И. Востриковалардың [6] мәліметі бойынша Солтүстік Қазақстанның картоп танаптарында вирус ауруларының көптеген түрі кездеседі, соның ішінде жолақ мозайка — 48, әжімді мозайка — 18, жапырақтың жиырылуы — 35, сепкілді мозайка — 32 %-ке дейін тараған.

Жапырақтардың вирустық жиырылуы (PLRV)

Y (PVY) вирусы

X (PVX) вирусы

Түйіндердің жіпшелену вироиды (PSTV)
Вирус ауруларынан келетін шығынды кесіп айту мүмкін емес, өйткені әр ауданда жылдың ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі зиян келтіреді. Вирус аурулары картоп сортына, агротехникасына және тұқым сапасына байланысты бірнеше пайыздан өнімді түгел дерлік жоюға дейін зақымдауы мүмкін.
Вирустар дақылдың өнімділігін төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге тұқымдық түйіндердің сапасын да нашарлатады. Түйінде құрғақ заттардың, аскорбин қышқылының мөлшері де төмендейді.
Картоп дақылында кездесетін барлық вирус аурулары 2 топқа бөлінеді. Олар — мозайка және сары ауру.
Мозайка ауруын қоздыратын вирустар — У. А. Х. S. M. F. және т.б. Бұл ауруға шалдыққан картоп сабағына және топырақтарында сарғыштау жасыл дақтар пайда болады (сепкілді және кәдімгі мозайка) немесе жапырақтары жиырылып қатпарланады (бұйра, жапырақтың әжімді мозайкасы), жапырақтарда және сабақтарда өлі тканьдардан тұратын қара тесіктер пайда болуы мүмкін (жолақ мозайка).
Оның тіршілік айналымы түйнегінің өнуінен бастап жаңа түйнектер қалыптасуы мен дамуы бір өсіп-өну кезеңде өтеді.
Сары ауруға жататындар — столбур, жапырақтың жиырылу ауруы (L), сыпырғыш тәрізді ауруы т.б. Мұндай ауруға шалдыққан картоп жапырақтары сарғайып тұрады және ұсақталып кетеді. Сабақтары да жіңішке келеді, кейде шамадан тыс көбейіп сыпырғыш тәрізді болады. Сары ауру вирустары әдетте жәндіктер арқылы тарайды.
Мозайка ауруын тарататын вирустар өсімдік жапырақтарында, сабақтарында көп, ал өсімдіктің ұшар басында сирек кездеседі. Картопты жоғары меристема бөлшегі арқылы вирус ауруынан сауықтыру тәсілі өсімдіктің осы қасиетіне негізделген.
Әртүрлі вирустардың өсімдіктер бойына орналасуы әрқилы болады. Мысалы, А вирусы өсімдіктің ең жоғарғы нүктесінен сәл қашықтау орналасса, С вирусы сол жоғарғы нүктенің өзіне орналасуы мүмкін.
Вирустардың өсімдік денесіне енгеннен кейін, олардың тарау жылдамдығы, оның сорттық ерекшеліктеріне, қоректік заттарға және өсетін ортаға байланысты әртүрлі болады.
Көптеген ғалымдардың зерттеулерінше [7], картоп өсімдігіне жәндіктер арқылы вирус енгізгенде, оның жапырағынан түйнекке дейін вирус 8-10 күнде жететіні мәлім болған. Кейбір ғалымдардың айтуынша [10,11] картоп өсімдігінің өсу мерзімі ұлғайған сайын оның У вирусына төзімділігі арта береді. Сондықтан картоптың тез өсіп-жетілуіне бағытталған агротехникалық шаралардың барлығы вирустардың тежелуіне пайдалы әсер етеді. Бойнянский В. [11] вирус зақымдаған картоп өсімдігі бойындағы крахмал мен белок мөлшері әдеттегіден 2,2 % және 0,22%- ке дейін төмендейтінін мәлімдеген.
У вирусы [tobacco veinal necrosis virus, solsnum virus 2 (Ortox) Smith, Stipple — streak virus; жолақ мозайка, әжімді мозайка, стрик, strichelkrankheit]. Бұл картопты қатты зақымдайтын және жиі кездесетін вирустың бірі. Аурудың бірінше белгілері жапырақта мозайкалы немесе қоңыр дақ түрінде кездеседі. Өсімдік бойы өспейді, аласа қалады. Жапырақтары деформацияланып, әжімді болып, тарамдары кішірейіп қалады. Тарамының жоғары жағы төмен қарай қайырылған. Жапырақ бетіндегі жүйке аралықтарында және жүйкелерінде, сағақтары мен сабақтарында өлі ұлпалардың учаскелері — некроздар пайда болады. Сағақтары мен сабақтары нәзік болады. Жиірек төменгі жапырақтары қараяды және жансызданады, төмен салбырайды. Түймегі майда. Өнімділігі — 50-90 % төмендейді. Картоптың мозайка ауруларының ең ауыр формаларын, жиірек У вирусы қоздырады, әсіресе басқа вирустармен қосылғанда (Х, А және т.б.).
Вирус А (potato virus A , kartoffel-A-virus, Solanum virus 3 Smith, Marmon Solani Holmes, Supermild mosaic, potato veinal — mosaic, Rauhmosaic). Бұл вирус жапырақта ірідақты мозайканы тұрғызады, кейде жүйке аралықтарында шығыңғы ұлпа бөліктері болады (жиырылу және бұйралану). Бұйралану әсіресе жаңадан дамып, келе жатқан жапырақтарда көрінеді. Өсуі тоқтаған жапырақтарда вирус симптомдары жиі жоғалып кетеді. Өте күшті штамдар тез қабылдағыш сорттарда сақталғыш мозайкаға әкеледі. Кейбір сорттарда жиі толық латенттілік байқалады.
Қатты байқалатын бұйралану белгілері (crincle) А вирусымен бірге өздігінен пайда болу мүмкін, бірақ жиі Х және У вирустарымен қосылыста зақымдалады. А вирусына Nikotiana geutinosa L. және Datura stramonium L. иммунды, индикатор ретінде қолданады.
Бұл вирусты темекі және басқа өсімдіктерге шырынды жағу арқылы тасымалдауға болады. Тасымалдаушы бітелері: A. fangulae, Myzodes persicaya, Aphis nasturtii, Macrosifum euphorbieae. Тасымалдаушыда вирус персисттентті емес. Вирус бөлшектерінің өлшемі 15х730 mμ А вирусы Х және S, т.б. вирустарға қарағанда сирек кездеседі.
Вирус Х [latent potato virus, potato mottle virus, potato ring spot virus, solanum virus 4 и 6, жеңіл теңбіл мозайка, potato common mozaic, potato interveinal mozaic]. Картоптың кең тараған вирустардың бірі. Аурудың сыртқы белгілері — өсімдікте ашық жасыл немесе сары дақтану көрінеді, жапырақ беті деформацияға ұшырамайды жәнеөсімдік күші төмендейді. Кейбір мәліметтер бойынша Х вирусының белгілері У вирусының белгілеріне қарағанда температура және жарық қарқындылығы төмен болғанда анығырақ көрінеді (G. Borchardt, 1961). Өнім 10-20% төмендейді. У және А вирустарымен аралас инфекция кезінде өнімнің төмендеуі арта түседі. Вирус бөлшектері жіп тәрізді өлшемі 10-15х500-525 mμ. Вирус шырын арқылы оңай таралады және ұлпамен өскін зақымдалғанкезде енеді. Егістікте ауру және сау өсімдіктердің жапырағы мен тамыралары әсерлескенде таралады. Габриэльдің [17] мәліметі бойынша бұл вирусты Tettigonia viridissima L. таратады.
Вирус S бұл вирус Х вирусы сияқты кең тараған. Вирус 1959 жылы Нидерландыда серологиялық зерттеулер негізінде ашылды. Ауру белгілерін әртүрлі сорттар мен жағдайларда бірдей емес. Жиірек жапырақтың жеңіл ақшылдануы, кей де әлсіз мозайка, жүйке тарамдарынан тереңдеуі жапырақ басы төмен қайырылуы және кішіреуі, жапырақтануы азырақ және басқа белгілері байқалады. Вирустың әртүрлі штамдарының болуы анықталды.
S вирустың белгілері әдетте Х және А вирустарына қарағанда кеш көрінеді. Аралас инфекция кезінде (Мысалы, А, Х, У — пен бірге) S вирустың болуы ауру суретіне салыстырмалы аз әсер етеді. Әдетте аталған әрбір вирусқа тән белгілерді мардымсыз күшейтеді. S вирусы өнімге салыстырмалы аз әсер етеді. Аса қабылдағыш сорттардың төмендеуі 10-15 % болады [15]..
Вирус шырын арқылы, ұластыру кезінде және жанасу жолымен жеңіл тарайды. Бітелердің кейбір түрлерімен тарайды [16]. Электронды микроскоппен қарағанда S вирусы жіп тәрізді аздап қайырылған бөлшек түрінде, орташа өлшемі 15х657 mμ екені анықталды.
Вирус М [вирус К, мозайкалы жиырылу, Rollmosaic, leafrolling, interveinal mosaic, paraerinkle, potato virus E, Solanum virus 7 Smith]. Багнал, Ларсон және Вокер [3,6] М вирусын Х және S — пен бірге Кобблер сорты өсімдіктерінде жүйке аралық мозайкалы белгісінен тапты (interveinal mosaic). Кейде М вирусы vigna silensis-те локальды сақина тәрізді зақымдаулар туғызады. Монгремье және Девернь [7,10] М вирусты Ратт сортында басқа вирустардың кешенісіз тапты.
Жиі ауру өсімдікке мозайка, тарамдалып жиырылуы, әсіресе жоғары жапырақтарының шеттері толқындалуы тән болады. Сонымен бірге әлсіз сарғаяды немесе қызғылт түске боялады. Нурмисте [7] аталған вирустан Олев және Тальвик сорттарының шығыны 40 %-ке дейін жетеді деп санады. Коновалов және Лорх [12] Агрономический сорттарының шығыны 60-70 %-ке жететінін анықтаған.
Вирус шырын арқылы және бітенің барлық түрінен тарайды.
Өсімдікте вирусты анықтап шығару, әсіресе М вирусы ауру жұққан өсімдік ұлпаларында концентрациясы бірқалыпты еместігі қиындатады. Ол бүкіл вегетациялық кезеңде көптеген жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады [5]. Жапырақтың ширатылу вирусы. [Blattroull-virus, potato leafroll virus, Solanum virus 14 (Appel) Smith, virus L]. Сары ауруға тән белгілер — жапырақтың ширатылуына әкеледі. Ауру жұққан бірінші жылы негізгі белгілері жоғарғы жапырақтары шетінен бастап ортаңғы жүйке бойымен қайық тәрізді қайырылуымен бірге сарғаяды немесе кейбір сорттардың жапырақтары антоцианды түске боялады. Келесі жылы әдетте барлық жапырақтардың тарамдары, өсімдіктің төменгі жағынан бастап түтіктеніп жиырылады. Өсімдік түгел сарғаяды.
Аурудың кейінгі дамуы барысында көптеген сорттар сыпырғыш тәрізді түрге келеді. Жапырақ біліктері жоғары қайырылады. Жапырақтарды үйкеген кезде металды шу естіледі. Тез зақымдалатын сорттарда флоэманың некрозы тек сабағында емес, түйнегінде де байқалады. Кейбір сорттар түйнектерінде желі некроз пайда болады (Netznekrose). Жапырақтың ширатылуымен бірге кейде түйнек өскіндерінің жіп тәрізді болуы байланысты. Вирус өнімді 40-90%-ке дейін төмендетеді [16].
Ауру отырғызылатын түйнек арқылы тез тарайды және жылдан жылға күшейеді. Вирус механикалық түрде тарамайды. Бітелердің ішінде Mezodes persicae арқылы тарайды. Картоптың ересек өсімдігіне түйнектен жапырағына вирус 8-10 күнде өте алады [17]. Вирустың жапырақтан түйнекке өту жылдамдығы сыртқы орта мен сорттық ерекшеліктерге байланысты. Европа мен АҚШ-та вирус көптеген варианттарда кездеседі, олар сортқа байланысты әртүрлі дәрежеде зақымдайды [18].
Әжімді мозаика. Бұл ауруға шалдыққан картоп жапырағы қатайып, қыртыстанып кетеді, олардың бетіне сарғыш дақ түседі. Өсімдіктің өсуі тежеледі, өнімі төмендейді. Ауру X пен У вирустары зақымдауының әсерінен болады.
Жолақ мозаика. Ауруға шалдыққан өсімдіктің жапырақ тарамдары арасында қара дақтар пайда болады. Ауру асқынған сайын төменгі жапырақгары қурап, салбырап ілініп тұрады, кейін ортаңғы жапырақгар да сол күйге түседі.
Бұл ауруды қоздыратын У вирусы және басқа да мозаика вирустары қосылуы мүмкін.
Жолақ мозаика көбінесе әжімді мозаикамен қосақталып жүреді.
Жолақ мозаикамен ауырған картоп өнімі төмен болады.
Жапырақтың мозаикалық жиырылуы. Негізгі белгісі — жапырақтың шеті жоғары қайырылады. Әдетте, картоп өсімдігінің жоғарғы жапырақтарынан басталады. Басқа да белгілеріне жататьндар: жапырақта ақшыл дақтар пайда болады, сәл әжімдер, аздаған қатпарлар болуы мүмкін
Аурудың қоздырғышы — МК вирусы. Ауру жоғарыда айтылған белгілерін көрсетіп асқынып кеткенде, картоп өнімін 30%-ке дейін төмендетеді.
Вирус М көбінесе сырт көзге көрінбейтін белгісіз қалыпта кездеседі.
Ауру, жөндіктер арқылы және жанасу арқылы тарайды.
Теңбіл мозаика кәдуілгі мозаика
Бұл аурудың белгісі жапырақтарындағы ақшыл теңбілдер. Ауру асқынған сайын көзге әзер көрінетін ұсақ теңбілдер айқындалып үлкейе береді, кейін қосылып кетеді. Теңбіл мозаиканың белгілері уақыт өткен сайын өзгеріп тұрады, ол өсімдіктің жас кезінде жақсы көрінеді гүлдеген кезге дейін және тұманды, салқын күндері айрықша көзге түседі.
Осы аурудың қоздырғыштары X және S вирустары. Егер өсімдікте У және А вирустары қоса кездессе, онда теңбіл мозаика әжімді мозаикаға айналады.
X және S вирустары танапта жанасу арқылы тарайды, S вирусының кейбір түрі жәндіктер арқылы тарайды.
Картоп өсетін жердің бәріне дерлік X және S вирустары жиі кездеседі, көбінесе белгілері сырт кезге көрінбегенімен, жалпы картоп өнімін төмендетеді.
Картоп өсімдігіне серологиялық анализ жасау арқылы X және S вирустарын айқындауға болады.
Жапырақтың жиырылуы. Бұл аурудың жапырақтың мозаикалық жиырылу ауруынан айырмашылығы өсімдіктің төменгі жапырақтарының шеті жоғары қайырылып, қайыққа ұқсап қалады. Мұндай жапырақгардың асты қоңырқай тартып, саудырап құрғап қалады.
Аурудың қоздырғышы L вирусы, ол тек жәндіктер арқылы тарайды өсімдік … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz