Ғылыми жұмыс «МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУҒА ДАЯРЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ»

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Ғылыми жұмыс «МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУҒА ДАЯРЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ»

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ғылыми жұмыстар Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға даярлығын анықтау жолдарын,жас және психикалық ерекшеліктерін диагностикалау

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУҒА ДАЯРЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ Тәрбиеші:Толегенова Ж.Ш. ЗЕРТТЕУДІҢ БОЛЖАМЫ Егер баланың мектепте оқуының даярлық деңгейі оның жас және психикалық ерекшеліктерін диагностикалау нәтижесінде ұйымдастырылса, онда олардың болашақта мектептік бағдарламаны табысты меңгеруіне толық мүмкіндік береді, өйткені баланың психологиялық ерекшелігі мектепте оқуға дайын болудың негізі болып табылады. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керек ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.2017 жылғы31 қаңтар ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫмектеп жасына дейінгі балалардың оқуға даярлығын теориялық тұрғыда негіздеу Мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға даярлығы мәселесінің қазіргі кездегі жағдайын талдау;Мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға даярлығының психологиялық ерекшелігін анықтау; Мектеп жасына дейінгі балаларды оқуға даярлау әдістерін эксперименттік тұрғыда талдау ЗЕРТТЕУДІҢ МІНДЕТТЕРІ Қазіргі кезде мектепке дейінгі тәрбие жұмысына тың көзқарастарды енгізу маңызды болып тұр. «Бөбек» қoрының президенті C. А. Назарбаеваның cөзімен айтқанда, «Әр баланың қабілетін өзінің күш-жігеріне, өзінің жазмышына cену өте маңызды ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ Д.Б.ЭЛЬКОНИН Я.Л. Коломинский Е.Е. Кравцова В.В. ДАВЫДОВ Божович Л.И С.Штребел, А.Керн, Я.Йерасек, А. Г. Лидерс ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР David-M-Lipman- Harold E Kelley Heider Bruner J.S. ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР Баланы мектепке даярлау мәселесіне қарастырған ғалымдар: Баланы мектепке психологиялық жағынан даярлаудың ерекшеліктері туралы ой толғаған: Ж.АймауытовТ.ТәжібаевЕ.СуфиевА.К.МеңжановаҚ.ЖарықбаевХ.Шерьязданова М.С.СәттімбековаӘ.С.ӘміроваА.Е.МанкешТ.ИманбековБ.О.АрзанбаеваР.К.КерімбековаС.Н.ЖиенбаеваН.С.Сайлауова Баланы мектепке даярлау – көпқырлы, комплексті, бала өмірінің барлық сфераларын қамтитын мәселе. Мектепке психологиялық даярлау – бұл мәселенің аспектілерінің бірі ғана, бірақ ол маңызды және мазмұнды. Соңғы жылдары мектептің оқуға даярлау мәселесіне шетелде көп көңіл аударуда.Бұл сұрақты шешу барысында Я.Йерасек көрсеткендей, бір жағынан теориялық құрылымдар және екінші жағынан эксперименталды ғылыми зерттеулер берілгендері қиылысады. Берілген мәселені шешуге тек қана педагогтар мен психологтар емес, сонымен қатар дәрігерлер мен антропологтар да өз үлестерін қосады. Сонымен, мектепке дейінгі кезеңнің негізгі психологиялық жаңа құрылымдары келесідей: Барлық психикалық процесстердің еріктілігі, саналылығы және олардың интеллектуализациясы,интеллектіден басқа барлық ғылыми түсініктер жүйесін игеру арқылы жүзеге асатын олардың іштей жанамалануы. Интеллект бұл шақта әлі өзін танып білмейді; Оқу іс-әрекетінің дамуы нәтижесінде өзінің жеке өзгерістерін саналы сезінуі. Осылайша мектепке дейінгі кезең мектептік балалықтың өте жауапты кезеңі болып табылады. Бұл жастың негізгі жетістіктері оқу іс-әрекетінің басты сипатымен негізделген және көбіне оқудың келесі жылдары үшін айқындаушы болып табылады: мектепке дейінгі кезеңнің аяғына таман бала оқи білуі керек, оқуға тілегі және өз күшіне сенімі болуы керек.Бұл жастың толық өтуі, оның позитивті иеленулері қажетті негіздеме болып табылады, осыған сәйкес таным мен іс-әрекеттің белсенді субъектісі ретіндегі баланың кейінгі дамуы құрылады. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудағы ересектердің негізгі міндеті — әрбір баланың даралығын ескере отырып, балалардың мүмкіндіктерін ашу және жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру. Мектепте оқуға даярлау –бұл комплекстік эксперименталды зерттеулерді талап ететін көп компонентті білім беру екенін бүгінгі күні жалпы барлығы мойындайды. Интеллектуалды (ақыл-ой) даярлығы.Баланың мектепке бейімделуі.Еріктік даярлығы. Тұлғалықәлеуметтік — психологиялық даярлық. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУҒА ДАЯРЛЫҒЫ БАСТАПҚЫ СОҢҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ Осылайша, мектепке баратын бала физиологиялық және әлеуметтік тұрғыда жетілген болуы керек, ол ақыл-ой және эмоционалды-еріктік дамудың нақты дәрежесіне жетуі керек. Оқу әрекеті коршаған әлем туралы білімдердің нақты қорын, элементарлы ұғымдардың қалыптасып болуын талап етеді. Бала ойлау операцияларына ие болып, өзінің әрекетін жіктей және жалпылай білуі керек және өзіндік бақылауды жүзеге асыруы керек. Окуға жағымды қатынас жасауы, өз мінез-құлқын өзі реттей білу қабілеттілігі және қойылған міндеттерді шешу үшін еріктік күш-жігерін танытуы қажет. Сөйлеу қарым-қатынасының дағдылары, қолдың дамыған ұсақ моторикасы және көру-қозғалыс координациясының да қажеттілігі аз емес. Сондықтан баланың мектепке даярлығы, түсінігі – кешенді, көп жақты және бала өмірінің барлық сфераларын қамтиды. Жыл сайын ата-аналардың көп бөлігі өз балаларының мектепке даярлық проблемаларын алдын-ала шешу үшін оларды диагностикалық зерттеуге әкеледі. Егер де диагностикалык зерттеуде кейбір конфликттер пайда болса, онда диагностиканы тоқтатпай, оны түзету жақтарын қарастыру керек: балалармен жұмыс жасау әдістері мен мақсаттарын өзгерту қажет.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.