Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ
ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
Бұғыбай Әзиза Әбдіреймқызы
Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ
5В080400 — Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығы бойынша
АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ
Технология және биоресурстар факультетi
Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы
Беттер саны _____
Сызбалар мен көрнектi
материалдар саны____
Орындаған : Бұғыбай Әзиза Әбдіреймқызы
2018 ж. ____ _____________ қорғауға жiберiлдi
Кафедра меңгерушiсi, _________ Лукбанов В.М.
Жетекшiсi: _________ Кайруллаев К.К.
Сарапшы _________ Көбейгенова С.С.
Нормабақылаушы _________ Токсабаева Б.С. — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — —
АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ
Технология және биоресурстар факультетi
Мамандығы 5В080400 — Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент: Бұғыбай Әзиза Әдіреймқызы
Жұмыс тақырыбы: Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы
Университет бойынша 2018 ж «_____»___________ № _____бұйрығымен бекiтiлген
Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж «_____» ______________
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1. Іле өзенінің төменгі ағысының физико географиялық сипатамасы
2. Торта балығының морфологиялық талдауы
3. Торта балығының биологиялық талдауы
4. Торта балығының жасын анықтау
Ұсынылатын негізгі әдебиет
1 Амиргалиев Н.А., Исмуханова Л.Т.Уровеь биокумуляции тяжелых металлов в тканях рыб Капшагайского водохронилища. Вестник КазНУ Серия экологичекая.№ 1(33) Алматы: 2012. С.30-32.
2 Горюнова А.И. Жизнь степных озер Казахстана.Естественная гибридизация рыб-форма внутрипопляционной адаптации. Вестник КазНУ Серия экологическая.№ 1 (33) Алматы: 2012. С. 21-28.
3 Монастырский Н.Н. фауна Капчагайского водохранилища Тр. Вcесоюз. НИИ пруд. и рыб. хоз-ва. М., 1967. Т. 15. С. 117 — 129.
4 Михайлюк.Н.А.,О влиянии обьема пробы на точность определения доли особей непромыслоаого размера. Рыбное хозяиство.№ 4 ISSN0131 — 6184.2010г. С.54.
5Поддубный А.Г. Экологическая топография популяций рыб в водохранилищах. Л.: Наука, 1979. 309 с. 6 Прозоркевич.В.а. Инструментальняе оценки численности ряб на ранних стадиях онтогенеза вкрупных морских экосистемах рыбное хозяиство.ISSN- 6184. № 4. 2010г. С.49.
7 Стрельников А.С., Пермитин И.Е. Ихтиофауна водохранилищ и состояние рыболовства Функционирование озерных экосистем. Акмолинск: Ин-т биологии внутр. вод Каз СССР, 1990. С. 97 — 111.
8 Изюмов Ю.Г., Касьянов А.Н., Яковлев В.Н. Популяционная морфология плотвы Rutilus rutilus (L.) водоемов Балхаш-Илийского бассейна Фенетика популяций. М.: Наука, 1996. С. 222 — 233.
9 Касьянов А.Н., Изюмов Ю.Г. К изучению роста и морфологии плотвы Rutilus rutilus в Капчагайское водохранилище в связи с вселением дрейссены Вопр. ихтиологии. 1999. Т. 35. Вып. 4. С. 546 — 548.
10 Касьянов А.Н., Изюмов Ю.Г., Яковлев В.Н. Морфологическая изменчивость и внутривидовая структура плотвы Rutilus rutilus (L.) (Cypriniformes, Cyprinidae) водоемов Балхаш-Илийского бассейна Зоол. журн. 1998 г. Т. 61. Вып. 12. С. 1826 — 1836.
Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Әдебиетке шолу
Кайруллаев К.
Қазан, 2017 ж
Материалды зерттеу әдістері
Кайруллаев К.
Қараша, 2017 ж
Негізгі бөлім
Кайруллаев К.
Желтоқсан, 2017 ж
Кафедра меңгерушісі ________________________ Лукбанов В.М.
Дипломдық жұмыс жетекшісі __________________ Кайруллаев К.
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент _______________________ Бұғыбай Ә.Ә.
Дипломдық жобаны орындау
ГРАФИГІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Кіріспе
Қазан, 2017 ж
Орындалды
2
Әдебиетке шолу
Қазан, 2017 ж
Орындалды
3
Зерттеу әдістері мен материалдары
Қараша, 2017 ж
Орындалды
4
Іле өзенінің төменгі ағысының физико географиялық сипатамасы
Қараша, 2017 ж
Орындалды
5
Торта балығының морфологиялық талдауы
Қаңтар, 2018 ж
Орындалды
6
Торта балығының биологиялық талдауы
Ақпан, 2018 ж
Орындалды
7
Торта балығының жасын анықтау
Наурыз, 2018 ж
Орындалды
8
Қорытынды
Наурыз, 2018 ж
Орындалды
9
Пайдаланған әдебиеттер
Сәуір 2018 ж
Орындалды
Кафедра меңгерушісі ________________________ Лукбанов В.М.
Дипломдық жұмыс жетекшісі __________________ Кайруллаев К.
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент _______________________ Бұғыбай Ә.Ә.
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
7
АНЫҚТАМАЛАР
8
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
9
КІРІСПЕ
10
1
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
12
1.1
Торта балығының систематикасы және сипаттамасы
12
2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
28
2.1
Іле өзенінің төменгі ағысының физико географиялық сипатамасы
28
2.2
Қазақ балық шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтына сипаттама
29
2.3
Материал және зерттеу әдістемесі
35
3
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІ
39
3.1
Торта балығының морфологиялық талдауы
39
3.2
Торта балығының биологиялық талдауы
41
3.3
Торта балығының жасын анықтау
48
ҚОРЫТЫНДЫ
52
ТӘЖІРЕБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
54
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
ГОСТ 7.1 — 2003. Библиографическая запись. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления.
ГОСТ 7.32 — 2001. Отчет о научно — исследовательской работе. Структура и правила оформления
ГОСТ 50 380 -92 Рыбы и рыбопродукты. Термины и определения
ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.
ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракообразные и каракатица. Размерные категории
АНЫҚТАМАЛАР
Акклиматизация- организмдердің өзіндік тіршілік ету мекенінен басқа мекенге үйренуі.
Антеанальдық арақашықтық — тұмсығының басынан анальдық қанатына дейінгі ара қашықтық.
Антепекторальды арақашықтық — тұмсығының соңынан бүйір қанатына дейінгі ара қашықтық.
Ареал- организмнің тіршілік ортасы
Гонада- балықтың жыныс бездері
Өрістеу- уылдырық шашу акты
Өрістеу орны- уылдырық шашатын орын
Популяция- белгілі бір географиялық аумақта тіршілік ететін,бір түрге жататын особьтар жиынтығы
Полицикльділік- балықтардың тіршілік барысында бір неше рет уылдырық шашуы
Половапя дифференциация- жыныстық белгілері бойынша айырмашылық
Фитофильдер — уылдырықтарын өсімдіктерге шашатын балықтар
Эврифаг- әр түрлі азықтармен қоректенетін балықтар
Экстерьер — сыртқы белгілері
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Q- балықтың толық салмағы;
q — іш құрлыссыз салмағы;
l- тұмсығынан бастап қабыршақ қабығының соңына дейінгі арақашықтық;
l.l- linea lateralis(бүйір сызығы);
F- Фультон бойынша қоңдылық коэфиценті;
Cl- Кларк бойынша қоңдылық коэфиценті;
D-арқа қанаты
A- аналь қанаты;
P- кеуде қанаты;
V- құрсақ қанаты;
C- құйрық қанаты;
aD- антедорсальді арақашықтық;
pD- постдорсальді арақашықтық;
n- мөлшер;
M+-m- максимальді және минимальді ауытқу;
♂♀- аталық, аналық;
1+- бір жастан асқан балық және т.б.;
кВт- киловатт;
ГЭС- гидроэлектростанция;
км[2]- квадрат километр;
км- километр;
м[3]- куб метр;
см- сантиметр;
мм- миллиметр;
т- тонна;
г- грамм;
мг- миллиграмм;
мың- мың;
млн.- миллион;
экз.- экземпляр;
т.б.- тағы басқа;
макс.- максимальді;
мин.- минимальді;
КІРІСПЕ
Торта тұқылар тұқымдасына жатады. Біздің су қоймаларымызда мекен ететін бұл балық — кеңінен таралған балықтардың бір түрі. Торта сияқты сондай кеңінен таралған және барлық жерде болатын басқа балықтар табылмайды. Торта балығын барлық жерден, яғни кішкене өзендерден және тіпті үлкен су қоймаларынан кездестіруге болады. Торта балығының аулау объектісі ретінде кәсіпшілік құндылығы ерекшелігінің болмауына қарамастан, оны көп мөлшерде аулайды.
Қазақстанда ең көп санды негізгі жергілікті балықтардың тұқымы ретінде торта балықтары кең таралған және олар кездеспейтін өзендерде де табылады немесе өте сирек кездеседі, сондықтан ол барлық балықтың көп бөлігін құрайды. Торта балығы біздің өзендеріміздің сағаларында және көптеген көлдерде әрі су қоймаларын мекендегендіктен, біз оны өз зерттеуіміздің объектісі етіп таңдадық. Тортаның өте құнсыз балық болатынына қарамастан, оны тек жергілікті түрде тұтынатындықтан, өзі арзан болған соң, ол төменгі класстағы балықтарға азық ретінде қызмет етеді және осынысымен өзіне баса назар аударады, сол сияқты біздің тұщы суларымыздың ең көп мөлшердегі балықтары болғандықтан, оларға қатты көңіл бөлінеді. Тоғандардың және көлдердің иелері үшін тортаның басты рөлі жыртқыш әрі біршама бағалы балықтарға олардың азық ретінде қызмет етуі болып табылады, демек, торта бірінші немесе екінші жылы олар арқан балыққа, ал одан кейін шортандарға қорек болады.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Іле өзенінің төменгі ағысында мекен ететін торта балығының биологиялық сипаттамасын зерттеуге арналған. Дипломдық жұмысқа зерттеу объектісі ретінде торта балығы алынды. Зерттеуге торта балығын таңдаған себебіміз: торта балығы Қазақстан суқоймаларында кең таралған, басқа балықтардан сырт көрінісімен айқын ажыратылады, кәсіптік маңызы бар, қазіргі уақытта саны көп және кең таралған балық.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Іле өзенінің төменгі ағысында мекен ететін торта балығының биологиялық сипаттамасы,-тақырыбына сәйкес дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының популяциясының қазіргі жағдайына сипаттама беру. Осыған орай төмендегідей міндеттер қойылады:
1. Іле өзенінің төменгі ағысына әдебиеттік шолу жасау.
2. Іле өзенінің ихтиоценозында торта балығының қалыптасуына шолу жасау.
3. Іле өзенінің төменгі ағысындағы торта балығына биологиялық талдау жасау.
4. Алынған зерттеу нәтижелерін әдебиет көздерімен салыстыра отырып бағалау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс көлемі компьютермен терілген 56 бет. Онда кіріспе, 5 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар. Жұмыста 6 кесте, 12 сурет және 34 әдебиеттер атауы берілген.
Іле өзенінің төменгі ағысын мекендейтін торта балықтары қоныс аударып, жерсіндірілген солтүстік Каспийлік (астрахандық) Rutilus rutilus caspicus торта балықтары болып келеді (Jakowlew ,1870). Олардың жаппай көбеюі Іле өзеніне бөгеттерді тұрғызу арқылы тұйықтағаннан кейін ғана, су басу аймағында қалып қалған балықтардан үйірлер түзілді. Біз зерттеу жұмысына негізгі материал ретінде тортаны (Rutilus rutilus L.) қолдандық. Біздің пікіріміз бойынша торта көптеген басқа бағалы балықтармен салыстырғанда, анағұрлым көбірек назар аударуға лайық болып саналады.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Торта балығының систематикасы және сипаттамасы
Класс сүйекті балықтар- Osteichthyes
Класс тармағы сәуле қанаттылар — Aktinopterygii
Отряд тұқы тәрізділер — Cypriniformes
Отряд тармағы тұқы тектестер — Cyprinoidei
Тұқымдас тұқылар — Cyprinidae
Туыс торталар — Rutilus
Түр торта- Rutilus rutilus
Түрше қаракөз- Rutilus rutilus caspicus
Көптеген зерттеушілер [1,2] әртүрлі ареал бөліктерінде мекендеген солтүстік каспийлік торта балығының бірнеше түрлерінің (пішіндерінің) айырмашылықтарын көрсетіп берген болатын. Тортаның аудандар бойынша морфологиялық ерекшеленетін түрлерінің үйірлік топталуы нақты мекендеу шарттарымен тікелей байланысты болады. Балқаш — Іле бассейнінде қаракөз балығын жерсіндіру барысында олар маңызды морфологиялық өзгерістерге ұшырады, сөйтіп олар өзінің негізгі түрлерінен біршама ауытқыды. Бұл өзгерістер мекендеудің жаңа шарттарына, сонымен қатар баяу қозғалыстағы тіршілікке бейімделу себептерінен болды [2].
Олардың денесінің, жүзу қанаттары және көзінің түстері сансыз өзгерістерге ұшырады, бұндай түрленулер бір жағынан ол балық жасынан, екінші жағынан судың құрамының өзгерісінен және басқа жергілікті тіршілік шарттарынан тәуелді болды. Жалпы тортаның жасы өскен сайын жалпақ және жуан, ал көзінің және жүзу қанаттарының түсі көбірек ашық бола түседі. Іле өзенінің төменгі ағысы ареалы шекараларындағы торта келесі белгілермен сипатталады: D 3 8-10, A 3 8-11, бүйірлік сызықтары 40-47; қабыршағы циклоидті; біріншіде желбезекті доғаға ортасындағы шарбақшаларының саны орта есеппен 11 бастап, 16 жетеді; омыртқалар саны 39; аузы төмен; жұту тістері бірқатарлы, 6-5, 5-5, 6-6 [2.2]; кариотип: 2n = 50, NF =82-84; дене ұзындығына қатысты пайызбен алғанда (орта есеппен): бас ұзындығы 22,8-23,4, ал желкедегі басының биіктігі 18-19, денесінің ең үлкен биіктігі 28,2-30,5, ал ең кіші биіктігі 9,5-10, құйрық сабақтарының ұзындығы 20,2-22,5, биіктігі D 20,2-23, биіктігі А 13-15,75, ұзындығы Р 18,2-19,9, ұзындығы V 16,9-18,3. Көптеген зерттеулер әдеттегі тортаның біраз белгілерінің тұрақтануын көрсетті, оның дәлелі ретінде, мысалы, оның қазіргі морфологиясын алуға болады [3]. Дененің ұзындығынан ішектің ұзындығы артық болады. Іле өзенінің төменгі ағысында бұл артықшылық 76-137%, әртүрлі таңдаулардағы орташа артықшылығы 111-117% құрайды. Іле өзені тортасының жыныстық диморфизмі әлсіз байқалады, бірақ жасы өскен сайын көріне бастайды. Жыныстық пісіп жетілген балықтарды алғашқы рет екі белгілері бойынша айырады: ұрғашы балықтармен салыстырғанда еркектерінде олардың денесінің биіктігі біршама кем болады, бірақ арқалық жүзу қанатының биіктігі артық болады. Ересек (орташа ұзындығы — еркек 20,3 см, ал 22,8 см болатын) балықтарда жастары өскен сайын, олардың жыныстық ерекшеліктерінің айырмашылықтары арта түседі: дене ұзындықтарына қатысты пайызбен алғанда еркек балықтар денесінің биіктігі барынша көпке кем болады, антеанальді және пектовентральді арақашықтығы аз, сол сияқты кеуде жалпақтығы азырақ болып келеді, есесіне салыстырмалы түрде көз диаметрі үлкен, арқалық жүзу қанаты биік, кеуделік жүзу қанаттарының ұзындықтары және антепекторальді арақашықтығы көбірек болады [4]. Жыныстық ерекшеліктерінің санақтық көрсеткіштері жоқ.
Сурет 1 — Торта балығы
Жалпы алғанда, торта балығының морфометрикалық белгілерінің өзгерістері оның аса икемді екенін көрсетеді, бірақ ерекшеліктер ішкі түрлік экологиялық сипатта болады. Іле өзенінің төменгі ағысындағы тортаның максимал өлшемі 33,4 см және массасы 800 г. Әдетте, ұрғашы балықтар еркек балықтарға қарағанда ірі болады. Тортаның ересек түрлерінде алтындай қабыршақтары жиі кездеседі, олар көбіне су түбіндегі құмда немесе қиыршықты тасты шұңқырларда мекендейді. Соған қарамастан, күміс тәрізді түстегі торталар Іле өзенінде кездеседі. Дегенмен, торта денесінің бояуы арқасында көк-жасыл түстен күңгірт-күміс тәрізді түске алмасады немесе қарын тұстары да ашық ақ түсте болады. Тортаның төменгі жүзу қанаттары сары бола алады, ал кейде ашық-қызғылт сары түстес болып келеді. Торта арқалық жүзу және құйрықтағы қанаттары әдетте жирен-қызыл қоңыр реңк түсте болады. Нағыз тортада көтеншектегі жүзу қанаттарында 9-13 шұғыласы болады, өйткені солтүстік каспийлік тортада минимум 17 шұғыла және жүзу қанаттарының бояуы, негізінен, ашық түсте болатынын есте сақтау керек [5].
Балықтарды өзара ең қарапайым түрде олардың арқалық және қарындағы жүзу қанаттарының әртүрлі орналасуына қарай ажыратуға болады. Тортаның жүзу қанаттары бір деңгей бойында орналасқан, ал солтүстік каспийлік тортаның арқалық жүзу қанаттары артқа қарай қиғаштала қисайтылған (төменгі қанаттарымен салыстырмалы) болады. Тортаның ауыздары барлық типтерде қиғаш төмен болып келеді; ауызының шеті көздің төменгі тұсынан жоғарырақ болады. Арқалық және құйрықтағы жүзу қанаттары сұр, басқа қанаттары қызғылт сары, қарындағы және көтеншектегі қанаттары қызыл түстес болады. Көз түсінің құбылмалығы сары-қызыл немесе ашық сары-қызыл болатындықтан, бұл балықтардың елеулі айырмашылық белгілеріне жатады [6].
Таралуы
Торта — жартылай өтпелі, үйір құрып тіршілік ететін балық, негізінен Солтүстік Каспийдің тұщылау аудандарында 10 — 12%-ға дейінгі суларында тіршілік етеді. Көбею үшін өзендердің атырауларына көтеріледі.
Жамбыл облысының өзендеріне (Талас өзенінің бассейні) жерсіндірілген нәтижесінде 1958 жылы Билікөл көліне Жайық өзенінің сағасынан 284 дана жерсіндірілген, сонымен қатар 1965 жылы Билікөл көлінен Балқаш Іле бассейніне әкелінген. Балқашқа әкелінген балықтардың саны туралы мәлімет белгісіз Бір мәліметтер бойынша 120 тұқымдық балық жіберілген десе , басқа бір мәлімет бойынша, 12 мың әр түрлі жастағы балықтар делінген. Ал енді бір мәліметте 140 мың дана. Екі бассейнінде де торта жақсы жерсінген. Бүкіл Балқаш көлі және Іле өзені мен Қапшағай су қоймасына дейін таралған. Талас бассейнінде де Билікөл көлінен басқа Аса және Талас өзндерінің төменгі ағысындағы Ақкөл көлі мен Ащыкөл көлінің Тұщылау аудандарына дейін таралған. Торта балығы жай ағынды жылы суларда тіршілік ететін балық. Іле өзенінің төменгі ағысында шұңқырларында және ағын суларында тіршілік етеді.
Бұл балықтарды тек қана су түбінен ғана емес, сонымен қатар ауа райының өзгеруіне байланысты әсіресе жаңбырлы күндері және жәндіктермен қоректенуге судың беткі қабатына көтерілген кезінде, судың ортаңғы қабатынанда кездестіруге болады. Күннің қатты ысып кеткен кездерінде торта балығы әртүрлі көлеңкелерді іздейді мысалы : ағаш көлеңкесі түскен жерлерде немесе сол сияқты балдырлардың астында мекен етеді. Жаз айларында торта балығы азық қоры мол ағынды суларда тіршілік етеді. Жылы суды сүйгіш торта балығы күз айларының бірінші күніннен басталған суығына төзімсіз болғандықтан олар өз үйірлерін құрып судың түбінде мекен ететін қыстық жылы шұңқырларға кіре бастайды. Бұл балықтардың ішіндегі ең ірілері әр қашанда судың түбінде өмір сүреді. Қыс мезгілінде торта балығын жай ағын суларда, өзен жағалуларынан және де судың ортаңғы қабатынан аз мөлшерде ғана кездестіруге болады.
Көбеюі
Тортаның жыныстық жетілуі барлық балықтарда бірдей емес, жастық құрамы бірдей балықтардың өзінде де жыныстық жетілуі әр түрлі, соның ішінде аналықтары аталықтарынан бір жыл бұрын жетіледі. Сонымен Солтүстік Каспийдегі өрістейтін балықтардың жасы 2 ден 5 жас аралығы, бірақ жартысына жуығы 3 жылда жыныстық жетіледі. Солтүстік Каспийдің Шығыс бөлігінде торта балығы Батыс бөлігімен салыстырғанда баяу жетіледі ал, Жайық үйірінде 3 — 4 жылда жетіледі.
Басқа су қоймаларға жерсіндірілгеннен кейін тортаның жыныстық жетілуі өзгермеген. Талас бассейнінің көлдерінде тортаның басым бөлігі 3 жылда, жиі — 2 жылда жыныстық жетіледі, ал жерсіндіргеннен кейін жеке аталықтар 1+жасында жыныстық жетілген. Іле өзенінің төменгі ағысында торта балығының басым бөлігі 3жылда, бірақ кей топтары (әсіресе аталықтары) — 2 жылда , алғаш жыныстық жетілген балықтардың ұзындығы, аналықтары 16 — 17 см, аталықтары 13 — 15см. Іле өзенінің төменгі ағысына жерсіндіргеннен кейін трота балығының жыныстық жетілуі баяулады және алғаш жыныстық жетілген балықтарың жасы 6 жылға жетті. Оогенез және аналық бездерінің пісіп жетілу шкаласы. Оогенез екі типке болінеді:
диффузды оогенез — ооциттер жануардың денесінің әр түрлі бөлігінде дамиды;
локальды — ооциттер арнайы мүше — гонадада пайда болады.
Локальды оогенез солитарлы және фолликулярлы оогенезге бөлінеді:
солитарлы оогенезде ооциттердің өсуіне қосымша клеткалар қатынаспайды;
фолликулярлы оогенезде ооциттер бір немесе бірнеше қабат клеткалардың фолликулярлы эпителидың қоршауының ішінде дамиды.
Сонымен қатар нутриментарды оогенез болады, бұл оогенезде ооциттердың өсуіне қажет клеткалар — трофоциттер қатысады. Трофоциттер — жыныс клеткалардың өзгерген түрі. Балықтарда алиментарды типке жататын фолликулярлы оогенез. Фолликулярлы клеткалар гонаданың соматикалық клеткаларынан дамиды. Олар ооциттердің өсуі мен пісіп жетілуіне активті қатысады, себебі олар жүйке және энтокринды мүшеден келген стимулдарға арнайы белоктар мен гормондарды синтездетіп жауап бере алады.
Төрт кезеңі болады: 1 — көбею немесе оогониальды кезеңі; 2 — превителлогенез немесе цитоплазматикалық, протоплазматикалық не кіші өсу кезені; 3 — вителлогенез, трофоплазматикалық, дейтоплазматикалық не үлкен өсу кезеңі; 4 — пісіп жетілу кезеңі.
1 — көбею немесе оогониальды кезеңі. Жыныс клеткалар — оогониялар, олар АЖК клеткалардың ұрпақтары. Митотикалық бөлініп оогониялар жыныс клеткалардың қор фонды құрылады. Оогониялар жыныс клеткалардың ең ұсағы, олардың диаметрі 10-20 мкм, ядролары ірілеу (5-7 мкм), хроматин заты шет жағында орналасаты, ядрошысы бәр. Жұмыртқа қабығы мембрана ретінде дамыған, оған бірең-саран бездің строма клеткалары қосылып жатады.
Балықтардың жыныс бездерінде оогониялар тек ерте онтогенезінде болады, жұмыртқалы пластинкалар ол кезде болмайды. Ересекті балықтарда оогониялар жұмыртқалы пластинкалардың шетінде орналасады, митотикалық бөлініп олардың саны өмірдің белгілі кезеніңде өседі, мысалы горчакта көбею уақытында, оңғақ пен шырма балықта — уылдырық шашқаннан кейін.
2 — превителлогенез кезеңі. Осы кезеңде ооциттерде цитоплазманың саны және ядроның мөлшері үлкейеді. Оларды 1-ші реттік ооциттер деп атайды.
Осы кезеңнің басында ооциттің ядросы мейоздың 1-ші бөліну профазасына кіреді, ол ең усақ оогонияларға ұқсас клеткаларда басталады. Ооциттер бірінен кейін бірі профазаның лептотена, зиготена, пахитена және ерте диплотена сатыларынан өтеді;
лептотена сатысында ядрода хромосомның жіңішке жіпшілері пайда болады;
зиготена немесе синапс сатысында гомологты хромосомалардың коньюгациясы өтеді, олар қатты спиральданып ядроның бір полюсында орналасады (бұл сатыны шоқ немесе синаптикалық шоқ деп атайды);
пахитена сатысында коньюгацияланған хромосомала тарқауы басталады және қос хромасомалардың — биваленттік құрылуы басталады. Осы сатыда ядрода экстрахромосомды ДНК белгіленеді, ол тығыз денешік ретінде алғашқы ядрошыққа қосылып жатады. Бұл денешіктің қызметі — көптеген шеттік ядрошаларды құрастыру;
кейін ядро диплотена — қос жіпшелері деп аталатын сатысына өтеді. Мейоз бөлінуі осы сатыда тоқтап қалады, оның ары қарай қайтадан бөлінуі оогенездің пісіп жетілу кезенінде ғана басталады. Ядрода хромосомдардың деспирализациясы жалғасып өтеді, және олар жарты ұрпаққа — хроматидаларга.
Лептотена мен зиготена сатысында ооциттердің өсуі байқалмайды; пахитена сатысында ядро мен клетка кішкене ғана өседі, ооциттын өсуі диплотена сатысында басталады, осы сатыда ядронын мөлшері 5-6 ретке үлкееді. Ядроның қабығы (мембранасы) бүктесініп цитоплазмаға томпайып шығады. Хромосомалар көптеген бүйір ілгек құрайды сондықтан олар «ершик» не «лампалық шетинкалар» түрде болып келеді. 19 ғасырда «лампалық шетинкалар» деген терминді неміс ғалымдар атағаң содаң бері осы термин сақталынып қалды.
Хромосомалардың бүйір ілгектер ол жоғарғы функциональды активті жағдайда болып тұратын деспирализацияланған хромонемалардың бөлшектері
3 — Вителлогенез кезені. Тез өсу фазасы. Ооцит қысқа уақытта (бір неше күннен — аптаға дейін) өзінің соңғы көлеміне жетеді. Жұмыртқа негізгі сары уыз массасы жиналады. Вителлогенин — ақ уыз ол бауырда синтездейді, ал ооците вителинге айналады. Ол қан арқылы ооциттің периоцитті аймаққа әкеліледі. Арнайы концентрация болуына фолликулярлы клеткалар әсер етеді.Вителлогенин ооциттарға пиноцитоз көпіршіктері арқылы кіріп, ооцит цитоплазмасында бір — бірімен қосылып, алғашқы (примордиальды) сарыуыз гранулаларын түзейді Бұл гранулаларға аппарат Гольджи бар көпіршіктер де қосылады сонда олар дифинитивті сары уыз гранулаларына айналады.
Ооцит дамуы фолликулда өтеді, ол бір қабатты фолликулярлы эпителийден және екі қабатты өзара байланыстырғыш ұлпа қабықша — текадан түрады. Тека интерна, тека экстерна, олардың арасында қан капиллярлары орналасады. Фолликулярлы қабшықтың және теканың арасында базальды мембрана жатады. Фолликулярлы клеталарда және байланыстырғыш ұлпа қабықшада өсу уақытында клеткалық органеллалар, әсіресе эндоплазматикалық тор және аппарат Гольджи саны өседі.
Фолликулярлы клетка микропилені жауып тұрады.
4 — пісіп жетілу кезені. Ядро анимальді микропилле бар жаққа өтеді, ядрышықтары центрде жиналады. Хромосом спирализациясы басталады.
Цитоплазма ооциттің анимальды жағында жиналады, сарыуыз кристалл жүйесін жойып, суланады.Фолликулярлы клеткалар жоғары болып олардың макроворсинкалары сәулелі қабаттын өзектерінен шығып микропилені жауып түрған клеткадан босатылады, сонымен қатар периооцитті кеңістігі кеңейеді. Фолликулярлы қабаты жарылып жұмыртқа гонаданың қуысына немесе дене қуысына түседі.Овуляциаланған жыныс клетка жетілген жұмыртқа деп аталады, ол 2 реттік ооцит болып саналады. 2- мейоз бөлінуі тек қана ооцитке сперматозоид кірген уақытта аяқталады [28].
1. Оогониальды кезеңі
2Кіші өсу кезеңі: 1) ювенильды фаза ( В фазасы ); 2) бір қабат фоликулласы бар ооциттер фазасы ( С фазасы).
3. Үлкен өсу кезеңі: 1) сарыуыздың жиналу фазасы ( Д фазасы ); 2) ооциттің толыққанды сарыуыз жинауы ( Е фазасы ); 3) пісіп — жетілген жұмыртқа клеткасы ( Ғ фазасы ).
Бұл схемада ооциттің цитоплозмасының вакуолизация фазасы көрсетілмеген. Сондықтан Б.Н. Казанский (1949) үлкен өсу кезеңін келесі фазаларға бөлді:
1) ооциттердің вакуолизация фазасы (вакуолизацияның басталуынан — сарыуыздың жиналуына дейін — Д1, Д2, Д3 фазасы );
2) сарыуыздың жиналуы (Д4, Д5, Д6 фазасы );
1. Көбею немесе оогониальды кезең
2.Превителлогенез кезеңі немесе протоплазматикалық, цитоплазматикалық немесе кіші өсу кезеңі:
1) ювенильды фаза ( В фазасы );
2) бір қабатты фоликула (С фазасы ).
3. Вителлогенез немесе дейтоплазмалық, трофоплазмалық, үлкен өсу кезеңі:
1) вакуолизация фазасы (ерте вителлогенез кезеңі ): а) ооцитте 1 — 2 қатар вакуоль болады — Д1 фазасы; б) ооцит жартылай вакуолмен толтырылған — Д2 фазасы; в) ооцит вакуолге толық толған — Д3 фазасы.
2) сарыуыз жиналу фазасы (кеш вителлогенез кезеңі ); а) сарыуыз жинала бастауы — Е1 фазасы; б) ооцит жарт ылай сарыуызға толтырылған — Е2 фазасы; в) ооцит толық сарыуызбен толған — Е3 фазасы.
4. Пісіп жетілу кезеңі: а) ооциттің клетка ішілік заты гомогенизациялайды (Е — Е фазасы); б) ооциттіңклетка ішілік затының гидатациясы (Е — Ғ1 фаза тармағы ); в) пісіп — жетілген клетка ( Ғ фазасы ) Сперматогенез және аталық бездерінің пісіп жетілу шкаласы. Балықтардың сперматогенез периодизациясы автор бойынша жүргізілген. Бұл процесте төрт период байқалады: 1- көбею, 2- өсу, 3- жетілу және 4 — спермиогенез немесе спермиялар қалыптасуы.
1. Көбею уақытында сперматогонийлер митотикалық бөлінеді, соған байланысты олардың саны да көбейеді. Екінші реттік алғашқы сперматогонийлер алғашқы сперматогонилер бөлінгеніне байланысты пайда болады. Оларды резервты, бұтақты, тыныштық немесе сперматогоний Ас — типті деп атайды. Бұл аталық гонададағы ең ірі жыныс клеткалар. Олардың диаметрі 10 мкм. Ас- сперматогонийлердің жартысы бөлінеді, келесі реттік сперматогонийлерді түзейді. А1,А2, А3 т.б. Бұл сперматогонийлерді дифференциациаланатын деп атайды Ад — деп белгілейді, олар бөлінбейді уақытша резервте сақталады, сперматогоний бөлінгенінен пайда болған клеткалар топтанып орналасады, сыртынан дәнекер-ұлпалы клеткалар қоршап — циста деп аталады.
Бір цистадан (клетка клонынан) жыныс клеткалардың дамуы әр сперматогенез периодында синхронды өтеді. Әр цистадағы клеткалар бір бірі мен клеткалық көпір арқылы байланысып синцитий түзейді. Клонның синцитиальді дамуы ерекше сперматогенезде өтетін сатысы болады. Соңғы сперматогоний миграциясы Б типіне жатады.
2. Өсу периоды.
Б — типті сперматогонийлері бөлініп 1-ші реттік сперматоцит (жыныс клеткалар), мейоз профазасына өтуге дайындалады. Мейотикалық профазасында 1-ші реттік сперматоциттер көлемі шамалы ұлкейеді.
3. Жетілу периоды.
Мейозда екі бөліну өтеді, бұл процесс жетілу периодына сәйкес келеді. Алғашқы бөліну өткенде 1-ші реттік сперматидтен 2-ші реттік сперматоциттер түзіледі. 2-ші реттік сперматоциттер гаплоидты және олардың көлемі 1-ші реттік спераматоциттерден екі есе кішірек болады. Алғашқы бөліну соңынан, келесі екінші бөліну өтеді, пайда болған сперматидтер одан да көлемі ұсақ клеткалар болады. Көлемі 2-ші реттік спераматоциттерден екі есе кішірек болады
Спермиогенез. Спермий қалыптасу периоды.
Бұл уақытта әр сперматидтен бір ғана сперматозоид қалыптасады. Алғашында сперматидтерде поляризация өтеді, ол клеткалық органеллалардың орны өзгеруіне байланысты болады. Центриольдар ядроға қарай жылжиды, сонымен ядроның артқы жағын көрсетеді. Ядроның негізінде орналасқан алдыңғы центриоль — проксимальді деп аталады. Ол кейде ядроның арнайы тереңдеген жеріне кіріп тұрады. Екінші центриоль бірінші центриольға тік бұрышты жерде орналасып дистальды немесе базальді денешік деп аталады. Бұл центриольдан талшықтың ось комплексінің фибрильдері өседі.
Кесте 1. Тортаның Қазақстан су қоймаларындағы максимальді өлшемдері
Су қойма , жыл
Дене
Ұзындығы, см
Дене салмағы, г
Автор, жыл
Солтүстік Каспий
30,0
400
Казанчеев, 1981ж
Балқаш
35,0
1000
Анциферова, 1974ж
Іле өзені,
30,0
630
Қапшағай су қоймасы, 1976 ж
32,5
890
Дукравец, 1982ж
Қапшағай су қоймасы, 1978 ж
Билікөл,
1962 — 1963
33,4
28,0
800
450
Дукравец, 1982ж
Дукравец 1982ж
1 — ші кестеге сәйкес Іле өзенінің төменгі ағысында басында уылдырық шашуға 2-3 жаста,жеке дарақтары — 1+ 4 жасында шыққан. 1974 — 1983 жылдары бұнда тортаның жыныстық жетілуі алдыңғымен салыстырғанда бір жылға кейін шегінген, басым бөлігі 3 жаста жыныстық жетілген. ( 45-56%), (10-30% )-4 жаста, кейбір дарақтары 5 жаста жыныстық жетілген. Мүмкін бұл популяцияның өте үлкен соңғы жетуінен өсу темпінің баяулауынан болар. Осының дәлелі болып жыныстық жетілген балықтардың өлшемі 1976 жылы 12 ден 22 см дейін жеткен. Негізінен басым бөлігі ұзындығы 12 — 20 см жеткенде жыныстық жетіледі. Торта полицикілді уылдырық шашатын балық, көбеюге негізінен тіршілік барысында 5-6 рет қатысады. Шындығында, олар жыл сайын уылдырық шашпайды, кей жылдары өткізіп тұрады, үшінші — төртінші уылдырық шашқаннан кейін жыл сайын уылдырық шашады.
Солтүстік Каспийде тұқымдық балықтардың теңізден өзенге уылдырық шашуға өрістейді. Олар екі мезгілде өрістейді: күздік және көктемдік түрі бар. Күзде ( қыркүйек — қазан) троталар жағаға жиналып қараша айында тереңдігі 1,5 м дейін суларда жиналады. Аналықтың жұмыртқасы мен аталықтың ұрығы бұл кезде дамудың III стадиясында болады. Жайық өзенінің сағасында аналықтардың жетілу коэфиценті 3,4 — 13,7 орташа 7,3 ал аталықтары 0,9 — 403 орташа 2,5% — ға тең. Тұқымдық балықтар өзеннің сағасында немесе атырауында қыстап шығады, жоғары көтерілмейді.
Тортаның көктемдік түрі өзен ерігесін әдетте, наурыз айының соңы мен сәуір айының басында, су температурасы 2 — 4 градуста өрістеуі басталады. Жалпы өзенге кіруі 1,5 айға созылады. Жаппай кіру сәуір айының екінші жартысымен мамыр айының басында су температурасы 7 — 11 градус болғанда жүреді. Жайық өзенінде торта өзен сағасынан 60-90 км дейін көтеріледі.
Көктемдік кіру кезінде аналық жұмыртқаның жетілу стадиясы 5,5-21 орташа 11,7 % тең, ал соңғы кіру кезінде 8,9 — 20,5 орташа 13,4 — 9,5 орташа 4,8% тең.
Батапқы кіру кезінде аналықтардың саны көп болады, содан кейін біртіндеп теңеседі, ал соңына қарай аталықтың саны артады.
Іле өзенінің төменгі ағысына жерсіндіргеннен кейін тортаның биологиясында да өзгерістер болады, соның ішінде көбеюге қатысады.
Бұл өзгерістердің динамикасы жаңа тіршілік ортасына тортаның бейімделгенін көрсетеді: алдымен биолгиялық көрсеткіштері күрт жақсарып ол санының артыуына әкледі, одан кейін қрошаған орта жағдайына байланысты саны тұрақтанады .
Алғашқы жылдары жерсіндіргеннен кейін аналықтардың саны аталықтардын басым болады- 3;1 қатынасында, ал Іле өзенінің төменгі ағысында 4,1.
Тортаның уылдырық шашуға өрістеуі Қапшағай су қоймасында сақталған, көктемде Іле өзенінің сағаларында байқалған. Негізгі уылдырық шашатын жері Іле өзенінің төменгі ағысының оң жақ жағалауларының таяз сулары болады.
Торта полицикльді уылдырық шашатын балық болғандықтан негізінен тіршілік барысында қабыршағындағы жылдық сақиналарға қарағанда 5-6 рет көбеюге қатысады. Ең алдымен өрістеу кезеңінде аналықтары басым болады, соңына таман аталықтары кіреді, кейін аталық балықтар мен аналық балықтардың саны теңседі. Өрістеу кезеңі сәуір айының соңына таман судың температурасы 10-15 Сº болғанда басталады.
Іле өзенінің төменгі ағысында торта балығы өрістеу кезеңінде өзендердің атырауларына көтеріліп және ағынды суларға шығады. Кейбіреулері өрістеу үшін Іле өзенінде жоғары қарай көтеріледі. Каспий бассейінінде мекен ететін балықтарға қарағанда өрістеу кезеңі 2-3 апта ерте басталып, мамыр айының бас кезінде аяқтайды. Ал уылдырықтарының өлшемі 1,13 мм ден 1,21мм дейін үлкейеді.
Уылдырық шашу кезінде тортаның сыртқы түрі біршама өзгерістерге ұшырайды, көктемде, кейде уылдырық шашқанға дейін денесінің сыртқы бөлігі көп мөлшерде сілекей бөле бастайды. Ең алдымен аталықтарында кейінен аналықтарыныңда қабыршақтарынан, бірінші ақ түсті, содан соң қара түсті қатты түк пайда болады. Ал бас жағын үлкен ақ түстес ісік тәрізді өсінділер қаптайды. Көбею кезеңі басталарда торта балығы қоректену мөлшерін азайтады, бұл кезде балықтың асқазаны мүлдем бос немесе сілекейге толы болады, олар тек қана өздерінің майларымен ғана өмір сүреді. Көбею кезеңінен өткеннен кейін торта балығы арықтап денесінің түсі қара түске өзгеріп кетеді. Торта — фитофилді, болғандықтан бір уақытта көбейеді.Ол уылдырықтарын келесі жылғы көбеюге қалдырады және олардың уылдырықтары, жұмсақ мөлдір жасыл түстес болып келеді, су түбіндегі заттарға жабысады.Балықта уылдырықтар тығыз орналасқандықтан олардың бейнесі жүзімге ұқсас келеді. Жас шабақтардың өнімі олардың жақсы жағдайда тіршілік етуіне байланысты. Торта балығының өрістеу уақыты судың температурасына тікелей қатысты. Өрістеу уақыты өткеннен кейін бір апта ішінде ақырындап өз қалпына келе бастайды. Ауа райы күрт төмендей бастаған кезде өрістеуін тоқтады,немесе тек қана күннің жылы кезінде ғана өрістейді. Торта балығы негізінен таң ата салысымен өрістей бастайды. Бұл балық топтасып өмір сүретін балық болғандықтан, уылдырық шашатын орындарына тобымен жиналады. Торта балықтары жиналған уылдырық шашатын орындарынан судың ағысы жылдам әрі судың бетінде толқын тұрады. Балықтар топтасып бірде дөңгелектеніп жиналса, бірде судың бетіне секіріп шығады. Торта судың түбіне жиналып денесін жерге тигізіп ішкі жағымен ақырын қозғалып тұрады ол орнын ауыстырған кезде суды лайлап кетеді. Кейбір түрлер бүйірлеп, камбалаға ұқсас, жалпақ болып жатады және осыған ұқсас әрекетті жиі түрде жасайды. Көбіне ең белсенді торта су түбінің таяз жерлерінде күтпеген жерден басқа тортаға өз денесімен жабысып, қалықтап жүзеді. Одан соң, біршама қашыққа алыстап кетіп, суда жұптасудың салттық ойынын көрсетеді, демек, ол шеңбер бойымен айнала жүзеді және өзінің жұбымен қайта қосылады. Торта балықтарының уылдырық шашу кезіндегі биологиялық тәсілдері бойынша байқалған көріністі халықта жанасу деп атап кеткен. Уылдырық шашудан кейін еркек балықтар оларды қорғайды.
Өрістеу кезеңінде торта балығы өте батыл болып кетеді, қандайда бір қауіп төну белгілеріне немесе шуға мән бермейді. Судак және көптеген сол сияқты ірі балықтар топтасып өрістеп жүрген торта балықтарын ортасынан қақ жарып оларды жұтып жеп азықтанады. Жас шабақтардың саны олардың алғашқы даму кезеңіндегі тіршілік ету ортасына байланысты. Уылдырықтың дамуы 10-14 күнге созылады. Жас шабақтар алғашқы даму кезеңдерінде су түбіндегі өсімдіктерге жабысып тіршілік етеді, сонымен қатар сол жерден қоректеніп жауларынан қорғанады. Өрістеу кезеңінде балықтардың көптеген ірі балықтарға жем болғанына қарамастан, олардың шабақтары ағын суларға көп мөлшерде тарайды. Мамыр айының ортасында торта балықтары топтасып шөптердің, қамыстардың және судың беттерінде көптеп жүзе бастайды. Жас шабақтардың ары қарай тіршілік етуі тоғандардағы судың тазалығына, химикаттардың болмауына, судың мөлшеріне және басқада көптеген факторларға тікелей қатысты. Ал ірі балықтардың саны олардың аулануына байланысты. Торта балығы балдырлармен, шөптермен, дернәсілдермен әр түрлі насекомдармен , моллюскалармен және басқа да көп деген организмдермен қоректенеді. Оларда ірі азықтарды ірі тістерімен майдалап жұтады. Азық қоры азайып кеткен жағдайда кейбір уақыттарда уылдырықтармен қоректенеді. Кейбір су қоймаларда үлкен торта балықтары ірі азықтармен қоректенеді, ол оның бойының өсуіне тез әсер етеді. Ол тез салмақ жинап еті қонымды бола бастайды. Маусым айларында торта балығы ақырындап ашық суларға шығады, ал кішігірім ағын сулардан тамыз айында шығып су қоймалардағы терең суларына жүзіп кетеді. Қыркүйек айының соңы мен қараша айының бас кезінде жас шабақтар және үлкен торта балықтары терең суларға шұңқырларға кіріп сол жерде қыстап шығады. Мұз ерігенше судың түбінде тіршілік етеді. Бірақ кейбір кездерде торта қоректену үшін күздің суық күндерінде де судың түбіндегі қыстық орындарынан қамыстардың шөптердің арасына шығады. Негізінен торта тәулік бойы қоректенетін балық болғандықтан барлық уақытта қорек іздеу қозғалысында болады.
Түрдің будандасуы. Торта балығы ең көп будандасатын балықтардың бірі болғандықтан ол жиі әр түрлі балықтармен шағылысады: карась,тыран және басқа да карп тәрізді балықтармен шағылысады. Торта, сірә, ең шүйірлескіш балық болып саналады және өте жиі түрде олар басқа балықтар түрлерімен: табанмен, аққайранмен және тұқы тәріздес балықтармен шағылыса береді. Осындай байланыстардың туындылары ретінде әралуан түрлер және пішіндер түзіледі. Табан және торта балықтың шағылысуынан — өзіне ғана тән густер денесіне ұқсас будандасқан түрі пайда болады, ауыздары алға қарай шығыңқы және табан балықтың ұзынша болып келетін құйрығындағы жүзу қанаты болады [14]. Бірақ, оның басының пішіні, жүзу қанаттарының түсі және көзінің түстері өзгеріссіз әрі барлығы тортанікі болып қалады. Іле өзенінің төменгі ағысында осындай араласып кеткен түрлер, гибридтер жеткілікті түрде жиі кездеседі. Осындай будандардың орта мөлшері стандартты торта мөлшерінің шамасынан аспайды, дене мөлшері сол шамалас болады. Дегенмен, кейінгі кездері ауланған балықтардың ішінде массасы 250 — 300 г болатындары кездеседі. Біздің жобалауымызша, торта әр алуан басқа балықтармен араласудан кейін өзінің бар түрін және өзіне меншікті түрдің көбеюін сақтау үшін табиғи биологиялық бағдарламасымен кепілдікке берілген генетикалық коды қорғаныш ретінде қалыптасып отыр.
Жасы және ұзындығы
Н. М. Монастырскийдің мәліметтері бойынша шамамен трота балығының жасы 11 — 12 жас, өмір сүру жасы — 2-11жас. Ал 9-10 жасқа өткен кезінде торта балығы көбеюін тоқтатады, дегенмен жыныс өнімдері ары қарай дами береді.Торта балығының өсу кезеңінде бір қалыпты өспейді әр түрлі өзгешеліктерге ұшырап отырып дамиды, әр бір даму кезеңінде бойының өсуі әр түрлі өзгешеліктер мен сипатталады. Жыныстық даму кезеңіне кіргеннен кейін бастап ең бірінші оның бойының өсуінде өзгешеліктер байқалады. Әдетте жыныстық даму кезеңі басталарда торта балығы басқа балықтар сияқты тез өсе бастайды. Торта балығы азықты салмағына және өнімділігіне қарай, негізінен, өсу үшін қорек етеді. Сондықтан, торта балығы алғашқы жылдары ең алдымен ұзындығы бойымен жылдам өседі, яғни сызықтық өлшемдері артады. … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz