«Ағашка емес»: Айжан Байзақова баласының әкесі туралы айтты

0

Айжан Байзақова ұлының әкесі жайлы сыр шертті. Атышулы ару Аман Тасығанның «Talk Like» бағдарламасында көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

«Ол өте қарапайым жігіт. Жұрттың ойлап жүрген «ағашкасы» немесе «бай шал» емес. Ол саясаткер де емес.

Кейде көршілердің өзі туыстарым арқылы баламның әкесін білгісі келеді. Бірақ ол өзім сияқты қарапайым адам.

Жақсы көремін. Сүйемін. Оның әйелі жоқ. Өйткені, мен біреудің отбасын бұзатын адам емеспін.

Жұрттың ойлағанындай «ағашкадан» бала туып жатқаным жоқ. Мен өзімді өте еркін сезінетін адаммын», — деді Байзақова.

Сонымен қатар, танымал блогер сүйгенін ата-анасымен таныстырғанын да мәлім етті.

Жас жігітті Айжанның туыстары жылы қабылдаған.