Ауруға қысқаша сипаттама | Скачать Дипломдық жұмыс

0
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫАқбөпе Ф.К

ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5В120100 — Ветеринариялық медицина

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Ветеринария факультеті

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы

Беттер саны
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны

Орындаған: Ақбөпе Фарангиз

2018 ж. «__» мамырында қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі, профессор ________________ Ж.К.Төлемісова

Жетекші, профессор _______________________ А.З. Мауланов

Норма бақылау, қау. профессор__________________А.С. Ибажанова

Сарапшы, доцент ________________________________

Алматы 2018

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

5В120100 — Ветеринариялық медицина мамандығы
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ

Студент Ақбөпе Фарангиз

Жұмыс (жоба) тақырыбы ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы

Университет бойынша 2017 жыл 14 қараша № 550-К бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі: 2018 жыл ___ _______

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
Туберкулезден өлген сиырлардың ішкі мүшелері, толық сойып зерттеу хаттамасы, дайындалған гистологиялық препараттар, түсірілген түрлі-түсті макро және микро суреттер

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі
Кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер: зерттеу материалдары мен тәсілдері, зерттеулер нәтижелері, ұсыныстар, әдебиеттер тізімі. Көрсетілген тарауларда туберкулезден өлген сиырлардың ішкі мүшелерінің патологиялық морфологиясының сипаттамасы берілген

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
1. Козловская Т.Б., Жумабаева А.Н., Казбекова Г.А., Нурмухамбетова Ж.А. Клинико-анатомический анализ фиброзно-кавернозного туберкулеза по Актюбинской области Вопросы морфологии и клиники. -2005. — №17 — С.244-248.
2. Жумабаева А.Н., Казбекова Г.А., Шолжанова У.И., Фаткулина Ж.К., Есмагамбетова Г.Ж., Жагипарова Л.К. Клинико-морфологические параллели туберкулеза Вестник Южно-Казахстанской медицинской академии.- 2006. — №3. — С.127-128.
3. Жұмабаева А.Н., Қазбекова Г.Ә. Патоформология резектатов легких удаленных по поводу туберкулем Матер. Республ. науч-практич конф с межденарод. участием: Актуальные проблемы современной теоритической, клинической медицины и медицинского образования посв. 50-летию Западно-Казахстанской государственной академии им. Марата Оспанова. — 2007. — С.61.
4. Казбекова Г.А. Диагностика туберкулезных плевритов Труды Международной научной конф.: Наука и образование-ведущий фактор стратегии Казахстан -2030.- 2009. -С.481-483.
5. Қазбекова Г.Ә. Туберкулез ауруының танатогенезі Батыс Қазақстан медицина журналы.- 2009.- №2 (22). — С.31-34.

Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Кіріспе
Ибажанова А.С.
Желтоқсан, 2017

Негізгі бөлім
Ибажанова А.С.
Қаңтар, 2018

Тұжырым
Ибажанова А.С.
Наурыз, 2018

Еңбекті қорғау және экологиялық мәселелері

Мамыр, 2018

Экономикалық тиімділік

Мамыр, 2018

Кафедра меңгерушісі,профессор ________________ Ж. К. Төлемісова

Жұмыс (жоба) жетекшісі,
профессор ________________ А.З. Мауланов

Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ____________________ Ф. Ақбөпе

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

КЕСТЕСІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Әдебиетке шолу
Қараша, 2017
Орындалды
2
Зерттеу материалдары
Желтоқсан, 2017
Орындалды
3
Гистологиялық материалдарды жасау
Қаңтар, 2018
Орындалды
4
Гистологиялық препараттарды зерттеу
Наурыз, 2018
Орындалды
5
Өзіндік зерттеулерді толықтыру
Наурыз, 2018
Орындалды
6
Қорытынды
Сәуір, 2018
Орындалды
7
Практикалық ұсыныстар
Сәуір, 2018
Орындалды

Кафедра меңгерушісі, профессор ________________ Ж. К. Төлемісова

Жұмыс (жоба) жетекшісі,
профессор ________________ А.З. Мауланов

Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ____________________ Ф. Ақбөпе

МАЗМҰНЫ

Бет

НОРМАТИВТІК СЛІТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

1
1.1
1.2
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
Тақырыптың өзектілігі және практикалық маңызы … … … .
Жұмыс объектісі,тәжірибелік базасы және мақсат,міндеттері…
9
9
10
2
ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ … … … … … … … … … ..
11
2.1
Ауруға қысқаша сипаттама … … … … … … .. … … … … … … .
11
2.2
Қоздырушысы … … … … … … … … … … … … … … … … … …
11
2.3
Клиникалық белгілері … … … … … … .. … … … … … … … … .
12
2.4
Аурудың патогенезі … … … … … … . … … … … … … … … … ..
13
2.5
Ауруды алдын-алу шаралары, емі және балау … … … … … …
16
2.6
Патологиялық анатомиялық өзгерістері … … … … … … … …
19
2.7
Індеттік ерекшеліктері … … … … … .. … … … … … … … … … .
20
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ … … … … … … … .. … … … … … … … … … …
22
3.1
Зерттеу материалдары мен әдістері … … … … … … … … … …
22
3.2
Зерттеу нәтижелері … … … … … … . … … … … … … … … … … .
22
3.2.1
Өкпе туберкулезінің салыстырмалы патогистологиялық зерттеу нәтижелері … … … … … … . … … … … … … … … … …
22
3.2.2
Bio-Vision компьютерлік бағдарламасы арқылы морфометриялық әдіспен өкпедегі туберкулез кезінде пайда болған каверналар мен некроз ошақтарының қалыңдығын және көлемін (аумағын) анықтау … … … … … … … … … … … …
35
3.3
Экономикалық тиімділікті есептеу … … … … … … … … …
36
4
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР … .
37
5
ҚОРЫТЫНДЫЛАР … … … … … … … … … … … … … … … … ..
40
6
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР … … … … … … .. … … … … …
41
7
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … .
42

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды

ТШ ОСЧ 25-6
Дистильденген су
ТШ 46-22-549-08
ТЭС — 1 термостаты
МСТ (ТШ) 2766-51
Негізгі фуксин, таза
МРТШ 42-56
Микротом пышағын қайрайтын қондырғы
МРТШ 42-102-63
Хирургиялық қайшылар
МРТШ 64-1-281-64
Парафин кесінділеріне арналған МПС-2 микротомы
МРТШ64-1-1629-64
МПС-1 микротомы
МЕСТ 12026-66
Сүзгіш қағаз
МСТ 5962-67
Этил спирті 96-ті ректификацияланған
МСТ 381-69
Термометр
МСТ 381-69
Хлороформ
ТШ 6-09-183-70
Эозин Н индикаторы
ТШ 64-1-1582-72
ГС 80 У 42 маркалы термостат
ТШ 480-11-10-73
Шыныға жазатын қалам
МЕСТ 20291-74
Пробиркалар
МЕСТ 20292-74
Сиымдылығы 100, 200, 500 және 1000 мл болатын өлшеуіш колбалар
МСТ 20292-74Е
Шыны пипеткалар
МЕСТ 20292-74
Микротом пышағын қайрайтын қондырғы
МЕСТ 9284-75
Микропрепаратқа арналған заттық шыны
МЕСТ 9284-75
Микроскопқа арналған жапқыш шыны
МСТ 4220-75
Екі хром қышқылды калий
МСТ 2290-76
Пихта бальзамы
ТШ 6-09-3803-77
Қышқыл фуксин (Рубин С)
МЕСТ 9412-77
Медициналық мақта
МСТ 8284-78
МБИ маркалы микроскоп
ТШ 27-56-774-79
КШ — 240 маркалы тоңазытқыш
МСТ 3118-79
Тұз қышқылы, ч.д.а., тығыздығы 1,19 гсм3
МЕСТ 24104-80Е
Лабораториялық таразы
МСТ 25336-82Е
Лабораториялық шыны ыдыстар
МЕСТ 25 336-82Е
Биолам Р-11 микроскобы
ТШ 6-09-3637-87
Лабораториялық жұмыстарға арналған парафин
МЕСТ 3164
Медициналық вазелин майы
МЕСТ 20283
Полистирол
МЕСТ 9949
Ксилол
МЕСТ 27583
Тауық жұмыртқасының ақуызы
МЕСТ 6304
Ақ түсті жіп, қағаз тігуге арналған
МСТ 21241
Медициналық пинцеттер

АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста мынандай терминдермен анықтамалар қолданылды:

Атрофия — қоректі заттардың жетіспеуінен және зат алмасуының төмендеуіне байланысты торшалардың, тоқымалардың немесе мүшелердің көлемінің кішірейіп қызметінің әлсіреуі.
Гематоксилин-эозин бояуы — гистологиялық препараттарды шолып зерттеу үшін қолданылатын бояу тәсілі.
Гиперемия — белгілі бір мүшеде немесе тоқыма қан тамырларында қанның шамадан тыс көп жиналуы.
Туберкулез — адам мен жануарлардың созылмалы өтетін, сүтқоректілерде көбінесе өкпенің, құстарда бауырдың ерекше қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауруы.
Гастрит — қарынның кілегейлі қабығының қабынуы.
Гемоглобинурия — гемоглобин пигментінің зәрде болуы.
Дистрофия — зат алмасуының бұзылуынан торшалардың және тоқыма — лардың физикалық және химиялық қасиеттерінің және морфологиялық түрлерінің өзгеруімен сипатталатын патологиялық процесс.
Жұқа тілімдер — гистологиялық препараттар дайындау үшін парафин блоктарынан микротом арқылы алынатын материал.
Қабыну — организмнің ауру тудыратын факторларға қарсы бағытталған күрделі, кешенді, жергілікті қантамырлық мезенхималық қорғаныс реакциясы.
Қанталау — қанның тамырлардан шығып, тоқымаға жиналуы.
Энтерит — аш ішек кілегейлі қабығының қабынуы.
Периваскулярлы домбығу — қантамырлар айналасында домбығу сұйығының жиналуы.
Перицеллюлярлық домбығу — торшалар айналасында домбығу сұйығының жиналуы.
Перльс бояуы — гистологиялық препараттарда темір қосындыларын анықтайтын бояу тәсілі.
Плазморрагия — қантамырлар қабырғасына және қантамырлар айналасындағы қан плазмасының сіңу процесі.
Романовский — Гимза бояуы — қан элементтерін және дәнекер тоқыма торшалар түрлерін анықтайтын бояу тәсілі.
Стаз — капиллярда және ұсақ веналарда қан ағысының баяулауы немесе қанның кенеттен тоқтап қалуы.
Склероз — дәнекер тоқыманың өсуіне байланысты мүшелердің қатаюы.
Түйірлі дистрофия — торшалардың коллоидтық қасиеттерінің және ультрақұрылымдарының бұзылуына байланысты ақуыздық (белок) түйірлер түрінде көрінуі.
Шор әдісі — ұсақ жануарлар түрлерін сойып зерттегенде қолданады. Әдістің мәні: бас, мойын, көкірек, құрсақ, жамбас қуыстарында орналасқан мүшелердің табиғи байланыстарын бұзбай кешенді түрде алу.
1.КІРІСПЕ
1.1Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы

Қазіргі кезде туберкулез ауруын дер кезінде анықтауда және емдеу шараларын жүргізуде көптеген жетістіктерге қол жетуіне қарамастан, күні бүгінге дейін ол бүкіл әлемде кең таралып, медико — биологиялық мәселе болып қалып отыр. Ветеринарлық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі — бұл ірі қара малының туберкулез ауруынан толығымен сауығуы болып табылады. Қазіргі кезде туберкулез ауруы әлі де мал шаруашылығы саласына экономикалық шығын әкелуде және күрделі эпидемиологиялық қауіп тудыруда. Ірі қара туберкулезімен күресу жолының жетістіктері келесілермен анықталады: ауруды зерттеу деңгейімен; диагностикада қолданылатын тиімді әдістер және құрал- жабдықтарымен; ауылшаруашылықтың құрылу мүмкіндігімен; материалдық қамтамасыздандырумен; алдын алу және сауықтыру шараларды ұйымдастырумен. Туберкулез қоздырғышын Р. Кох (1882) ашқан болатын, ол ең бірінші рет аллерген- туберкулинді дайындады (1890). 1924 жылы А. Кальметт және С. Герен адам туберкулезін өзіндік алдын алу үшін БЦЖ вакцинасын (BCG — Bacterium Calmett-Guerin, Кальметт-Герен бактериясы) жасап шығарды]. Туберкулез қоздырғышы — Mycobacterium tuberculosis. Микобактерияның тегі ішінді патогенді және патогенді емес микроағзалардың 30 түрі болады. Туберкулез ауруы 3 патогенді түрде болады: — Mycobacterium tuberculosis — адамда болады. Бұл түрді тек адам ғана емес, сонымен қатар шошқа да, мысық, ит, ірі қара да қабылдай алады, тек құстар ғана (тотықұстан басқасы) қоздырғыштың осы түріне шалдыға алмайды. — Mycobacterium bovis — барлық ауылшаруашылық, жабайы жануарларда, соынымен қоса адамда болады, тек құстарда болмайды. — Mycobacterium avium — үй және жабайы құстарда, шошқада, басқа да жануарларда болады, ал адамдар сирек шалдығады. Ірі қара туберкулезі ауруы Батыс Қазақстан облысы бойынша мониторингі тері ішілік туберкулинизациямен жүргізіледі, 2007 жылы 12 454,7 мың бас тексеріліп, 593 бас оң көрсеткіш анықталды, 2008 жылы 12 474 мың бас тексеріліп, 399 бас белгіленді. Ірі қарада туберкулез кезінде көбінесе өкпесі зақымдалады, туберкулез ауруы созылмалы түрде өтеді, ал жас төлдерде — өткір болады. Туберкулез қоздырғышының факторлары ауру жануарлардың азығы, суы, мал жайылымдары, көң төсеніші және т.б. арқылы таралады. Жас төлдер туберкулезді көбінесе ауру жануарлардың сүтінен және көк сүт арқылы жұқтырады. Құрсақ ішінде де бұзаулар зақымдалуы мүмкін. Егер, жануарлар туберкулезге шалдыққан адамдармен, соның ішінде сауыншылармен байланысса, қоздырғыштың адамдық түрімен де зақымдануы мүмкін. Ірі қара малы мал қорада көбінесе аэрогенді жолмен, ал жайылымда — алиментарлы жолмен зақымдалады Ірі қара мал туберкулезі бойынша 2000 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі эпизоотиялық ахуалды талдау жұмыстары көрсетуінше республикада 94 сау емес елді-мекендерде аталған ауру тіркелінген.
Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы бойынша жалпы елді мекендерге шаққанда 1,2% құрайды, оның ішінде, Ақмола облысында — 2 (0,23%), Қарағанды — 13 (2,3%), Қостанай — 48 (6,5%), Жамбыл — 11 (4,7%), Ақтөбе — 7 (1,5%), Батыс-Қазақстан — 3 (0,6%), Павлодар — 7 (1,4%), Солтүстік-Қазақстан — 3 (0,6%) елді мекен тіркелген.
1.2 Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Ірі қара мал туберкулезінің патологиялық морфологиялық зерттеу.
Аталған мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндеттерді қойдық:
1. Өкпе туберкулезін салыстырмалы патогистологиялық зерттеу;
2. Bio-Vision компьютерлік бағдарламасы арқылы морфометриялық әдіспен өкпедегі туберкулез кезінде пайда болған каверналар мен некроз ошақтарының қалыңдығын және көлемін (аумағын) анықтау.

Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы
Дипломдық жұмыс 2016-2017 жылдар арасында орындалды. Негізгі зерттеу материалдары туберкулезден өлген ірі қара мал өлекселері.
Зерттеудің тәжірибелік базасы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті Биологиялық қауіпсіздік кафедрасындағы сойып зерттеу бөлмесі және Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы кейбір шаруашылықтар.

2.ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Ауруға қысқаша сипаттама

Туберкулез (Tuberculosis) — адам мен жануарлардың созылмалы өтетін, сүтқоректілерде көбінесе өкпенің, құстарда бауырдың ерекше қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауруы. Туберкулез (грек. Phthisis) — әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар (туберкулалар) пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Жер бетінде адамның пайда болуынан едәуір бұрынғы дәуірге жататын археологиялық қазбаларда жануарлар сүйегінде туберкулезге тән өзгерістер табылған. Өте ерте заманда бұл ауру Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі еді. Ертедегі Грекия мен Римде туберкулез туралы жазба деректерді Гипократ(б.э.д 4 ғ ), Гален тағы басқа қалдырды .Дәрігерлер сол кезде-ақ бұл аурудың жұқпалы екендігін білген, әсіресе Орта Азиялық дәрігер Әбу Әлі Ибн Сина (11 ғ ) аурудың жұғу жолдарына дейін тәптіштеп жазып қалдырды.
Ғылыми тұрғыдан туберкулез кезінде әр түрлі ағзаларда болатын өзгерістер және аурудың жұқпалылығын эксперимент арқылы дәлелдеу 17-19 ғасырларда кеңінен зерттелді. Бұл зерттеулердің ең биік нәтежиесі 1882 ж. Неміс ғалымы Р.Кохтың аурудың қоздырушы микробын ашуы болып табылады.
Сонымен бірге, Р.Кох 1890 ж туберкулинді ашты. Басында оны ғалым емдік,кейіннен басқадай пікірге келіп, диагностикалық дәрмек ретінде ұсынды. Ғылымның тағы бір үлкен жетістігі — 1921 ж . Франция Кальмет пен Гереннің БЦЖ деп аталған туберкулезге қарсы вакцина алуы еді. Бұл үшін ғалымдар 13 жыл бойы ауру қоздырушысының сиырға тән түрлі ет қосылған глицеринді картопта 230 мәрте ауыстырып сепкен еді. Вакцина адамды туберкулезге қарсы иммундеу үшін қолданылады.

2.2 Қоздырушысы

Туберкулез қоздырушысының төрт түрі бар: Mycobacterium tuberculosis-адамды, Mycobacterium bovis — ірі қара малды, Mycobacterium avium — құсты, Mycobacterium piscium — балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғанда бұл микробтың отыз бір түрі бар деп есептеледі. Олардың он сегізі қоректік ортада баяу өседі, оны жылдам өседі, ал үшеуі ерекше жағдай қажет ететіндіктен жасанды қоректік ортада өспейді.
Микробактериялардың жоғарыда келтірілгендерінен басқа түрлері потенциалды зардапты немесе зардапсыз болып есептеледі. Микробтың атиптік (телімсіз ), яғни әдеттегіден өзгеше түрлерге жатқызылатын бұл түрлері адамды микробактериоз деп аталатын дертке шалдықтырады, ал жануарларда параллегиялық реакциялар тудырады. Раньонның жіктемесі бойынша Mycobacterium avium атиптік микробактерияларға жатады.
Микробактериялар жіңішке, аздап иілген таяқшалар, кейде олардың бұтақтанған, жіпше созылған немесе домалақ бөлшектері болады. Қозғалмайды, спора мен капсула түзбейді. Айрықша қасиеті — қышқылға төзімділігі, ол микробтың құрамында микол қышқылының болу нәтежиесі. Қышқылға төзімді микроб. Қабынған мүше тіліндісін Циль-Нильсен әдісімен бояғанда микробактериялар ашық қызыл, ал басқа микробтар көк түске боялады.
Туберкулездің қоздырушысы түбегейлі ауасы бағалы микробтарға жатады. Ол құрамында глицерин бар қоректік орталарда жақсы өседі. Өсіру үшін глицеринді ЕПС мен ЕПА, Петраньянидің, Левенштейн-Иенсеннің, Гельберттің, Сатонның қоректік орталары қолданылады. Микробактериялар өте баяу өседі: адамға тән түрі жиырма отыз күн өткен соң,сиырға тән түрлі жиырма-алпыс,құсқа тән түрлі 11-15 күннен соң өсін береді.
Төзімділігі өте жоғары. Өсіндіде 8-10 ай өткен соң өледі .Қақырықта 5-6 ай, ірі-қараның тезегінде жазғы жайылымда екі ай,қысқы уақытта 5 ай, кей жағдайда одан да ұзақ сақталады.Ең төзімді түрі — М.avium. Кептіруге, шіруге, төменгі температураға өте төзімді. Күн сәулесі және жоғары температура тез жойып жібереді.
Туберкулездің қоздырушысы дезинфектанттарға төзімді. Зарарсыздандыру үшін хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3-5% ерітіндісі, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, формальдегидтің сілтілік ерітіндісі (3% формальдегид және 3% күйдіргіш натрий) пайдаланылады. Қораны зарарсыздандыру үшін хлорлы және жаңадан сөндірілген әкпен ағартуға болады.

2.3 Клиникалық белгілері

Аурудың жасырын кезеңі (жұққан сәттен туберкулинге оң реакция бергенге дейін) 14-40 күн. Туберкулез әдетте созылмалы, көбінесе көзге түсер белгілерінсіз өтеді. Сырт көзге әсіресе аурудың бастапқы кезінде ауырған малдың сау жануардан еш айырмашылығы болмайды. Ауырған малдың тек аллергиялық немесе серологиялық зерттеу арқылы анықтау мүмкін, ал туберкулезге тән зақымдану сойылған малдың ұшасы мен ағзаларын зерттеген сәтте байқалады. Ретті түрде малды туберкулинмен тексеріп тұру аурудың бастапқы сатысы кезінде байқауға мүмкіндік тудырады. Туберкулездің клиникалық формасының көзге түсуі аурудың ұзақ уақыт бойы орын алғандығын көрсетеді.
Дерт процесінің денеге орын тебуіне байланысты туберкулездің өкпедегі және ішектегі түрін ажыратады. Сонымен қатар желіннің, сірлі қабықтарынң зақымдануы генетикалық және денені жайлаған түрі кездеседі.
Шартты түрде туберкулездің ашық және жабық немесе жасырын түрлерін ажыратады. Ашық туберкулез кезінде ауру қоздырушысы нәжіспен, несеппен, сүтпен, қақырықпен сыртқа бөлініп шығады да жабық туберкулез кезінде айналасы қабыршықтанған дерт ошақтарынан микроб денеден сыртқы ортаға шықпайды. Ішек, желін зақымданған кезде туберкулез процессі әрқашанда ашық болып есептеледі.
Ірі қараның туберкулезі кезінде өкпе жиі зақымдалады. Бұл жағдайда дененің ыстығы біраз көтеріледі. Оқтын оқтын қатты жөтел пайда болады. Ауру созылмалы болғанда жөтел бәсеңдеп, дыбыссыз, бірақ азапты сипат алады. Қақырық түсуі байқалмайды деседе болады. Жөтелген кездегі тыныс жолдарынан бөлінген соран мал жұтып қояды немесе ол мұрыннан ағып тұрады. Көрінетін кілегейлі қабықтары бозғылт тартады.Өкпені тыңдағанда сырыл естіледі. Перкуссия кезінде дыбыстың әлсіреген ошақтары табылады. Ішек зақымдалған кезде іш өтіп қоңдылығы күрт төмендеп,жануарлардың әлсіздігі еселеп арта түседі. Желін зақымданған кезде желін үсті сөл түйіні ұлғайып қатайады,беті бұжырланып, қозғалуы шектеледі. Желіннің зақымданған бөлігін басып көргенде қатайған, аурсынбайтын бөлшектер сезіледі. Зақымдану аса қатты болса желіннің сыртқы тұрпаты өзгеріп бір жағына қисайады. Сауып көргенде сүттің сұйылып, қан немесе ірімік араласқанын байқауға болады. Жыныс мүшелері зақымданған сиырлар уақытсыз күйлеп, қысыр қалады,ал бұқаларда орхит кездеседі.
Бойды жайлаған туберкулез кезінде тысқары орналасқан сөл бездері (жақ астындағы, жауырын алдындағы, шаптағы, желін үстіндегі) ұлғайып, қозғалысы шектеледі.

2.4 Аурудың патогенезі

Ауру бұзауға сүтпен, ал ересек ірі қара малға аэрогенді жұғады. Қоздырушы сырқаттанған аналық малдан құрсақтағы төлге берілуі мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі белгісіз.
Жануарлардың түріне,жасына, иммундық жан-күйіне, оны бағып — күтіп, азықтандыруға, организмге енген қоздырушының саны мен сапасына қарай туберкулездің клиникасы мен морфологиясы санқила. Мал организмінде туындайтын қабыну процестері альтеративтік қабыну, экссудативтік қабыну және продуктивтік қабыну түрлерінде байқалады. Альтеративтік қабынған өрме сүзбе тәрізді (казеозды) өліге ұшырап,сұрғылт тартады, кебірсіктенеді, үгіндіге айналады, әктенеді. Туберкулездік экссудативтік қабыну сероздық экссудатта фибрин мен лимфоциттердің біршама мол болуымен,қабынған өрменің көп ұзамай казеоздануымен сипатталады. Мысалы, қабынған ылғалды қабықтың өзі де, оның бетіндегі экссудат та көп ұзамай өледі.Туберкулездік продуктивтік қабыну ошағында мезенхималық торшалар көбейіп,эпителиоид торшалар, көп ядролы алып торшалар және лимфоциттер пайда болады да, кейін олардың бір бөлігі өліп, ыдырайды. Сонымен, туберкулездік қабыну процесі әрдайым казеозға (сүзбе тәрізді өліге) ұласады.
Туберкулездік қабыну процесі едәуір жиі туберкулдар түрінде байқалады. Туберкулдар- құрылымының ерекшелігі бар инфекциялық гранулемалар .Олар ілкіде сұрғылт түсті, күңгірттеу, домалақ, пішінді, өлшемі көкнар дәніндей немесе одан сәл үлкендеу болады, эпителиоид торшалардан , яғни белсенділігі артқан ірі көлемді макрофактардан тұрады. Бұл торшалардың шегі көзі көрінбейді, цитоплазмасы эозинмен солғын боялады, сопақша немесе созылыңқы пішінді ядросында хроматин аз болады. Уақыт өте келе туберкулдардың өлшемі артып, ол 1 см жетуі мүмкін, ортаңғы жері өліп, денеге енген ауру қоздырғышының төңірегінде ақшыл сарғыш тартады көмескіленеді, әктенеді. Өлген орталықты эпителиоид торшалар, бірен-саран Лангханс алып торшалары, лимфоциттер топырлары қоршап жатыр. Көпядролы алып торшалар эпителиод торшалардың бір біріне қосылуы нәтежиесінде пайда болады, өлшемі бойынша эпителиоид торшаларынан 3-4 есе артады. Олардың ядролары цитоплазманың бір шетіне аттың тағасына ұқсай шоғырланады. Тіліндіні Циль-Нильсен әдісімен бояғанда бұл торшалар цитоплазмасында микобактериялар көрінеді. Уақыт өте келе тубекулдар тыртыққа айналады немесе дәнекер өрмемен қапшықтанады.
Мал организмінің микробактерияға икемділігіне қарай, туберкулдар бүлініп ыдырауы басым, продуктивтік реакция басым және экссудативтік реакция басым туберкулдар түрінде қалыптасады. Альтеративтік (бүлініп ыдырауы басым) туберкулдар өліге ұшыраудың басымдылығымен, эпителиод торшалардың тапшылығымен сипатталады. Мұндай туберкулдар ауруға иммунитеті жоқ жануарларда иммунитеті әлсіреген ересек жануарларда және микобактерияның уыттылығы тым жоғары болғанда туындайды. Экссудативтік туберкулдарда торшалар аз, домбығу сұйығы мен қанмен кернелген тамырлар мол болады. Бұл организмнің қоздырушыға гиперергиялық реакциясының көрінісі. Продуктивтік (өсіп-өну процесі басым) туберкударда эпителиоид торшалар мен алып торшалар мол, өлі зат аз болады. Мұндай инфекциялық гранулема болып табылатын туберкулдар жануардың төзімділігі жоғары, микобактерияның уыттылығы шамалы болған жағдайдан туындайды.
Туберкулез сатылы өтеді: бірінші кезекті туберкулез және екінші кезекті туберкулез түрлерінде. Бірінші кезекті туберкулез организмнің микобактериямен алғашқы кездесуі нәтежиесінде туындайды. Ол алғашқы дерттік кешен мен дерттің ерте таралу (генералдану) сатыларынан тұрады. Организмге енген микобактерияның уыттылығы тым жоғары,мөлшері мол болған жағдайда алғашқы дерттік ошақ инфекция қақпасында пайда болады: алиментарлы жұққанда — жұтқыншақта немесе аш ішекте (көбінесе мықын ішекте), аэрогенді жұққанда — өкпеде, іштегі төлге жұққанда — бауырда. Кейде қоздырушы микроб алғашқы енген мүшеде ешқандай өзгерістер шақырмай, осы мүшеге өңірлік лимфалық түйінді қабындырады.Организмге аз мөлшерде енген қоздырушы инфекция қақпасында да , өңірлік лимфалық түйіндерде де аялдамай, қанға өтіп,өздерінің өсіп-өнуіне қолайлы мүшені мекендеп, оны зақымдайды — сүтқоректілерде өкпені, құстарда бауырды. Мүшедегі алғашқы дерттік ошақтан микробактерия лимфаға өтіп, өңірлік лимфалық түйінде аялдап, оны қабындырады. Алғашқы болып мүше мен лимфалық түйіннің қосарлана зақымдануын толық алғашқы туберкулездік кешен деп, тек лимфалық түйіннің зақымдануын толық емес алғашқы туберкулездік кешен деп, бірден бірнеше мүшенің ,мысалы өкпе мен ішектің зақымдануын күрделі туберкулездік алғашқы кезең деп аталады.
Алғашқы туберкулездік кешеннен ірі қара мал жазылып кетуі мүмкін. Нәтежиесінде организмде ұзақ мерзім бойы сақталатын жүре біткен иммунитет және туберкулездік алергиялық реакция қалыптасады. Әдетте алғашқы ошақтан сырқаттық процесс лимфамен, қанмен мүше аумағында таралады. Сирегірек ауру зілді өтіп,алғашқы ошақтан микробактериялар қан, лимфа, табиғи қуыстар арқылы бүкіл денеге таралып, генералданған сипат алады. Сөйтіп мүшелерде, тарыдай, одан кішірек және үлкен ошақты туберкулдар пайда болады да, ақырында жануар өледі.
Екінші кезекті туберкулез — тұншыққан алғашқы туберкулездік кешеннің әртүрлі себептерге байланысты (ашығу, стрестер т.б ) қайтадан жандануы. Туберкулездің бұл түрі қайтадан жұққан микобактерия әрекетінен де болуы мүмкін .Ауырудың бұл пошымы көптеген мүшелердің қабынуы мен де ,тек жекелеген мүшелердің қабынуымен де байқалады. Өкпеде процесс бронхтар арқылы ,желінде сүт жолдарымен таралады.
Жас торшаларды пролиферациялық өсуі және экссудат бөліп шығару нәтежиесінде қабыну процессі өрбиді. Ол маңға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоитті торшалар шоғырланып, олардың сыртын лимфоитты торшалар құрайды. Торшалардың арасында іркілген эксудат ұйып фибриннен тұратын тор түзеді, соның нәтежиесіне тамырсыз туберкулез бодырмалы- туберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт, формасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады. Біраздан соң бұдырмақ дәнекер ұлпалық капсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпа қоректік заттар келмегн соң және микроб уының әсерінен бөлектеніп, ірімшік тәрізді құрғақ езілген массаға айналады.
Егер бастапқа туберкулез бұдырмағы тек қана қоздырушы енген жерде (өкпеде,ішекте) пайда болса, ондай шектелген ошақ бастапқы эффект деп аталады. Одан қоздырушы әдетте сөл арқылы маңындағы сөл түйініне барады да, онда да дерттік өзгерістер өршиді.Ағза мен оның маңындағы сөл түйінінің зақымдануын алғашқы толық кезең деп атайды.Егер өзгеріске тек қана маңындағы сөл түйіні ұшыраса, онда процесс толық емес алғашқы кезең деп аталады.
Ауру зілсіз өрбігенде бастапқы ошақ әктеніп қатаяды да, оның сырты дәнекер ұлпалы апсуламен қоршалып,инфекция процесінің одан әрі өршуі шектеледі. Төзімділігі нашарлаған организмде қоздырушының бастапқы ошақта капсуламен қоршалуы әлсіз болады. Дәнекер ұлпаның жеткіліксіз мөлшердегі регенерациясының нәтежиесінде туберкулез бұдырмағының қабы ыдырайды да, мико бактериялар сау ұлпаға түседі.Оның нәтежиесінде көптеген ұсақ, жартылай мөлдір бұдырмақтар пайда болады. Ұсақ туберкулалар бір-бірімен қосылып ірі туберкулез фокустарын түзеді. Бұл фокустардан мико бактериялар қанға өтуі мүмкін.Ондай жағдайда дерт бойды жайлап әр түрлі ағзаларда үлкендігі әр түрлі туберкулез ошақтары пайда болады. Дерт өкпені ұзақ жайлағанда үлкен туберкулез ошақтары мен каберналары пайда болады,олардың үлкендігі кейде жұдырықтай болады. Олардың айналасында тығыз дәнекер ұлпалы қапшық жетіледі. Туберкулез каберналады бір-бірімен бронхалар арқылы байланысуы мүмкін. Мұндай жағдайда олардың ішіндегі іріміктер жөтелген кезде қақырықпен сыртқы щығады. Туберкулез бойды жайлаған кезде өкпедегі ауқымды зақымның нәтежиесінде газ алмасу бұзылады, эритроцит түзілуі тежеледі. Анемия өрбиді, малдың күйі кетіп, өнімі азаяды, арықтап ақыры өледі.

2.5 Ауруды алдын-алу шаралары, емі және балау

Туберкулезбен ауырған малды емдемейді,оны сою қажет. Сау емес аң фермаларда туберкулезді дауалау үшін тубазид (изоназид) қолданылады. Дәріні жемге қосып күніне бір рет 10 мгкг дозада 75 кун қатарынан береді. Басқа жануарларға, атап айтқанда ірі қараға, туберкулезге қарсы тубазид қолдану ойдағыдай нәтежие бермейді.
Иммунитет. Туберкулез кезінде стерильді емес, сондықтан негізінен организмде аурудың қоздырушысы болғанда ғана сақталады. Иммунитеттің сақталуына туберкулез қоздырушысының сүзілетін түрінің (L — форма ) айрықша маңызы бар екені дәлелденеді. Медицинада қолданылатын БЦЖ вакцинасымен туберкулезге қарсы кузенді егеді.Аурудан сау емес аң фермасында туғаннан соң 20-30 күн өткен күзен күшігіне осы препарат жіберіледі. Егілген аңда иммунитет 6-8 ай сақталады.
Алдын алу шаралары. Туберкулезбен күресу шаралары сау шаруашылықтарды сырттан ауру әкелуден қорғауды, ауырған малды уақытында анықтау үшін жүйелі түрде диагностикалық тексеру жүргізуді сау емес шаруашылықты сауықтыру үшін ауру малды сойып, сау төлді жеке бөліп өсіруді, сыртқы ортада ауру қоздырушысын жоюға және сау малды қорғауға бағытталған ветеринариялық-санитариялық және ұйымдастыру шаруашылық шараларын іске асыруды және адамға ауру жұқтырмау жолдарын қарастырады.
Сау шаруашылықтағы бардлық шаралар сырттан ауру қоздырушысын әкелуден қорғауға бағытталады. Ол үшін фермаға туберкулезден таза шаруашылықтардан сау малды ғана алады. Әкелінген малды 30 күндік карантин кезінде туберкулезге тексереді. Жем — шөпті туберкулезден таза шаруашылықтардан ғана алады. Төлге берілетін көк сүт пастерленіп, жиналған ас қалдықтары термиялық өңдеуден өткізіледі. Малды күтуге туберкулезбен ауыратын адам жіберілмейді, ферманың территориясында құс ұстауға рұқсат етілмейді. Қора жайларды оқтын — оқтын дезинфекциялап, кемірушілер мен кенелерді жойып отырады. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда трофты төсеніш ретінде қолдануға және жем шөпке қосуға рұқсат етілмейді.Өйткені трофта болатын қышқылға төзімді микробтар туберкулинге параалергиялық реакция береді.
Туберкулездің таралуына жол бермеудің ең басты шарты — ауырудың шығуын уақытылы анықтау ол үшін ретті түрде тексеру жүргізіп тұру қажет .
Міндетті түрде туберкулезге тексерілуге тиіс малдар: сиырлар, құнажындар мен қабандар. Тексеру реті: ірі қараны асыл тұқымды шаруашылықтарда, мал кешендерін толтыру үшін мал беретін, балалар мекемелеріне, емдеу орындарына, демалыс үйлеріне және сауда жүйесіне тікелей сүт беретін шаруашылықтарда және туберкулезден сау емес мекендермен тікелей шекаралас болған жағдайда жылына екі рет тексереді.
Туберкулезден сау емес ірі қара шаруашылықтарында реакция беретін жануарларды жедел оқшаулап 5 күннің ішінде етке өткізеді.Туберкулезге реакция бермеген қалған жануарларды әрбір 30-45 күн сайын қатарынан 2 рет бүкіл табын бойынша теріс нәтежие алынғанға дейін туберкулезге тексереді. Бұдан кейін тағы да 3 ай үзіліспен 2 рет бақылау тексерісін жүргізеді. Теріс нәтежие алған жағдайда,егер туберкулезге күдік туғызатындай негіз болмаса, бұл табындағы малдарды туберкулезден сау деп есептейді. Сау емес фермадағы туберкулезге реакция бермейтін сиырлардан туған бұзауларды оқшау жағдайда өсіреді.Оларға сау сиырдың сүтін немесе өз енелерінің зарарсыздандырылған сүтті (көк сүтті) ішкізеді, екі айға толғанда туберкулинмен тексереді, оң реакция бергендерін оқшаулап, бордақыланған соң етке өткізеді. Реакция бермегендерін 30-45 күн үзіліспен тағы да 2 рет, одан кейін 3 ай өткен соң тексереді. Бүкіл табын бойынша теріс нәтежие алынса, оларды сау деп тауып шаруашылықтың өз ішінде ғана малданады.
Туберкулезге диагноз кешенді қойылады. Малдың тірі кезінде ол үшін аллергиялық зерттеулер жүргізіледі. Өкпеде,ішекте,бауырда,көкірек қуысының бет пердессінде туындайтын түйіншектер мен казеоздар туберкулезге тән морфологиялық өзгерістер. Лимфалық түйіндер (жұтқыншақтық, жақастылық, бронхтық, шажырқайлық медиастиналық) әрдайым зерттелуі керек. Мүшелердің туберкулездік қабынуына міндетті түрде өңірлік лимфалық түйін туберкулезі қосылады. Эпителиоид торшалар мен алып торшалардан тұратын гранулемалардың және Циль-Нельсен әдісімен боялған гистопрепаратта қышқылға төзімді микробтардың табылуы бұл істе соңғы нүкте қоюға негіз болады. Туберкулезді сенімді түрде анықтау үшін біз ПТР әдісін қолдандық . Жұмыстың негізгі мақсаты — ветеринарлық практикаға ауылшаруашылық жануарлар туберкулезін тәжірибелік анықтау үшін жаңа әдіс — ПТР әдісін енгізу және қолдану. ПТР әдісі M.bovis және M.tuberculosis туберкулез қоздырғышын табу үшін МТБ — КОМ тест-жүйесін пайдалану арқылы, полимеразалық тізбектік реакция көмегімен өткізіледі ( ұйымдастырушы-өңдіруші — ФГУН ЦНИИЭ Роспотребнадзора, Москва қаласы). ПТР (полимераздық тізбекті реакция) — зерттеудің молекулярлық-генетикалық әдісі. Әдістің негізі in vitro-да әр түрлі ферменттерді пайдаланып, ДНҚ-ң анықталған бөлігін көшіру болып табылады. ПТР-ң әрбір циклі 2-5 мин болады, ал амплификация үрдісі 1,5-4 сағатқа созылады. Бұл әдіс жоғары сезімталдылықпен ерекшеленеді және оның көмегімен ДНҚ матрицасының бастапқы мөлшерінен амплификаттардың микрограммдық мөлшерін алуға болады (кей жағдайда бірнеше көшірмелерін). Полимеразалық тізбектік реакция — ауылшаруашылық жануарлар туберкулезін тез анықтайтын әдіс, сонымен қатар, еттен микобактерияны табудағы нәтижелі тәсіл болып табылады. ПТР 3 кезекті стадиялардан тұрады (денатурация, жасыту, элонгация) (Mullis, 1987). Реакциондық қоспаның құрамында келесідей компоненттер болады: праймерлер, ПТР жүргізу үшін буфер, MgCl 1.5 M, дизоксинуклеотидтрифосфат қоспасы dNTP және Taq-полимераза. Батыс Қазақстан облысы, Круглоозерное ауылында Светлана ЖШ-да 65 бас зерттеуге алынды. Ірі қара мал қанынан ДНҚ-ны бөліп алу үрдісі Амплисенс ДНК-сорб-Б атты коммерциялық жиын көмегімен жүргізіледі. 100 мкл M. Тuberculosis spp сынамасына 300 мкл лизирленген ерітіндіден құралған алдын ала дайындалған ерітінді және 10 мкл ВКО Mycobacterium tuberculosis complex қосылады. Сынамалар 65°С 5 минутта лизиске ұшырайды, кейін 25 мкл сорбент суспензиясы қосылады. Сорбент 5 мың айнмин, 30 сек микроцентрифугада тұнбаланып, супернатант бөліп алынады. Бұдан кейін № 1 шайып алу үрдісі (300 мкл) және № 2 шайып алу (500 мкл) үрдістері орындалады. № 2 шайып алу 30 үрдісі қайталанады. Элюцияны 50 мкл ТЕ-буфермен жүргізеді. ДНҚ-ны бөліп алу сапасы агароздық гельде электрофорез әдісімен анықталады. 42 циклден тұратын амплификация бағдарламасы жасалынды. Бұл бағдарламада 1 этап денатурация 95°С 3 минут, 2 этап жасыту 63 °С 1 … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz