Құбылмалы бейсенбі. 10 қаңтардағы ауа райы болжамы

0
Жауын-шашын қыс жаңбыр ауа райы
Фото: Vestipmr.info

Қазақстан аумағында 10 қаңтарда да ауа райы құбылмалы болады. “Қазгидромет” мамандарының хабарлауынша, еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын жауады. Көктайғақ болады, тұман түседі, күшті жел соғады.

Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл көлі ауданында 20-25 м/с жел соғады. Қызылорда облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Түркістан облысында секундына 25 метрге жететін жел соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, Маңғыстау облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын соғады, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында күн тұманды болады.

“Қазгидромет” РМК Сырдарияда су деңгейі көтерілетінін ескертеді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz