Ғ Қайырбеков Ана тілі

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ғ Қайырбеков Ана тілі

Автор: Сейткулиева Бибинур Колдашбаевна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 3 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-09


Материал туралы қысқаша түсінік

тәжірибе жинау үшін




Сабақтың тақырыбы: «Ғ.Қайырбеков Ана тілі»Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Ғ.Қайырбеков өмірімен,шығармаларымен , суреттерімен таныстыру.Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттау. өлең мазмұны туралы түсінік қалыптастыру.Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын жетілдіру,ойлау,көру, қабылдау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Ұлы адамдардың өмірін үлгі тұту,ана тілін сүюге адамгершілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі:ақын суреттер,сөзжұмбақСабақтың әдісі: баяндау,сұрақ жауап,СКТТ Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,бейнелеу.Сабақтың барысыҰйымдастыруАмандасу.оқу құралдарын түгендеуНазарын сабаққа аударуПсихологиялық дайындық Мен үшін әрқайсысыңның орның бөлек Бейне бір сендер жеміс,мен бәйтерек Бүгінгі сабағымыз сәтті өтуге Ұшқыр ой,ашық көңіл,білім керек.Мақсатымыз еңбектенуМіндетіміз білім алу,Барлығымыз жұмыла Беске қолды жеткізу.Үй тапсырмасын сұрау.Ә.Кекілбайдың Тасбақаның шөбі сұрақ жауап арқылы пысықтау.Жаңа сабақ Ғ.Қайырбеков Ана тіліАқын туралы мағлұмат беру. Жаңа сабақты сұрақтармен сөзжұмбақ шешу арқылы ашу.Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту. Сұрақ арқылы ой қозғау. СКТТ талдау 1.Авторы:Ғ.Қайырбеков-көрнекті ақын әрі жазушы 2.Тақырыбы:Ана тілім-дана тілім 3.Идеясы:Ана тілің –арың бұл! Қазақ тілінің ұлылығы,байлығы 4.Жанры: өлең 5. 4 шумақ, 16 тармақ , 11 буын 6.Ұйқасы: аабв аралас ұйқас 7.Сөздік жұмыс :Тізелесіп қатар жазса мың ақын ақындардың барлығы бірге Отырып жазса деген мағынада 8.Тәрбиелік мәні:ана тілді қадірлеуге,ана тілімізде таза сөйлеуге тәрбиелеу.Сергіту сәті: Аспанға қарап ай көрдім Төменге қарап жер көрдім Оңға,солға бұрылып Егеменді ел көрдім.Ой қозғау:Ана тілім- тірлігімнің айғағы тақырыбына эссе жазу Қорытындылау:Мақал- мәтелдер: «Тілден асқан- қазына жоқ», «тілін білмеген -түбін білмейді»Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау, тақырыпқа сай екі шумақ өлең шығарып келу Бағалау:Сабаққа атсалысып қатысып отырған оқушыларды жақсы деп бағалаймын.

есімдіктер — заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. [1]Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.[2]Мазмұны  [жасыру

Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

  • жіктеу есімдіктер;
  • сілтеу есімдіктер;
  • сұрау есімдіктер;
  • өздік есімдіктер;
  • белгісіздік есімдіктер;
  • болымсыздық есімдіктер;
  • жалпылау есімдіктері;

Жіктеу есімдіктері[өңдеу]Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.[3]Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

Атау мен сен ол
Ілік менің сенің оның
Барыс маған саған оған
Табыс мені сені оны
Жатыс менде сенде онда
Шығыс менен сенен онан (одан)
Көмектес менімен сенімен онымен

Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.Сілтеу есімдіктері[өңдеу]Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.Сұрау есімдіктері[өңдеу]Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар — белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.Өздік есімдік[өңдеу]Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.Белгісіздік есімдіктері[өңдеу]Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:

  • Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).
  • Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай. әрине
  • Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).

Болымсыздық есімдіктері[өңдеу]Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы.Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).Жалпылау есімдіктері[өңдеу]Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.[4]офицердің орнында сен болса,не істер едің?

Есімдік, түрлері, емлесі, есімдіктің түрленуі, сөйлемдегі қызметіЕсімдік, түрлері, емлесі, есімдіктің түрленуі, сөйлемдегі қызметіЕсімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады. Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеуесімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6)болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі. 1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады. 2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер. 3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б. 4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөзжатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп:өзімнің түрінде қолданылады. 5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады. 6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан,ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздықмағынаны білдіретін сөздер жатады. Болымсыздық есімдіктері еш сөзімен бір, кім, қашан, қайдан, қандай деген есімдіктердің бірігуі арқылы жасалып, бірге жазылады: ешбір, ешқашан, ешқандай, ешкім, т.б. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркесіп келгенде, бөлек жазылады: еш адам, еш оқиға, еш кітапта, еш жерде, еш уақытта, еш мүмкіндік, еш ата-ана, т. б. Болымсыздық есімдіктерінің ерекшеліктері: 1. Ешкім, ештеңе, ештеме, дәнеңе, дәнеме, ешқайсысы деген болымсыздық есімдіктер сөйлемде зат есім орнына қолданылып кім, не? деген сұраққа жауап берсе – бастауыш қызметін атқарады. 2. Ешқашан, ешқайда, ешқайдан есімдіктері мезгілдік, мекендік мәнде жұмсалып, пысықтауыш болады. 3. Ешқандай есімдігі қандай? сұрағына жауап беріп, заттың сынын білдіріп,анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Іздегені ешқайда (қайда?) болмай шықты. Ешқайсысы (кім?) кешіккен жоқ. Ешқашан (қашан?) өтірік айтпа. 7. Белгісіздік есімдігі – затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан;әр, әркім, әрне, әрқашан, әрқандай, әрқайсысы, әрбір, әрбіреу, кімде-кімдеген сөздер жатады.

Белгісіздік есімдіктерінің ерекшеліктері:

1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері басқа біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз есімдіктерімен тіркескенде бірге жазылады: әлдебіреу, әркім, біраз, әрқалай, т.б.

Басқа сөз таптарымен тіркескенде бөлек жазылады: кей күні, бір бала, әр адам, т. б.

2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, кімде-кім, әркім, әрне, әлденебелгісіздік есімдіктері зат есім орнына жұмсалып, сөйлемде бастауыш болады.Әркім (кім?) өз ойымен отыр. Әрқайсысы (кім?) әр түрлі пікір айтты.

3. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір есімдіктері сын есім орнына жұмсалып, сөйлемде анықтауыш болады. Кейбір (қай?) оқиға еш ұмытылмайды. Әрбір (қай?) адам өзі үшін жауап береді. Бірнеше (қанша?) оқушы әңгімелесіп тұр.

4. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайданесімдіктері үстеу мәнінде жұмсалып, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Әрқашан (қашан?) шындықты айту керек. Әлдеқайдан (қайдан?) бір дыбыс естілді.

Есімдіктер – есім сөздердің орнына жүретін сөз табы болғандықтан, көптеліп те,жіктеліп те, тәуелденіп те, септеліп те қолданылады.

Есімдіктің септелуі

Атау мен Сен ол бұл ешкім бәрі
Ілік менің Сенің оның бұның ешкімнің бәрінің
Барыс маған Саған оған бұған ешкімге бәріне
Табыс мені Сені оны бұны ешкімді бәрін
Жатыс менде Сенде онда бұнда ешкімде бәрінде
Шығыс менен Сенен одан (онан) бұдан ешкімнен бәрінен
Көмектес менімен Сенімен онымен бұнымен ешкіммен бәрімен

 Есімдіктің тәуелденуі 

  ол Бұл мынау кім өз
Менің оным бұным мынауым кімім өзім
Сенің оның бұның мынауың кімің өзің
Сіздің оныңыз бұныңыз мынауыңыз кіміңіз өзіңіз
Оның онысы бұнысы мынауы кімі өзі
Біздің онымыз бұнымыз мынауымыз кіміміз өзіміз
Сендердің оларын бұларың мынауларың кімдерің өздерің
Сіздердің оларыңыз бұларыңыз мынауларыңыз кімдеріңіз өздеріңіз
Олардың олары(онысы) бұнысы мынауы кімдері өздері

 Жіктеу, сілтеу есімдіктері септелгенде, мынадай ерекшелік байқалады: 1) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л, н, дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады;3) көмектес септікте түбір мен қосымшаның арасында -ы, -і дәнекері пайда болады; 4) барыс септік жуанданып, л, н, түсіп қалған түбірге жалғау -ған түрінде жалғанады. Үлгі:

А.с.І.с.Б.с.Т.с.Ж.с.Ш.с.К.с. менме-ніңма-ғанме-німен-деме-ненмен-і-мен Сенсе-ніңса-ғансе-нісен-десе-ненсен-і-мен оло-ныңо-ғано-ныон-дао-данон-ы-мен бұлбұ-ның (мұ-ның)бұ-ғанбұ-ны (мұ-ны)бұн-да (мұн-да)бұ-дан (мұ-нан)бұн-ы-мен(мұ-ны-мен) солсо-ныңсо-ғансо-нысон-дасо-дансо-ны-мен

 Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. 1. Есімдіктер зат есімнің орнына жұмсалып, атау тұлғада тұрып, бастауышболады. Олар (кімдер?) үнсіз отырып қалды. Барлығы (кім?) келісті. Әркім(кім?) өзінше дайындалыпты. Өзі (кім?) айтып берді. 2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып,толықтауыш болады. Бұл ешкімге (кімге?) айтпаған сыры болатын. Мынаны (нені?) апаңа берерсің. Ешқайсысында (кімде?) арнайы рұқсат жоқ. Тапсырма бәрінен (кімнен?) сұралады. Ол әркіммен (кіммен?) ақылдасуды жөн көрді. 3. Есімдіктер ілік септігінің жалғауын жалғап және сын есімнің, сан есімніңорнына қолданылып, анықтауыш болады. Барлығының (кімнің?) пікірі бір жерден шықты. Бұл (қай?) пікірді бәрі құптады. Бірнеше (қанша?) дауыс қатар шықты. Ешбір (қандай?) адам өзіне жамандық тілемейді. 4. Есімдіктер мезгіл, мекен үстеулерінің орнына қолданылып, пысықтауышболады. Әңгіме әлдеқашан (қашан?) аяқталған. Ол ешқайда (қайда?)бармауға бел байлады. 5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.Менің мақсатым – осы. Ата-анамыздың барлық тірегі – біздерміз.Есімдіктер құрамына қарай екі түрге бөлінеді: 1. Дара есімдік бір сөзден тұрады: мен, олар, сендерсіңдер, дәнеңе, анау, бәрі, күллі, қашан, сол, өз, кей, т. б. 2. Күрделі есімдік екі түбірден жасалады: қосарлану арқылы: кімде-кім, өз-өзіне; бірігу арқылы: әрқашан, кейбіреу, әрне, әрқалай, әлдебіреу, әлдеқайдан, ешкім, т. б.

Қадыр Мырза Әлі

Қадыр Мырза Әлі
Туылған күні 5 қаңтар 1935
Туылған жері Жымпиты, Орал облысы,Қаз КСР.
Қайтыс болған күні 24 қаңтар 2011 (76 жас)
Қайтыс болған жері Алматы, Қазақстан.
Азаматтығы КСРО   Қазақстан
Ұлты қазақ
Мансабы ақын, жазушы, аудармашы
Шығармалардың тілі
Дебюті «Көктем» жыр жинағы (1959)

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (1935 жылы туған) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұраныныңсөзін жазған авторлардың бірі.[1]ӨмірбаяныАқын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 19681973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.[2]Шығармашылық жолыОның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды. Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), әзербайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды[1]. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бүрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.1966 жылы «Ой орманы» өлеңдер жинағы үшін Қадыр Мырза Әліге Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді.1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін ол Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.2001 жыл Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығына ие болды. 1993 жылы Қадыр Мырза Әлі өлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын алды.Қадыр Мырза Әлі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді.2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.[3]Кітаптары

  • «Жаңғалақтар» ();
  • «Кішкене қожанасырлар» ();
  • «Ноян-қоян» ();
  • «Алуан палуан» ();

Жыр жинақтары

  • «Ой орманы» ();
  • «Дала дидары» ();
  • «Қорамсақ» (, );
  • «Қызыл кітап» ();
  • «Күміс қоңырау» ( — );
  • «Мәңгі майдан» ();
  • «Биік баспалдақ» ();
  • «Үкілі үзінділер» ();
  • «Алаштың арманы» ();
  • «Еңіреп өткен ерлер-ай» ();
  • «Алмас жерде қалмас» ().

Сабақтың тақырыбы: «Жіктеу есімдігі»Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Жіктеу есімдігі туралы мәлімет беру. Оның жасалу жолдарын түсіндіру.Дамытушылығы: Оқушылардың танымалдық, белсенділігін, қабілетін арттыру. Есімдікті қолдана отырып сөйлеу мәдениетін тілдік қорын жетілдіру. Тәрбиелілігі: өзін өзі басқара білуге, ізденушілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі:ақын суреттері,слайдСабақтың әдісі: Сұрақ жауап,СКТТ Пәнаралық байланыс: Ана тіліСабақтың барысыҰйымдастыру Амандасу.оқу құралдарын түгендеуНазарын сабаққа аударуПсихологиялық дайындықАрдақта тіліңді,Ал одан білімдіӨз тілің үйретерӨнерді, ғылымдыТіліңсіз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқҮй жұмысын сұрау.«Жұлдызды сәт» ойыны Зат есім

Етістік Сын есім Сан есім

Етістік Сан есім сын есім

Зат есімЕсімдік дегеніміз не? Зат есім, сын есім, сан есідердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік дейміз.Есімдіктер: мен, сен, біз, сіз, ол, өзі, бұл, сол, кім, қанша, қайда, ешкім, әркім, ешқашан, әрқайсысы, т.б. Есімдік мағынасына қарай 7 түрлі топқа бөлінеді.Олар

Жаңа сабақЖіктеу есімдіктері13.Өлеңді мәнерлеп оқу.Мынау менің сезгенім: Күнде бестік алсаң сен,Ол сыныптың анасы. Онда басқа жоқ арман. Өзінің де, өзгенің Ал оқымай барсаң сен, Баласы оның баласы. Бір тал шашы ағарған.

Қай кезде де ол анық, Жақсы болсаң, шынында, Қайғырмайды өзі үшін. Қартаймас деп айта алам. Біздер үшін қуанып, Жаңа оқу жылында Қызарады біз үшін. Жасарады қайтадан.

  • Есімдіктерді тап, оларға сұрақ қой.

14.Көп нүктенің орнына тиісті жіктеу есдіктерінің бірін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 1. … үлкен кісілерге орын беремін. 2. … атасына көмектесті. атасына көмектесті. 3. … саяхатқа бардық. 4. … кешікпей кел. 5. … келесі бөлмеге барыңдар.

  • Есімдіктердің қай жақта тұрғанын айтыңдар.
  • Сергіту : Жаса Қазақстан өлеңі

Ой қозғау15.Жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлем құра. Біз, сіз, ол.16.Қарамен жазылған сөздерді тиісті жіктеу есімдіктерімен алмастырып, мәтінді көшіріп жаз. Киіз үйге төселетін төсеніштің бірі – текемет.Текеметтің оюлы текемет, шашақты текемет, салбырама текемет сияқты түрлері бар.Текемет сырмақтан үлкен, енді болып келеді.

  • Есімдіктердің қай сөз табының орнына және не үшін жұмсалып тұрғанын дәлелде.
  • Қорытындылау: не білдік? не білдім?

17.Түсіп қалған есімдіктерді орнына қойып, өлеңді мәнерлеп оқы. Келеді ұшып тырналар,Үшкілденіп тізіліп.Қайтқан сайын жылда …….Қараймыз ……. ызығып.

  • Есімдіктерді тап, олардың жекеше түрін ата.

Әбдірахман Асылбеков 1938 ж







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.