Коммерциялық банк | Скачать Дипломдық жұмыс

0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …

6
1.
ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …

9
1.1
Депозит нарығының экономикалық мәні, құрылымы және ерекшелігі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..

9
1.2
Депозит нарығының және банк депозиттерінің жіктелімі … … … … … …
14
1.3

Депозит нарығындағы депозиттік саясаттың қалыптасу негіздері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …

22
2.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ … … … … … … … … … … … … … … …

28
2.1
Қазақстан Республикасының депозит нарығын талдау … … … … … … …
28
2.2
БанкХоумКредит АҚ-ның депозиттік операцияларын талдау … … … .
42
2.3
Депозиттерді сақтандыру қорының қызметін талдау … … … … … … … .

46
3.
Қазақстан Республикасының Депозит нарығыН ЖӘНЕ ДЕПОЗИТТЕРДІ САҚТАНДЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ … … …

59
3.1
Коммерциялық банктердiң депозиттiк саясаты және оның депозиттердi жетiлдiрудегi маңызы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..

59
3.2
Банктік депозиттерді сақтандыруды жетілдіру жолдары … … … … … … .

65

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..

70

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … … …

73

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Депозит нарығының тиімді қызмет етуі жалпы қаржы жүйесінің нәтижелі дамуына өз үлесін қосады. Сондықтан коммерциялық банктердің базалық қызметтерінің бірі болып табылатын депозиттік операцияларды тиімді ұйымдастыра білу тек банк жүйесі ғана емес, сонымен қатар жалпы мемлекеттің қаржы нарығының дамуында маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының банк жүйесі экономиканың өсуіне ықпалын тигізетін және макроэкономикалық тұрақтылыққа жету мақсатына негізделген мемлекеттің, экономиканың негізгі бір құрамдас бөлігі. Банктік жүйенің экономикалық мәні қайта өндіру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін оларды несиелер мен инвестицияларға айналдыру жолымен — артық капиталды қайта бөлу болып табылады. Сонымен қатар, нарықтың бір секторына көшу арқасында экономика артық ақша қаражаттарды қайта бөлу проблемасын шешуде тұрақты және сенімді банктік жүйені талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржылық нарықтың дамуы мен тұрақтылық шарттарында, банктік жүйенің құрылымы да тез өзгереді. Қаржылық ұйымдардың жаңа түрлері, несие құралдарының жаңа түрлерін, заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша жаңа операциялар пайда болуда. Банк жүйесінде заңды және жеке тұлғалардың маңызы өте зор. Өйткені, заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары арқылы банктер өздерінің ресурстарын жинақтайды.
Банктік ресурстар — белгілі бір коммерциялық банктің заңды қызметтерін жүзеге асыратын ресурстар жиынтығы. Банктік ресурстар әртүрлі көздерден құралады және әртүрлі мақсаттарға жұмсалады. Ресурстарды орналастырудағы банк мақсаттарының бір ғана шарты бар — ол табыс көзін молайту арқылы банктің өтімділігін өте жоғары деңгейде ұстау .
Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін банктер бір қатар іс әрекетті жүзеге асыру керек, олар — банктік операциялар деп аталады. Бұл депозиттік операциялар тек банктің жұмысының жүзеге асуында ғана емес, өнеркәсіп салаларының, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының дамуында үлкен рөл атқарады.
Коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретінде банктік мекеменің өзіндік ерекшелігі оның ресурстарының басым бөлігі меншікті құралдардан емес, тартылған құралдардан құрылуында. Қаражаттарды тартуда банктердің мүмкіндіктері шектеулі және кез келген елде Орталық Банк тарапынан реттеледі. Банк капиталының мөлшері мен тартылған қаражаттар көлемі арасындағы ара қатынасты Қазақстан Республикасының ұлттық Банкі міндетті экономикалық нормативтер арқылы реттейді.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, халық және басқа банктердің құралдарын салым (депозит) нысанында және осы салымға сәйкес шоттарды ашу арқылы тарту мүмкіндігін иеленеді. Банкпен тартылатын қаражаттар құрамы бойынша әртүрлі болып келеді. Олардың басты түрлері — клиенттермен жұмыс істеу үрдісінде банкпен тартылған құралдар (депозиттер), меншікті борышқорлық міндеттемелерді (депозиттік және жинақ сертификаттарын) шығару жолымен шоғырландырылған құралдар.
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі — бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді атқарады. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу есебінен құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
Біздің мемлекетімізде депозиттік саясаттың қалыптасу мәселелеріне қажетті көңіл аударылмай келді. Бұл жоғары инфляция және арзан ресурстардың қолда бар болған кезде банктік операцияларға сүраныс ұсынысқа қарағанда елеулі асты, ал осы шарттар банктік операциялар тәуекелінің табиғатын өзгерте отырып, жоғары пайда нормасын қамтамасыз етумен байланысты болды. Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімді валюталық нарықтағы операциялар сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші орынға шығарды. Жалпы, 1998 жылы және 2008 жылдары болған банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.
Тақырыптың өзектілік дәрежесі мынадан шығады: депозиттік қатынастар көптеген мектептердің экономикалық зерттеулерінде және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Е.Ф Жуков, З.С. Каценеленбаум, В.И. Колесникова, Г.Г. Коробова, О.И. Лаврушин, Г.С. Панова. Депозиттерге, салымдар мен оның жіктелуіне басты назар отандық ғалымдардың еңбектерінде де бөлінген. Мынадай авторлардың еңбектерінде қарастырылған: А.А Адамбекова, Д.Т. Бохаев, У.М. Искаков, Э.А. Рузиева, Н.Н. Хамитов, С.Б. Мақыш.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты — Қазақстанның депозиттік нарығын жетілдіру жолдарын оның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында, депозиттік қатынастардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін дайындау, депозиттерді сақтандыру жүйесінің қызметін талдау, депозиттерді сақтандыру жүйесін жетілдіру болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
oo депозиттiң экономикалық мәнi және оның жiктелуiнiң теориялық негіздерін ашып көрсету;
oo депозит нарығының теориялық негізін және дамуының міндеттерін ашып көрсету;
oo депозит нарығындағы алдыңғы қатарлы банктердің депозиттік операцияларын талдап, жіктеу;
oo халық қолындағы салымдарды коммерциялық банкке тартудағы бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;
oo коммерциялық банктің тұрақтылығын күшейту мақсатында оның депозиттік саясатын оңтайландырудың перспективалы бағыттарын анықтау;
oo Қазақстандық депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жүргізу арқылы оның дамуындағы мәселелерді анықтау, депозиттерді кепілдендіру жүйесін жетілдіру жолдары қарастыру;
oo Қазақстанның депозит нарығын дамытуды жетілдірудің нақты бағыттарын ұсыну.
Зерттеу объектісі — Қазақстан Республикасының депозит нарығы, екінші деңгейдегі банктердің депозит нарығында ұсынатын депозиттері.
Зерттеу пәні — Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының дамуы мен қызмет ету үдерісінде қалыптасатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломның құрылымы кіріспеден, 3 тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

0.1 Депозит нарығының экономикалық мәні, құрылымы және ерекшелігі

Қаржылық институттар өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қосымша ресурс көздерін қажет етеді. Бұл ресурс көзінің негізгі бөлігін жеке және заңды тұлғалардың салым ақшалары немесе депозиттері құрайды. Қазіргі жағдайда банктердегі резидент депозиттерінің көлемі — заңды тұлғалар және халықтың салымдары ұлттық депозит нарығын құрайды. Депозит нарығы ұғымы және термині бұрыннан бері пайдаланылады және әртүрлі мектептер тұрғысынан кең қолданысқа ие. Алайда, бұл түсінік ғалымдармен кеңінен қолданылғанына қарамастан, депозит нарығы түсінігіне нақты анықтама берілмеген. Ең алдымен депозит нарығы түсінігі А.Адамбекованың Қазақстанның қаржы нарығының құрылуы және дамуына арналған монографиясында берілген. Оның зерттеуінде депозит нарығы қаржы нарығы құрылымындағы құрамдас негізгі элемент ретінде анықталған. Сонымен, монографияда депозит нарығына келесідей анықтама берілген:
Депозит нарығы — қоғамның экономикалық агенттерінің уақытша бос ақша қаражаттарын аккумуляциялау үрдісінде депозиттік инструменттер айналысымен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы.
Депозит нарығы — инвестициялық ресурстар құрауда негіз болатын депозиттік қатынастар қатысушылары арасында депозиттік инструменттерді сату-сатып алу үрдісі өтетін экономикалық орта.
Сонымен қатар қаржы нарығы құрылымының қазіргі кездегі талдауындағы анықтамасын Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т. және Рузиева Э.А. ұсынған болатын. Олардың еңбектерінде депозит нарығына нақты анықтама берілмеген, бірақ нарықтық механизм құрамы депозит нарығының қатысушылары арасында қалыптасатын депозиттік қатынастар тұрғысынан қарастырылған [2, 2 б.].
Жоғарыда депозит нарығы туралы ғалымдардың еңбектеріндегі берген анықтамаларын талдай келе, депозит нарығына жаңа баламалы анықтама беріп өтсем:
Депозит нарығы — депозиттік мекемелермен халықтың қолындағы бос ақша қаражаттарды (салымдар) тартуға байланысты депозиттік мекемелер мен салымшылар арасындағы туындайтын депозиттік қатынастар жиынтығы.
Депозиттік нарықта депозиттік қатынастар депозиттік ұйымдардың қызмет етуі мен депозиттік құралдардың айналысы үрдісінде пайда болады. Депозиттік құралдар негізіне банктік өнім — депозит жатқызылады.
Жалпы, депозит нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп беру тәртібіне сәйкес қаржы нарығының құрылымы келесілерден тұрады: ақша нарығы, депозит нарығы, несие нарығы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы нарығы, сақтандыру нарығы (1-сурет).

Қаржы нарығы
Зейнетақы нарығы
Депозит нарығы
Несие нарығы
Ақша нарығы
Бағалы қағаздар нарығы
Валюта нарығы
Сақтандыру нарығы
Қаржы нарығы
Зейнетақы нарығы
Депозит нарығы
Несие нарығы
Ақша нарығы
Бағалы қағаздар нарығы
Валюта нарығы
Сақтандыру нарығы

Сурет 1. Қазақстан қаржы нарығының құрылымы
Ескертпе — Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. Алматы: Экономика, 2007 ж.

Депозит нарығында халықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттары (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалар депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы пайыздар төлейді [3, 16 б.].
Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің ролі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау — коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталымен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал — ол банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражат сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу тәуекелін төмендетеді. Үшіншіден банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материялдық объектілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктарге меншікті капиталдың тартылған өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк кызметін бастау үшін қажет.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.
Экономист-ғалымдар банктік депозиттің мәнін зерттей отырып оның қос табиғатында тұжырымдалатын ерекшеліктерін атап көрсетеді: Депозиттер салымшы үшін әлеуетті ақша болып табылады. Салымшы үшін олар екі рөлде шығады: бір жағынан ақша рөлінде, екінші жағынан пайыз әкелетін капитал рөлінде, бірақ капитал әкелетін пайызға қарағанда депозит аз пайыз әкеледі. Бұл төменделген пайыз — кездейсоқ құбылыс емес, банк табиғатының маңызды мезеті. Өйткені банк табиғатының бүкіл мәні мынада: депозит бойынша төленетін пайыз банк әртүрлі кәсіпорындарға салған капитал үшін алатын пайызға қарағанда төмен. Пайыздардағы бұл айырма активті операциялар бойынша алатын пайыздардың 14 бөлігін құрайды [4, 5 б.].
Сонымен, депозит тек қана салымшы үшін ғана емес, және банк үшін тиімді. Көптеген депозиттер банкке несие капиталды құруға ықпалын тигізеді, банк кейін бұл несие капиталын тиімді шарттарда шаруашылықтың кез келген аясына орналастырады. Депозиттер бойынша пайыздармен және қарызгерлер төлейтін пайыздар арасындағы айырма — банк атқарған бос ақша қаражатты тарту және несие капиталын орналастыру жұмыстары үшін сыйақы болып табылады.
Банк үшін пассивті операциялар маңызды орын алады. Пассивті операцияларға пассивті шоттағы ақша қаражаттардың ұлғаюына әсер ететін банк операциялары жатады. Осылардың көмегімен банктер ақша нарығында несие ресурстарын таба алады.
Коммерциялық банктердің 4 түрлі пассивті операциялары бар:
oo бағалы қағаздардың алғашқы әмиссиясы;
oo қор құруға немесе ұлғайтуға банк табысынан аударым;
oo басқада заңды тұлғалардан алынған несиелер мен борыштар;
oo депозиттік операциялар.
Пассивті операциялар айналымда бола отырып банкке ақша қаражаттар тартуға мүмкіншілік тудырады. Жаңа ресурстар банк жүйесінде активті операциялар нәтижесінде құрылады. Алғашқы екі пассивті операциялар (1,2) түрімен бірінші ірі несиелік ресурстар тобының меншікті ресурстары құрылады. Келесі екі пассивті операциялар (3,4) түрі екінші ірі ресурстар тобын — қарыздық немесе тартылған несиелік ресурстарды құрайды. Банктің меншікті ресурстары банк капиталы мен оған теңестірілген баптарын көрсетеді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен көлемі түрлі басқа қызметтермен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардан ерекшеленетін айрықша өзгешелікке ие. Банктер меншікті капиталы арқылы қаражаттарының жалпы қажеттілігінің 10%-дайын жабады. Жалпы мемлекет банктердің меншікті ресурстары мен тартылған ресурстарының арасындағы қатынастың шекті мөлшерін белгілейді. Қазақстанда банк ресурстарының арақатынасы белгіленген.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрады. Нәтижесінде, меншікті капитал ұзақ мерізімді активтерге салынатын салымның негізгі қаражат көзі болып табылады.
Банктің төртінші пассивті операциялар тобы банктік тәжірибеде негізгі болып табылатын — депозиттік операциялар. Бұл коммерциялық банк қызметіне еркін нарықтағы несиелік ресурстарды сатып алуына делдал ретінде қатысады.
Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ егер жинақ ақша табыстары бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Депозиттер — бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын каражаттары [1].
Егер Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттік нарықтың даму ерекшелігін ескеретін болсақ, онда депозит анықтамасы келесідей болып түсіндірілуі керек:
Депозит дегеніміз — коммерциялық банктерге белгілі бір мерзімге және мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуі тиіс, сақтандырыла отырып салынған кәсіпорындардың ақша қаражаттары.
Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Депозиттік операциялар банктік ресурстардың бос ақша нарығында ресурстарды иемденуде инвесторлармен құралдарды пайдаланушылар арасындағы делдал ретіндегі банк қарекетін көрсетеді. Депозиттерді тарту арқылы банк клиенттерге, басқа банктерге несие беру мүмкіндігін арттырады, ал бұл табыс алуға негіз жасайды. Депозиттік операциялардың барысында коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады. Депозиттік операциялар заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру бойынша маңызды дәстүрлі банк операцияларының біріне жатады.
Банк өтімділігін анықтайтын фактор — банктің депозиттік базасының сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайы. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердың тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғарғы тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етуінің сапалылығы мен жылдамдылығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал, мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың төлем дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай
жасауға;
депозиттік операциялар әрекет ету керек;
банк балансының жедел өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын
мерзімді салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде
ерекше назар аударылуы қажет;
депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану.
Депозиттердің келесідей қызметтерін атап айтуға болады:
1) Коммерциялық қызмет − жеке және заңды тұлғалардан ақша
қаражаттарын депозитке белгілі бір мүдде төлеу шартымен тарта отырып
оны осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме
ақысын қолдана отырып сатады. Банктің осы қатынасы оның коммерциялық
банк деген атына негіз болады.
2) Ынталандыру қызметі − депозиттік салымдардың әр түрлі
шартпен құрылуы, салымдардың белгілі бір шарттағы салым түріне ақша
қаражаттарын сала отырып табыс алуға деген қызығушылығын тудырады. Ол
табыс ақша қаражаты, несие алу мүмкіндігі және белгілі бір сыйлық есебінде
алу түрінде болады.
Қорлану қызметі − депозитке тартылатын қаражаттар ақша
түрінде болғандықтан, ол банктің белгілі бір қорларын құруға негіз болады.
Олар банктің өсімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға негізделген қорлар.
Бұл қорларды коммерциялық банк реттеуші орғандардың талап етуімен және
өз қызметін тиімді атқару үшін өз еркімен құрады.
Банк ресурстарын құру қызметі — депозиттік салымдар тарихи
қалыптасуы бойынша олар банктік ресурстарды құрудың негізгі көзі болып
табылады. Өйткені бұл ресурстар банк − үшін арзан және әр уақытта бар
болып тұра тын қаражаттар. Депозиттік қаражаттар банктің пассивтерінің 70-
80% құрайтын ресурс болғандықтан, олар активтік операцияларды жүргізуге
қажетті банк ресурстарының негізін құрайды. Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары дегеніміз — бұл оның жарғылық капиталы мен басқа да пассивті операциялары нәтижесінде құралған және уақытша бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Банктің несиелік ресурстары − бұл меншікті капиталдың және тартылған қаражаттардың ақшалай түрдегі активті-несиелік операцияларға бағытталатын бір бөлігі. Несиелік ресурстар несиеге берілген уақытында олар банкке ресурс болудан қалады және олар қор емес (клиент қайтарымдылығы тәуекелді операция), ол орналастырылған несиелік ресурстарға айналады. Депозиттік есепшоттар әртүрлі болуы мүмкін, және олардың жіктелуінің негізінде салымдар көздері, оларды мақсатты пайдалану, табыс табу дәрежесі және т.б. критерийлер жатыр [5,124 б.].

1.2 Депозит нарығының және банк депозиттерінің жіктелімі

Әрбір мемлекеттің депозит нарығының олардың қызмет ету тәжірибелері мен шарттарына қарай өз ерекшеліктері болады. Қазақстанның депозит нарығының құрылымын нарықтық интситуттардың тұрғысынан және нарықтың қаржы құралдары тұрғысынан көрсетуге болады.
ҚР депозит нарығы күрделі динамикалық жүйе болып табыла отырып, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін ұдайы сезінеді. Әрбіреуі өз мүддесін жүзеге асыруға ұмтылатын көптеген субъектілермен көрінсе де, ол Қазақстан экономикасында қалыптасқан негізгі ағымдардың арнасынан табылады.
Институционалдық құрылым қадағалаудың реттеуші органдары мен тікелей қатысушы — шаруашылық жүргізуші субъектілердің желісі болып табылады. Республиканың Ұлттық банкі ҚР несие жүйесінің жоғары буыны бола отырып, коммерциялық банктердің және мамандандырылған несие мекемелерінің қызметін реттейді.
2000 жылдан бастап жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беретін қазақстандық қор жұмыс істап келеді. Оның жалғыз құрылтайшысы және акционері — ҚР Ұлттық банкі.
Бүгінгі таңда қор ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген ереже шеңберінде қызмет етеді. Осы ережеге сәйкес ҚР ҰБ бекіткен нақты және міндетті шарттарға жауап беруі тиіс екінші деңгейлі банктер жүйесінің қатысушылары бола алады. Депозиттерді сақтандыру жүйесі алдағы бөлімдерде кеңірек қарастырылады.
Әрине нарықта негізгі депозит институты ретінде коммерциялық банктер алға шығады. Олар өз қызметінің көп бөлігін жеке және заңды тұлғалардың депозиттері құрайтын тартылған ресурстар есебінен жүзеге асырады. Алайда депозит нарығының жүйесінен және мамандандырылған депозит институттарынан парабанктік жүйенің ұйымдарын шығарып тастауға болмайды.
Қазақстандағы депозит нарығындағы мерзімді, жинақтаушы және талап етілгенге дейінгі депозиттерді 2-суреттен көруге болады.

Талап етілгенге дейінгі депозиттер
Депозит нарығы
Мерзімді депозиттер нарығы
1. Ағымдағы шот
2. Есеп айырысу шоты
3. Валюталық шот
4. Карточкалық шот
5. Чек шоты
Жинақтаушы депозиттер нарығы
1. Жинақ кітапшасы
2. Жинақтың үзінді көшірмесі
3. ЖЗҚ-дағы ерікті салымдар
4. Жинақ сертификаттары
1.Депозиттік сертификаттар
2.Қысқа мерзімді депозиттер
3.Орта мерзімді депозиттер
4.Ұзақ мерзімді депозиттер
Талап етілгенге дейінгі депозиттер
Депозит нарығы
Мерзімді депозиттер нарығы
1. Ағымдағы шот
2. Есеп айырысу шоты
3. Валюталық шот
4. Карточкалық шот
5. Чек шоты
Жинақтаушы депозиттер нарығы
1. Жинақ кітапшасы
2. Жинақтың үзінді көшірмесі
3. ЖЗҚ-дағы ерікті салымдар
4. Жинақ сертификаттары
1.Депозиттік сертификаттар
2.Қысқа мерзімді депозиттер
3.Орта мерзімді депозиттер
4.Ұзақ мерзімді депозиттер

Сурет 2. Қазақстандық депозит нарығының сегменті
Ескертпе — Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. Алматы: Экономика, 2007 ж.

Депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірмейтін депозиттік жинақтаушы мекемелер де халықтың салымдарын нақты табыс алу мақсатында тартады, әр түрлі инвестицияларға шоғырландырып, бағыттап отырады. Олардың депозит нарығындағы рөлі айтарлықтай маңызды емес. Депозиттердің көптеген түрлері бар. Әр институт заң шеңберінде тартылған депозиттердің шартын дербес анықтауға құқылы. Депозиттердің мөлшері осыған байланысты болуы мүмкін.
Банктік депозиттер бірнеше шарттар бойынша жіктеледі: ақшаны алу нысаны бойынша (3-сурет), салымшылар категориясы бойынша (4-сурет), мақсаттық арналуы және табыстылық дәрежесі бойынша.
Мерзімсіз салымдар (толық сомада)
Депозиттік
сертификаттар
Ағымдағы шоттардағы салымдар (толық немесе бөлігімен)
Талап етілетін депозиттер (белгісіз мерзімдегі міндеттемелер)
Мерзімді депозиттер (белгілі мерзімдегі міндеттемелер)
Меншікті мерзімді салымдар
Депозиттік
сертификаттар
Жинақ
сертификаттары
Жинақ
салымдары
Мерзімсіз салымдар (толық сомада)
Депозиттік
сертификаттар
Ағымдағы шоттардағы салымдар (толық немесе бөлігімен)
Талап етілетін депозиттер (белгісіз мерзімдегі міндеттемелер)
Мерзімді депозиттер (белгілі мерзімдегі міндеттемелер)
Меншікті мерзімді салымдар
Депозиттік
сертификаттар
Жинақ
сертификаттары
Жинақ
салымдары

Сурет 3. Қайтарып алу нысаны бойынша депозиттер
Ескертпе — Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2009ж мәліметтері негізінде құрастырылған.
Корпорациялар, фирмалар және т.б. коммерциялық ұйымдар
Қазынашылық және үкіметтік ұйымдар
Коммерциялық емес ұйымдар
Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар
Корпорациялар, фирмалар және т.б. коммерциялық ұйымдар
Қазынашылық және үкіметтік ұйымдар
Коммерциялық емес ұйымдар
Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар

Сурет 4. Салымшылар категориясы бойынша депозиттер
Ескертпе — Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2009ж мәліметтері негізінде құрастырылған.

Талап етілетін депозиттер — белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап етілетін салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған.
Талап етілетін депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формаларда — қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Сақтау үшін деп берілген депозиттер біртіндеп банктердің уақытша пайдалануы үшін салымға айналды. Сондықтан да банктер салымдағы сомаларды сақтағаны үшін төлем алу орнына, оларға сол салымды қолданғаны үшін сыйақы төлеп отырды. Осы салымның заңды табиғатының принципиалды өзгеруіне әкелді. Коммерциялық банктер ақшалай жинақтардың жинақталуын қамтамасыз ету арқылы, болашақта оларды әртүрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттілікке қолдануы мен экономиканың барлық салалары үшін шекті маңызды қызметті жүзеге асырады. Жоғары деңгейлі толық қауіпсіз банкке орналастырылған жиналымдарға салымшы өсімақы түрінде сыйақы алады. Жинақталған жиналымдар кәсіпкерлерге өндірістік қуаттылықты кеңейту үшін және тұтынушыларға тұтынушылық тауарлар, үйлер сатып алу үшін пайдалы бола алады. Осы ақша қаражатының көп бөлігі коммерциялық банктердің жинақталым бөлімінде шоғырландырылады. Заңды тұрғыдан салым — ол ақшаны қарызға алу келісім шарты, бұл жерде қарыз алушы ретінде банк, ал қарыз беруші ретінде салымшы болып табылады. Қазіргі кездегі депозиттер банктердегі сақтау келісім шартында және оларды содан кейін айналымға шығарған ақша негізінде пайда болғаны сөзсіз факторлардан шығып отыр. Бұдан басқа депозит қарызға қарама-қайшылық, әдеттегідей тұлға ақшаға мұқтаж болғандықтан қарыз берушіні іздеуден пайда болмайды ал керісінше бұл жағдайда қарыз алушыға өзі ақшаны ұсынушы кредитордың бастамасы болады. Осы жағдайлар банктік депозитте салым келісім шартының ерекше түрін көруге әкелді. Коммерциялық банктер қарыз қаражатын кең түрде тартады.
Талап етілетін шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін [5, 126 б.].
Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап етілетін шоттар 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.
Талап етілетін салымдар депозиттік немесе контокоррентік шоттарда орналастырылуы мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтар бар. Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал контокорренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін.
Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та транзакциялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) — шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ-та талап етілетін шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарды есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот — наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы бүйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етілді.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай-да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар Талап етілетін шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала алады.
Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. Әдетте ескерту мерзімдері — 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге (хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.
Депозиттердің үшінші түрі — жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген. Шот иесі шотқа ақша салу немесе алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады. Мысалы, АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген. Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: үтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты және т.б. Әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді (пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын-ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.
Мерзімді салымдардың басқа түрі — мерзімді депозиттік сертификаттар болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды енгендігін куәландыратын ақшалай құжат. Оларды компанияларға, фирмаларға және өте бай иемденушілерге 100 мың доллардан кем емес сомада беріледі. Олар екінші ретті нарықта сатылуы және басқа тұлғаға өтуі мүмкін берілетін және салымшының өзінде қалатын, берілмейтін болады. Ақшаны мерзімінің аяқталуымен, тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі — 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.
Халықтың көбірек бөлігіне 500, 1000 және 2500 доллар номиналымен 1 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге ұсақ жинақ сертификаттары шығарылуы мүмкін.
Біздің банктік жүйеге тән мерзімді депозиттердің аса түрпатты нысаны — бұл белгілі бір шектеулермен (мысалы: алдын ала ескерту) құралдарды шеше алатын жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Мерзімді депозит бойынша салымшыларға банк төлейтін пайыз несиелік ресурс ретінде депозитті пайдаланғаны үшін пайызға қарағанда төмен болу керек. Несие үшін алынатын пайыз бен депозитке төленетін пайыз арасындағы айырма банк пайдасын құрайды.
Депозиттік сертификаттар ірі сомаларда шығарылады және заңды тұлғалар үшін арналған. Табысталмайтын депозиттік сертификаттар салымшыда сақталады және уақыты өтуі бойынша банкке ұсынылады. Табысталатын депозиттік сертификаттар қайталама нарықта сатып алу-сату жолымен үшінші тұлғаға беріле алады. Депозиттік сертификаттар 14 күннен 18 айға дейінгі мерзімге шығарылады.
Жинақ сертификаттары жеке тұлғаларға сатуға арналған. Мерзімді жинақ сертификаттардың айналыс мерзімі егер олардың шығарылу шарттары Ұлттық Банкпен келісілген болса 1 жылдан 3 жылға дейін. Егер депозит немесе сертификат бойынша салымды алу мерзімі өткен болса, онда осындай сертификат талап ету құжаты болып қалады. Банк онда көрсетілген соманы иемденушінің бірінші талабы бойынша төлеуге міндетті. Жинақ сертификаттары тек қана жеке тұлғаға ғана табыстала алады [5, 128-131 б.].
Жоғарыда қарастырылған депозиттер банктік ресурстардың басты көзі болып табылады. Коммерциялық банктерде салымдар құрылымы ақша нарығы конъюктурасына және салымдар бойынша пайыздың мөлшерін мемлекеттік реттеуге тәуелді өзгереді. Депозиттермен байланысты пассивті операцияларды жүргізе, банк менеджерлері салымдардың әртүрлі категориясы бойынша шығындар көлемін, мүмкін болатын тәуекелдерді ескере отырып салымдарды тарту және олардың құрылымын оңтайлатуға күш салады.
Депозиттік операциялардың объектілеріне — депозиттік операциялар субъектілерінің банкке салған ақшалай қаражаттары жатады. Соған байланысты банктердің депозиттік операциялары олардың дөстүрлі операцияларының бірі бола отырып, банктерге қажетті ресурстар жинақтауда маңыздылығы өте жоғары.
Жинақтардың қауіпсіздігін және сенімділігін қамтамасыз ету үшін адамдар өздерінің құндылықтарын сақтау үшін банкке орналастырғаны тиімді. Сақталу операциялары ежелден келе жатқан тарихи операция екендігі белгілі, келе-келе ақша қаражаттарын сақтау, қауіпсізденуден сақтауға өсіп кетті. Адамдар өздерінің ақша қаражатын банкке тек қана ыңғайлы, қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен бірге пайда алу және құнсызданудан сақтау мақсатында орналастырған. Ақшаны депозитке орналастырғаны үшін клиентер банктен ссудалық сыйақы алады. Осы операцияның дәстүрлі операция ретінде айқындалуын ежелден көптеген уақыт аралығында мұраға қалған секілді, бір банктен екінші банкке қалып отырған және депозиттік операциялар банк дәрежесінің сақталуына жағдай жасайды. Заңды және жеке тұлғалар арасында есеп айырысуларды жүзеге асыратын немесе несие беретін, салымдарды қабылдайтын ұйымдар мен кәсіпорындар банк болып табылмайды.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемінің өсуі негізінен келесі факторларға тәуелді балып келеді:
1) халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
2) клиенттің банктік жүйеге деген сенімділігі;
3) депозиттің шарттарының тиімділігі;
4) коммерциялық банктердің банк қызметтерінің көтерме сауда нарығындағы репутациясы;
5) коммерциялық банктердің банк қызметтерінің бөлшек сауда нарығындағы репутациясымен;
6) коммерциялық банктердің басқа банктермен корреспонденттік қатынастарының дамуы және олардың ауқымы;
7) коммерциялық банктердің өзінің клиентуралық нарығындағы стратегиясымен тактикасы;
8) коммерциялық банктердің географиялық немесе регионалдық орналасу мекен жайы. Егер коммерциялық банктер өндіріс ошақтары шоғырланған регионда бөлек қызмет етсе оның депозиттік портфелінің құрамы және оның құрылымы соғұрлым күрделі болып келеді.
9) жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі және жеке азаматтардың номиналдық табысының мөлшері. Егер банк қызмет көрсететін ортада халықты жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі жоғары болса және халықтың табысының номиналдық мөлшері көп болса, онда банктің депозиттік портфелінде жеке азаматтардың салымдары жоғары болады;
10) коммерциялық банктердің өздерінің депозиттік портфелін басқару барысындағы диверсификациялау саясаты. Депозиттік портфельдің диверсификациясы дегеніміз оның құрамы мен құрылымының күрделі көп спекторы және әр түрлі болып келуі. Егер банктің депозиттік портфелінің диверсификациясы жоғары болса, онда мұндай бактердің депозиттік базасы да орнықты болады.
Банктер және басқа қаржылық құрылымдар арасында заңды және жеке тұлғалардың салымдары үшін бәсекелестің шиеленісуі депозиттердің және оларға бағалардың және қызмет көрсету әдістерінің көптеген түрлерінің пайда болуына әкелді. Шетел мамандарының деректері бойынша, қазіргі уақытта дамыған елдерде 30-дан астам банктік салымдардың түрлері бар. Олардың әрбіреуі өзінің ерекшелігімен көрінеді, бұл клиенттерге оның мүддесі мен мүмкіндігі бойынша ақша қаражаттарды жинақтау және тауарлар мен қызметтерге төлеудің аса тиімді нысанын таңдауға мүмкіндік береді.
Салымдарға заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражатын мобилизациялау бойынша депозиттік операциялар негізгі бір дәстүрлі банктік операцияларға жатқызылады. Сонымен, депозиттік операциялардың субъектілеріне маналар жатады:
— Мемлекетік кәсіпорындар және ұйымдар;
— Мемлекетік мекемелер;
— Кооперативтер;
— Акционерлік қоғамдар;
— Шетел капиталы қатысқан аралас кәсіпорыңдар;
— Партиялық және қоғамдық ұйымдар мен қорлар.
— Қаржы және сақгандыру компаниялары;
— Инвестициялық және трасталық компаниялар мен қорлар;
— Жеке тұлғалар, банктер жөне басқа да несиелік мекемелер.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
депозиттік операциялар қызмет етуі керек;
банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциядардың арасында мерзім және сомалары бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану [6, 80-83 б.].
Пассивтерді басқару тұрғысынан қарағанда активті операцияларды кеңейту және ең жақсы тәсілмен пайда алу үшін депозиттердің негізгі түрлерін; оларға Талап етілетін және мерзімді депозиттердің түрлерін көбейтіп, әртараптандыру қажет. Мерзімді депозиттерді тарту арқылы банк балансының өтімділігінің қамтамасыз етілуі шешіледі, ал талап етілетін салымдар ең арзан ресурстар болғандықтан, олардың көмегімен пайда алынады, өйткені клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарына қызмет ету бойынша шығындар төмен.
Қорыта келе, бұл бөлімде депозит нарығының және банк депозиттерінің жіктелімі толығымен ашылды. Сонымен қатар, депозиттік операцияларының объектілері мен субъектілері, депозит көлемінің өсуіне ықпал ететін факторлар және депозиттің ұйымдастырылу қағидалары қарастырылды.

1.3 Депозит нарығындағы депозиттік саясаттың қалыптасу негіздері

Банктің депозиттік саясаты қаражатты депозитке тарту және оларды тиімді басқару жөніндегі банктің саясаты. Біз депозиттік саясатты банкке салымшылардың және басқа несие … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz