Өзбек ұлтының қалыптасуы және Өзбек мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XV-XVIII ғасырдың I жартысы)

0

ҚР Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті

ҚР тарихы кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Өзбек ұлтының қалыптасуы және Өзбек мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XV-XVIII ғасырдың I жартысы).

Орындаған: Ист-21 тобының студенті Құспанова А.Е.
Тексерген: т.ғ.к., аға оқытушы Мухангалиева Ж.К.

Орал, 2017.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 3

1 ӨЗБЕК ХАЛҚЫ ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ … … … … … … … … … …4
0.1 Өзбек атауы туралы … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
0.2 Өзбек халқының шығу тегі мен ұлт болып қалыптасуы … … … ..5

1 ӨЗБЕК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУ БАРЫСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … 9
1.1 Темір мұрагерлерінің арасындағы билік үшін күрес және олардың жеңілуі. Шайбанидтер мемлекетінің құрылуы (XY-XYI ғ.) … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
1.2 Маураннахрда құрылған Өзбек мемлекеттері (Бұхара, Хиуа, Қоқан) … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 17
1.3 Өзбек мемлекетінің шаруашылығы (XY-XYIII ғасырдың I жартысы) … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .19

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … … ..22

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Өзбек ұлтының қалыптасуы мен Өзбек мемлекетінің құрылуы мен нығаюы ХҮ-ХҮІІІ ғасырдың І ширегіне жатады. XV-XVI ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі өзбек Шығыс Дешті Қыпшақ жер аумағының (Қазақстан жерінің далалық аймақтарынан, Жетісу мен Оңтүстік аймақтардан басқа) бір бөлігі. Сондықтан өзбек халқының ХҮ-ХҮІІІ ғасырдың І ширегінде ұлттық сипаттағы мемлекет болып қалыптасуы мен қазақ жеріндегі маңызды оқиғаларының негізгі ерекшелігі мен олардың сипатын анықтау тарихшылардың басты мақсаттарының бірі болып саналады. Осы тұрғыдан жұмыстың өзектілігі еш күмән туғызбайды.
Жұмыстың мақсаты. Өзбек ұлтының қалыптасуы мен Өзбек мемлекетінің құрылуы мен нығаюы ХҮ-ХҮІІІ ғасырдың І ширегі аралығындағы тарихи зерттеулердеғі деректер мен мемлекетінің құрылу барысындағы өзгерістерін зерттеу мен зерделеу.
Жұмыстың міндеті.
* ХҮ-ХҮІІІ ғасырдың І ширегі аралығындағы өзбек атауы туралы;
* шығу тегі мен ұлт болып қалыптасуы;
* Темір мұрагерлерінің арасындағы билік үшін күрес және олардың жеңілуі мен Шайбанидтер мемлекетінің құрылуы;
* Маураннаһрда құрылған Өзбек мемлекеттері (Бұхара, Хиуа, Қоқан).
* Өзбек мемлекеттерінің шаруашылығын саралау, талдау.
Жұмыстың хронологиясы. . Өзбек ұлтының қалыптасуы мен Өзбек мемлекетінің құрылуы мен нығаюы ХҮ-ХҮІІІ ғасырдың І ширегі аралығындағы дейінгі өмірі зерттеу жұмысының зерттеу нысаны болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Өзбек ұлтының қалыптасуы және Өзбек мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XV-XVIII ғасырдың I жартысы) атты жұмысымның негізгі құрылымы кіріспе, екі үлкен тараудан оның ішінде бірнеше тақырыпшалардан тұрады. Сонымен қатар қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі бөлімінен тұрады.

1. Өзбек халқы тарихи зерттеулерде
1.1 Өзбек атауы туралы

Өзбектің ұлт болып қалыптасуы және мемлекет болып құрылуын жазуға кіріспес бұрын өзбек атауы қайдан шыққан, өзбек халқы деген атау қашаннан бері қалыптасты, міне, осы сауалдарға тоқталайық.
Өзбек деген сөз (атау)- ХV ғасырдың аяғы — XVI ғасырдың бас кезінде Шығыс деректемелерінде Еділдің шығысы мен Арал теңізінің солтүстігіндегі далалық аймақтың атауы, яғни шығыс Дешті Қыпшақ атауы ретінде қолданылған тарихи — этнографиялық термин. Мысалы, Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати өз шығармасында: Моғолстанда үлкендігі Джейхунға (Амудария өзені) ұқсас ірі өзендер көп, олардың ішінде Іле, Емел, Ертіс, Чуйлық (Шу өзені) және Нарын бар. Бұл өзендердің көпшілігі Көкше теңізге (Балхаш көліне) құяды, ол Моғолстан мен Өзбекстанның арасында орналасқан және оларды бөліп жатыр [3.219 бет] деп жазды.
Өзбек атауы Шығыс деректемелерінде (парсы тәлдес) — Низам ад-Дин Шами, Муин ад-Дин Натанзи, Шараф ад-Дин ал-Иезди, Абдураззақ Самарөанди тағы басқалардың еңбектерінде XVI ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап бұрын Шайбан және Орда-Ежен ұлыстарының құрамына енген Шығыс Дешті Қыпшақтың түркі — моңғол тайпаларының орталық жалпы атына байланысты аталады. Бұдан гөрі ертерек дәуір деректемелерінде өзбек термині кездеспейді. [3. 8-том, 646-бет].
XVI ғасырда араб авторлары (Насыр ад-Дин ибн әл-Асадй, Әл-Айни т.б.) Алтын Орда билеушілерін Дешті патшалары, Қыпшақтар патшаларын деп атапты.
XIV ғасырдың 60 жылдарынан Низам ад-Дин Шами, Муин ад-Дин Натанзи Ақ Орда жерлерін Өзбектер елі (Дийар-и-өзбек-Өзбекстан), Өзбек далалары (Сахра-и-өзбек), ал Орыс ханды (қазақ хандарының арғы атасын) Өзбектер патшасы (падишах-и-өзбек) деп атай бастады. [3. 8-том, 646-бет].
Орыс тарихшылары Н.А.Аристов, А.Ю.Якубовский, П.П.Иванов өзбек терминінің (атауының) шығу тегін Алтын Орда ханы Өзбек (1312-1342 жылдары билік еткен) есімімен байланыстырады. Академик Б.Г.Гафуров, Б.А.Ахмедов атанған Өзбек хан қол астындағы халықтарды емес, Ақ Орданың бүкіл түркі-монғол тектес тайпаларын өзбек деп атағанын ескертіп, оның шығу тегін тек Өзбек хан есімімен байланыстыруға болмайтынын дәлелдейді. Соңғы жылдарда тарихи әдебиетте өзбек атауы деген пікір қалыптасты.
Бұл одақтың құрамында (Масуд бин Осман Кухистан, Бенай т.б. пікірлері бойынша) Бүркіт, Қият, Қосшы, Қоңырат, Үйсін, Қыпшақ, Найман, Жат, Қарлұқ, Кенегес, Күрлеуіт, Маңғыт, Ұйғыр, Қытай (Хитай) т.б. тайпалар болды. Бұл тайпалардың көбі ерте заманда-ақ Қазақстан мен Орта Азия жер аумағын мекендеген.
Ал шеттен келген аздаған рулар мен тайпалар XIV ғасырдың ақыры — XV ғасырдың басында жергілікті тұрғындармен сіңісіп, түркіленіп кеткен. Ал қалыптасқан түркі тілдес халықтардың XIV-XV ғасырларда этникалық атауы болмады. Мысалы, Рузбехан Исфаһани (XV ғасырдың соңы) өзбектерге үш халықты (тай-ифә): Шай-бани әулетінің қол астындағы тайпаларды, қазақ, өзбек пен маңғыттары жатқызады. Қазақтардың халық болып қалыптасуы аяқталғаннан кейін өзбек деген жалпы атау өзгеріске түсті: жаңа қалыптасқан халықты әуелі өзбек-қазақ, кейін қазақ деп атады. [3. 8-том, 646-бет].
Қазақ термині бірте-бірте Дешті Қыпшақ пен Жетісуда қалыптасқан түркі халқының тұрақты этнониміне айналады. Өзбек термині Мұхаммед Шайбани ханға еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданатын болды. Демек, XV-XVI ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі өзбек Шығыс Дешті Қыпшақ жер аумағының (Қазақстан жерінің далалық аймақтарынан, Жетісу мен Оңтүстік аймақтардан басқа) бір бөлігі.[1, 219 бет].

1.2 Өзбек халқының шығу тегі мен ұлт болып қалыптасуы

Өзбек халқының шығу тегі мен ұлт болып қалыптасуы туралы мәселе өзбек тарихының бір бөлігі болып табылады. Біз бұл тақырыпты ашуда Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарих-и-Рашиди, Махмұт бин өмір Уәлидің Бахр-әл-Асрар-фи-Манакиб-әл-Ахиа , Кмал ад Дин (Шир) әли Бинайдың Шайбани-наме, Абдаллах Бал-хидің Зубдат әл-Асрар, Рузбеханның Михман-нама-и-Бухара атты шығармаларын, сондай — ақ авторлары белгісіз Таварих-и-Гузида-иНусрат-нама — Жеңістер кітабының таңдамалы тарихы, Тарих-иш-Шах Махмұт бин мырза Фазыл Чорс, Тарих-и Кипчаки және Масуд бин Осман Кухистанидың Тарих-и Абул-ул-Хаир-хани, Бабыр Захир-ад-Дин Мұхаммедтің Бабырнама, В.В.Бартольдтың еңбектерін, өзбек тарихшыларының Народы Средней Азии и Казахстана, М.Эрматовтың Өзбек халқының шығу тегі және қалыптасуы (Ташкент, 1968) тағы басқа еңбектерге сүйендік. Көне жазба деректерге қарағанда, өзбек Орта азияны мекендеген ежелгі соғдалық, хорезмдік, бактриялық, ферғаналық тайпалар мен сақ, массагет тайпаларынан тарайды. Бұл халықтардың бәрі иран тілдес еді және еуропоидтық нәсілге жататын.
Б.з.б. І мың жылдықтың ортасынан бастап Орта Азиядағы Қосөзен аралығына-Сыр мен Амудария алқабына Орта Азиядан түркі нәсілді аздаған этникалық топтар ауып келді. Біздің заманымыздың VI ғасырының екінші жартысынан — Орта Азия түркі қағандығының құамына енген кезден бастап бұл топтар көптеп қоныс аударды. Мұнан кейін ғасырларда отырықшы, негізінен иран тілдес халықтар мен көшпелі, негізінен түркі тілдес халықтар, бір-біріне өзара әсер етіп, жақындасып, ішінара бірігіп, сіңісіп кетті. Бұл тұста иран тілдес халықтар көбіне — көп түркіленеді, сонымен қатар түркі тілдес халықтар тәжікк тілінде сөйлейтін болды.
Түркі қағандығы кезеңінде, әсіресе Қарахан әулеті билеген кезде, Сыр мен Амудария аралығына қоныстанған түркі тайпалары мен халықтары бірте-бірте отырықшылыққа ауысып, иран тілдес халықтармен сіңісіп ассимиляцияланды: кейбір түркі тайпалары көшпелі тіршілігінен ажырамай, көшіп-қонып, ру-тайпалық дәстүрін сақтап қалды. Сырдария мен Амудария аралығындағы бұл түркі тілдес халықтар ХІ-ХІІ ғасырларда қалыптасқан өзбек халқының негізін құрады. [2, 3бет].
ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығы кезінде бұл жерге тағы да түркі халықтарының жаңа тобы келіп қосылды. Бұл аймақ халқының құрамына қосылған көшпелі түркі тілдес тайпалардың соңғы тобы ХҮ ғасырла Шайбани хан әскерлерімен келген Дешті Қыпшақ өзбектері еді. Бабырнамада: Әндіжан тұрғындарының бәрі — түркілер, қалада да, базарда да түрікше сөйлемейтін адам ұшырамайды. Халықтың сөзі әдеби тілінен айырғысыз[6. 21 бет] дейді. Бабырнамада Шайбани хан мен Дешті Қыпшақтың көшпелі өзбектері келгенге дейін Ферғана, Самарқан аймағын түркілер ғана мекен етті делінеді.[6. 73-111, 130 бет]. Бұлардың бір бөлігі отырықшылану нәтижесінде жергілікті отырықшы халықтармен араласып кетті, ал олардың көпшілігі көшпелі тұрмыс салты мен ру-тайпалық дәстүрлерін және өз тілінің ерекшелігін сақтап қалды.
Өзбек ұлтының құрамында үлкен үш топ болды. Бірінші топ — отырықшы халықтар арасындағы өзбектер, бұлардың басты белгілері — ру мен тайпаға бөлінеді, суармалы егіншілікпен, қолөнермен, саудамен шұғылданды, қалалар мен ірі қыстақтарда тұрды. Өзбектердің бұл тобы Ташкенттің көгалды алқабы мен Ферғана алқабын, Хорезмді мекендеген. Олар өзбек пен өзге де көшпелі түркі тайпаларының отырықшылыққа айналуына едәуір ықпал жасады.
Екінші топ — Орта Азиялық Қосөзен аралығындағы моңғол дәуіріне дейінғі түркі тайпалары мен Шыңғыс хан заманындағы түркі-моңғол тайпаларының ұрпақтары (Қарлұқ, Барлас, Қалтатай, Моғол, т.б.). Бұлар отырықшы халыққа сіңіскен жоқ, жартылай көшпелі өмір сүріп, ру-тайпалық дәстүрлерін сақтап қалды. Олардың көпшілігі бұрын өздерін түрікпіз деп атады.
Үшінші топ — Дешті Қыпшақтағы өзбек тайпаларының ұрпағы. Өзбек атауы тайпалық атпен қатар олардың өз атауы да болды. Тайпалардың бәрі бірдей жеке зерттелмеген. Шежіре деректерінде 92 баулы өзбек деп аталады. Бұлардың көпшілігі Орта ғасырда — ақ әбден белгілі болған Қыпшақ, Найман, Жалайыр, Қаңлы, Қытай(Хитай), Қоңырат, Маңғыт, Дүрмен, Қашаған, Қырық, Сарай, Кенегес, Қият, Құтты, Ұйғыр т.б. тайпалар мен халықтар.
Бұлар кейіннен бірқатар түркі тілдес халықтардың құрамына кірді. Өзбек тайпалары ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда отырықшылыққа көше бастап, бұл үрдіс негізінен ХІХ ғасырдың аяғында аяқталды. Олар егіншілікпен, ал тау баурайы мен далалық аймақтарда негізінен тебіндегі мал шаруашылығымен шұғылданды. Олардың тұрмысында көшпелілік дәстүрі әлі де болса байқалатын еді. Аталған тайпалардың әрқайсысының өз ерекшеліктері болды, соған қарамастан олардың тілінде, материалдық және рухани мәдениетінде ортақ дәстүр болды.[2, 3 бет].
Осы халықтардан бір тұтас өзбек халқы қалыптасты. Өзбектердің қалыптасуына әсіресе Хорезмдегі өзбектердің байырғы отырықшы бөлігінің бір бөлігі — оғыздар да қатысты.
Осы тұста мына бір жайдың басын ашып алған жөн. Шежіре деректері бойынша өзбектер де өз баулы (рулы) деп аталған. Оларды бүгінде осы этнонимді басы бүтін иемденген өзбек ұлтымен шатастыруға болмайды. Алтын Орда тұсындағы өзбектер — қазақ пен өзбек халқына тән дәрежеде қатысы бар халық. Белгілі ғалым Б.А.Ахмедовтың Государство кочевых узбеков[7] атты монографиясында көшпелі өзбектер құрамында арғын, қыпшақ, үйсін, найман, қаңлы, қоңырат, жалайыр, қият, қатаған рулары болғандығын атап көрсетеді. Белгілі Башқұрт тарихшысы Б.Е.Кузеевтің Происхождение башкирского народа[8] атты кітабындағы түркі-моңғол — парсы шежірелеріне негізделіп жасалған салыстырмалы кестеде қыпшақтар дәуіріндегі өзбектер құрамынд қыпшақ, қаңлы, керейіт, найман, үйсін, төлеу, таз, қатаған сияқты осы күнгі қазақтар құрамында кездесетін рулардың бар екендігін дәлелдейді. Жалпы өзбек халқы үш топтан: Орта Азиялық бөліктегі ежелгі отырықшы халықтан, кезінде дербес мемлекеттері болған халықтың негізін құраған түркі-моңғол тайпаларынан (қарлұқ, оғыз, моңғол), сондай-ақ Б.Ахмедов кітабына арқау болған қазақпен қаны да, тегі де бір көшпелі өзбектерден құралған. Әйгілі тарихшы Ибн Рузбехан Мизман-нама-и Бухара атты еңбегінде өзбектер үш халықтан: шайбанилықтардан, қазақтардан және маңғыттардан түратындығын атап көрсеткен. Олардың этникалық тұтастану үрдісі де қазақтардың өз алдына дербес хандыққа ие болу кезеңімен тұспа-тұс келеді. Бұл туралы бес томдық Қазақ ССР тарихында былай делінген: …тарихи әдебиетте өзбек ұғымы әуел баста жергілікті түркі және Дешті Қыпшақтың түркіленген тайпалары одағының этникалық-саяси атауы ретінде (әлі этноним бола қойғанмаған) қолданылады деген пікір орныққан. Қазақ халқының құрылуымен жинақтаушы этникалық-саяси өзбек ұғымы өзгерді. Қалыптасқан халықты деректемелерде өзбек-қазақ, кейін қазақ деп атай бастады. Қазақ тілі негізінен найман, қыпшақ, оғыз, қарлұқ тілдері тобына жатса, өзбек тілі түркі тілдерінің оңтүстік шығыс тармағы — қарлұқ тілдері тобына жатады.
Өзбек тілі бірнеше диалектіге бөлінеді. Олардың негіздері: 1) Қыпшақ диалектісі (Өзбекстанның терістік батысын мекендеген қыпшақ тайпасының тілдік ерекшелігіне байланысты пайда болған);
2) Оғыз диалектісі (оңтүстік-батысты мекендеген Оғыз тайпасының тілдік ерекшелігінен туған);
3) Қарлұқ диалектісі (оңтүстік — шығыс пен қала тұрғындарының тілдік ерекшелігінен туған).
Өзбек тілі басқа туыстас түркі тілдерімен сөз басында й дыбысын (йол — жоқ, йумшақ) — жұмсақ, йіп-жіп), сөз соңы мен ортасында ғ, г дыбыстарын (тағтау, ағыз-ауыз, тігди-тиді) қолдану, сол сияқты морфологиялық тұрғыдан көптік жалғаулар тек -лар (сизлар, дафтарлар, келдилар) қолданылуы сияқты т.б. заңдылықтарымен ерекшеленеді. Өзбек тілі қазақ тілі секілді ертеден жазуы бар тілдерге жатады. [3. 8-том, 646 бет].
Бұдан шығар қорытынды, түркі тілдес тайпалардың халық болып қалыптасуының тек тілдік бірлігі ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып, салт-сана, діни наным-сенімдері, экономикалық, жер, аумақтық бірлестік сияқты халық болып қалыптасудың шартты белгілерінің де толық пісіп жетілген уақытын көрсетеді. Олай болса өзбек халқының қалыптасуы өзінің өзбек деген атымен көрші жатқан елдерге әйгіленіп, олармен қарым-қатынастар жасай бастаған уақыты ХҮ ғасырдың соңы мен ХҮІ ғасырдың бастапқы кезіне сәйкес келеді деп айтуға болады. Бірақ өзбек халқының этникалық қалыптасу кезеңдері көне заманнан басталды. Оны тарихи жазбалар, тілдер, мекендеген аймақтарын айтқанда көрсеттік. Түркі тайпаларының антропологиялық тобына жатады. Бұларға қарақалпақ, ноғай, қарағаш (Астрахань түркілері) жақын.
Өзбектер еуропа нәсілінің памир-ферғана типтеріне жатады.
Ұйғырлар антропологиялық еуропалық нәсілінің шығыс Түркістан тобына жатқызылады.
Түркімендер де Еуропа тектестердің Жерорта теңіз антропологиялық тобына кірді.
Солтүстік-батыстағы башқұрттарда Орал типінің ерекшеліктері мен оңтүстік — сібір типінің қасиеттері жиі ұшырайды.
Қырым татарларының көпшілігі Еуропа тектестердің динарлар тобына жатады. Балқарлар мен қарашайлар арасында еуропа типі тараған.
Құмықтардың ішінде Кавказдық типтің қасиеттері жиі кездеседі.
Әзірбайжандар Еуропа нәсілінің каспийлік антропологиялық ерекшеліктер тараған.
Македон түріктері балкан-кавказ типінің балкан тобына жатады. Гагауздар да осы топқа кіреді. Балтық теңізінің жағалауындағы аздаған қарапайымдар да Еуропа нәсіліне жатады. Жалпы бұл айтылған түркі тайпаларының антропологиялық құрамы Х-ХҮ ғасырлларда қалыптасты деп бағалауға болады. [9; 10, 245 бет].

2.ӨЗБЕК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУ БАРЫСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

2.1 Темір мұрагерлерінің арасындағы билік үшін күрес және олардың жеңілуі. Шайбанидтер мемлекетінің құрылуы (XY-XYI ғ.)
ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында Хорезм мемлекеті күшейіп, Бұхар мен Самарқанды бағындырды, ХІІІ ғасырда Орта Азияны моңғол-татарлар жаулап алды; ХІҮ ғасырдың екінші жартысынан бастап Самарқан Темір мемлекетінің орталығына айналды. Темір тұсында Орта Азиядағы феодалдық қатынас барынша дамыды. Темір өлген соң оның мемлекеті бөлшектеніп кетті. ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Темірдің немересі Ұлықбектің тұсында Орта Азиядағы феодалдық қатынас барынша дамыды. Темір өлген соң оның мемлекеті бөлшектеніп кетті. ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Темірдің немересі Ұлықбектің тұсында Самарқанның мәдениеті гүлдене түсті. ХҮІ ғасырдың басында Бұхара, Хиуа, ал ХҮІІІ ғасырдың басында Қоқан хандығы құрылды.[3, 633 бет]. Бұл хандықтар өзара бір-бірімен үнемі жауласып отырды. Феодалдық бытыраңқылықтың дамуы барысында ХІҮ ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы бір-біріне қарама-қарсы мемлекетке: 1) Моғолстан (Жетісу мен Шығыс Түркістан) және 2) Маураннаһрдағы Шағатай мемлекетіне бөлінді.
ХҮ ғасырдың орта шені мен ХҮІ ғасырдың бас кезінде Жетісуда (сондай-ақ қазіргі Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістанның біраз бөлігінде) пайда болған Моғолстан мемлекеті феодалдық бытыраңқы, әр текті тайпалардың бірлестігінен құрылған еді. Жетісуды ұлы жүз тайпалары: Албан, Суан, Дулат, Қаңлы, Жалайыр т.б., ал Тянь-Шань өлкесіне Қырғыз тайпалары, Шығыс Түркістанды ұйғырлар мекендеді.
Моғолстан мемлекетінің басқа мемлекеттермен шектесуі туралы Тарихи-ир-Рашиди шығармасында мырза Мұхаммед Хайдар дулати быай деп суреттейді: Қазір Моғолстан деп айтылатын жер аумағының ені мен ұзындығы 7-8 айлық жол (қашықтық) болып табылады. (Моғолстанның) шығыс жағы қалмақтар жерімен шектесіп жатыр және Барскөлді, Емелді, Ертіс өзенін (қамтыды). Солтүстігінде ол Көкше теңізбен, Буммен және Қараталмен, батысын — Түркістанмен және Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана уәләятымен, Қашқармен, Ақсумен, Шалышпен және Тұрфанмен шектеседі… Осы жердің бәрінің о шеті мен бұ шеті жеті-сегіз айлық жол болды[5, c.219] дейді.
Ал Маураннаһрдағы Шағатай мемлекетіне келсек: Халық көтерілістері жағдайында Темірдің айналасына топтасқан жергілікті феодалдар 1370 жылдан бастап оған Маураннаһрдың билеушісі болуға (1370-1405 жылдары) мүмкіндік берді. Темір барлас деген түркі-моңғол тайпасынан шыққан, қолбасшылық зор қабілетті, сарқылмас жігерлі және айтқаннан қайтпайтын қатал адам болды. Оның 35 жылдық мемлекеттік қызметі Иранға, Хорезмге, Закавказьеге, Қазақстанға, Кіші Азияға жасаған жорықтарға толы болды.
Темір жаулап алған елдердегі асқан талантты қолөнершілер мен өнер шеберлерін айдап әкетіп, өз мемлекетінде әсем сарайлар, мешіттер мен мавзолейлер салғызды. Сонымен бірге Темірдің құрылыс саласындағы іс-әрекеттері орта азиялық қалаларда қолөнер кәсібінің дамуына, сауда байланыстарының кеңеюіне көмегін тигізді.
Темір билігін өз үрім-бұтағы мен әмірлерге сүйене отырып жүргізді, оларға тұтас аймақтарды (сюугалдарды) мұралық жолмен пайдалануға берді, мұның өзі оларға өз пайдасына салықтар мен алымдар жинауға мүмкіндік туғызды. Жер салығы (харадж), жан басы салығы (джазья), тағы басқа салықтар шаруаларға өте ауыр тиді.
Империя Темір қайтыс болысымен — ақ ыдырап кетті. Самарқан тағын Халил Сұлтан иемденіп алды да, бүкіл Маураннаһрға билігін жүргізді. Балқы мен Қандағарды Пірмұхаммед иемденді, Батыс Иран мен Әзірбайжанды Мираншахтың ұлдаары алды. Түркістан, Сауран, Отырар және Сайрамға Бердібек ие болды. Темір әулеті осылай өзара қырқысып жатқанда, 1406 жылы Хорезмнен айырылып қалды — оны Едіге басып алды.
Темірдің кенже ұлы Шахрух қайткен күнде де өзінің ұлы Ұлықбекке Самарқан тағын алып бергісі келіп жан таласып бақты. Шахрух болса тақ мұрагері — Темірдің үлкен немересі Пірмұхаммедпен одақтасып, 1406 жылы Самарқан тағындағы Халил Сұлтанға шабуыл жасады. Ертесінде қарсы шабуылға шыққан Халил Сұлтанның әскері бұларды тас-талқан етіп жеңді. Ұлықбек, Шахрух, Пірмұхаммед өздері бас сауғалап әрең құтылды. Бірақ көп ұзамай таққа Халил Сұлтанмен таласқан Құдайменді Халил Сұлтанның әскерін жеңді. Шахрух осы аласапыранды пйдаланып Самарқанды басып алды да, Ұлықбекті Маураннаһрдың билеушісі етіп тағайындады.
1410 жылы Ұлықбекке қарсы Түркістан әкімі Нұриддин мен Ғисар әкімі Мұхаммед бірінші жорыққа аттанды. Ұлықбек өз әскерін бастап басқыншыларға қарсы шықты. Екі жақ Самарқанның жанындағы Қызыл Рабат деген жерде кездесіп, бұл ұрыста да Ұлықбек оңбай жеңілді. Өзі әупіріммен әзер құтылып, Самарқанды, алтын тақты жауға беріп, Хорасандағы әкесіне қарай қашуға мәжбүр болды. Тек келесі жылы Шахрух Шахмәлікті бас етіп әскер жіберіп, Самарқанды үлкен шығынмен әрең қайтарып алды. Ұлын тағы да Ташкент, Йасы, Сауран, Сайрамға басшы етіп тағайындады.
Темір әулеті үшін әу бастан-ақ екі тажал бар еді. Бірі- Алтын Орда, екіншісі — Моғолстан және Жете аймағы. Бұл кезде Ақ Орда тағына баяғы Тоқтамыс балалары қайта келіп, нығая бастаған. Моғолстанға Ұлықбек үш рет жорыққа шықты. 1417 жылғы жорығында жарты жолдан қайтып кетті. 1419 жылы да орта жолдан Самарқанға оралды. Сөйтіп, Самарқанның табалдырығынан 1425 жылы аттады. Осы жылы көктемде Ұлықбек есепсіз көп әскермен Моғолстанға жорыққа үшінші рет аттанды. Осы сапарында ол әкесінің ақылымен іс жүргіізе отырып өмірінде тұңғыш рет жеңіске жетті. Өкінішке қарай, бұл һәм бірінші, һәм соңғы жеңісі еді. [4]
Бірақ бұл да Ұлықбек үшін уақытша табыс еді. Көп ұзамай Моғолстан әміршісі Есен Бұқа хан Ұлықбектің 30 мың әскерін талқандап, бір кезде Темір әулетінің қолына көшкен кең қонысты қайтарып алды. Осы оқиғаның ізі суи бере 1431 жылы Әбілқайыр хан хорезмді, 1431 жылы 1435 жылы екі рет басып алды. Сөйтіп, Ұлықбек ел билеуші, әскер басы ретінде Маураннаһр жерінен айырыла бастады. 1447 жылы Шахрух қайтыс болды. Шайбани хан Самарқанға таы да жорыққа шықты.
Масғұт Осман Кухистани өзінің Тарих-и Абу — л — Хаир-хани атты шығармасында Әбілқайырдың Самарқанға жорығы туралы: Падишах Шахрух баһадүр жалған дүниеден өтіп, жұмаққа мәңгілік барыпты… Сөйтіп өз тілегіне жетіп жүрген құдіретті әмірші Ұлықбек көреген сансыз көп жер қайысқан әскермен Хорасанға аттаныпты (деген хабар келді.). Бұл хабарлардың анықтығын тексеріп алған ұлы дәрежелі хан әскер басыларын жинап алып, былай деді: Самарқан бос қалды, мырза Ұлықбек Хорасан мен Иракқа аттанды, сондықтан мен ат басын (құдай) сақтап келген Самарқан қаласына қарай бұруға бел байлап отырмын….
Бұйрыққа сәйкес Фаридун сынды хан нөкеріндегі әскерлер жолға шықты … [5, c.513-515] .
Масғұт бин Осман Кухистани өзінің Тарих-и Абу-л-Хаир-хани шығармасында Әбілқайыр ханның Самарқанға жорық кезінде бейбіт халықтың мал-мүлкіне зиян келтірмеу жөнінде мынадай әмір бергенін айтады: Жауынгерлер егіншілер мен көшпенділердің мүлкін тартып алуға қол жұмсамасын, уәләят тұрғындарының егістері мен құрылыстарына нұқсан келтірмесін, осы бұйрықты бұзған адам жазалау үшін (осы бір) бұзылған заманның жазалайтын орнына жеткізілсін [5, c.513-515] деді. Бірақ бұл жорық нәтижесіз аяқталды.
1447 жылы Шахрух қайтыс болды дедік. Тағы да тақ таласы басталды. Түркі дәстүрі бойынша таққа марқұм патшаның үлкен баласы Ұлықбек отыруға тиіс еді. Бірақ олай болмады.
Бабырдың сөзіне жүгінсек: Темір бек Самарқанның билігін Жаһангер мырзаға, ал Жаһангер мырза дүние салғаннан кейін оның үлкен ұлы Мұхаммед Сұлтан Ибн Жаһангерге тапсырды. Шахрух мырза бүкіл Маураннаһр аймағын өзінің үлкен ұлы Әбді әл-Латиф мырза таққа таласты. Әкелі-балалы екеуінің ұырғи қабақ жанжалын дер кезінде ұтымды пайдалана білген Бабыр [6, 73 бет]. 1449 жылы Шахрух тағына таласты. Әбді әл-Латиф енді әкесін тастай салып, Бабырмен тіл табысуға көшті. Сөйтіп, оны Самарқанға шабуыл жасауға көндірді. Сол жылы күзде Ұлықбек әскерлері мен Әбді әл-Латиф қосындағы Самарқанның етегіндегі Дамасск қыстағында кездесті. Кескілескен ұрыста бала әкесінің быт-шыт қып жеңді. Ұлықбек тағы да қаша ұыс сала жүріп, дария жаққа шегінді. Шынында оның барар жері, басар тауы қалмаған еді. Амал жоқ, Самарқанға қайта оралып, өзінің белінен шыққан баласының аяғына … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz