Дүниетану «Топырақты қорғау»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Дүниетану «Топырақты қорғау»

Автор: Сандибаева Жаннат Калидоллаевна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 2 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-08


Материал туралы қысқаша түсінік

2 сыныпқа арналған дүниетанудан сабақ




Сыныбы:2«Ә»Пәні:Дүниетану Пән мұғалімі:Сандибаева Ж.К.Сабақтың тақырыбы: Топырақты қорғауМақсаттары:Білімділік мақсаты: Топырақты қорғау туралы, топырақ туралы білімдерін арттыру, еске түсіру, жаңа білім беру.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіс дағдыларынсыни тұрғыда қалыптастыру.Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға экологиялық – экономикалық тәрбие беру.Әдісі: Венн диаграммасы, Раунд — Робин, ЖИГСО, эссе, сарамандық жұмыс, ойын.Түрі: Аралас сабақ.Көрнекілігі: Үнтаспа, телевизор макеті, сигналды карточкалар, химиялық ыдыстар.Сабақ барысы1. Ұйымдастыру«Хабар – жер»музыкасы ойналады.Жүргізуші:— Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын.Эфирде «Хабар — жер»бағдарламасы.Кең — байтақ қазақ жерінде табиғат байлықтарының аса мол қоры шоғырланған. Жер — құт, береке көзі. Топырақ адамзатты тамақпен қамтамасыз етеді. Сондықтан, топырақты қорғау — басты міндетіміз. Жақында №173 мектепте осы тақырыпта семинар сабақ болып өтті. Енді осы бейне материалымызды назарларыңызға ұсынамыз.Балалар, қазір қандай сабақ?— Үйге қандай тапсырма берілді?2. Үй тапсырмасын сұрауОқушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар беру.1 — топ Жерді жырту, аударудың қажеті неде?2 — топ Егілмей, бос жатқан жерлердің жағдайы қандай?3 — топ Топыраққа қандай тыңайтқыштар беріледі?4 — топ Венн диаграммасын құру«Органикалық және минералдық тыңайтқыштар»Тексеру: 1, 2, 3 — топтарды Раунд — Робин әдісі арқылы,4 — топты ауызша сұрау.3. БекітуТопыраққа қай тыңайтқышты берген пайдалырақ деп ойлайсың?Неліктен?4. Жаңа сабақ1) Ой қозғауБалалар, енді бәріміз көзімізді жұмып, ой қозғап алайықшы.— Осы бізге, адамзат баласына топырақ қажет пе?— Оның қажеті қандай?— Соңғы кездері топырақ азыптозып бара жатыр дейміз. Сонда жеріміз тозып кетпеу

үшін не істеу керек?(Жердің құнарлылығын арттыру керек, тыңайтқыштар себу керек…)— Осының бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?(Топырақты қорғау деп атаймыз.)2. Оқулықпен жұмысМәтінді 4 топқа бөліп беру.а) іштей оқу, ә) топта талқылау, б) әр топтың лидері мазмұнын айтады.3. Топтық жұмыс— Балалар, енді өзімізді бір сәт ересек адамбыз деп ойлап көрейікші. Мысалы, «Егер де мен журналист болсам немесе депутат болсам, топырақты қорғау мәселесін қалай шешер едім?» деп ойланып көрейік.1 — топ Журналистер«Топырақ не себепті бүлінеді?»тақырыбына мақала жазу.2 — топ КорректорларОқушыларға қате құрастырылған шағын мәтіндер беріледі.Корректорлар тапсырмадағы қателерді табу керек.3 — топ Депутаттар— Топырақты қорғау үшін не істеу керек?(Ұсыныс, пікірлерін айту.)4 — топ Зерттеуші ғалымдара) Топырақ түрлерін анықтау.ә) Оларға қандай дақылдар егуге болатынын анықтау.5. ҚорытындылауЕнді ойын ойнасақ қайтеді?«Ия ма, жоқ па?»ойыныОқушыларға сұрақтар қойылады, олар алдарындағы белгілерді көтеру арқылы жауап береді. Дұрыс болса, «жасыл түс», дұрыс емес болса «қызыл түсті» көтереді.Егістіктегі зиянды жәндіктерге қарсы химиялық дәрі — дәрмектерді қолдану дұрыс па?Неліктен?— Топырақты судың шаюынан сақтау үшін өсімдіктер егу шараларын дұрыс деп санайсың ба?Неліктен?Жерді жеке меншікке беру туралы шешімге келісесің бе?Неліктен?6. Бағалау7. Үйге тапсырма беруМәтінді оқып, мазмұндауүргізуші:Хабарымызды жалғастырамыз, құрметті көрермендер. Эфирде «Хабар — жер»бағдарламасы.Президентіміз таяудағы үш жылды «Ауылды қолдау»жылы деп жариялады. Жер туралы заңға да үлкен өзгерістер енгелі тұр.Лайым жақсы өзгерістер болғай!Осымен хабарымыз аяқталды. Бай, қуатты болайық, ағайын!Музыка ойналады.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.