Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады
Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы zakon.kz, Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліеді, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде – көктайғақ болады. Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі,
Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/