Алматы сейсмологтары жер сілкінісін тіркеді

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Магнитудасы 4.0 жер асты дүмпулері Қырғызстан аумағында тіркелген

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. «Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер орталығы» АҚ-на қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі магнитудасы MPV 4.0 жер сілкінісін тіркеді.

Жер асты дүмпулері бүгін Астана уақытымен 01.41-де тіркеліпті.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 111 километр жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық классы 8.7.

Сейсмикалық белсенділік ошағының тереңдігі 15 километр.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/