«Алтын күз» мейрамы Даярлық тобы О «А» сынып

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Алтын күз» мейрамы Даярлық тобы О «А» сынып

Автор: Ахишева Мулкат Бауыржановна

Бағыты: Мектепалды даярлық Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-08


Материал туралы қысқаша түсінік

«Алтын күз» мейрамы туралы мұғалім өз жоспары бойынша құрастырған.




Тақырыбы: Алтын күзМақсаты:А)Білімділігі: Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу. Күзгі еңбек және табиғатты сүюге,қорғауға баулу.Күз мезгілінің қандай мезгіл екенін,қандай құбылыстар болатынын түсіндіру.Ә) Дамытушылығы: Тақырыпты түсіндіре отырып,ары қарай білімдерін жетілдіру.В) Тәрбиелік: Күз туралы өлеңдер айту,әңгімелесу арқылы тілдік қорларын молайту. Түрі: ертеңгілікӘдісі: Әңгімелесу,сұрақ-жауап,жарыс.Көрнекілігі: «Алтын күз», күз бейнесі, жеміс-жидектер,көкөністер,А. Құнанбаевтің «Күз» өлеңі, жапырақтар.Барысы: -Құрметті ұстаздар, ата-аналар бүгінгі мектепалды даярлық тобының «Алтын күз» атты күзгі мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! -Балалар, қазір қай жыл мезгілі? -Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Күзде күн суытып,барлық жан-жануарлар жиналады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Құстар топ-топ болып жылы жаққа ұшып кетеді.Адамдар да жылы киіне бастайды. -Дұрыс айтасыңдар балалар, күз мезгілін тамаша сипаттап бердіңдер. -Ал күз мезгілінде неше ай бар? -Балалар, қазір күздің қай айы? -Балалар,енді осы күз мезгілі туралы тақпақ білемізбе? — Тақ3(Аяқтарын тарсылдатады) Айтамыз біз не?(тақпақ) Хормен тақпақ айтады. «Күз сыйы» Гүлдана: Қош келдіңіз, көрермен, Алтын күздің кешіне Отырыңыз қол соғып, Шат күлкіге бөленеЕрхан: Күзім-ау, күзім-ау Мінезің бұзық-ау. Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық-ау.Қанат: Жемісі мол теретін, Күз дос екен бізбенен. Бәрін тауып беретін, Жомарт екен күз деген.К:Нурсултан: Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел, жемісті алтын күз, Кемелденсін халқымыз.Шахнияз: Күздің қазан айында Алма,алмұрт піседі. Жапырақтар сарғайып Сыбдыр-сыбдыр етеді.Алиер: Берекесін жинауға Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді.Асылхан: Ағаштардан жамырап Ұшты кенет жапырақ Ой, алақай тамаша, Шашу шашты жапырақ.Амир: Таудан салқын жел соқса, Сыбдырлайды қалтырап. Жақын қалды желтоқсан, Жабырқайды жапырақ. -Жарайсыңдар, балалар, күз туралы тақпақтарыңды тамаша айттыңдар.— Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық.Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіңдер ме, ол кім?Балалар (хормен): — Ол – күз. -Келістіріп бар сәнін, Берген өзі табиғат. Алтын күзді ал,қане, Қарсы алайық, жамағат! – дей отырып алтын күзді қарсы алайық. Қош келдің алтын күз ортамызға. Балалар (хормен): — Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.Күз:— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?Балалар: — Сәлеметсіз бе, Алтын күз! Жоқ, кешіккен жоқсыз!Күз: — Иә, балалар, мен — Алтын күзбін. Мені неліктен алтын күз деп айтасыңдар?Балалар:— Өйткені, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түсіп, шөптер де сарғайып,айналаның барлығы сап — сары түске енген. Алыстан қарасаң, сары алтын сияқты.Сондықтан да күзді сары алтынға теңейді.Күз:— Менің жемістерім мен көкөністерім де осында жүр екен ғой… Алтын күз:Жаксылыкова Айганым Толтырып дәнге қырманды, Бастадым қырда думанды. Мәуемді терген бағбанның Жанарында нұр жанды. Ырысқа толып қоймалар, Сабан тойы тойланар. Берекелі күз болам, Байлыққа мұртың майланар. -Жарайсың, алтын күз, «Алтын күз» өзінің әсемдігімен бүгін біздің ортамызда. Балалар Алтын кузге арнап ән айтып беремізбе? Ән:Алтын күз — Тамаша айттыңдар, жарайсыңдар балалар. Қазір балалар екі топқа бөлініп өз өнерлерін көрсетеді, тамашалап отырыңыз. -Қазір біз екі топқа бөлінеміз,сондықтан әділқазылар алқасын сайлап алайық. Әділ қазылармен таныстыру. 1. 2. 3. -Енді балалар,өзіміздің ата-анамызбен бірге 2 топқа бөліне қояйық. Бізге қонаққа келген «Алтын күзге» 2 топ болып жарысып өнерімізді көрсетейік.2 топқа бөлініп ,топ аттарын қою. 1.Жемістер. 2.Көкөністер. Балалардың «жеміс», «көкөніс» сөздерінің мағынасын түсініп, есте сақтауы үшін балалардың өздері осы сөздерге мысал келтіреді. -Ал енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыс жоспарымен таныстырып өтейін. 1.топтарын таныстыру. 2. «Кім жылдам» ойыны. 3. «Жеміс» пен «көкөніс» ойыны. 4.А. Құнанбаев «Күз» өлеңінен жасырын сөзді табу. 5.Сән үлгісін көрсету. 6.Бұл не? Жұмбақ сайысы. 7. Күзгі тағамды таныстыру. 8.Ата-аналарға метограмма 9. «Жемістер» мен «көкөністерге» арналған тақпақтарын айту.1. Топтарын таныстырады.Жемістер: Сәлем бердік көпшілік алдыңызда Сәлем берем «Көкөністер» тобына (Топ басшысы:Дияс)Көкөністер:Амансыңба, достарым, қарсыласым Бізден сәлем сіздерге жемістерім (Топ басшысы:Медет)2. «Кім жылдам» ойыны.-Қане балалар осындай молшылык күзде бір ойын ойнап жіберейік. Ия? Ойынның шарты: Көкөністер тобы бір себетке көкөністерді,ал жемістер тобы екінші себетке жемістер толтырады. 3. «Жеміс» пен «көкөніс» Ойын шарты: 2 топтан бір-бір ата-анадан шығып 1 адым аттай отырып жемістер мен көкөністерді айтады.-Келесі кезекті бір топ бишілерге берейік. Қане, ортаға биші бүлдіршіндерімізді қошеметпен шақырамыз. Би: «Біз кішкентай бүлдіршін».4.А. Құнанбаев «Күз» өлеңінің екі шумағы. Ойын шарты: Бір-бір шумақ өлеңнің арасынан сөз тастап ата-аналарға жасырын сөзді тапқызу. А) Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.Ә) Бәйшешек жоқ бұрынғыдай Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай. Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айырылған ағаш-қурай.5. «Сән үлгісін» көрсету. -Қазір балалар, күзгі сән үлгісін тамашалаймыз. Ендеше «Алтын күз — 2018» топтамасын ортаға шақырамыз.Қарсы алыңыздар. (Музыка ырғағымен әр топ өз сән үлгілерін көрсетеді)6. Бұл не? Жұмбақ жасыру1. Ағайынды бәрі,Шықса – жасыл,Түссе – сары. Бұл не? жапырақ2. Жайлы, жұмсақ төсегім,Домаланып өсемінҚабат-қабат тоным барҚалай оны шешемін.Бұл не? (Орамжапырақ)3. Жазда інге тығылып,Жатқан қызыл түлкіні Құйрығынан суырып,Әкелді әжем бір күні.Бұл не?(Сәбіз) 3. Қалың киім ұнатады,Шешіндірсең жылатады.Бұл не?(Пияз) 4. Асықпай піскен, қайнамай түскен.(Жеміс)5. Іші толған шәрбәт, Дәмі сондай әйбат. Үзесің бірден жүзін, Оның аты — ЖҮЗІМ. 6. Сырты қандай қатты,Дәні сондай тәтті.Шағып қара таңдап,Оның аты – ЖАҢҒАҚ7. Дөп-дөңгелек сары,Ішінде бар дәні.Қызығасың көріп,Оның аты — ӨРІК.8. Пісетін кезі дәл күзде,Мезгілсіз оны үзбе.Аузыңнан кетпес бал дәміОның аты — ШАБДАЛЫ.9. Бір сабақта көп түйме,Жей алмайсың көк күйде.Санап қара неше,Оның аты — ШИЕ6. Күзгі тағаммен таныстыру. -Алмұрты, алмасы, Жүзімі, өрікпен: «Біреуін таңдашы»- Дегендей көрікпен.- дей отырып әр топтың әзірлеген «күзгі тағам» сайысын тамашалаймыз. Музыка ырғағымен әр топтан 1 немесе 2 ата- анадан шығып өз тағамдарының атын,жасалу жолын түсіндіріп, әділқазылар алқасына тапсырады.7.Ата-аналарға метограмма.Қ-дан мені бастасаң Бір бауыңда кәріңмінШөлің басар асыңмын.Екіншіде нәріңмінЖ-ға айырбастасаңҚосылғанда екеуіТамшы болып тасындым.(Қауын-жауын) Көкөніс боп табылдым.(Шал-қан)8. Екі топтан балалар шығып, «Жемістер» мен «Көкөністерге» арналған тақпақтарын айтады.«Жемістер» тобы:Гүлдана: Жапырақты тасалап, Өсетін жерім бақша – бақ Күрең қызыл құлпынай Менің атым құлпынайАйдана:Мен шиемін,шиемін Күннің көзін сүйемінЖанерке:Мен алмұртпын, алмұртпын. Аузындамын бар жұрттың.Али:Мен жүзіммін, жүзіммін. Моншақ болып тізілдім.Рамазан:Мен өрікпін, өрікпін. Табиғатқа көрікпін.Диас:Мен алмамын, алмамын. Таңдайда қалар бар дәмім.«Көкөністер» тобы:Асылхан:Ақ түсім бар қанталар Қызыл түсім қанға нәр Зияным жоқ біліп қой Қызылшамын пайдам барК:Нұрсұлтан:Асханадан шықпаймын Атым пияз, бұқпаймын Көзден жасты шығарам, Тұмаудан бірақ сақтаймын!Азамат: Мен ұялшақ картоппын Мен емеспін мақтанар Мені жақсы көреді Үлкендер мен балаларДанил:Көжектерге дәмдеспін, Өзбектерге сәндеспін.Бойым өссін десеңіз,Сәбіз жеңіз, асаңыз.А:Нурсултан:Қып-қызыл қызанақпын, Қарасаң көз тоймайды. Егер мені жеп көрсең Қызықтырмай қоймайды.Назерке: Мен қиярмын, қиярмын, Қызанақтың сәнімін. Салаттардың дәмімін, Қараңдаршы қандай сәндімін.Жарайсыңдар балалар.Қорытынды: -Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды,әділқазылар алқасы бір қорытындыға келгенше балаларымыздың әнін тамашалайық. Ән:Жас дәуірдің түлегіміз. Әділқазылар алқасына сөз беру. Жеңімпаз топтарды анықтау.

Ақсай қалалық 4 жалпы орта білім беретін мектебіКоммуналдық Мемлекеттік мекеме

Тақырыбы:«Алтын күз»(Мектепалды даярлық тобы 0 «А» сыныбында өткізілген ертеңгілік)

Өткізген: Ахишева М. Б

2018-2019 оқу жылы







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.