Алматы Орталық мешітінің үздік шәкірттеріне білім сертификаттары табысталды
Кеше Алматы қаласы Орталық мешіті жанындағы діни сауат ашу курсында оқыған қыз-келіншектер тобының шәкіттері сынақ емтиханын тапсырды. Нәтижесінде 50-ден астам шәкірттер үздік атанды.
Білім озаттарын марапаттау рәсімінде арнайы келген Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы дініміздегі білім алудың орны мен оның артықшылықтары туралы уағыз айтты. Әсіресе, ұрпақ тәрбиелейтін қаракөздерімізді діни сауаты мол, ақ пен қараны парықтай білетін, бала тәрбиесіне ерекше мән берген ел аналары болуға үндеді.
Содан Бас имам және мешіт ұстаздары 1-ші және 2-ші деңгейлер бойынша Тәжуид, Құран Кәрім, Ғылымхал, Иман шарт, Сира пәндерінен сынақ емтихандарын үздік тапсырған шәкірттерге білім сертификаттарын табыстады.
Осы ретте халықтың діни сауатын арттырып, ағартушылық жұмыстарымен айналысып жүрген мешіт ұстаздарына үлкен алғыс білдіреміз.
Мешітіміздің шәкірттері, Алла білімдеріңізді арттырып, Жәннатқа барар жолдарыңызды жеңіл етсін!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі