Еуроның шыққанына 20 жыл толды

0

Осы 20 жылда еуроаймақ бірде-бір мүшесін жоғалтпады, керісінше 11-ден 19 елге дейін қатарын кеңейтті. Құлдыраудың аз-ақ алдында тұрған валюта үлкен дағдарысты бастан кешті. Бірақ, ғаламшардың алып экономикасына айналған Америка долларының монополиясына бәсекелес болды.

Еуропаның бірыңғай валютаға көшуі қандай пайда әкелді? Оған еуропалықтардың көзқарасы қандай? Бұл сұрақтарға BBC журналисі жауап іздеп көрді.

Еуроаймақтағы тұрғындардың басым көпшілігі еуроны құнын жоғалтпаған валюта деп есептейді. Өткен жылдың қазан айында Еурокомиссияның өткізген сауалнама нәтижесінде еуро Еуроодақ үшін 74%, басқа мемлекеттер үшін 64% пайдалы делінген. Кипр халқының 47%-ы, Литваның 42%-ы еуроны қолдайды. Дағдарысты бастан өткерген Грекия мен Италияның 60% және 57% еуроны қолданғанды құп көреді.

Еуроаймақтағы 19 елде 340 млн адам тұрады. Бұл — АҚШ халқының санынан көп. Еуро әлемдегі жарты миллиард адамның өмірінде және алдағы уақыттағы Еуропаның интеграциясында маңызды рөл ойнайды.

Болашақта Еуроодаққа мүше 28 елдің әрқайсысы, наурыз айында одақтан шығатын Ұлыбританиядан басқа мемлекеттер еуроға көшуі тиіс.

Еуро пайда болғанға дейін негізгі жаһандық резерв және сауда валютасы доллар болды. Енді орталық банктердің қорларының 1/5 бөлігі және еуроға әлемдік сауданың 3/1 бөлігі тиесілі.

Сауалнама бойынша еуроаймақтағы әрбір жетінші тұрғын ескі валютаны қолданады. Яғни, бұл жағдай мемлекеттің еуроаймаққа кіргеніне қанша уақыт болғанына байланысты емес. Мысалы, 2014 жылы ғана еуроға көшкен Латвия халқының 86%-ы  бұрынғы лат валютасын еске алуы екіталай. Ал Бельгиядағы әрбір екінші, Германиядағы әрбір үшінші адам еуроға көшкеніне 20 жыл болғанына қарамастан бүгінге дейін франк пен марканы қолданады. 24 жасқа дейінгі азаматтардың арасында еуроны қолданбайтындар 5%-ды құрайды. Еуропада бүтін бір «€ ұрпақ» өсті.  «FT» газетінің хабарлауынша, еурооаймақтың 38%-ы ересек өмірлерінде ешқашан басқа валютадан хабарлары болмаған.

2002 жылы қолма-қол еуроны шығару тарихтағы ең ірі ақша алмасу процесіне айналды. Еуропалықтар 9 млрд банкнот пен 107 млрд теңгесін 14 млрд қағаз және 52 млрд металды еуроға айырбастады.

Содан бері қолма-қол ақша көлемі төлем карталарының таралуына қарамастан ұлғайған, қазір айналымда 1,2 трлн еуроға 21 млрд банкнот бар.

Еуропалық орталық банк жиырма жылдық мерейтойына орай бірыңғай валютаның модельдік қатарын толығымен жаңартты. Осы жылы 5, 10, 20 және 50 еуро номиналы бар купюралардың артынан 100 және 200 еуро ауыстырылады.

Ал 500 еуродағы ең ірі купюраны болашақта шығармауға шешім қабылдады, өйткені ол қылмыстық әлемдегі ең танымал төлем құралы екені анықталды. Бірақ 27 қаңтардан бастап Еуроодақтың 17 елінде осы банкнота айналымнан алынып тасталады. Ал Германия мен Австрия банкнотаның көп бөлігі айналымда болғандықтан тек сәуір айының соңында бас тартады.

Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: http://egemen.kz/