Жол белгілері. Сөз таптары

0
Сабақ: Жол белгілері Сөз таптары Мектеп: №176 Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Әбдікәрімова Анар Әмірханқызы Сынып: 5 Қатысқандар: 20 Қатыспағандар: 20 Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. О1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтауЖ3 Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыруӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу. Сабақтың мақсаты Барлық оқушы орындай алады:

  • Сөз таптарын біледі
  • Мәтін мазмұнын түсінеді, жазады.
  • Сөйлемде түрлі сұрақтарға жауап беріп, сұрақ қоя алады.
  • Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 1. Белгілі тақырыпта өз ойын айтып бере алады. 2. Қазақ тіліндегі сөздерді 9 сөз таптарына ажырата алады. 3. Топтық, жұптық, жеке жұмыста ойларын еркін айтады.Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Мәтіннің мазмұнын қорытып, өз сөзімен түйіндей алады.
  • Сөйлем ішінде сөз таптарын анықтап, талдай алады.
  • Бағалау критерийі
  • Жол ережесінің белгілерін, жол ережесін сақтау тәртібін біледі.
  • Сөздерді сөз таптарына талдай алады.
  • Мәтін жазу барысында орфографиялық норманы ескереді.
  • Тілдік мақсат Құндылықтарға баулу Оқушылардың жолда жүру ережесін мұқият сақтауға, жолда жүру ережелерінің маңыздылығын бойға сіңіру. Пәнаралық байланыс Жаратылыстану, бейнелеу Тақырып бойыншаалдыңғы білім Сөз таптары туралы, жолда жүру ережелері туралы түсінік қалыптасқан. Сабақ барысы Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы 4 мин

    4 мин

    Сабақтың ортасы7 мин

    Сынып оқушыларымен сәлемдесу. «Жүректен –жүрекке» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату. Жүрекшені бір-біріне ұсынып, жүректен шыққан тілектерін бір-біріне тілейді.Мұғалім сөзі: Оқушыларға жұмбақ жасырамын. Жасыл көзі «жүр» дейді Қызыл көзі «тұр» дейді Сары көзі «дайын бол» дейді Бұл не балалар? Оқушылар: Б А Ғ Д А Р Ш А М

  • Бағдаршамның неше көзі бар?
  • Қандай?
  • Оқушылар: Үш көзі бар Қ Ы З Ы Л, Ж А С Ы Л, С А Р Ы

    Қызыл ,сары, жасыл түстері арқылы 3 топқа бөлінеді.І топ: қызылІІ топ: сарыІІІ топ: жасылҮй тапсырмасы«Кім жылдам» ойыны

  • Негізгі сөздер дегеніміз не?
  • Көмекші сөздер дегеніміз не?
  • Негізгі сөздерге мысалдар келтір.
  • Көмекші сөздерге мысалдар келтір.
  • Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің айырмашылығы неде?
  • Жұлдызшалар арқылы бағалау

    Топтық жұмыс1-тапсырма Мәтінді оқи отырып, түртіп алу әдісін пайдаланады. І топ: 1. Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін артық сөздерді табады. 2. Мәтіннен Кім? Не? Қанша? Неше? Қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тап. ІІ топ: 1. Қарамен берілген сөзге мағыналас сөзді (тіркесті) табады, сәйкестендіреді. 2. Не істеді? Не қылды? Қашан? Қалай? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тап.

    ІІІ топ: 1. Төмендегі сөйлемдерден негізгі және көмекші сөздерді табады. 2. Мәтін мазмұнынан жеке тұрғанда мағынасы жоқ сөздерді теріп жаз. (мысалы: бірақ, үшін, ма, мен, де, әрі, т.б.) Смайлик арқылы бағалау

    Жүрекше

    Қызыл,сары, жасыл түсті қағаздар

    Интербелсенді тақта

    Жұлдызшалар

    Смайликтер

    5 мин

    Сергіту сәті4 мин

    8 мин

    8 мин

    Сабақтың соңы2 мин

    3 мин

    Мұғалім сөзі:Интербелсенді тақтадан сөз таптары туралы слаид топтамалары арқылы түсіндіремін. Қазақ тіліндегі сөздердің 9 сөз таптарына бөлінетінін презентация арқылы танысады.

    Жаңа сабақты пысықтау«Сиқырлы қоржын» ойыныИнтербелсенді тақтадан слайд топтамалары арқылы «Сөз таптары» көрсетіледіӘр топ мүшелері көрсетілген сөз таптарына сөздер жазып, өз қоржындарына жылдам, жүгіріп салады.Ойын соңында қоржынға салынған сөздерді санап, жеңген топты анықтайды.

    Жұптық жұмыс Үнтаспадан №34 аудионы тыңдайды.3-тапсырма1. Өлең мазмұнына сәйкес дұрыс жауапты белгілеңдер.2.Өлеңді қайта тыңдап, бос орындарды қажетті сөзбен толтырыңдар1. Қиылыста ……..бұрылыста түрлі-түрлі белгілер бар2.Келесісі шеті қызыл ……… бұл белгілер ескертеді, біліп ал.3…….. сырын еске сақтап ал, болашақта жүресің ғой талай жол.

    «Бас бармақ» арқылы бағалау

    Жеке жұмыс2-тапсырма. Суретке қарап, шағын мәтін құрастырады. Сөздерге сұрақ қойып, сөз таптарын табады.

    Бағалау парақшасы

    Үйге тапсырма4-тапсырма Мақал-мәтелдердегі әр сөзге сұрақтар қойып, сөз таптарына талдаңдар.

    Жол мұраты – жету.

    Жолға шықпай тұрып,Жолдасыңды таңда.

    Рефлексия«Көгершін» Оқушылар мұғалім берген көгершіндерге сабақта не үйренгендерін жазып, тақтаға жабыстырады. Әр көгершінде сұрақ болады. Сұраққа байланысты оқушы өткен сабақ туралы өз пікірін айтады.

  • Сабақта не білдің?
  • Сабақта не қызық болды?
  • Сабақта қандай қиындықпен кездестің?
  • Неге қолжеткіздік?
  • Не білгің келеді?
  • Көгершін суреттері

    Қосымша тапсырмаЖалғыз жолаушыға қызмет ететін пойызЖапонияның Хоккайдо аралындағы Ками-Сиратака бекеті жалғыз оқушы үшін жұмыс істейді. 2013 жылы теміржол басшылығы бұл бекеттің қызметін тоқтатқан болатын. Бірақ бекетке жақын маңда тұратын оқушы қыздың мектепке бара алмай жүргені ескеріліп, бұл бағыттағы пойыз жұмысы қайта іске қосылады. Бүгінде Ками-Сиратака бекетіне баратын жолаушылар пойызы оқушы қыздың сабақ кестесіне байланысты қатынайды. Оқушы қыз мектепті бітіргеннен кейін, теміржол бекеті де өз қызметін тоқтатпақ. Саралау – Сіз қандай тәсілменкөбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағандақабілетті оқушыларға қандайтапсырмалар бересіз? Бағалау – Сізоқушылардыңматериалды игерудеңгейін қалай тексерудіжоспарлап отырсыз? Денсаулық жәнеқауіпсіздік техникасынсақтау Сабақ барысында оқушыларға қолдау көрсету үшін мадақ сөздер айту: жарайсың, бәрекелді, керемет сөздерін қолданамын.Мұны барлық сабақ барысында қайталап қолданып отырамын. Қабілетті оқушыларға жеке тапсырмалар беріп отырамын. Топтық, жұптық, жеке бағалау. Сергіту сәтін өткізу, жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырма беру,оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сабақ бойыншарефлексияСабақ мақсаттарынемесе оқумақсаттары шынайы,қолжетімді болды ма?Барлық оқушылар оқумақсатына қолжеткізді ме? Егероқушылар оқумақсатына жетпегенболса, неліктен депойлайсыз? Сабақтасаралау дұрысжүргізілді ме?Сабақ кезеңдеріндеуақытты тиімдіпайдаландыңыз ба?Сабақ жоспарынанауытқулар болды мажәне неліктен? Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауапберіңіз.
  • Сабақ мақсаттары қолжетімді болды.
  • Барлық оқушылар бағдаршам туралы ақпарат алып, сөз табы туралы білді.
  • 3. Мақсатқа жету жолында ізденді, жұмыс барысында бір-бірінің жұмысын саралап, бағалады.4. Саралау дұрыс жүргізілді5. Жоспарға өзгеріс енгізілмеді. Жалпы бағалауСабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

  • Топтық, жұптық тапсырмаларды бірлесіп орындауы
  • Суретке қарап мәтін құрастыру
  • Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

  • Әдіс-тәсілдерді көбірек пайдаланып, сабаққа қызықтыру
  • Қосымша тапсырмаларды көбірек беру
  • Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардыңжетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсегеназар аудару қажет? 1. Оқушылардың сөздік қоры аз болғандығы, топтық, жұптық жұмыстар да баяу қимылдаулары байқалды. Сол оқушыларды басты назарға алу. Оқушылардың кері байланысын, келесі сабақта ескеру