Букмекерлер «Астананың» Чемпиондар лигасындағы төртінші тур матчіне болжам жасады
Бүгін 8 қараша «Астана» Еуропа лигасы топтық кезеңінің төртінші туры аясында чехиялық «Яблонецпен» матч өткізеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.Ойын «Астана Аренада» өтеді және жергілікті уақыт бойынша 21:00-де басталады. Бұл матчтің тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясының болжамынша, бұл матчта алаң иелері басым. Осылайша, «Астана» жеңісіне коэфициент 1.82. ал «Яблонецтің» жеңісіне — 4.65, тең ойын — 3.40.
Айта кетейік, «Астана» алты ұпаймен К тобын бастап тұр. Екінші орында «Динамо» (6 ұпай), үшінші франциялық «Ренн» — үш ұпай және «Яблонец» екі ұпаймен соңғы тұр.
К тобының қатар ойыны Киевте өтеді, «Динамо» мен «Ренн» матчінің басталуы 23:55-те.
Еске салайық, «Астана» Киевтегі ойында «Динамомен» тең түсті — 2:2. Осыдан кейін «Реннді» ұтты — 2:0, ал Чехиядағы ойында «Яблонецпен» тең болды — 1:1.