Науқастың ұлы жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты
Жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам мас болған
АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Татарстанда тергеушілер науқастың мас ұлының жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасауын тергеп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости Тергеу комитетінің өңірлік басқармасына сілтеме жасап.
«Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу кезінде 6 қарашада Набережные Челны қаласында жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасалғаны туралы дерек анықталды. Соған байланысты тергеу алды тексеріс жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.
Тергеу басқармасы атап өткендей, БАҚ көздеріндегі ақпаратқа сәйкес жедел жәрдем түн ішінде қоңырау келген пәтерге барады. Дәрігерлердің көмегіне зәру ер адамды қарап жатқан кезде, оның мас ұлы фельдшердің бетінен ұрып жіберген. Медициналық қызметкерлер құқық қорғау органдарына жүгінді. Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамды сабасына түсіріп, дәрігерлер науқасқа жәрдем көрсетті.
Қазір болған жайттың анық-қанығын білуге бағытталған шаралар атқарылып жатыр.