Тәрбие сағаты «Мамандықтар әлемінде» 9 сынып

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Тәрбие сағаты «Мамандықтар әлемінде» 9 сынып

Автор: Абдирова Минзада Турегельдиевна

Бағыты: Əлеуметтік педагог Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-07


Материал туралы қысқаша түсінік

Әлеуметтік педагогке және психологке қажетті




Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар әлемінде.Мақсаты: Оқушылардың алдына қойған жоспарларын анықтау , мамандық таңдау оңай іс емес екендігін түсіндіру. Міндеттері: Оқушылардың ойларын білу, дамыту.Мамандық таңдау – әр адамның өз құқығы екенідігін ұғындыру.Шаттық шеңбері Әл-ФарабиІсім оңсын десеңіз,Сол істің маманы болыңыз.Даңқым шықсын десеңіз,Көпшіліктің адамы болыңыз.Оқушыларға сұрақ

  • Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
  • Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?

Жаңа ақпаратАдам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін — ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін — жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?» , «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кемде кем.Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.Ойланайық, пікірлесейік

  • Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
  • Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
  • Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыз?
  • Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

Шығармашылық жұмысӨз отбасы мүшелеріңіздің қандай кәсіппен айналысатындығын еске түсіріп, «Отбасылық кәсіп» шежіресін жасаңыздар.

Дәйексөз Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді. Л.Н.ТолстойЖағдаятпен танысып, шешімін табыңыз.Менің бір әріптесім, дарынды инженер болатын. Өзі көптен бері бастығымызбен өштесіп жүр. Екеуі де – бір беткей, айтқанынан қайтпайтын жандар. Инженер өз мамандығын жақсы меңгерген, өз бағасын біледі, сондықтан да ешқашанда өзін жұмыстан шығармайтынына сенімді. Оны бастығымыз да жақсы түсінеді, бұл жағдай бір жағынан тұтанған отты маздата түсті. Инженер жиналыс сайын бастықты келемеждеп, мазақ етіп отырады, ал бастығымыз болмашы нәрсеге бола инженерге тиісіп, тіпті сыйақыдан да құр қалдыратын болды, пайдасыз жерге іссапарға да соны жібереді. Мен ұзақ созылған бұл жағдаят өз-өзінен шешілер деп ойлайтынмын. Өкінішке орай, өршіп бара жатқан сияқты. Осы мәселенің шешімін таба алмай-ақ қойдым. Бүкіл ұжымның мазасы кетті. Не істесек екен?Тапсырма Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды жазбаша дәлелде.

  • Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.
  • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
  • Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты.
  • Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
  • Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
  • Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
  • Ақша болса, мамандық қажет емес.
  • Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
  • Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.
  • Мамандық таңдау – күн көріс қамы.

Шаттық шеңбері Еңбек туралы. Ж.Баласағұни Басың көкке жетсін десең армандап,Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап.Барлық істі сарапқа сап істегін,Қисаппенен қазынаңды үстегін.Кісі танымақ болсаң, ісіне қара.Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.Ерте тұрып, кеш жат ұйқың қанады,Ерте тұрған ердің бағы жанады.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.