Армения депутаты Қарағандыда болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

0

Қарағандыда болған оқиғаға байланысты Армения депутаты Қазақстанның Армениядағы елшісін түсініктеме беруге шақырды.

Арменияның Ұлттық кеңес депутаты, «Ағартушы Армения» партиясының көшбасшысы Эдмон Марукян Аремния сыртқы істер министрлігін Қазақстанның Еревандағы елшісін шақыртып, түсініктеме алуға шақырды.  Оның сөзінше, ресми Ереван Астананың Қарағандыдағы армиян азаматтарының құқығын қорғап, мүлкін сақтауда бар күш-қуатын жұмсап жатқандығына көзін жеткізуі тиіс.

Естеріңізге салайық, 1 қаңтар күні Қарағанды қаласындағы «Ежелгі Рим» мейрамханасында армян этонсы өкілдері мен қазақтар арасында болған кикілжің салдарынан 1 адам көз жұмып, үш адам жарақат алған. Кейіннен ІІМ тергеу жұмыстары барысында аталмыш оқиғаға байланысты 8 адамның ұсталғандығы жөнінде және 1997 жылы дүниеге келген негізгі күдікті Гурурян Нарекке халықаралық іздеу жарияланғаны жөнінде мәлімдеме таратқан.

«The Qazaq Times»