Ғылыми жұмыс — «Конституциялық құқық»

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Құқық негіздері Бөлімі: Ғылыми жұмыстар Сыныбы: 9 сынып

Жамбыл облысыЖуалы ауданы№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

Зерттеу жұмысыТақырыбы:«Конституциялық құқық»

Жұмыстың авторы: Лесбек Айнагүл.9-сынып оқушысы.

Жетекшісі: Мұбарақ Нұрбек Әбілханұлы.Құқықтану пәнінің мұғалімі.

2018-2019 жыл.

МАЗМҰНЫ:
АННОТАЦИЯ …………………………………………………………………………… 3
КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………… 4
1 Қ.Р Конституциясын қалыптастырудың ғылыми — теориялық негіздері
1.1 Конституциялық құқық ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі ………………………………………………………………..

6

1.2 Қ.Р.Конституциялық құрылымның негіздері ……………… 10
2 ҚР-да адам және азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың Конституциялық жүйесі
2.1Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары…………….. 14
2.2 ҚР Президентінің Конституциялық мәртебесі……………… 17
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………. 20
ҰСЫНЫС …………………………………………………………………………………. 23
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР ………………………………………………………… 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ ………………………………. 25

АННОТАЦИЯ

Бұл жұмыста ҚазақстанРеспубликасындағы Конституцияның ролі мен мағынасының азаматтық қоғамдағы таралу институттары көрсетілген. Қазақстан Республикасының негізге алатын Конституциялық құрылысы, елдегі билікті күшпен шектеп кетпеуіне азаматтық қоғам институттары алдында кепілдік беретін іргетасы болып саналынады, ал кең мағынада конституция – бұл конституциялық құрылыстың құндылықтары, институттары мен нормалары: адам ең жоғарғы құндылық, оның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі, халық егемендігі – ресми бекітілетін ең жоғарғы құқықтық форма болып табылады.

АННОТАЦИЯ

В статье рассматривается роль и значение Конституции РК на процесс формирования институтов гражданского общества. А также описан комплексный анализ конституционных правовых основ в формировании институтов гражданского общества в Республике Казахстан и вывод о том, что для стабильного развития институтов гражданского общество нужна твердая и неуязвимая нормативно-правовая база.

ANNOTATION

The article discusses the role and importance of the Constitution of the Republic of Kazakhstan on the formation of institutions of civil society. And also describes complex analysis of the constitutional legal basis in the formation institutions of civil society in the Republic of Kazakhstan and conclusion about is that for the stable development of the institutions of civil society need strong and invulnerable regulatory framework.Кіріспе

Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деп басталатын Конституциядағы осы сөздерде мемлекеттілігін жаңартып, жаңа әділетті қоғам орнатуды мұрат тұтқан сан ұрпақтың тарихи сабақтастығы тоғысып жатыр. Конституция әрбір зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжат.Бүгінгі күндері біздің Конституциямыз бен заңдарымыз адам игілігіне жұмыс істеумен қатар, оның шығармашылық, жасампаздық қуатына серпін беріп, кәсіпкерлік бастамашылығын ынталандырады деп айтуымызға толық негіз бар. Конституция бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекеттік биліктің нағыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан, саяси ымыраға келу мақсатында қазақ халқы өз қамын күйіттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны әрі нығайтуды ойлауы керек. Ата Заңның негізгі нысаны – мемлекет және адам олардың өзара қарым-қатынасы. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған Конституцияның 1 бабында. Құқықтық мемлекетті құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады. Республиканың президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді. Жоғарыда сөз етілгендей, Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған күн — мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдады.

Конституцияны мазмұны бойынша мынаны ескерген жөн:

1) Билік конституциясы 1) билік пен басқару функцияларын орнатады және үйлестіреді
2)Идеологиялық конституциялар 2) үгіт мақсатында қолданылады
3) Адам конституциясы 3) ең бастысы адам, оның құқықтары мен еркіндіктері

Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі елбасының атымен тікелей байланысты. Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр. Еліміздің бұл Негізгі заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады. Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеуде Қ.Р.конституциялық құқығы ғылымының негізгі түсінігі мен категорияларын; Қ.Р. конституциялық құрылыстың негізгі принциптері мен элементтерін; мемлекеттік орган қызметін ұйымдастырудағы конституциялық принцип, оның құрылымы, құқықтық мәртебесін білуді қажет етеді.Зерттеудің мақсаты: Пәндерді оқытуда Қ.Р.Конституциясын жан-жақты заңды құрметтеуге баулу.Зерттеудің міндеттері: Конституциялық құқықтық түсініктер мен категорияларды еркін меңгеру; Конституциялық құқықтық мәселелері бойынша өз көзқарасын толық және дұрыс жеткізуді; Конституциямен конституциялық құқықтық актілерді қолдану және талқылауды; Заңи маңызды оқиғалар мен жағдайларды сауатты бағалауды; Қазақстан Республикасында әрекет ететін конституциялық заңдылыққа сәйкес әр түрлі құқықтық әрекеттерді саналы түрде жүзеге асыруы. Зерттеудің пәні: Білімгерлерде конституиялық құқықтық аса маңызды ғылыми-теориялық көзқарасты қалыптастыру. Зерттеудің ғылыми болжамы: Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.Зерттеу әдістері: Конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес.

1 Қ.Р Конституциясын қалыптастырудың ғылыми – теориялық негіздері1.1 Конституциялық құқық – ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі

Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі. Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. ¤йткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.Конституциялық құқықнормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқықнормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды. [1]Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:1. Міндеттеу әдісі; 2. Тыйым салу әдісі; 3. Рұқсат ету әдісі;4. Тану әдістерді қолданылады. Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да катысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілетгігін белгілеу кезінде де қолданылады. Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқықжөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фактордан – адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықның қайнар көзі ретінд сипатталады:ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық зандардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық катынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған зандар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған кайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларның бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік кауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.Сондай-ақ, Конституция констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудын, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады. ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры — онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй зандары, Презеденттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. ҚР конституциялық зандарының өзіндік ерекшелігі — олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық зандарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.ҚР-ның Конституциясы — демократиялык, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашақ қабағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі қағидаларын белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметгік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән. [2]Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда халықтың, оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Осыған орай халық еңбекшілерден -жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан тұратындығы атап көрсетілді. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқараска негізделді.ҚР-ның Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интеллигенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы «еңбекші» термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданыл-майды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады. ҚР бүкіл әлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметгік-саяси құбылыс ретінде ұғынылады. Осыған орай, «халық» ұғымы ҚР Конституциясына сәйкес, біріншіден, ол байлык, жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жок, бүл маңызды конституциялық фактор болып табылады. Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады. Бұл мемлекеттің тұрғындардың қандай да болсын бір тобына екінші бір тобын кемсіту арқылы басымдық бермейтіндігін білдіреді. Мемлекет тиісінше, олардың әлеуметтік жағдайларына қарай тұрғындардың барлық қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. ҚР-ның Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың құқықтарын шектемей конституциялық-құқықтық қатынастар субьектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты қоғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлык, ұлтгық топтар жатады. Бұл, мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын казақ ұлтына ерекше: құкықтық, саяси, әлеуметгік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер берілмейтіндігін білдіреді. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер қатарына жатпайды, тек мемлекетгің барлық жерде және қайда да бол-сын үлттык нысаны бойынша ұлттық болып табылатын сипаты-на жатады. Орыс тілін ресми қодцаныс тілі ретінде тану да бұл салада жеңіддік берілмейтіндігін көрсетеді.Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетгі құрды, оның басқару және кұрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекетгің құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық қағидалаРы нығайтылған. Ол — мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық. [3]Конституцияның маңызды ерекшелігі бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы болып табылады. Бұл халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық: экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, діни, жекелік құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі неãіздерін реттей отырып, қоғам өмірінің барлық салаларын қамтымайды. Конституцияның нормасын бұзу көпұлтты Қазақстан халқының занды еркіне қол сұғу болып табылады. ¤ркениетті, демократиялық қоғам да Конституцияға, оның қолданьшуына, тиімділігіне айрықша мән беріледі. Конституцияның мәселесі екі кезеңнен: 1) оның жобасын әзірлеу, 2) қолдану кезеңінен тұрады.Бірінші кезеңде Конституцияның қағидалары және нормаларымен бірге оның қабылданғаннан кейінгі қолданылу механизмі тере-, мұқият ойластырылады. Бірінші кезекте тұжырымдауға әзірленеді және Конституция нормаларының мазмұны айқындалады. Сондықтан Конституцияның жобасы Конституцияның тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы, адам құқығы тұжырымдамасы, меншік құқығы тұжырымдамасы және басқалары осындай түжырымдамалар болып табылады. Конституцияның түжырымдамаларын маман заңгерлердің, экономистердің және басқалардың шағын тобы әзірлемеуі тиіс Олардың, мүдделерін анықтап, Конституцияда оны ескеру үшн оны әзірлеуге әр түрлі партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, таптардың, ұлттардың, әлеуметтік топтардың және басқа ларының өкілдерін тарту керек. ¤йткені қоғамдық қатынастар дың аталған субьектілерінің мүдделері обьективті факторлармен елеулі түрде белгіленген. Мемлекеттілік және тұтастай алғанда қоғам мүддесі қағидалаРына қайшы келетін идеялар да тұжырымдамалық сипатта ерекшеленуі мүмкін. Мұндай тұжырымдамалық идеялар конституциялық нормаларда орнықтырылмауы тиіс. Мұның мысалы ретінде кезінде ұлтаралық келісімге, Қазақстан мемлекетінің түпкі негізіне нұқсан келтіретінін саналы түрде сезінген немесе сезінбегендердің табандылықпен ұсынған қос азаматтық туралы қағидасын атауға болады.1.2 Қ.Р.Конституциялық құрылымның негіздері

Қазақстан Республикасы Президенттік баскару нысанындағы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет Демократиялық мемлекет дегеніміз өз халқының таңдауы мен мүддесін білдіретін, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қатамасыз ететін мемлекет болып саналады. Мемлекетті тек демократиялық мемлекет деп жариялай салу жеткіліксіз, ол үшін мемлекеттің демократия зандары бойынша жұмыс істеуі мен өмір сүруін қамтамасыз ету қажет. Естеріңде болса, бұрынғы КСРО да өзін демократиялық мемлекет деп жариялағаны белгілі, бірақ онда іс жүзінде адам құқығы мен бостандығы жиі бұзылып, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан заң қағидалары сақталмайтын еді.Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет талаптарына жауап бере ала ма? Бұл тұста Қазақстанның әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірі екендігін есте ұстау қажет. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан өзін демократиялық мемлекет деп жариялады және барлык құқықтық, саяси құралдар арқылы бұл талаптарға сай келуге ұмтылуда. Қазақстанда Президентті халық сайлайды. Сондай-ақ Парламенттің төменгі палатасы – Мәжіліс депутаттарын да халық сайлайды. Жергілікті мәслихаттар депутаттары да төте сайлау арқылы сайланады. [4] Республика азаматтары жеке әлеуметтік-экономикалық, саяси құқықтар мен бостандықтарға ие.Қазақстанда әрбір адам өмір сүру, жеке бостандығы мен жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығына және т.б. ар-ождан бостандығына ие және барлық адам заң алдында тең болып табылады.Бұл, әрине, мемлекетте адам жэне азамат құқықтары мен бостандықтарының барлығы бірдей сақталып отыр дегенді білдірмейді. Сондықтан әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ұмтылуы қажет.Республикадағы билік бөлінісі принциптері де Конституцияда бекітілді. Әрбір билік тармағы өз қызметін жүзеге асыруы тиіс. Үкімет ағымдағы мемлекеттік істерге жетекшілік етуді атқарса, парламент заң шығару жұмыстарымен шұғылдануға, соттар сот төрелігін жүзеге асыруға міндетті.Демократиялық мемлекеттің тағы бір элементі — саяси пікір алуандығына жол беру. Республикамызда «Отан» партиясы, «Азамат» партиясы, Азаматтық партия, Аграрлық партия, Коммунистік партия, Республикалық халықтық партия тәрізді тіркеуден өткен 19 саяси партия жұмыс істейді. Кейбір партиялар, мәселен «Отан» партиясы, үкіметтік партия болып саналады, яғни олар қазіргі уақыттағы Үкімет жұмысын қолдайды. Ал, Азаматтық партия билік мүддесімен катар, аса ірі капитал мүдделерін де білдіреді. «Азамат», Коммунистік партия секілді партиялар билік құрылымдарына оппозициялық бағытты ұстанады. Олар Үкімет пен Президенттің кейбір іс-әрекеттеріне сыни пікірлер айтады, бұл, принципінде, демократиялық мемлекет үшін қалыпты құбылыс болып саналады.Енді зайырлы мемлекет ұғымына келейік. Зайырлы мемлекет деп мынаны түсіну керек: Егер мемлекет өз ішінде діни бірлестік, ұйымдардан бөлек болатын болса, яғни бірінің ісіне бірі араласпайтын болса, ондай мемлекетті зайырлы мемлекет деп атайды. Зайырлы мемлекетте ешбір дін мемлекеттік немесе көпшілік ұстануға міндетті үшін бола алмайды. Зайырлы мемлекетте дін мемлекеттен бөлек қана емес, сонымен бірдей заң алдында тең болып табылады. Қазақстанда мұсылман мешіттері мен православ шіркеулері, иудейлік синагогалар мен католиктік костелдер заң алдында теңдей жұмыс істейді. Кез келген адам өз таңдауы бойынша кез келген дінді ұстануға құқылы.Қазіргі уақытта тек бір ғана дінді мемлекеттік дін ретінде жариялаған елдер де кездеседі. Мысалы, Шығыс елдерінде, оның ішінде Иран мен Пәкістанда — ислам діні, Скандинавия елдері — Швеция, Норвегия, Финляндияда -католиктік лютеран діні, Израилде — иуда діні мемлекеттік дін болып саналады.Конституцияда әлеуметтік мемлекет құру негіздері көрсетілген. Жалпы, әлеуметтік мемлекет деп өз азаматтарының игілігі мен әлеуметтік әділеттіліктің сақталуын қамтамасыз етуді мойнына алатын мемлекетті айтады. Бірақ, бұл-мемлекет барлық адамдардың материалдық және әлеуметтік жағдайларын теңестіреді деген сөз емес.Қазақстан, әлеуметтік мемлекет кұруға ұмтылып отырғандықтан, елде кедейшіліктің етек алмауына баса назар аударады. Кез келген мемлекетте жұмыссыз, еңбекке жарамсыз адамдар, мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар тәрізді, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары болады. Мемлекет бұл топтарға кем дегенде ең төменгі дэрежедегі көмекке кепілдік беруі қажет. Сондықтан да біздің республикамызда зейнеткерлер мен мүгедектер көлемі аса көп болмаса да зейнетақы алады. Сондай-ақ көп балалы аналар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға белгілі бір ақшалай жәрдемақы берілсе, мүгедектер мен соғыс ардагерлерін, көп балалы аналарды ішінара тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген. [5]Мемлекет, сондай-ак, белгіленген мөлшерде тегін медициналық көмек көрсетуге қаржы бөледі. Орта білім алу республикамыздағы мемлекеттік мектептерде тегін. Жоғары оқу орындары үшін несие мен гранттар беруде мемлекет тарапынан айтарлықтай қаражат бөлінуде.Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құруды көздейді. Құқықтық мемлекет ұғымы жан-жақты түсіндірілуі мүмкін. Соның ішінде демократиялық мемлекетке қатысты анықтамалардың барлығы да құқықтық мемлекет ұғымымен астарлас жататындығын айтуға болады, өйткені демократиялық мемлекет әрі құкықтық мемлекет болып табылады.Қүқықтық мемлекетте басты мақсат адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып саналады. Мемлекеттің өзі құқыққа бағынышты болып, құқық шеңберінде жұмыс істеп, өз азаматтарын қорғауға алуы қажет.Құқыктық мемлекет белгілері: сот тәуелсіздігі, мемлекеттің ақпарат құралдарының жұмысына кедергі келтірмеуі, цензорлық бақылау болмауы, т.б. Мұнан басқа, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы үшін дамыған азаматтық қоғам болуы қажет. Азаматтық қоғамда, әдетте, әртүрлі меншік түрі, еңбек пен кәсіпкерлік бостандығы, яғни ақпарат бостандығы жүзеге асады. Азаматтық қоғам туралы айтқан кезде оның астарында бірінші кезекте құқық пен бостандық тұрады.Қазіргі уақытта Қазақстан құқықтық мемлекет құрудың бастапқы кезеңінде тұр. Бұл ұзақ та күрделі жолдағы процеске енді ғана қосылып отырғандықтан, әзірге елімізде азаматтар өз құқын қорғау жолында әлі күнге дейін мемлекеттік органдардың кедергісіне кездесуде. Конституция бойынша біздің мемлекетіміздің басшысы Президент болып табылады. Демек бұл, Қазақстан басқару формасы бойынша- президенттік республика дегенді біддіреді. 1995 жылғы Конституция бойынша барлық басқа билік тармақтарына қарағанда Президент рөлі айтарлықтай күшейді. Президент республиканың барлық мемлекеттік органдарына қатысты кең өкілеттіктерге ие, сондай-ақ заң шығарушы өкілеттіктігіне де ие бола алады (заңда көрсетілген жағдайларда). Президентті қызметінен кетіру процедурасы бірінші рет конституциялық тұрғыдан бекітілді. Рас, Президентті қызметінен кетіру үшін тек бір жағдай, яғни, президенттің мемлекетке опасыздық жасауы ғана негіз бола алады. ҚР Конституциясының 2-ші бабына сәйкес, аумақтық құрылымы жағынан ҚР-сы бөлінбес, біртұтас унитарлы мемлекет болып есептеледі. Біртұтас унитарлы мемлекет-бұл өз құрамында басқа да мемлекеттік құрылымдар жоқ, әкімшілік-территориялық негізде орналасқан және орталық органдар қабылдаған заңдар негізінде басқарылатын мемлекеттік-территориялық құрылым, Ол әкімшілік-территориялық орналасуына қарай әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлінеді.Олар: Облыс, аудан, қала, ауыл(село), ауылдық (селолық), округтар болып аталады.ҚР территориясының біртұтастығы конституциялық құқықтың мәртебесінің бөлінбес элементі болып табылады. ҚР өз территориясы мыналардан тұрады: Субъектілер территориясы және құрғақ және ішкі сулары, территорнялық теңіз иелігі, және осылар үстіндегі әуе кеңістігі.Әрбір мемлекетке төн бір ортақ көрініс-бұл мемлекетті ұйымдастыруда және мемлекеттік құрылысында өзіне ғана үйлесімді ерекшеліктердің болуы. Мемлекеттің ең басты белгісі — оның тәуелсіздігі, немесе егемендігі. Бұл сөз мемлекетгің ішкі және сыртқы халықаралық істерін өз бетінше дербес жүргізе алатындығын білдіреді. Егемендік жағдайында өзге мемлекеттер оның істеріне араласып, ықпалын жүргізе алмайды. Мемлекеттік егемендікке ие мемлекеттердің өзінің зандары, билік органдары, әскері және полициясы болады. Олар өз халқын азаматтарын қай жерде і болса да, тіпті шет елде болған күннің өзінің қорғауы тиіс. Сендер өзге елдерде жүріп те біздің мемлекетіміз — Қазақстан Республикасьшың көмегіне сүйене аласыңдар. Мысалы, шет елде жүргенде қолайсыз жағдай туындап қалса, казақстандық елшіліктің аумағына келіп қорғануға болады, өйткені халықаралық заңдар бойынша елшілік аумағының іші — Сенің еліңнің аумағы болып табылады. [6]Егеменді, тәуелсіз мемлекеттің өзінің билік органдары болады. Мәселен, мемлекет заңдарын қабылдайтын — заң шығарушы орган деп аталатын орган бар. Сонымен қатар, бұл заңдарды өмірде жүзеге асыратын, оны елдің барлық тұрғындарының орындауын қадағалайтын орган бар. Бұл органдарды атқарушы органдар деп атайды. Ал, заңды бұзғандарды жазалайтын, соттайтын органдарды — сот органдары деп атайды. Олар туралы осы кітаптан кейінірек білетін боласыңдар.Егеменді елдің өзінің тәуелсіздік рәміздері болуы тиіс. Олар — елтаңба, ту, әнұран. Алғашқы қауымдарда бұлар болған жоқ. Ертедегі тайпалар өздерінің рәміз-қорғаушылары ретінде жабайы аңдар мен құстар бейнесін қолданғанымен олар рәміздік қызмет атқармаған. Мәселен, олар күшті де айбынды аң-құстар — бүркіт, жолбарыс, арыстан бейнелерін пайдаланды. Мына қызыққа назар аударыңдар: көптеген елдердің елтаңбаларында жануарлардың суреті бейнеленген, мұндай бейнелеудің бастауы сол ежелгі қауымдық кезеңнен қалған белгі емес пе екен? Дербес мемлекет өз аумағында үстемдік ететін өз заңдарын шығарады. Егер де ел тұрғындарының қайсы біреуі болсын сол заңдарды бұзатын болса, онда мемлекеттік органдар оны жазаға тартады.Мемлекеттің аса маңызды белгілерінің бірі — мемлекеттің өз ақшасы — валютасы, сонымен қатар салығы. Алғашқы қауымда ақша болмады, өйткені оларға ақшаның қажеттілігі болған жоқ. Олар өздерінде жоқ затты қажет болса өзгелермен тауарға-тауар беру есебімен айырбастап алды. Салық та мемлекет пайда болған соң, сол мемлекетті ұстап тұру үшін шықты. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы егеменді ел болып табылады. Егеменді мемлекет деген нені білдіреді? Мемлекет тәуелсіз болғанда ғана егеменді болып саналады. Егеменділік ұғымы сол елдегі шетелдік биліктің барлық түрін жоққа шығарады. Яғни мемлекет ешқандай шет мемлекеттің билігіне бағынбайды. Мемлекет егеменділігі ел ішінде мемлекеттік биліктің үстемдігін және сыртқы істер бойынша тәуелсіздігін білдіреді. Мемлекет өзге мемлекеттермен арадағы қарым-қатынасты өз алдына дербес үйлестіріп, құра алады. Бір сөзбен айтқанда, мұндай мемлекет аумағында сол елдің өзінің заң шығарушы органдары, өз үкіметі мен сот органдары болуы тиіс. Бұл мемлекеттік органдар билікті толықтай өзіне алады.Айқын шекара сызықтарымен белгіленген жеке аумағы бар мемлекет қана дербес жэне егеменді мемлекет болып саналады.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғандығына көп болған жоқ. Тәуелсіздіктің алғы шарттары Кеңес Одағының ыдырай бастауымен бірге қалыптасты.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заң Қазақстан Республикасынын мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған ресми қүжат болып табылады. Осыдан былай Қазақстан өзге мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық принциптері негізінде жүзеге асыратын болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде өз аумағындағы барша билікке ие болып саналады. Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатын ешкімнің араласуынсыз дербес анықтайды.

2 ҚР-да адам және азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың Конституциялық жүйесі

2.1 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары

Тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінен әрекет етуші барлық заң салаларындағы адам және азамат құқықтарының бірін-бірі толықтырып отыруынан көрінеді. Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына конституция арқылы бекітілетін құқықтармен еркіндіктерді қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтармен еркіндіктердің шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды.Негізгі құқықтармен еркіндіктерге төн заңдық ерекшеліктер мыналар:1.Конституциялық құқықпен еркіндік, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін қалайды және басқа құқықсалаларында бекітілген құқықтардың барлығына негіз әрі бастау болады.2.Негізгі құқықтармен еркіндіктер әрбір азамат пен адамға беріледі.3.Негізгі құқықтармен еркіндіктердің өзіне тән бір сипаты-бұл олардың ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең деп есептеледі.4.Азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктері өзінің пайда болуы және қалыптасуымен ерекшеленеді. Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның ҚР-ның азаматтығына қатыстылығы бола алады.5.ҚР-ның азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктері азаматтың еркі бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды. Бұл құқықтароған азаматтығына байланысты беріледі, бұл құқықтаразаматтығы жоғалтылған жағдайда бірге өз күшін жояды.6.Негізгі құқықтармен еркіндіктер оларды іске асыру механизміне байланысты ерекшеленеді. Барлық өзге құқықтары мен міндеттері нақты бір құқықтың қатынас барысында, құқықтық қабілеті арқылы өзінің жетістігі болып қалады.7.Негізгі құқық, еркіндік және міндеттерге тән тағы бір ерекшелік, мұнда олардың занды түрде бекітілуіне де байланысты. Олар мемлекеттің құқықтың Актілерінде тіркеледі, бұл құжат әрине жоғаріы заңдық күші бар топтама-ел Конституциясы болып көрініс табады.Жоғарыда аталған белгілер, адам және азаматтықтың негізгі құқықтары мен еркіндіктері ұғымының ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл ерекшеліктер мынадай тәртіпте бейнеленеді:Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндіктері бұл оған туылған кезінен бастап, немесе азаматтығына байланысты берілетін бөлінбес құқығы мен еркіндігі болып табылады.Адам құқығы бұл азаматтың мемлекетке бағыныштылығына байланысты ғана берілетін құқығы мен еркіндігі. Адам және азаматтың құқығының конституциялык, принципі болып теңдік, тең құқықтылық принципі айтылады. Оның мазмұны ҚР-сы конституциясының 14-ші бабында айтылады. Келесі тұлғаның құқықтары мен еркіндіктерінің іске асыруын сипаттайтын конституциялық принцип бұл олардың іске асуына кепілдік берілуі мен ерекшеленеді. әдетте, кепілдіктер әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңдық кепілдіктер болып бөлінеді. [7]Конституциялық құқықтармен еркіндіктерді жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық деп саралау дәстүрі қалыптасқан. Жеке бас құқығы мен еркіндіктері іс жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтарәрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқықоған туылған кезінен бастал тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табғги құқығы жатады. Бұл құқықадамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15-ші бап), жеке басының бостандығы құқығы (16-шы бап),мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы (17-ші бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.Азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқығына қатысты салалар бұлар жеке меншік құқығы (26-шы бап) еңбек қатынастары, демалыс салалары (24-ші бап) денсаулық сақтау (29-шы бап) білім алу (30-шы бап) әлеуметтік қамтамасыз ету (28-ші бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31-ші бап). Осы адамның және азаматтың негізгі міндеттері Ата Заңымыз ҚР-ның Конституциясының 34-38-ші баптарында бекітілген. Тұлғаның мелекетпен арадағы болатын құқықтың сипаты азаматтықты қалыптастыратын негіз ретінде оның заңды тіркеуінде көрсетілуі тиіс. Азаматтың бұл іс-жүзінде іске асырылған жағдай емес, ол-құқықтық жағдай болып есептеледі. Мемлекет азаматы-бұл бірін-бірі толықтыратын, оның аумағында өмір сүретін адамдар ретінде ғана қарастырмау керек, өйткені соңғысы тек мемлекет тұрғындары болып — демографиялық категорияны ғана қалыптастырады. Ал осы ұғымға тек мемлекет азаматтары ғана емес, ел ішінде тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар мен шет елдіктер де кіреді.Мемлекеттің азаматы болу үшін тек сол елдің аумағында тұрып, өмір сүруі ғана жеткіліксіз. Ол үшін тұлға мен мемлекет арасында ерекше байланыс болуы қажет. Бұл байлданыс көрінісі ретінде-заңдылық негізде тіркелген азаматтығын дәлелдейтін құжаттарының болуы және олардың құқықтық реттеуінің болуы, және әрбір занды тұлғаның занды түрде тіркеуінің болуы шарт.Жалпы ортақ құқықтық реттеу өз бойына мыналарды кіргізеді: Тұлғаның азамат болып танылуы үшін, азаматтықты алуы және азаматтықтан шығу үшін мемлекет өз заңдарында құқықтық негіз болатын заңдарда осы мәселелерге шешім тауып береді. әрбір адамға байланысты-азаматтық алу тәртібі заңды түрде мынадай құжаттармен тіркеледі:1.Қазақстан Республикасы азаматының төл құжаты.2.Туу туралы куәлігі және азаматтығын дәлелдейтін басқа да құжат түрі. Мемлекет, сонымен бірге туылуы және қайтыс болуы сияқты азаматтың хал-ахуал Актілерін де тіркеп отырады. Азаматтыққа байланыста болатын тұрақты сипаты, әдетте азаматтың туылуы мен қайтыс болуына дейін және азаматтықты бір жақты тоқтатуға жол бермейтін шаралардан айқын көрінеді. Азаматтың өз бастамасымен азаматтықты тоқтату туралы ұсынысы мемлекеттің келісімін қажет етеді. Қазіргі кезде мемлекеттің бастамасы бойынша азаматтықты тоқтатуға мүлдем болмайды.Азаматтықтың құқықтық негізі ретінде ҚР конституциялық нормалары және 1991 жылы 20-желтоқсанда шығып, 1995 жылы 3-ші қазанда өзгерістер ‘мен толықтырулар енгізілген «ҚР азаматтығы туралы» заңы, және азаматтыққа қатысты құқықтық -нормативтік Актлері есептеледі.Азаматтықты алуға негіз болатын жағдаяттар мыналар:Туылғанан бастап,ҚР-сы азаматтығын қабылдауы нөтижесінде.ҚР-ның мемлекет аралық келісімдерінде қарастырылған жағдайлар негізінде.Заңда көрсетілген негіз бойынша.(Заңның 11-ші бабында айтылғандай, бала туылған кезде оның ата-анасының екеуі де ҚР-сы азаматы болған болса, қай жерде туылғанына қарамастан ол ҚР-сы азаматы болып Қазақстанан тысқары жерде тұрақты тұрған болса, баланың азаматығы жазбаша түрде жазылған ата-анасының келісімі негізінде белгіленеді. Азаматтықты тән алу, мойындау-бұл мемлекеттің еркін білдіретін Акт болып есептеледі. әдетте бұл Актте жұмыс істеп тұрған жағдай бекітіледі. Көп жағдайда заң «нольдік вариантты» қолданады. Бұл дегеніміз жаңа заң бойынша, аталған жаңа заң өз күшіне енген кезде мемлекеттің азаматтығын қабылдаған барлық тұлғалар мемлекет азаматы болып есептеледі. Аталмыш заң көп жағдайда бұрынғы кеңес азаматтарына қатысты қолданылады, өйткені бұл адамдар өз азаматтықтарын дәлелдеу үшін қандай-да бір іс-шараларға бармаған еді. [8]Конституцияның 19-бабында «Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде кепілдік берілген. Жаңа Конституцияның тағы бір басты артышылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.Негізгі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады. Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған. Конституцияның 39-бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.

2.2 ҚР Президентінің Конституциялық мәртебесі

Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік — тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай — ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығын адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі Конституцияда бекітілген Президенттік билік тұрпаты деңгейінен айқындалады. Президент — бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.Президент тікелей халық тарапынан сайланады. Ел конституциясы Президентке халық ойынан сөйлеуге, мемлекеттің бірлігі символы ретінде халық пен мемлекеттік биліктің біртұтастығын жариялауға, Кîнституцияның мызғымастығына және адам және азаматтың құқықтары мен еркіндіктерінің сақталуына кепіл болады. [9]Конституцияның 40-шы бабына сәйкес Президенттің аса маңызды конституциялық өкілеттілігі ретінде барлық мемлекеттік қызмет етуін қамтамасыз етуі және адам және азамат құқықтары мен еркіндіктерінің және Конституциясының мызғымастығын қамтамасыз етуі сияқты қызметтерін атаймыз. ҚР-сы Конституциясының 41-ші бабы, 2-ші тармағында жазылғандай, Республика Президенті болып, 40-жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін білетін, ҚР-сы территориясында 15-жылдан астам тұрақты тұрған ҚР-ның азаматы сайлана алады.Жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде ҚР-сы Президенті 5 жыл мерзімге сайланады. Сайлау жасырын дауыс негізінде өткізіледі. Президентті сайлау тәртібі заң жүзінде бекітілген. Президент өз қызметіне Қазақстан халқы алдында ресми ант бергеннен кейін кіріседі. Ел конституциясына сәйкес, ант беру рәсімі қаңтар айының екінші сәрсенбісінде. Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелері Жоғарғы Сот төрешілері, және экс-Президенті қатысу кезінде болады. Бір адам 2-реттен артық ел Президенті болып сайлана алмайды. Республика Президенті өз қызметі мен өкілеттілігін іске асыру және орындау кезінде саяси партиялардағы өз қызметін тоқтатады. Сонымен бірге оның басқа ақы төленетін қызметпен, көсіпкерлікпен айналысуына және өкілетті органның депутаты болуына құқығы жоқ.Президент өкілеттілігін шартты түрде 4 — топқа бөлуге болады: 1)Заңшығарушылық өкілеттілігі.2)Жалпы саяси және әлеуметтік сипаттағы өкілеттілігі.3)Мемлекеттік органдар қызыметтерін ұйымдастыру және іске асыру істеріне байланысты өкілеттіліктері.4)Кадрлар мәселесіндегі өкілеттіліктері.«ҚР-сы Президентінің қызметін қамтамасыз ету жүйелері» туралы Президент жарлығына сай, ел Президентінің қызметін қамтамасыз ету, іске асыру, тиянақты бақылау жасау, оның тапсырмалары мен актілерін тыңғылықты әрі уақытылы орындау мына тұлғаларға жүктеледі:1)ҚР-сы Мемлекеттік хатшысына,2)КР-сы Президенті өкімшілігіне,3)ҚР-сы Президентінің бірінші көмекшісіне, көмекшілеріне, кеңесшілеріне.ҚР Президентінің ар-намысына қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды, әрі оған ешкім тисе алмайды. Бұл дегеніміз ол тұтқынға, қамауға алынбайды, соттық жауапкершілікке тартылмайды. Бұл, яғни, ол Президент қызметін атқарып тұрған кезде болады. Ал осы қасиетті және оған ешкім тисе алмауы құқығы Президентті қызыметінен босатқаннан кейін өз күшін жояды. Президентті конституциялық жауапкершілігін іске асырудың ерекше процедурасы болып есептеледі. [10]ҚР-сы Президентімемлекетке опасыздық жасағанда немесе басқа да ауыр қылмыс жасағанда қызыметінен мерзімінен бұрын босатылады.ҚР-сы Президенті өз өкілеттілігін ант берген кезден бастап, жаңа сайланған Президент ант берген кезге дейін жүргізеді.Ел Конституциясына сәйкес Президент кең ауқымдағы өкілеттіліктерге ие, біз оны жоғарыда төрт топқа бөлгенбіз.1)Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіліктерге ие. Ол Парламенттің келісіміне орай Премьер-Министірді тағайындай алады, Премьер-Министр ұсынысы бойынша үкімет құрылымын белгілейді, үкімет мүшелерін тағайындайды әрі қызметінен босатады, үкімет мүшелерінің анттарын қабылдайды, Парламент келісіміне сәйкес Ұлттық Банк Төрағасын тағайындайды, Сенаттың келісіміне сөйкес Бас Прокурорды тағайындайды, ҚР-сы дипломатиялық өкілдіктері басшыларын тағайындайды әрі кері шақыРып алады. Есеп комитеті Төрағасы мен мүшелерін тағайындайды. Президент сондай-ақ ҚР-сы заңдарына қол қояды және жариялайды жене тиым салу әрі тоқтату ынтасына ие.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ата Заңның негізгі нысаны – мемлекет және адам олардың өзара қарым-қатынасы. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған Конституцияның 1 бабында. [11]Құқықтық мемлекетті құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады. Республиканың президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді. Жоғарыда сөз етілгендей, Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған күн — мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдады.Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.Қай мемлекет болмасын, білім беру жүйесі сол мемлекеттің жүргізіліп отырған саясатымен анықталады. Білімді де білікті, жан-жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеу заман талабы. Оқу орындары жастарға сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, білікті зерделік дамыған мамандарды даярлауды көздейді және оларды парасатты, адамгершілікті, әрі құқықтық мәдениетті етіп қалыптастыруды өз міндетіне алады.Конституцияның 19-бабында «Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде кепілдік берілген.Жаңа Конституцияның тағы бір басты артышылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады. Негізгі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады. [12]Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған. Конституцияның 39-бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген. 39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы, өмір сүру құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына тағы басқа құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған. Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында шағын және орта кәсіпкерлік саласына айрықша маңыз беріліп келеді. Сондықтан да болар ел экономикасының жетекші саласының бірі саналатын кәсіпкерлікте ілгерілеу үрдісі байқалады. Ел пайдалы кәсіп көздерін қолға алып, еркін еңбекке бой үйрете түскендей. [13]Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет. Біз жастар, өз күшімізді, білімімізді біріктіре отырып, өз еліміздің Ата Заңымымызды қорғауға, оны құрметтеуге тиіспіз.Ата Заңның ел өміріне әкелген жаңалығы мол. Елбасы Н.А.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында бүгінгі жетістікке жеттік деп айта аламыз. Бұған мемлекетіміздің жеткен табыстарының ішіндегі елдің саяси жүйесінің өзгергендігі дәлел.Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайда ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады. Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі. Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекетің, ал екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі халықтың мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық элементтерімен; аумағымен, жоғарғы өкімет билігімен, азаматтығымен, дербес заң шығарушылық қызметімен, т.б. қоса баянды етеді. Конституция мемлекеттің, мемлкеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттарымен өзара қарым-қатынастарының негіздерін қалайды. Ол қоғамдық құрылыстың экономикалық, ұйымдық, рухани және жеке тұлғалық негіздерін де анықтайды. Мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық ережелерін, идеяларын пайдаланады. Қоғамның құрамдас бөліктері де (бірлестіктер, ұйымдар) өз қызметтерін Конституцияға негіздеп құруға тиіс.[14]Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы. Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдаған саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады. Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Мемлекет түрлері көп болса да, олардың бәріе ортақ белгілері болады. Конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері (унитарлық, федерация немесе конфедерация), мемлекетті басқарудың (монархия әлде республика) формалары анықталады, мемлекеттің жоғары органдарының құрылымы, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады. Өзге нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданады. Сондықтан оның басқа нормативтік актілерде кездеспейтін өзіне тән белгілері болады.

ҰСЫНЫС

Қазақ халқының азаматтары, яғни Қазақстан Республикасының азаматтары құқықтық сауатты болса екен, құқықтық сауаттылықтары артса екен. Оқушыларды жастайынан құқықтық сауаттылықты терең  үйрететін, соның ішінде конституциялық құқықтың қыр-сырын меңгертетін курстар оқу бағдарламасына енсе екен деген ұсынысым бар.Келешекте қазақ халқының ұрпағының құқықтық сауаттылығы артады деген сенімдемін.

КҮТІЛЕТІН  НӘТИЖЕ

Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деп басталатын Конституциядағы осы сөздерде мемлекеттілігін жаңартып, жаңа әділетті қоғам орнатуды мұрат тұтқан сан ұрпақтың тарихи сабақтастығы тоғысып жатыр. Конституция әрбір зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжат.Бүгінгі күндері біздің Конституциямыз бен заңдарымыз адам игілігіне жұмыс істеумен қатар, оның шығармашылық, жасампаздық қуатына серпін беріп, кәсіпкерлік бастамашылығын ынталандырады деп айтуымызға толық негіз бар. Конституция бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекеттік биліктің нағыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан, саяси ымыраға келу мақсатында қазақ халқы өз қамын күйіттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны әрі нығайтуды ойлауы керек. Ата Заңның негізгі нысаны – мемлекет және адам олардың өзара қарым-қатынасы. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған Конституцияның 1 бабында. Құқықтық мемлекетті құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады. Республиканың президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді. Жоғарыда сөз етілгендей, Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған күн — мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдады.Соның айғағы үшін сынып оқушылары мен ауыл тұрғындары және мектеп ұстаздарынан мынадай  анкеталық  сұрақтар  жүргіздік.1.  Конституциялық құқық дегеніміз не?2.  Конституциялық құқық  туралы  не   білесің?3. Конституциялық құқықпен айналысатын  кімдерді  білесіз?4. Біздің қоғамның құқықтық сауаттылығы жоғары деп ойлайсыз ба?5. Неліктен? Жұмыстың  нәтижесі:

  • Конституциялық құқықтық білімімді дамыту болашағыма үлкен септігін тигізеді.
  •  Құқықтық сауаттылығымды арттырып қоғамға  деген жаңа қөзқарас  пайда  болды.
  •  Болашақ мамандығымды анықтауыма жол ашылды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  • АғдарбековТ. Мемлекет және құқық теориясы Астана, 2000Ғ. Сапарғалиев Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы Алматы 2011 «Жеті жарғы»
  • С.ҚАмандықова Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы Астана-2010
  • Конституционное право Республики Казахстан-Учебник КазГЮА-2011
  • Ғ. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының Коснтитуциялық құқығы. Академиялық курс оқулығы. Алматы : «Жеті жарғы». 2010.
  • К.А. Мами редакциясында. Сот билігі. Астана, 2011. С.К.Амандықова. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы Астана-2011
  • Нәрікбаев М. Ұлы билерімізден Жоғарғы сотқа дейін.-Алматы: Атамұра; 2009-192 бет
  • Абдукаримова З.Т. Қазақстан Республикасы конституциясының құқығы. Тараз,2003
  • Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы,2012. Егемен Қазақстан, 01 ақпан 2013 жыл.
  • Конституционное право РК (терминологический словарь). Алматы.2012 г.
  • Сағындықова А.Н. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, Алматы Білім, 2011ж.
  • Нурпейсов Е.К., Котов А.К. Қазақстан мемлекеті – хандық биліктен президенттік республикаға дейін., «Жеті-Жарғы»,2008 ж.
  • Табанов С. Салыстырмалы құқықтану негіздері Алматы 2012 ж.
  • Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы«Жеті-Жарғы» 2009


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.