Қысылудан арылудың 6 жолы
Көпшілік ортада қысылып, томаға-тұйық жүретін жандар болады. Олар көбіне ішіндегі уайым-қайғысын өзгелермен бөлісе бермейді. Негізінен көпшілік ортада қысылу, ыңғайсыз сезіну көбіне сенімділік пен тәуелділік деген қасиеттердің әлсіздігінен шығады.
Қысылудың пайда болуы сәтсіздіктен, кемсіту, қорлау, мазақ ету, ұрыстан және өзге де ауыр жағдайлардан туындауы мүмкін. Дәл осындай жағдай салдарынан бойыңызда көп ретте қысылып, бұғып қалатын сәттеріңіз болса психологтың көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Ал біз қысылудан арылудың 6 алты жолын айта кеткенді жөн санап отырмыз.
1. Қысылудан арылудың бір жолы – өзіңді сүю және құрметтеу. «Ұялмаған бұйырмағанды алады» демекші, көп ретте өз ойыңызды сыртқа шығаруға тырысыңыз.
2. Жақын жандардың істеген ісіне, өзіне деген сенімділігіне баса назар аударыңыз. Оның жетістікке жету құпиясы, өзін ортада ұсстау тәртібі, жағдайлардан қалай шығатыны, мұның бәріне зерттеу жүргізіңіз. Жақсы қасиеттерін, өмірлік ұстанымын, мақсатқа жету жолындағы табандылығын, өмірлік тәжірибесінен пайдалы тұстарын өзіңізге ала біліңіз.
3. Сынды «шын» қабылдай бермеңіз. Себебі, сізді аяқтан шалғысы келетін жандар болмашы тірлігіңізге мін тағып шыға келуі мүмкін. Әр айтылған сынның дұрысы мен бұрысын саралай біліңіз. Өзгелердің көзқарасы мен пікірлерімен өмір сүруге болмайды. Өзіндік көзқарасыңызды қалыптастырыңыз.
4. Өмірдегі жетістігіңіз бен жеңісіңізді ой елегінен өткізіп тұрыңыз. Өзіңізге деген сенімділігіңізді арттырыңыз. Өзіңізді әр сәтте еркін сезініңіз.
5. Әрқашан қолыңыздан келетін істен бастауға тырысыңыз. Қиын істен бірден бастамаңыз. Психологиялық тұрғыдан бірінші дайындықты бастап барып, сосын әрекетке көшіңіз.
6. Кез келген кедергілерге мойынсұнбай, уақытында жауап беруге тырысыңыз. Шешілмейтін түйін секілді көріп, кейінге қалдыра бермеңіз.
Ұялшақтық пен қысылу, қымсынудан арылуға дайынсыз ба? Ендеше іске сәт!
Дереккөз: https://massaget.kz/