Ақмола облысында қызылша жұқтырған балалар ауруханаға түсті

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

22 0 0

Ауырып қалған балалардың көпшілігі қызылшаға қарсы вакцина салдырмаған болып шықты

КӨКШЕТАУ, 7 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысында қызылша жұқтырған ондаған бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды

Өңірлік қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің хабарлауынша, күз-қыс маусымында инфекциялық ауру тарала бастаған. Соңғы мәліметтер бойынша дәрігерлер 49 жағдай тіркеген. Оның ішінде қызылша жұқтырған 27 бала Сандықтау ауданында тұрады. 

Инфекциялық аурудың таралуының басты себебі — қызылшаға қарсы вакцинаның жоқтығы. 22 жағдайда екпе қойылмаған бір жасқа дейінгі балалар ауырып қалды. Бес балаға медициналық көрсеткіштерге байланысты вакцина екпеген.  Ал сегіз жағдайда ата-аналар баласына екпе салдырудан бас тартқан. 

Қазіргі уақытта 22 бала қызылшадан емделіп жатыр, олардың жағдайы қалыпты. 27 бала ауруханадан шығарылды. Пациенттердің көпшілігінде — 35 балада қызылша зертханада талданып расталды. Қалған жағдайлар бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр. Аурудың ошағында вакцинация жасалды, деп хабарлады департамент. 

Қызылшаның белгілері 

Қызылша (Корь) — инфекциялық вирустық ауру, ол ауа арқылы тарайды. Инфекция сырқат адам арқылы жұғады. Қызылшамен ауырған адамның температурасы 38-ден 40 градусқа дейін көтеріледі, жөтеледі, мұрны бітіп, көзі қызарады. Инфекцияның басты белгісі – бөртпе, ол ауызда пайда болып, әрі қарай бүкіл денеге тарайды. 

Қызылшамен ауырған адам мүгедек болып қалуы немесе өліп кетуі мүмкін, әсіресе кішкентай балаларды бұл инфекциядан сақтау керек. 

Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті балаларға уақытында қызылшаға қарсы вакцина қоюға кеңес береді. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/