Қазақстандықтар Жапониядан кеткені үшін салық төлейді

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

66 0 0

Екі жасқа толмаған балаларға, транзиттік жолаушыларға, дипломаттарға және үкіметтік арнайы рейстердің жолаушыларынан алым ұсталмайды

АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Жапония билігі барлық туристі елден шығуға салық төлеуді міндеттеді. 7 қаңтардан бастап елден теңізбен немесе ұшақпен кететін барлық адамнан жаңа ақы ұсталады.

 Күншығыс елінің қонақтары мың иен немесе шамамен 10 доллар төлеуі тиіс. Заң барлық елдің азаматтарына қолданылады, деп жазды РИА Новости.

 Кіру визасы әзірге тегін. Келесі жылы Жапонияға, жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, шамамен 40 миллион саяхатшы барады.

Салық жинаудан түскен ақша Жапонияның халықаралық әуежайларының әлеуетін арттыруға және туристік көрікті жерлердің тартымдылығын арттыруға жұмсалады, деп түсіндірді Қаржы министрлігі.

Жапониядан шығуға кімдер салық төлемейді? 

Кемелер мен ұшақтардың экипаждары Жапониядан шыққаны үшін ақы төлеуге міндетті емес. Депортацияланған тұлғаларға, екі жасқа толмаған балалар мен транзиттік жолаушыларға, сондай-ақ үкіметтік арнайы рейстердің дипломаттары мен жолаушыларына салық жинау бойынша жаңа ереженің қатысы жоқ.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты күтпеген жерден Жапонияға қонған немесе кемемен келген жолаушыларға салық салынбайды.

Жапонияға 7 қаңтарға дейін билет сатып алған туристер елден шыққан кезде салық төлемейді. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/