2019 жылы елімізде құжат жасату құны қалай өзгерді? — Ел жаңалықтары
Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың 2019 жылы құжат жасатуға қанша ақша жұмсайтынын анықтады.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметінше, 2019 жылы АЕК өзгергеніне байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерген:
жеке куәлік — 505 теңге;
паспорт — 20 200 теңге;
Айта кетейік, Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында паспортты бір жұмыс күні ішінде 5135 теңгеге жасатуға тапсырыс беруге болады, ал үш жұмыс күні ішінде жасатуға 2905 теңге төлейсіз.
— жүргізуші куәлігі — 3150 теңге;
— көлік құралын тіркеу туралы куәлік — 3157 теңге;
— туу туралы куәлікті қайта жасату — 2525 теңге;
— неке қию туралы куәлікті қайта жасату — 2525 теңге
Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері ХҚКО-лар мен Арнайы ХҚКО-ларда құжат рәсімдеуге банк комиссиялары да барын ескертеді.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz