Тілім – менің тірегім 4сынып
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Тілім – менің тірегім 4сынып
Автор: Баймбетова Айгерим Акылбековна
Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-06
Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек
Тексерілді:ОІЖО:Ж.АйтбенбетоваМектеп: «Достық» жом Мерзiм_19.10.2018ж _ №_7 _Тақырып__Тілім – менің тірегім___Құндылық: сүйіспеншілік _ Қасиеттер: тілді құрметтеу, сыйлай білу, адамгершілік _ Сыныбы: __4А _ Оқушылар саны_______
Сабақ мақсаты:Оқушылардың «тіл», «Отан»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;Ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру;Ана тілін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу. |
Ресурстар: Маркер, А4 ақ парақтары, оқулық, аудиокассета, видеокассета |
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)а) Оқу құралдарын тексеріп шығуб) Оқушыларды түгендеу2.Тыныштық сәтi. (2 мин)3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)Суреттерге қарап отырып өнердің түрлері туралы шағын әңгіме жазып келу
Д.Әбіловтың «Туған тілім» атты өлеңін жаттап келу. |
Сабақ барысын талқылау: |
4.Дәйексөз. (5 мин)«Сүйемін туған тілді, анам тілін,Бесікте жатқанымда-ақ берген білім» С.Торайғыров
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат). Мұғалім сыйлығы Балалар мен ғалым (әңгіме) Екі бала келе жатып, бір кітап тауып алыпты. Бірінші бала: -Бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім,-дейді. Екінші бала: -Жоқ, бұлкітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым,-дейді. Екі баланың таласының үстінен шыққан ғалым оларға: -Сендер хат танисыңдар ма?-депті. Балалардың екеуі де шынын айтып: -Жоқ, хат танымаймыз,-дейді. Сонда ғалым: -Кітап сендерге неге керек? Бұл кітапты мен алайын. Қай бұрын оқу білгенге беремін,-депті.Сұрақтар.
Сөздің атасы мен анасы 36 бет Тозған қазды топтанған қарға жейді |
|
6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)«Тілім менің тірегім» сөзіне топтастыру жасаңдар. Суретпенде келтіруге болады. Тіпті өлең жолдарымен келтірсеңдер тіпті жақсы болар еді.Оқушылар өз ойларын қорытып болғасын, оқып береді. | |
7.Топпен ән айту. (4 мин) Елім менің | Сөзі: Н.Назарбаев Әні: Б.Тілеуханов |
8.Үй тапсырмасы. (1 мин)С.Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» тақырыбындағы әңгімесін оқып келу. Дәптердегі нақыл сөздерді оқып мағынасын түсініп, түсінгендеріңді дәптерлеріңе жазып келіңдер. | |
9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)(Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл әлемде)Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» |
>
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.