Бұлшықет қызметіне бейімделу және организмнің функционалдық қорлары.
1 бет
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Бұлшықет қызметіне бейімделу және организмнің функционалдық қорлары.
Орындаған: Тогызбаева Мариям
2 бет
Жоспар:
Бейімделу туралы түсінік.Бейімделу кезеңдері.Бейімделу механизмдері.Бейімделудің белгілері.Организмнің функционалдық қорлары және олардың жіктелуі.Ағзаның қызметтік қорлары және олардың жіктелуі. Дене жүктемелеріне жедел және ұзақ уақыт бейімделуі және ағзаның қызметтік қорларының іске қосылуы.Бейімделудің негізгі қызметті тиімділігі, үнемдеп іске қосу, қорлардың мүмкіндіктерін жоғарылату, қалпына келтіру, тұрақтылық, қызметтердің сенімділігі. Бейімделу өзгерістерінің қайтымдылығы.Дене жүктемелерінде жедел және ұзақ уақыт бейімделудің сапасы және тиімділігін физиологиялық бағалаудың ұстанымдары.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3 бет
Бейімделу туралы түсінік
Бейімделу ( адаптация) – қоршаған ортаның құбылмалы әр түрлі жағдайларында организмнің икемделуі. Ол жасушалық, мүшелік, жүйелік және организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа болған немесе жүре болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді.
4 бет
Бейімделудің түрлері
Жеке организм деңгейінде бейімделудің келесідей түрлерін ажыратады: туа болған және жүре болған, жеке (даралық) және қауымды (түрлік), жалпы және мамандаған, арнайы және бейарнайы, ішкі және сыртқы, шартты және шартсыз, қалыпты және төтенше, морфологиялық және физиологиялық, соматикалық және психикалық, т.с.с. Физиологиялық бейімделу деп функционалдық жүйе, мүше, ұлпа белсенділігі мен өзара байланысын реттеуші механизмдердің тұрақты деңгейін айтады. Морфологиялық бейімделудің негізін жасушалық бейімделу түзеді. Жасушалық бейімделу деп тіршілігін сақтап қалу үшін әр түрлі қоршаған орта жағдайларына жасушаның икемделуін айтады.
5 бет
Бейімделу кезеңдері
Бейімделу нақтылы физиологиялық механизмдермен байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады. Бейімделудің 1-кезеңі бастапқы кезең тітіркендіргіштер әсер еткен алғашқы сәттен басталады. Мұнда әр түрлі бағытталған құрама реакция байқалады. Бірінші құрама реакция бағдарлау рефлексіне байланысты. Бұл рефлекс пайда болғанда, осыған дейінгі іс-әрекетті тежейді. Жалпы тежеуші реакция күшті тітіркендіргіштің бәріне жауап ретінде туады. Екінші құрама реакция қозу түрінде жүзеге асырылады. Мұнда жүйкелік трофикалық ықпалдар белсендіріледі және мүшелердің қызметі күшейеді. Бейімделістің келесі сатысы – 2- кезең өтпелі кезең. Мұнда орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы төмендейді, гормондардың белсенділігі азаяды. Ол кезде организмнің икемделу механизмдері ұлпаларда тереңдей түседі. Бейімделудің 3-кезеңі тиянақты кезең – организмнің және оның мүшелері мен жүйелерінің жаңа жағдайларға мұқият икемделу сәтін көрсетеді.
6 бет
Бейімделу механизмдері
Адам экологиясының негізгі мақсаты организмнің бейімделу процесін қамтамасыз ететін физиологиялық механизмін зерттей отырып, икемделу әрекетін жетілдіру болып саналады. Мұның басты міндеті – адамның денсаулығын сақтау, оны жақсарту және аурудың алдын алуда өте тиімді жүйелер жасау. Бейімделу кезінде ақиқатты бейнелеу негізгі шартты рефлекстер арқылы жасалады. Ол әсіресе бейімделудің сақтық және ишаралық мәнін айқын бейнелейді.
7 бет
Бейімделудің белгілері
Әрбір организмнің бейімделуінің өзіндік мөлшерлік және саналық айырмашылықтары болады. Организмнің бейімделу әрекетінің ырғағы оның ішкі күйіне, белсенділік дәрежесіне және тіршілік қарқынына, сыртқы факторлардың сипатына байланысты өзгеріп отырады. Осыған орай, организмнің белсенділік шамасына сәйкес тіршіліктің үш түрлі: дағдылы, төмендеген және жоғарылаған нормасынжіктейді. В.П.Казначеев бейімделудің төрт белгісін ажыратады: 1. Термодинамикалық белгілер – барабар және барабар емес жағдайларға биологиялық жүйелердің қолайлы деңгейін тұрақты ұстауға бағытталған; 2. Кибернетикалық (меңгерімдік) белгілер – әр түрлі жағдайларда өздігінен реттеуші жүйелердің функционалдық деңгейде өзін сақтау процесі; 3. Биологиялық белгілер – бейімделу кезінде бтологиялық жүйелердің түрлік, қауымдастық, биоценоздық қасиеттерді сақтап және қақтайды.
8 бет
Организмнің функционалдық қорлары және олардың жіктелуі
Адам организмі – қоршаған ортаға бейімделудің көп мүмкіндігіне ие күрделі биологиялық – әлеуметтік жүйе. Организмнің барлық резервті мүмкіндіктерін А.С. Мозжухин келесідей 2-топқа жіктейді: 1. Әлеуметтік қор (психологиялық және спорттық – техникалық); 2. Биологиялық қор (құрылымдық, биохимиялық және физиологиялық) Жоғарыда келтірілген организмнің резервті мүмкіндіктерінің ( А.С. Мозжухин бойынша ) жіктелуімен қатар келесідей топтау да орын алған: 1. Биохимиялық қорлар; 2. Физиологиялық қорлар; 3. Психологиялық қорлар;
9 бет
Биохимиялық қорлар. Бейімделу кезінде биохимиялық қорларды мобилдеу мен пайдалану нәтижесінде организмнің ішкі ортасының динамикалық тұрақтылығы сақтап тұрылады. Егер организмде зат алмасу өнімдері жинақталып қалса, гомеостазды сақтаудың гуморалдық механизмдері іске қосылады. Осылайша биохимиялық қорлар тек энергетикалық пен пластикалық алмасуды ғана емес, сонымен бірге негізінен жасушалық және ұлпалық деңгейлермен байланысты организм гомеостазын да қамтамасыз етеді. Психологиялық қорлар. Организнің функционалдық қорларын «ірге тасы» биохимиялық, ал «шыңы» психологиялық қорлар болып табылатын күрделі қорлар жүйесі ретінде қарастыруға болады. Функционалдық қорлар жүйесінің « негізі» нейрогуморалдық реттелу механизмдері есебінен оны біртұтас етіп біріктіретін физиологиялық қорлар болып табылады.
10 бет
Ағзаның қызметтік қорлары және олардың жіктелуі. Дене жүктемелеріне жедел және ұзақ уақыт бейімделуі және ағзаның қызметтік қорларының іске қосылуы.
Ағза резервтері – ағзаның жетілуімен өсіп, қартайған кезде төмендейді. Олар спорттық жаттығу процесінде артады. Адам денсаулығын нығайту үшін, қызметтің барлық түрінің өнімділігін арттырып, соның ішінде спорттық нәтижелердің деңгейін көтеру үшін, ағзаның потенциалды мүмкіншілігін білу қажет. Физикалық жаттығулар физиологиясының маңызды міндеті ағза физиологиясын терең үйреніп, адам игілігіне пайдалану болып табылады. Физиологиялық резервтерді қосу ішкі секреция бездері қызметінің шартсыз және шартты рефлекстер механизмдерінің белсегділігімен өтеді. Спорттық жаттығу процесінде нейрогуморальді механизмдер жүйесінің физиологиялық резервтерінің қосылуы қалыптасады. Бұл кезде олардың жұмылдырылуы баяу өтеді. Физиологиялық резервтердің механизмін жедел жұмылдырғанда, олардың қосылуы сезім – билеу болып саналады. Төзімділіктің көп механизмдерінің көмегімен артуы мүмкін. Оны құрайтын физиологиялық резервтер: 1 гомеостатикалық жүйе қуатының шегі; 2 ағзадағы энергетикалық заттардың қоры және оны пайдалану мүмкіндіктері; 3 ағзаның аэробты және анаэробты қуаттылығының өрісі; 4 ішкі секреция бездері қызметі деңгейінің өрісі. Физиологиялық резервтер жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Алғашқысы физикалық сапа қызметінің барлық түрлері арқылы өтеді. Екіншісі – арнайы дағдылану арқылы спорттың түріне байланысты өтетін төзімділік пен шапшаңдық және күш.
11 бет
Бейімделудің негізгі қызметті тиімділігі, үнемдеп іске қосу, қорлардың мүмкіндіктерін жоғарылату, қалпына келтіру, тұрақтылық, қызметтердің сенімділігі. Бейімделу өзгерістерінің қайтымдылығы.
Бейімделу кезеңі тұсында жүректің соғу жиілігіндегі және тері температурасы арасындағы өзгерістер тығыз байланыста болады: дене температурасының күннен-күнге біртіндеп төмендеуі жүректің соғу жиілігінің төмендеуімен және жүректің соғу көлемінің ұлғаюымен жүреді.Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында жұмыс кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі әрекетіндегі біршама айқын өзгерістер жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерден келетін рефлекторлы әсерлердің және термореттегішті рефлекторлы әсерлердің жинағын көрсетеді. Бұдан басқа, қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайындағы жұмыс кезінде салатамырлық қысымның төмендеуі барорефлекстердің қосымша әсерлерін тудыру мүмкін.
12 бет
Дене жүктемелерінде жедел және ұзақ уақыт бейімделудің сапасы және тиімділігін физиологиялық бағалаудың ұстанымдары.
Ұзақ уақыт жұмыс кезіндегі жүрек – тамыр жүйелері өлшемдерінің өзгерістері өз орнығуы бойынша орталық немесе шеткі шығу тегін ала алады. Жүрек бұлшық еттерінің шаршауы механикалы соғу ұзақтығының ұлғаюымен, ұзақ уақыт жұмыс соңына қарай соғу жиілігінің өсуіне қарамай, жүректің көлемінің ұлғаюымен айқындалады.Субмаксималді орындау кезінде жылу бөлуді ұлғайту үшін күшті тері қан ағынымен қажет ететің жылу өнімінің күшеюі жүреді. Сондықтан, жұмыстың бас кезінде байқала алатын тері вазоконстрикциясы, оның жалғасуы дененің температурасы жоғарылауымен жойылады және вазодилатациямен алмасады. Бұндай жағдайда басқа белсенді емес аймақтардың вазоконстрикциясы негізінде біртіндеп күшейетін тері вазодилатациясы жалпы шеткі тері кедергісінің прогрессивті кемуіне әкеп соғады.Сонымен ұзақ уақыт бойы ауыр жұмыс кезіндегі жүрек – тамыр жүйесі әрекетіндегі өзгерістер, бірінші ретте дене температурасының жоғарылауы арқасында жүретін жылу реттегішті өзгерістермен байланысқан. Әсіресе, ауыр жұмыс ауаның жоғары температурасы кезінде жүргізілетін болса, жүрек-тамыр жүйесіне жоғары талаптар қойылады. Бұл жағдайда осы жүйе бір уақытта бұлшық ет әрекетінің жоғары метаболиттік және күшейтілген жылу беру сұраныстарын қанағаттандыру қажет. Бұл екі мәселе – бұлшық ет және тері екі үлкен тамырлы аймақтарда, олардың қанның минөттік көлеміне деген таласын тудыра отырып, біруақыттық вазлодилатациясын талап етеді.
13 бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры.под.ред. Я.М. Коца. М.,ФиС,1986Физиология мышечной деятельности: Учебник для институтов физической культуры.под.ред. Я.М. Коца.-М., ФиС, 1982Физиология физического воспитания и спорта. Смирнов В.М. Дубровский В.И. – М., Влад. Пресс.2002.4.Физиология спорта и двигательной деятельности (перевод с анг) Олимпийская литература, 1997, 307с.Спортивная физиология. Руне федман. Перевод со шведского. С.К. Елисеевой. – М., ФиС,1980Спортивный отбор. В.М. Волков, В.П. Филин.-М., ФиС,1983