Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: «Т.Кенжебаев атындағы5.2А Заттар және материалдар Бірлік ОМ Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Матаева АйгульСынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: |
Еріген заттардың массалық үлесі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: |
апа5.3.2.4 Еріген заттардың массалық үлесін есептеу |
Сабақтыңмақсаты: |
Барлық оқушылар: |
|
Еріген заттың массалық үлесін анықтай алады
|
|
Оқушылардың басым бөлігі |
|
Ерітінді, еріткіш , еріген заттарды ажырата алады
|
|
Кейбір оқушылар |
|
Еріген заттардың массалық үлесін есептеудің өмірде маңыздылығын түсінеді.
|
Ойлау дағдысы |
Қолдану |
Бағалау критерийлері |
-Оқушылар еріген заттың массалық үлесін есептейді-Ерітінді, еріткіш, еріген заттарды ажыратады—Еріген заттардың массалық үлесін есептеудің өмірде маңыздылығын түсінеді |
Тілдік мақсаттар |
Оқылым: оқулықтағы тапсырмалар арқылы ерітінді құрамындағы заттың үлесін анықтауды зерделейдіТыңдалым: оқулықтағы суреттерді талдау арқылы бір-бірінің пікірін тыңдайдыЖазылым: Оқулықтағы тапсырмаларды пайдаланып ерітінді құрамындағы әр бір заттың массалық үлесін есептеп сипаттайды, кері әсерін анықтайды Лексика және терминология: массалық үлес, ерітінді, еріткіш, еріген зат, электронды таразыСыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:-зат суда еріген кезде оның массасы өзгереме?-заттың суда еріген кезіндегі оның массасы туралы қандай қорытынды шығаруға болады? |
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу құндылығы аясында оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, тәжірибе жасау арқылы қоршаған ортасына аяушылықпен қарауға дәріптеу |
Алдыңғы білім |
Оқушылар осыған дейін ерітінділердің міндетті түрде 2 түрі (еріткіш-сұйықтық /су, спирт/ және ерігіш зат) туралы білетін ойларын айта алады. |
Пәнаралық байланыс |
Химия — суда еріген зат пен еріткіщтің арасындағы сандық қатынасты Биология-адам ағзасына аса қажетті заттардың массалық үлесін есептеуМатематика-заттардың массалық өлшем бірлігі |
Жоспар |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Дереккөздер, ресурстар |
Сабақтың басы |
(амандасу, сыныпты түгендеу) Психологиялық ахуал тұғызу: оқушылар «Шаттық шеңберінде» тұрып бір-біріне жақсы тілек айтады.
Үй тапсырмасы. «Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды: -Заттар мен қоспалардың қандай айырмашылығы бар?-Сұйық заттың ішінде қатты заттар түйіршік біркелкі орналасқан қоспа не деп аталады?-Жер бетіндегі кең таралған еріткіш не деп аталады?Дескриптор: -Таза зат пен қоспаны ажыратады -Судың адам өміріндегі, табиғаттағы маңызын түсінеді. ҚБ: «Бас бармақ» әдісі
Топқа бөлу: Оқушыларды «су», «шай жапырағы», «шай» сурет қиындылары арқылы топқа бөлу 1.топ «Ерітінді»2.топ «Еріткіш»3.топ «Еріген зат»
1. «Миға шабуыл» әдісі. Сурет қималарын сипаттау арқылы оқушылармен бірге жаңа сабақтың мақсатын ашқызу
Заттардың еріген массалық үлесі-Кез келген өнімнің құрамындағы ерітінді заттың массасын, мөлшерін білудің маңызы барма?-Заттардың құрамын білу қажетпе?
Су-еріткіш, кейбір заттар суда ерімейді-Судың ерекше қасиеттерін ата-Су-еріткіш, ал ерітіндіге қандай заттар жатады?
|
Сурет қиындылары
Сурет қиындылары
|
Сабақтың ортасыҚолдану |
(Т) тапсырма Тәжірибе жасау. Ерітінді құрамындағы әрбір заттың массалық үлесін есептеп сипаттау үшін әр топқа қажетті заттар таратылады. 1-жұпқа ас тұзымен су2-жұпқа қантпен су 3-жұпқа ұнмен су беріледі. Әр заттың ерітінді жасалмай тұрып массасы өлшенеді. Әр топ өз ерітінділерін жасағаннан кейін төмендегі сұрақтарға жауап береді: «Серпілген сауал» әдісі: (тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтар лақтырылады)-Ерітіндінің салмағы өзгерді ме? Қалай?-Қандай заңдылықдарды шығара аласың?-Заттың суда еріген кездегі оның массасы туралы қандай қорытынды шығаруға болады? Қорытынды жазадыДескриптор: -Заттардың массалық үлесін анықтайды-Ерітіндідегі заттардың массалық үлесін анықтайды-Зат суда еріген кезде оның массасының өзгеретінін анықтайды, қорытынды шығарады
ҚБ: «Мадақтау сэндвичі» әдісі (бағалау парақшаларына)Не ұнады? (оқушы қай деңгейде тұрғанын біледі)Нені жақсарту керек? (оқушы қай бағытта даму керек екенні біледі)Маған ұнады, бірақ… (оқушы алға қарай даму керек екенін біледі)
(Д)Тапсырма (саралау)«Практикалық жаттығу» әдісі (өлшемдік құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру). Төмендегі жаттығуларды оқушылар өз бетінше орындайды:
Құлпынай тосабын дайындау үшін қант шәрбаты қажет.Бұл үшін 1,5кг қантты суға ерітеді.Бұл шәрбат құрамындағы қанттың массалық үлесі қаншаға тең? Су тығыздығы 1г/мл-ге тең екенін ескер.
Санжар бір стақан шайға 2 қасық қант, ал Маржан 1,5 қасық қант салды. Әр бір стақандағы қанттың массалық үлесі қандай? Стақандағы судың массасы 250 гр, қанттың массасы 1 шайқасықта-5гр-ға тең
Жарақатты дезинфекциялау үшін йод тұнбасын пайдаланады. Оның ішінде спирт құрамында йодтың 10%-дық ерітіндісі бар. 20 гр йодтың тұнбасында йодтың қанша массасы бар екенін есепте
Қияр тұздау үшін ас тұзының массалық 2% болатын ерітінді қажет болады.Осындай 3кг ерітінді жасау үшін, тұздың және судың қанша массасын алу керек екенін есепте.
Дескриптор:-еріген заттың массалық үлесін табу үшін формуланы пайдаланады; -есептің шешу жолдарын көрсетеді; — заттардың массалық үлесін есептейді ҚБ: «Геометриялық фигуралар» әдісі
(Жж) тапсырма«Адасқан мәтін» әдісі арқылы оқушылар оқулықтағы (Жаратылыстану оқулығы (2017) 139-140 беттер) мәтінді оқып оған атау бередіДескриптор:-мәтіннің мәнін түсінеді-өз ойын жинақтап ортақ мәнге келеді-еріген заттардың массалық үлесін анықтаудың адам өмірінде маңыздылығын түсінеді ҚБ: «Бас бармақ» әдісімен
Сергіту сәті: (1мин) «Спорт біздің досымыз» : салауатты өмір салтын ұстануға баулу
|
өлшегіш стакан, су, ас тұзы, қант, ұн, электронды таразы
Бағалау парақшасы
Алматы кітап баспасы (2017) 140-141 беттер)
Алматы кітап баспасы (2017) 139-140 беттер)
Бейнеклип
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия «Бес саусақ» әдісіБас бармақ-басты мәселе.Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?Балан үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайшы сезіндім.Үйге тапсырма: Су нысандарын адамдардың жөнсіз қолданудан қорғау эмблемасын жасау |
Бармақ жасалған сурет |
Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Пәнаралық байланыстар.Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану |
Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіру үшін мен «Практикалық жаттығу» әдісіндегі тапсырмаларды ұсындым. Сыныптағы кейбір оқушылар тапсырмаларды орындай алды. Тапсырманы орындай алмаған оқушыға қолдау көрсетіп, мадақтап отырдым. Орындау алгоритмін ұсынамын |
«Мадақтау сэндвичі» әдісін таңдауымның себебі «не ұнады?» бағасы арқылы оқушы қай деңгейде тұрғанын біледі. «Нені жақсарту керек?» бағасы арқылы оқушы қай бағытта даму керек екенін біледі.«Маған ұнады, бірақ…» бағасы арқылы оқушы әлі де алға қарай даму керек екенін біледі |
Топтық жұмыс кезінде тәжірибе жасау барысында оқушыларға математикадағы заттардың массалық өлшем бірліктерін пайдалану, химияда заттардың байланысы туралы айтылды.Тәжірибе жасау барысында оқушыларға техника қауіпсіздік ережесі ескертіліп айтылды. |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1: 2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|