4 сынып.Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
4 сынып.Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары
Автор: Жәнімхан Нұрилаш
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-06
Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып.Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары
Үй іші оңаша. Төрде жатқан бала домбыраны дыңғыр-дыңғыр еткізіп нақышына келтіре алмай әлек. Атасының қолында күмбірлей жөнелген домбыра басын ала қашып, қиюы келмей әуре – сарсаңға түсірді. Қанат атасы келгелі айналдыратыны – осы үшқат қызыл домбыра. Оны тартудан бір жалықпайды. Тұман ішіндегі елестей, қалаған әуені ұстатпай, айдалаға алып қалып, қос ішек титықтатып әурелейтіні бар. Інкәр буып, жанына Қанат атасы үйреткен шерпе күйлерді сағынтады.(64 сөз)
Ұялас күшіктер.
Мектептен үйге қайтып келе жаттым. Қарным ашқан соң, сөмкемді ашып, буфеттен сатып алған тоқашымды жайбарақат жеп келе жатқанмын. Артымнан тықыр білінгендей болды. Бұрылып қарасам, бір ит соңымнан еріп келеді. Аш екені көрініп-ақ тұр. Менің қолымдағы нанға ашқарақтана қарап жұтынады. Тоқашымнан бір үзііп, итке тастадым. Соңымнан біраз жүрді де, менде енді нанның жоқтығын біліп, күдерін үзіп қала берді.
Бір күні әлгі ит күшіктейді. Күшіктер бір-біріне ұқсайды екен.Маған барлық күшіктері де ұнады.(71 сөз)
Шахтада.
Менің шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер ауыз сол жерде. Ақыры шыдамадым. Көкем сыйлаған фонарымды алдым да, шахтаға тарттым. Өйткені шахта жер астында. Ал жер астында күн болмайтынын көкем айтқан.
Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Ерсілі – қарсылы ағылып жатыр. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Көп есіктен өтіп, үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай жүгіріп барды да, тордың есігін жапты. Міне, қызық! Темір есіктің арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті. Залда мұртты ағай екеуміз қалдық. (94 сөз)
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.