Лексика, ОЖСБ — ға дайындық
Тақырыбы: Лексика
Сабақтың тақырыбы: Лексика тарауы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: лексика тарауын қайталау арқылы оқушы білімін сарапқа салу
ә) тәрбиелік: сөз құдіретін терең түсінуге, орынды қолдануға, диалог құруға үйрету
б) дамытушылық: оқушының шығармашылық қабілетін ояту, санада бар бейнелерін еске түсіру, оны көркем бейнемен түйіндеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: қосарланған сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілдері: түсіндіру, баяндау, тақтамен жұмыс.
Көрнекіліктер: тірек — сызбалар, тест, деңгейлік тапсырмалар, оқулық.
Сабақтың барысы:
1. Тест тапсырмасын алу (7 — 10 мин.)
2. Тест тапсырмасын өзара тексеру (5 — 7 мин.)
3. Дәріс №1 (20 мин.)
4. Дәріс №2 бекіту (10мин.)
5. Дәріс №3 қорытындылау (7 — 10 мин.)
6. Өзіндік жұмыс (15 мин.)
7. Практикалық бөлім тапсырмаларымен жұмыс (7 — 10 мин.)
8. Кері байланыс (15 — 20 мин.)
9. Қорытынды бағалау (5 мин.)
1. Тест тапсырмасын алу (7 — 10 мин.)
1. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?
А) көнерген сөз В) диалект сөз С) кірме сөз Д) термин сөз Е) кәсіби сөз
2. Қай сөздер синоним емес?
А) шөміш — бақыраш В) шелек — бақыр С) кесе — пиала Д) шаппа — пәкі Е) ожау — шәугім
3. «Кішкентай» сөзінің диалектісін табыңыз.
А) зіңгіттей, дардай, алпамсыдай В) пәс, қопал, олақ С) қортық, құртақандай, дардай Д) кіттай, міттай, мұқымдай Е) ұзынтұра, сорайған, бишкі
4. Антоним термин сөздердің жұбын көрсетіңіз.
А) жарлық — өкімет В) нарық — кеден С) түбек — бұғаз Д) жасуша — ядро Е) қосу — алу
5. Химия саласына қатысты кірме сөздерді табыңыз.
А) валюта, банк В) кальций, фосфор С) сутегі, биржа Д) ампер, ватт
Е) перпендикуляр, теорема
6. Орыс тілінен енген кірме сөздерді табыңыз.
А) мұғалім, кітап, дәптер В) дос, бақыт, нан С) жәшік, бәтеңке, сот
Д) базар, неке, күмән Е) фонема, морфема, әліпби
7. Қай сөз дисфемизмге жатады?
А) қолының жымысқысы бар В) мылжың С) барымта Д) ауылнай Е) уәзір
8. Эвфемизмге жататын сөзді табыңыз.
А) найзағай В) қасқыр С) соқырішек Д) ұлыма Е) уәзір
9. Қай сөз грек тілінде «сыпайы сөйлеймін» деген мағынаны білдіреді?
А) эвфемизм В) дисфемизм С) табу Д) идиома Е) архаизм
10. Эвфемизм бойынша «Найзағай» сөзін қай сөзбен алмастыруға болады?
А) отшашу В) гүріл С) түнгі жарылыс Д) жасыл Е) табиғат құбылысы
11. Историзмді табыңыз.
А) статистика В) видеокассета С) бәсекелестік Д) приказ Е) патша сарайы
12. Неологизмді табыңыз.
А) сайлау В) революция С) партия Д) заңнама Е) дулыға
13. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) ашық мінез В) ашық терезе С) ашық дала Д) қолы ашық Е) ашық әңгіме
14. Синонимдік қатарды табыңыз.
А) алыс, ұзақ, биік В) түзу, тура, ұзын С) қиын, оңай, оңаша
Д) алтын, күміс, қола Е) дидар, ажар, келбет
15. Антонимді табыңыз.
А) азын — аулақ В) майда — шүйде С) мәз — мейрам Д) құт — береке Е) ертелі — кеш
16. Синонимдес диалект сөздерді табыңыз.
А) бәдірен, әңгелек В) қаңылтыр, сым С) сәкі, табшан Д) бастырма, қалқан
Е) дәліз, қора
17. Тіл біліміне жататын термин сөзді табыңыз.
А) шөгінді В) теңдеу С) қышқыл Д) мағына Е) қуат
18. Дисфемизмді тіркесті табыңыз.
А) ақсақ адам В) көреген кісі С) парасатты ақын Д) жаралы жан
Е) бауырмал жігіт
19. Эвфемизмді тұрақты тіркесті табыңыз.
А) қолды болыпты В) тілі күрмелді С) ақсақ адам Д) қарны ашты Е) мылжың
20. Лигвистикалық терминді табыңыз.
А) сәуегей, балгер В) жұлдызжорамал, тәуіп С) медбике Д) дәріхана, жедел жәрдем
Е) табу
21. «Архаизм» сөзінің мағынасы не?
А) жаңа сөз В) аймақтық сөз С) тарихи сөз Д) терминдік сөз Е) ежелгі, көне
22. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» тіркесінің мағынасын табыңыз.
А) қуаңшылық заман В) қуғыншылық заман С) жаугершілік заман
Д) тыныштық заман Е) аласапыран заман
23. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Жазда жазғы демалысқа шығамыз. В) Түстегі оқиғаны еш түсіне алмадым.
С) Нағыз толған айды айдың ортасында көруге болады.
Д) Қыс бойы малшылар шөп болмай қысылып шықты.
Е) Ол таңертең ерте тұрды.
24. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.
А) қағаз В) кітап С) бет Д) мұқаба Е) оқулық
25. Көп мағыналы сөзді табыңыз.
А) қарт В) бас С) жауыз Д) дала Е) қалта
Дәріс №1. «Лексика туралы түсінік»
Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.
Лексика (гр. lexicos – сөздік) тіл ғылымында сөздік немесе сөздік құрам деп аталады. Кейде бұл термин тілдің әр түрлі қызмет саласындағы сөздередің жиынтығы (кітаби лексика), жазушының (М. Мағауин лексикасы) немесе жеке шығарманың тілі («Абай жолы» лексикасы) деген тар мағынада да қолданылады.
Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректің лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бүл сөздердің грек тіліндегі мағынасы — сөз туралы ілім деген ұғымды береді.
Басқа тілдер секілді, қазақ тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қатиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік — техникалық лексика, ресми іс — қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т. б.
Сонымен, лексикология дегеніміз — тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексикология мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан қарастырады.
Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады.
Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі — лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен барабар келетін тұрақты, фразеологиялық сөз тіркестері де қарастырылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Азимбаева А. Қ.
Қазақ тілі пәнінен ОЖСБ — ға дайындық жұмысына арналған қосарланған сабақтың жоспары. Лексика. жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/