Димаш Құдайберген Қытайда өтетін байқауда вокалистерге төрелік етеді — Әуен
Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan TV телеарнасында жааңа музыкалық шоудың қазылар алқасының мүшесі болды. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады Tengrinews.kz тілшісі.
Хунан ТВ каналындағы «Супер голос» мега жобасы финалының түсіріліміне дайындалып жатырмыз. Онда білімді вокал шеберлері қатысады. Мен қазылар алқасының мүшесімін. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін», — деді орындаушы.
Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайда I’m a Singer байқауына қатысып танымал бола түсті. Ол сонда екінші орынды иеленді. Бірінші орынды ГОнконгтан келген Sandy Lam алды. Байқаудан кейін Hunan TV Димаш Құдайберген жайлы арнайы сюжет шығарды.
2017 жылы Димаш Қытайда «IQIYI awards» тұжырымы бойынша жыл әншісі атағын жеңіп алды. Сонымен қатар, ол MTV Music Awards және Asian Music GaLa премияларын алды. 2018 жылы қарашада әнші Лондонда жеке концертін берді.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz